Электр қондырғылары мен бұйымдары

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі18.18 Kb.
ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫ

Электр  қондырғылары – бұл энергетиктер пайдаланатын жабдықтар,  сонымен  бірге біздің күнделікті тұрмысымыздағы барлық  тұрмыстық приборлар.

Оқшауланбаған сымдар мен электр  қондырғысының  ток  жіберетін  бөліктеріне  жақындаған  адам электр  тізбегіне қосылған кернеуге  түседі. Кернеу  әсерімен  оның  денесінен адам  ағзасының  қалыпты жұмысын бұзатын  электр  тогы  өтіп, соның  салдарынан адамның  денесі  құрысып-тартылып, дем алуы  тоқтап, жүрек  қағысы  тоқтайды. Адам  денесінің бір  бөліктері күйіп,  ол  ауыр  күйік  жарақаттарын алады. Адам өмірі  тоқтайды,  не  болмаса ол  мүгедек  болып  қалады.

Адам  денесінен  өтетін ток қаншалықты көп  болса, ол  соншалықты  оның  өміріне  қауіпті!

Адам токқа  түсіп  қалған ток  кернеудің  жоғары  болуына  байланысты.

Қауіпсіз деп 12 вольтті кернеу  саналады. Ал  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығында,  және  тұрмыста   біршама  кеңінен  таралған электр  желілері 220 - 380 вольтті (220 вольт – жарықтандыру  және  тұрмыстық  асапаптар  үшін, 380 вольт – үш  фазалы электр  қозғалтқыштары  үшін). Бұл  кернеу  экономикалық  жағынан  үнемді,  бірақ  адам үшін қауіпті. Көптеген өмірге  қауіпті жазатайым  оқиғалардың  көбі 220-380 вольтті  кернеуге  түскен  адамдардың оқиғаларына  байланысты  болған.

Сіздер  күнделікті  тұрмыста, үйде  және  мектепте қолданатын  электр  приборлары,  сіз  күнде  жанынан  өтіп  жүрген ауладағы, көшедегі электр  желілері  мен  қосалқы  станциялар қалыпты  жұмыс  барысында  қауіпсіз. Конструкторлар мен  электр монтажшылары ток  келетін  бөліктерге кездейсоқ  жағдайда  тиіп  кету жағдайларын   болдырмауды  ойлап  тапты.

Алайда, оқшауландырудың түрлі  зақымданулары, сымдардың  үзілулері, бағандардағы олқылықтар, қосалқы станциялар  мен  электр  щиттеріне  кіріп  кету кезінде адам  өмірі  үшін нақты  қауіп  туындайды.

Міне,  сондықтан  да біз  барлығымыз электр  приборлары мен  электр өткізгіш сымдарды қолдану  ережелерін  біліп, электр  желісі  мен қосалқы  станциялардың жанында жолдасыңның  тентектігін уақытында ескертуге, электр  желісінің зиянданғандығын көргенде  өзіңді  және  басқаларды ескерту  өте  маңызды.

Электр приборларын  қолдану ережелері қиын емес, және  оларды есте сақтау  оңай:

1) сендерге электр  лампалары мен  сақтандырғыштарды ауыстыруға, электр сымдары мен  тұрмыстық  приборларды  жөндеуге, теледидарлар мен радиоқабылдағыштардың артқы  қақпағын ашуға, қоңырауларды, сөндіргіштерді  және штепсельді розеткаларды орнатуға  тыйым салынады. Мұны үлкендер  не  болмаса электрик мамандар жасасын!

2) Қақпақтары  сынған сөндіргіштерді, штепсельді  розеткаларды, қос  тіл  айырды, қоңырау батырмаларын,  сонымен  бірге зияндалған, күйген  және  айналып  кеткен шнурлары  бар  тұрмыстық  приборларды қолдануға   тыйым  салынады. Бұл  өте  қауіпті!

Осындай  сияқты  жағдайлардың  жанынан жай  өтіп  кетпеңіз. Бұл  туралы уақытында үлкендерге  хабарлаңыз!

Сендер электр сымдарын  зақымдай  отырып, сөндіргіштердің қақпағын  ашып, қоңырау батырмаларын сындырып  тентектік  жасағанда адам  өміріне  қауіп  әкелетін  қылмысқа  тең әрекет  жасайсыңдар.

3) адамдарды электр  тогына  түсу  қаупі электр  тогын жақсы  өткізетін  жер,  кірпіш, цементті  және  бетон  еденді ғимараттарда  өте үлкен (бұл жуынатын бөлмелер,  моншалар,  сауна, гараждар, жер төлелер, сарайлар).  Мұндай  үймереттерде кернеуі 12 вольтті электр приборлары  мен  лампалары қолданылуы  керек.

Электр  тогын  жақсы  өткізетін жер, цементті,  бетон  және  басқа едені  бар үймереттер  мен  ашық  кеңістікте,  сонымен  қатар жерге  жақсы  салынған   заттар  мен  электр  аспаптарына  бір  уақытта   тиіп  кету   мүмкіндігі  де  болуы  мүмкін  құрғақ  үймереттерде 220 вольтті тасымалды  электр  лампалары  мен  электр  аспаптарын қолдануға  тыйым салынады.



4) егер  сіз электр  приборының,  құбырларға  және  су,  газ,  жылу  және  ванна құбырларының  корпусына басқа металл  заттармен  тиіп  кеткенде «шаншу» сезсеңіз,  не  болмаса сізді «шайқаған»  сияқты  болса,  онда  бұл зат қандай  да  бір  электр  желісінің  зақымдануы  салдарынан  кернеуде  тұр  дегенді  білдіреді. Бұл қауіп белгісі!

Бұдан  біршама  нашар  жағдайларда (жалаң  аяқ сулы  еденде  тұрғанда) кернеуде  тұрған мұндай  заттарға  тиіп  кету электр  тогының  әсерінен   қауіпті  өлімге  әкеп  соқтыратын жағдай болуы  мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...