Ел болашағының шамшырағы – жас маман



Дата10.06.2022
өлшемі15.86 Kb.
#267542
Байланысты:
Ел болашағының шамшырағы


Ел болашағының шамшырағы – жас маман
Мамандық – бұл сіздің сүйіп, әрі үлкен бір қуанышпен жасайтын іс-әрекетіңіз. Мамандық таңдау бұл өте күрделі іс. Әлемде 40 мыңға жуық мамандық болса, сіздің сол сан мыңдаған мамандықтан қателеспей жол таба алуыңыз ол үлкен бақыт. Мамандық таңдауда қателесе алмаймыз. Себебі біз осы арқылы өз қуанышымыз бен бақытымызды тауып, мақсатымызды айқындай аламыз. Әрине, әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді, ал, осы мамандарды даярлайтын, маманды маман ететін ол – мұғалім. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын, шәкірт жүрегіне гүл егетін, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеурініне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Жас ұрпаққа білім беретін әрбір ұстаз өмір бойы оқушы әрі ізденуші. Заман өзгерген сайын адамдардан күтілетін қарым-қабілеттер де өзгеруде. Білім алушылар өмірге барынша бейімделуі тиіс. Оны бейімдеуге оң ықпал ете алатын педагогтар. Оқушылардан оқығанын жатқа айтып беру ғана күтілмейді. Олар оны өмірде пайдаланып, алдында күтіп тұрған сынақтардан сүрінбей өтуде оған сүйенуі тиіс. Бұл мәселеде оқытушының оқушыдай ізденімпаз болуы шешуші рөлге ие.
«Білім әлемдік болуы керек, ал тәрбие ұлттық болуы керек» - деген қоғам қайраткері Аслы Осман. Қазақстан мемлекет құрудан бастап білім беруге дейін зайырлылық ұстанымын ұстанады. Бұл бізге ғылым не айтса, оқушыға соны үйретуімізге мүмкіндік береді. Білім және ғылым қандай да бір дін немесе идеологияға бағынбайды. Ал тәрбие ұлттық сипатта танылуы тиіс. Ұлы қазақ елінің даңқты перзенттері көп. «Тұлғатану», «Деген екен» секілді айдарлардың пайда болуы соның дәлелі. Ал біз тұлғатануды қазақ әдебиеті пәнінің аясында іске асырып, ұлттық тәрбие мен мінезді қалыптастыра аламыз.
Барлық жақсылықтың кілті ғылымның қолында. Ол кілтке ғылым жолы ғана алып бара алады. Қазіргі таңда Қазақстанда түрлі мәселелердің бар екендігі айтылып, күн тәртібіне қойылуда. Бас маманға жүктелсе де, жас маманға жүктелсе де мәселелердің оңай шешім таппай жүргені де белгілі. Оларды қашан және қалай шешеміз? Ғылым мен білім арқылы ғана тез арада шеше аламыз. Оқушыларды ғылыми жұмыстармен айналысуға тарту болашағымызды инвестициялаумен бірдей. Қызметке енді араласқан жас мамандар оқу мен зерттеуден тез арада алшақтай қоймайды. Сондықтан өзіне таныс жұмыстарға оқушыларды жұмылдыра әкету маңызды. Ғылымға еріншектік танытсақ көп мәселелерге душар боламыз. Ғылым саласында белсенділік танытсақ өзімізді ғана емес мемлекетті дамытамыз. Бүгін кітап алуға, ғылым сұрауға созылған қолдар болашақта көмек сұрау мақсатында өзгеге жайылмайды.
Теориялық білім оқу арқылы қалыптасса, кәсіби тәжірибе үйрену арқылы, қолма-қол еңбекке араласу арқылы жасалады. Шығыс данасы Конфуцийдің мынадай сөзі бар: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін». Жас маман айтып беруді де, көрсетіп беруді де, өзіне жасатып көруді де қажет етеді. «Атан түйе жүк астында қартаяр» дегендей тәжірибелі мамандар жас әріптестері үшін үлгі болуы тиіс. Ал тапсырма беру және есеп беру үшін жұмыс жүргізу ешкімге сапалық тұрғыдан әсер етпейді.
Қорытындылай келе, «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» дейді тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов. Міне ширек ғасыр бұрын ата-бабалар сан ғасыр бойы сабылып армандаған азаттыққа, тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әр сөзі «қазақ» деп жаңғырып тұрған жалынды жас мамандарымыз үшін ендігі басты қажеттілік – терең білім. Кемел келешекте кедергілердің құлпын бұзып, ел алдындағы жарқын болашақтың есігін айқара ашатын да білімді жас мамандар екені анық. Сол себепті білімді, тәжірибиелі маман атану үшін көбірек ізденіп, ары қарай сауатымды аша түсіп, бар күш-қайратымды жұмсаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы