Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
физика-техникалық факультетінің 4-курс
студенті Сапарбек Шолпанның мектеп
педагогикасында өткен практикасына берген
Есебі
Педагогикалық практиканы №168 мектеп-гимназиясында 7 «Б» сынып оқушыларына өттім. Оқушылар практика кезінде сабаққа тұрақты қатысып отырды. Жалпы мен өткізген сабақтар барысында оқушылар жақсы білімдері мен белсенділіктері арқасында ерекше көзге түсті, әр сабаққа қызығушылықпен қатысты.
Мен практика кезінде 9 сабақ, 3 тәрбие сағатын, олардың ішінде 2 ашық сабақ ретінде өттім. Әр сабақтың алдында физика пәні мұғалімінен сабақтың өткізілу жолдарын сұрап, ҚМЖ дайындап , ал сабақтан кейін оның барысын талдап отырдым. Жетекшім өз ескертулерін айтып,үнемі ақыл-кеңестерін беріп отырды. Осының арқасында практика соңына қарай сабақ өту, іс-қағаз толтыру, оқушылармен қарым-қатынас орнату жағынан әлдеқайда ілгерілеу болғанын байқадым. Сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыруда көрнекілік құралдар мен слайдар қолдандым. Әр сабақты бір-біріне ұқсамайтын етіп, түрлі интелектуалды ойындар мен топтарға бөлу жұмыстарымен жүргіздім.
Практика жетекшісі : Бейсебаева.А.С.
Студент-практикант: Бұрхан.А.О
Достарыңызбен бөлісу: |