Электр қауіпсіздігі


Өндірістегі электр қауіпсіздігін болдырмау шаралары мыналар



бет2/5
Дата20.11.2021
өлшемі24.14 Kb.
1   2   3   4   5
Өндірістегі электр қауіпсіздігін болдырмау шаралары мыналар:

1. изоляция;

2. тоқ жүретін тетіктерді қоршау;

3. тоқты жерге енгізу;

4. тоқты нолге жалғау;

5. тізбекті ажырату;



Тоқты жерге енгізудің 2 түрі бар:

1. жабдықты контурлы жерге енгізу;

2. жерге енгізуді сыртқа ұйымдастыру;

Қорғаныс бұйымдары.

Электр қауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді:

1. жалпы қорғаныс бұйымдары – қорғаныс штанглері, электр тогын, кернеуін өлшейтін приборлар, қолғаптар, төсеніштер және қоршау бұйымдары.

2. жеке қорғаныс бұйымдары – очки,каска, противогаз, белбеу.



Жарақат алған адамға жедел жәрдем көрсету жолдары – тоқтан жарақат алған адамды ажырату. Оқшауланған қорғаныс құралдары адамды кернеу астындағы электр қондырғыларынан және жерден оқшаулайды. Барлық оқшауланған қорғаныс құралдары негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі оқшауланған құралдарын қолданып адам кернеуге қосылған тоқ өткізгіш бөліктерді ұстауға болады. Сондықтан, бұл заттардың оқшаулағышы электр құралдарының жұмыс кернеуін сенімді ұстауы керек. Қосымша қорғаныс құралдары негізгі қорғаныс құралдарымен бірге қолданылады, сонымен қатар қадам кернеуінен қорғану шараларына жатады. 1000В –қа дейінгі және жоғары кернеулерге арналған қондырғыларда әр түрлі қорғаныс құралдары қолданылады. Кернеуі 1000 В электр құрылғыларды оқшаулайтын негізгі оқшаулағыштарға оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш және тоқ өлшегіш қысқыштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар және жөндеу жұмыстарына арналған құралдар жатады. Қосымша оқшаулағыш құралдарға диэлектрлік қолғаптар, диэлектрлік резеңке кілемшелері және қосалқы қойғыштар жатады. Диэлектрлік қолғаптар, галоштар және кілемшелерді арнайы маркалы резеңкелерден жасайды, олардың электрлік беріктігі жоғары болу керек. Диэлектрлік қолғаптарды екі түрде жасап шығарады және олар бірнеше өлшемдерде болады. Жұмыс алдында қолғаптарды тексереді.

2. Электр тоғының немесе найзағайдың атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады. Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы – организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық – физикалық құбылыс. Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу. Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы. Тоқтың әсері жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді. Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі. Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйде бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененің құрысуы. Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы тоқ әлгегі деп аталады. Ол төменгі, жоғары, толық ілгек болып бөлінеді: Төменгі ілгек – аяқтан – аяққа (онша қауіпті емес.) Жоғары ілгек – қолдан – қолға (қауіптірек) Толық ілгек – өте қауіпті. Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік