Әл Фарабидің ұлы дұғасы



Pdf көрінісі
Дата05.08.2022
өлшемі77.25 Kb.
#278099
Байланысты:
Әл Фарабидің ұлы дұғасы 40 рет



Әл Фарабидің ұлы дұғасы
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! 
Ей, Қажетті болмыс, Ей, себептердің Себебі, Ей, басы да, соңы да болмаған Мәңгі Аллам! 
Мені қателіктерден сақтауыңды, Өзің разы болған амалдардан мені үмітті етуіңді 
Сенен сұраймын. 
Аллам! Маған барлық мақтаулы қасиеттерді бере гөр, істерімді оң нәтижелермен 
ризықтандыр, мақсаттарым мен талаптарымды сәтті ете гөр, Ей, шығыстар пен 
батыстардың Иесі! 
Ғарышта өзендерше ағылатын жеті ғаламшардың Раббысы! 
Ол ғаламшарлар игілігімен бүкіл жауһарды қоршап тұрған Алланың қалауымен өз 
істерін атқаруда. 
Хайырды Сенен тілеймін! 
Сатурнге, Юпитердің өзіне, Меркурийге күмәнім бар. 
Аллам! Мені әсем киіндіре гөр, пайғамбарлардың кереметін, байлардың бақытын, 
хакімдердің ілімін, тақуалардың тақуалығын бере гөр! 
Аллам! Мені бақытсыздық пен жоқ болу әлемінен сақтағайсың! Мені таза 
ағайындылардан, адалдық иелерінен, шыншылдар мен шәһид болғандармен бірге көктің 
тұрғындарынан ете гөр! Сенен басқа Тәңір жоқ, Алла! Заттардың Себебі, жер мен 
көктің Нұры! Маған әрекетшіл ақылдан бір ағылу (эманация) сыйла! 
Ей, аса Ұлы әрі Мейіріді! Нәпсімді хикметтің нұрымен түзете гөр! Нығметтен маған 
бергеніңе {шүкірге} мені иландырғайсың. Хақты хақ ретінде көрсет әрі оның ізімен 
жүруге шабыт сыйла! Жалғанды жалған ретінде көрсет, оған бойсұну мен құлақ салудан 
мені аулақтай гөр! Нәпсімді алғашқы материяның ластығынан арылт! Шүбәсіз, Сен 
Алғашқы Себепсің! 
Ей, Сенің атқылаған ағылуыңнан болған барлық заттардың Себебі! 
Ортасында жерлер мен теңіздер орналасқан жеті қат көктің Раббысы! 
Мен көмек сұраушы күнәһәр ретінде Саған жалбарынамын! 
Күнәһар әрі бойкүйездің қателігін кешіре гөр! 
Өзіңдегі ағылу арқылы, Күллінің Раббысы, 
Денемді табиғат әлемі ластығынан тазарта гөр! 
Аспан жаратылыстары мен ғарыштық денелердің және аспан рухтарының Раббысы 
Аллам! Құлыңның бойын пенделік құмарлық пен нәпсіқұмарлық және азғын дүниеге деген 
сүйіспеншілік басып кетті. Өзіңнің пәк сипатыңды адасуға қарсы қорғаным ет, 
тақуалығыңды нысапсыздыққа қарсы қалқаным ет. Шүбәсіз, Сен әр нәрсені [іліміңмен] 
Қамтушысың! 
Аллам! Мені төрт табиғи сипаттың тұтқыны болудан құтқар, Өзіңнің аса кең 
жағыңа, аса жоғары қасыңа (жаныңа) ал! 
Аллам! Кифаяны менің және топырақтан жаралған денелер мен бұл әлемнің әурешілігі 
арамыздағы айыпты байланыстарды үзуге бір себепші қыл, нәпсімнің иләһи әлемдермен, 
аспан рухтарымен бірлікте болуына хикметті себепші ет! 
Аллам! Қасиетті рухпен жаныма тыныштық бере гөр, нағыз хикмет арқылы ақылым 
мен түйсігіме әсер ет, періштелерді табиғат әлемінің орнына серігім қыл! 
Аллам! Маған тура жолды шабыт ет, иманымды тақуалықпен бекіт, нәпсіме 
дүниеқорлықты жиіркенішті көрсет! 
Аллам! Жаратылысымды жалған дүние құмарлықтарына [бойсұнуға] қарсы күшті ет, 
жанымды мәңгілік жандар мекеніне жеткізе гөр, оны жоғары жаннаттарда болатын 
асқақ та, қасиетті жауһарлар жиынтығынан еткейсің! 
Хәл және сөз тілінде сөйлейтін болмыстардың алдында тұрушы Алла, Саған мадақ! 
Шүбәсіз, Сен ол болмыстардан хикметке лайықты әрбір нәрсені берушісің және ол 
болмыстарға жоқтықпен салыстырғанда бар болуды нығмет әрі рақым етушісің! Ол 
болмыстардың ішінде Сенің мейіріміңе лайықты субстанциялар да, акциденциялар да, 
Сенің нығмет игіліктеріңе шүкірлік етеді, «Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. 
Бірақ, сендер олардың тәспихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар» (Ісра сүресі, 44). 
Аллам! Саған мадақ! Сен Ұлысың! Шүбәсіз, «Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім де 
тең емес» (Ықлас сүресі, 3-4) Бір Жалғыз Өзгермейтін Алла Сенсің! 


Аллам! Шүбәсіз, менің нәпсімді төрт элементтің қапасында ұстадың [және] оны 
құштарлықтың жыртқыш аңдарына талаттың. 
Аллам! Нәпсіме бейкүнәлік бере гөр! Өзіңе лайықты рақымдылықпен, Өзіңе ғана тән 
асқан тектілікпен оған аяушылық еткейсің, нәпсіме оны аспан әлеміне қайтаратын 
тәубе нәсіп ет, оны қасиетті мекеніне қайтуға асықтыр, нәпсімнің қараңғылығына 
әрекетшіл санадан бір күн тудыр, одан надандық пен адасу түнектерін алыстата гөр, 
нәпсімнің қуатын әрекетімен көрсет, нәпсімді надандықтың 
түнегінен хикметтің нұрына, ақылдың сәулесіне шығар! «Алла Тағала иман 
келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады» (Бақара сүресі, 
257). 
Аллам! Нәпсім ұйықтағанда оған ғайыптардың салих бейнелерін көрсет, оның шым-
шытырық түстерін жақсылық пен шынайы ізгі хабарлармен алмастыр, нәпсіме әсер 
ететін сезімдер мен елестердің кірлерінен тазалай гөр! Нәпсімнен табиғат әлемінің 
ластығын алыстат, оны мәңгілік жандар әлеміндегі биік мәртебеге көтере гөр! Мені 
дұрыс жолға бастаған, молшылық берген әрі пана болған 
Аллам! 
Уә Алхамдулиллаһи уахдаһу уә салла Аллаһу ала мән лә набиин бағдаһу уә сәлләмә 
тәслиман! (Мадақ тек қана Аллаға тән, Алланың алғысы мен сәлемі өзінен кейін 
пайғамбар келмейтінге болсын!).
 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру