Әл-фарабидің азаматтық қоғам туралы идеялары



Дата22.04.2020
өлшемі0.62 Mb.

Әл-фарабидің азаматтық қоғам туралы идеялары

  • ОРЫНДАҒАН;КУВАНОВА ШОЛПАН
  • ТЕКСЕРГЕН;ТУЛЕНТАЕВА КҮЛӘШ

Мемлекетті күшейтіп, тәуелсіздікті қорғайтын қоғам қандай болуы қажет? Бұған қатысты адамзат тарихында Платон, Аристотель, Әл-Фараби сынды ірі ойшылдар жауап берген. Кемеңгер тұлғалардың ізгілікті қоғам құру жөніндегі идеялары қашанда өркениетті мемлекеттің үлгісі, өлшемі болып табылады. Адамзат қоғамы қаншалықты дами берсін, бүгінгі ақпараттық технология үстемдік құрған ғасырда да ізгілік, адамгершілік, қайырымдылық әлеуметтік ортаның тереңдігін айқындап, мемлекеттің болашағын шешетін құндылық ретінде өзінің тарихтан бері келе жатқан орнын сақтап қала бермек. Алаш зиялысы Жүсіпбек Аймауытов жазып кеткендей, «Мәдениет жүзінде адам баласы құс болып ұшып, балық болып жүзіп, алысты жуық болдыруды анық қалап отырса да, бірін-бірі өлтіруді, зорлығы қиянаты қалмай отыр. Неге? Адам тәрбиенің құлы болуға жетпей жетпей, әлі күнгі табғаттың құлы болып жүргендігі. Адам баласы табиғатқа қашан құл болудан құтылады? Анық ақылға билетіп жалпы жақсы тәрбиелі болғанда құтылмақ.

Адамшылықтың тарихына көз жүгіртсек, өмір жүзінен мысал қарастырсақ, атақты данышпандардың пікірін, сөзін байқасақ тәрбие адамды бұзуы, түзеуі көрінеді . Ұлт, ұлт тұлғасы, мемлекет, ұрпақтың зиялылығы, тұлғалануы бұның барлығы адам баласының өзінің бастапқы табиғатынан рухани деңгейі арқылы ажырап, ұлттық табиғат пен кісілік табиғатты иеленгендігін көрсетеді. Жүсіпбек Аймауытовтың айтып отырған табиғаты қоршаған орта, ата мекен табиғаты емес, адамды тарих пен мәдениет үдерісінен бөліп алып тұйыққа тірейтін табиғат, яғни надандық. Қоғамның негізі, болашағы ұлттық тәрбиеге тәуелді, ұлттық тәрбие болмаса қоғамдық ортада кісілік қалыптаспайды. Кісілігі жоқ қоғам мемлекетке, оның болашағы ұрпаққа қажетті құндылықтарды бере алмайды, бұндай орта тарихтың бойындағы рухани дүниелерді кейінгі уақытқа жеткізуге, мемлекет мүддесін қорғауға қабілетсіз келеді. Сондықтанда өркениетті мемлекеттің бет-бейнесі оның мәдениеті, әлеуметтік ортада адам бойында кіслік қасиеттердің орын алуымен көрінеді. Әл-Фараби жазып кеткендей, мемлекеттің рухын қоғамдағы адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгілік көтереді, рухани құндылықтары ғана сақтай алады.

Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала» еңбегінде адам танымынан бастау алып, оның қызметімен (ісімен), рухани өмірімен жалғасатын құндылықтарды, білім түрлерін кеңінен талдаған. Ойшылдың ұғымынша қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан, жаратылыс құдіреті туралы адамзаттың дұрыс танымынан (ілімнен) бастау алмақ. Барлық ғалам, адам баласы үшін бір ғана мән, бір ғана негіз бар, ол жаратушы. Әл-Фараби ілімінде жаратылыс ақиқат, ақиқат туралы дұрыс білім, адам баласының жаратылыс ақиқатын дұрыс ұғынуы Бірінші Тұлға туралы дұрыс білімінен көріненді. Қазақта, «жалғыздық бір Аллаға ғана жарасады» деген ұғым осыдан туса керек. Бұның мәні адам қанша атақты болсын, данышпан, кемеңгер, батыр, сәуегей болсын, барлық адамзатты өзіне қарата берсін ол адам дүниені өзгерте алмайды, табиғатты қайта жасай алмайды, кәрілікті жеңе алмайды. Сондықтанда барлық құдірет, мінсіздік жаратылыс иесінің құдіретіне ғана үйлеседі, сол ғана барлық жаратылыстың иесі болуымен ғана дара деген ұғымды білдіреді. Зиялы адам өз заманында имандылығы, діни білімі, қабілеті, тәрбиесі, адамгершілік қасиеттері арқылы адамзатқа, ұлтына, діні мен діліне дұрыс қызмет етіп, ұрпаққа ізгілігі мол істерін қалдыра білсе адамзаттық кеңістіктегі тұлғалыққа қол жеткізбек, бірақ адам қанша кемеңгер болса да Бірінші Тұлға бейнесін біле алмайды. Демек қоғамның, адамзат қоғамының, ұрпақтың бейбіт өмірін, ізгілігін қалыптастыратын жалпыға ортақ дұрыс білім, діни сауаттылық және парасаттылық. Бұлар қашанда адамзаттық мәдениет пен өркениеттің тірегі болып табылады.

АДАМ ӨМІРІ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕ Қай жағынан болмасын адам болмысындағы, қоғам өміріндегі жасандылық қайырымды ортаның болмысына жат. Ойшылдың өзі жазғандай, «көзсіз батырлық ерлікке ұқсас, ысырапшылық жомарыттыққа ұқсас, әзілқойлық өткір тілділікке ұқсас, жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін-өзі кемсіту кішіпейілділікке ұқсас, көлгірсу адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткерліктердің ішінде жаратылысымыз бойынша өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан, біз бұлардан cақтануымыз қажет. Қатерлі істің тұсында батылдығымыз жетпей қалушылық, жаратылысымызда өзіміз бейім тұратын сараңдық бұған мысал бола алады». Қоғамдық ортадағы адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасының негізіндегі шынайылық ел болмысының деңгейін арттырады. Жалған нәрселермен ел мүддесіне қатысты мәселелер шешілмейді. Шынайылық, дұрыс мінез өсіп келе жатқан буынның болашаққа дұрыс бағдар (тәрбие) алуына ықпал етері сөзсіз. Себебі шынайлық пен дұрыс мінезді талап ететін қашанда уақыт.

Әл-Фарабидің идеяларынан түсінетініміз мемлекет халықтың, жеке адамның рухани болмысының толыққандылығымен, тереңдігімен нығаяды. Ел болмысының негізін құрайтын ұрпақтың болмысы болса, жаңа айтып өткеніміздей дұрыс сенім, дұрыс таным, дұрыс білім, денсаулық, табиғи ортаның тазалығы, қоғамдық ортадағы қайырымдылық, адамдардың бір-біріне деген адамгершілігі, жауаптылық мемлекетті көркейтеді. Ұрпағын дұрыс тәрбиелеп, қорғай білген елдің ұрпағы елін қорғайды. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адамды табиғатынан адамға жау деп ұғу да қате. Қайырымдылық адамның табиғатында бар нәрсе. Адам баласынан рухани өмірдің шегі қайырымдылықты, ізгілікті талап етеді. Бұны ХХ ғасырдың басында өмір сүрген батыс ғалымдары «шекаралық жағдай» деп түсіндірген. Қазақ философиясында «жалған дүние» деген ұғым бар. Бұның мағынасы адам өмірінің мәні де, сәні де жиған дүниесімен емес, ұрпаққа, елге жасаған ісімен өлшенеді дегенді білдіреді. Сол сияқты Әл-Фараби философиясында зерделенген қайырымдылық, ізгілік мәселелері адамзат баласына ортақ, оның табиғатының мәнін ашатын адамның тұлғалық қасиеттерін тарих қатпарынан аршып алатын құндылық. Адамды қадірлейтін, өзінің төл құндылықтарын дәріптейтін, сақтай алатын, кейінгі ұрпаққа дінді, адамды, табиғатты құрметтеуді үйрете білетін, құндылықтарын табыстай алатын ел ғана қайырымды мемлекетті құра алады.

ҚОРЫТЫНДЫЛАЙ КЕЛЕ; Әл-Фараби ілімінде өз заманының ғана емес, бүгінгі уақыттағы адамзат қоғамының да картинасы бар. Қоғамда Бірінші Тұлға, яғни жаратылыс иесі туралы дұрыс діни білімнің болуы, мен меншілдік, эгоизм, бұның барлығын ойшыл өз заманында кеңінен талдаған. Адамзаттың екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің пайымдауынша мәдениеттіліктің күші мәмілеге келу. Мемлекет пен халықтың бір бағытта бір-бірін қолдап отыруы. Мәмілеге келудің басты белгісі түсінік, түсіну, халық мемлекетті, мемлекеттің халықтың жағдайын түсінуі. Мемлекеттің қайырымдылығы адамының рухани байлығында, барлық қоғамдық сана түрлерін (дін, білім, тарих, мәдениет, өнер, ғылым, заң және т.б.) сақтай алған, оның қызметін ұқыпты пайдалана білген қоғам өзінің өкілі жеке адамның бойындағы қайырымдылықты оята біледі, адамының кісілігі арқылы мемлекетті қайырымды мемлекет (қала) деңгейіне шығарады. Әл-Фараби былай деген: «Діни сенімдері кейбір ескі теріс көзқарастарға негізделген реттерде қала надан немесе адасқан қала болып шығады». Шыныменде қоғамдық ортадан оқшауланбайтын, білімі, сенімі, көзқарасы арқылы өгейленбейтін, мемлекетінің болашағын өз болашағымен ұштастыра білген елінің өмірін, дінін, тарихы мен дәстүрін, құндылықтарын сақтаудағы ата бабасының, яғни елдің тәжірибесін құрметтеп, рухани өміріне, болашағына пайдалана білетін адам қайырымды адам, қазіргі сөзбен айтқанда заманынан қалмайтын өркениетті адам.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ Аймауытов Ж. Бес томдық шығ. жинағы. 5-т., А.: Ғылым, 1999.-304 б. ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ. «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА» - Алматы, RS: Халықаралық Абай клубы, 2015. – 284 б. Абай. Қара сөз. – Алматы, 1993 ж.



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар