Электр өлшеуіш құралдар классификациясы



Дата22.12.2020
өлшемі16.59 Kb.

Электр өлшеуіш құралдар классификациясы
Өлшеу құралдары мына түрлерге бөлінеді:

1.     Өлшемдік құралдар – бұл физикалық шаманы бірден табатын құралдар.

2.     Өлшеу құралдар, аспаптар – олар аналогтік, цифрлық, өзі жазатын, интегралдық болады. Бұлар өлшеу нәтижесін бірден береді, оны, оператор бірден байқайды.

3.     Өлшеуіш түрлендіргіштер – масштабтық, бір ФШ екіншіге айландырады. Бұл құралдар ФШ-лардың шығыс параметрін кіріс параметрлеріне пропорционал жасайды.

4.     Өлшеуіш қондырғылар – алдынала белгіленген өлшеу әдістерімен өлшеу құралдарының жинағы.

Басқарылатын не өлшейтін объекті мен өлшеуіш жүйелердің шығыстық құрылғылары арасында әрқашан физикалық шама – электр сигналы тектес өлшеуіш түрлендіргіштер болады. Осындай түрленгіштерді түрлендіргіш датчиктер деп атайды.

Электрондық есептеу машинасын пайдаланатын автоматтық жүйелерде ақпаратты беру және өңдеу негізінен «1» және «0» электр сигналдарының комбинациясының дискретті жиынтығы түрінде өтеді. Бұл жағдайда алдымен физикалық шама электр кернеуіне, содан кейінгі кезеңде сигналдардың дискретті жыйынтығына түрленеді. Сонымен, түрлендіргіш датчиктер физикалық шаманы бір мәнді байланысқан электр (не басқа) сигналына түрлендіреді.Олардың мынандай түрлері болады: механикалық (күштік, сығу-созу); электрлік;  магниттік; электромагниттік (сәулелену); гравитациялық; жылулық.

Барлық түрлендіргіш датчиктер қызмет принципы бойынша параметрлік не генераторлық деп екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа өлшенетін шаманың мәні электр тізбегінің параметрлеріне, яғни кедергіге, индуктивтікке, сыйымдылыққа түрленетін түрлендіргіш датчиктер жатады. Бұл жағдайда қосымша қоректендіру көзі қажет. Генераторлық түрлендіргіш датчиктерде әртүрлі энергия тікелей электр энергиясына түрленеді.



Түрлендіргіш датчиктердің статикалық сипаттамасы деп, өлшенетін (х) шамамен түрлендіргіш датчиктің шығысындағы сигналдың (у) арасындағы у=f(x) функционалдық тәуелділікті айтады. F(x) функциясын түрлендіру функциясы деп те атайды. Шығыстық у шамасының аз өсімшесінің кірістік х шамасының аз өсімшесіне қатынасын түрлендіргіш датчиктің сезімталдығы деп атайды: S=Δу/Δх. Түрлендіргіш датчиктің сезгіштік деңгейі деп, оның шығысында сигналдың өзгерісі (Δу) пайда болуына сәйкес келетін түрлендіргіш датчиктің, кірісіндегі шаманың (Δх) аздаған өзгерісін айтады. Сигналдың деңгейлік өзгерісі деп (Δу), шығыстық сигналдың керекті аспаптар арқылы тіркеуге жарайтын ең кіші мәнін айтады. Түрлендіргіш датчиктің деңгейлік сезімталдығы сигналды өңдейтін электр түрленгіштердің не тіркеуіш аппараттардың техникалық сипаттамаларына сәйкес болуы керек.

Өлшеу құралы (ӨҚ) –өлшеу кезінде пайдаланатын және нормаландырған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал. Бүкіл ӨҚ (29-99 РМГ. ГСИ. «Метрология. Негізгі терминдер мен анықтамалар» сәйкес) бес түрге бөлінеді: өлшемдер, өлшеуіш түрлендіргіштер, өлшеу аспаптары, өлшеуіш қондырғылар, өлшеу жүйелері.

Өлшем – бұл берілген өлшемдегі физикалық шаманы жаңғыртуға арналған ӨҚ. Мысалы, қалыпты гальваний элементі – ЭҚК өлшемі; үлгі өлшейтін) резистор; үлгі индуктивтілік шарғысы және т.б.

Өлшеуіш түрлендіргіш – өлшенетін ақпарат сигналын әрі қарай түрлендіру, жеткізу, өңдеу үшін ыңғайлы түрде жасауға арналған, бірақ бақылаушының тікелей қабылдауына арналмаған ӨҚ. Мысалы, ток пен кернеудің өлшеуіш трансформаторлары, өлшеуіш күшейткіштер, кернеу бөлгіштер, шунттар, қосымша резисторлар, цифрлық өлшеуіш тіркегіштер (логгерлер) және т.б. өлшеуіш түрлендіргіште есептеуші құрылғы болмайды және сондықтан түрлендіру нәтижесін адам тікелей қабылдай алмайды.

Өлшеу аспабы — бұл өлшенетін ақпарат сигналын бақылаушының тікелей қабылдауы үшін қолжетімді түрде жасауға арналған, яғни, есептеуші құрылғысы немесе индикаторы бар ӨҚ. Мысалы: электромагниттік қалқандық вольтметр, өзі жазғыш құрал, осциллограф, цифрлық мультиметр, инфрақызыл термометр, манометр және басқалары. Өлшеу аспабы – ең көп таралған ӨҚ түрі.

Өлшеуіш қондырғы - бұл өлшенетін ақпарат сигналын бақылаушының тікелей қабылдауына ыңғайлы түрде жасауға арналған және бір жерде орналасқан функционалда біріктірілген ӨҚ мен көмекші құрылғылардың жиынтығы. Мысалы: электр қозғалтқыштарының сипаттамаларын зерттеуге арналған қондырғы, электрлік есептеуіштерді тексеруге арналған стенд. Өлшеу қондырғысының өлшеу жүйесінен айырмашылығы оны орналастырудың жергіліктілігі мен тұтастығында болады.

Өлшеу жүйесі — өлшенетін ақпарат сигналын автоматты өңдеуге, жеткізуге және/немесе автоматты басқару жүйелерінде пайдалануға ыңғайлы түрде жасауға арналған, өзара байланыс арналарымен жалғанған ӨҚ мен көмекші құрылғылардың жиынтығы. Мысалы, өндірісті басқару жүйесінің құрамындағы көп арналы кеңістікте таралған ақпарат өлшеуіш кешен.

ӨҚ нормаланатын метрологиялық сипаттамалары (НМС) МемСТ 8.009 — 84 «Өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары» арқылы реттеленеді. Негізгі НМС-ға, мысалы, ӨҚ қателіктері, өлшеуіш түрлендіргіштің номиналды түрлендіру функциясы немесе түрлендіру коэффициенті, сезгіштік, өлшеу диапазоны, кірістік кедергі жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік