«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы



Дата10.09.2017
өлшемі63.67 Kb.
#20063

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МСЖ құжат 3 деңгейлі

ПОӘК


ПОӘК 042-18.2.1.004/01-2015

ПОӘК

«Экономиканы мемлекеттік реттеу » пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы


Баспа №1, 11.09.2015 жыл



5В051000 – « Мемлекеттік және жергілікті басқару» , 5В050600 - «Экономика» мамандығына арналған

«Экономиканы мемлекеттік реттеу » пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2015


Алғы сөз
1.ҚҰРАСТЫРДЫ

__________ «__29__ »_08__ 2015 ж., Жұмашбекова Самал Қабдрахмановна, аға оқытушы, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының отырысында.


«__29__ »__08____ 2015 ж. №_1___Хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ Г. Орынбекова


2.2. Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Оқу- әдістемелік Бюросының отырысында.
«__09__ »____09____ 2015 ж. № _1_ Хаттама
ОӘБ төрағасы____________________ С. Тойкин

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу- әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.
«__11___ »__09_ 2015 ж. № _1_ Хаттама
ОӘК төрағасы _________________ Г. Искакова


Мазмұны




  1. Қолдану аумағы

  2. Нормативті сілтемелер

  3. Жалпы мағлұматтар

  4. Оқытушы үшін пәннің оқу бағдарламасы

  5. Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары

  6. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы

  7. Әдебиеттер



  1. Қолдану аумағы


«Экономиканы мемлекеттік реттеу » пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені5B050600-«Экономика» , 5B051000 -«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары студенттеріне арналған . Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен , оқу процесі барысында студенттер игеретін дағды және шеберлікпен таныстырады. Оқу-әдістемелік кешен пәнді зерттеу кезіндегі негізгі жетекші құрал болып табылады.
2. Нормативті сілтемелер

Осы «Экономиканы мемлекеттік реттеу » пәнінің оқу-әдістемелік кешені келесі құжатардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес жасалынды және берілген пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін бекітеді:

- «Экономиканы мемлекеттік реттеу » пәні бойынша оқу бағдарлама

Мемлекеттік жалпы білім берудің стандарты ҚР МЖБС 5.04.019 – 2011 , Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік жалпы білім берудің стандарты ҚР МЖБС , 23 тамыз 2012 жылы №1080 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген.

СТУ 042-ГУ-5-2014 Университет стандарты « Пәннің оқу әдістемелік кешендерін жасау және безендіруге жалпы талаптар »

-ДП 042-1.01-2014 Құжатталған процедура «Пәннің оқу әдістемелік кешендерінің құрылымы және мазмұны»

-МУ 042-1.01-2013 Студенттердің өздік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар




  1. Жалпы мағлұматтар
  • Оқытушының аты-жөні – Жұмашбекова С.Қ. аға оқытушы, экономикалық ғылымдар магистрі


  • Кафедра- Менеджмент және маркетинг;

  • Байланыс ақпараты – тел: 53-02-29, № 8 оқу корпусы, №305 кабинет;

  • Сабақты жүргізу орны – сабақ кестесі бойынша

  • Пән аты – «Экономиканы мемлекеттік реттеу»

  • Кредит саны- 3

  • Оқу жоспарынан көшірме (кесте 1)



Оқу жоспарынан көшірме


5B050600- «Экономика», 5B051000-« Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары үшін

Кесте 1

Курс


Семестр

Кредит

Дәріс


Семинар

ОСӨЖ

СӨЖ


Барлығы

Бақылау түрі


2

4

3

30

15

22,5

67,5

135

Емтихан


3

5

3

30

15

22,5

67,5

135

Емтихан



3.1. Пәннің қысқаша мазмұны


«Экономиканы мемлекеттік реттеу» нарықтық қатынастардың тиімді қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық үдерістерге әсер етудің әдістері мен тетіктерінің көмегімен мемлекеттің елдің экономикалық өміріне қатысуының формаларын зерттейтін ғылыми экономикалық пән болып саналады. Экономиканы мемлекеттік реттеу-макроэкономика тұрғысынан мемлекеттің атқаратын қызметі; қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жүйені тұрақтандыру және өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын, өзара байланысты әртүрлі экономикалық реттегіштердің кешенінен тұратын заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы сипаттағы типтік шаралардың жүйесі.

Нарықтық қатынастарға өту кезіндеэкономиканы мемлекеттік реттеу әсіресе экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезінде-меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру кезінде қажет. Сонымен қатар табиғатты пайдалануды, сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу керек. Мемлекет экономиканы құрылымдық қайта құру үдерісін нарықтық қатынастардың басты мақсатына-әлеуметтендіру және тұрғындардың материалдық әл-ауқатын жоғарлатуға сәйкес реттеу қажет.



3.2. Курстың мақсаты:

Студенттерге елдегі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің механизмі туралы тұтас мағлұматтар беру. Олардың экономикадағы мемлекеттің рольін анықтайтын негізгі көрсеткіштерімен таныстыру, экономикалық үлгілер құрып, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға үйрету, көптеген шешімдер арасынан ең ұтымдысын таңдауда бағдар беру болып табылады. Сондай-ақ, студенттің экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеуде экономикалық ойлау, талдау қабілетін арттыру.


3.3. Курстың міндеті:


«Экономиканы мемлекеттік реттеу » пәнін оқудың негізгі міндеті студенттерге нарықтықэкономика шарарында әртүрлі қызметтер саласын жалпы мемлекеттік реттеудің, жекешелендіру мен ұлттандырудың, мемлекеттің әлеуметтік саясатының механизмі, тікелей мемлекеттік реттеудің қаржы-экономикалық құралдары туралы білім беру болып табылады.
3.4. Пәнді оқу барысында студент:

  • Мемлекеттің нарық негізінде қалыптасатын экономикалық қатынастарға белсенді қатысушылардың бірі ретінде іс-әрекетіне көзқарастарды қалыптастыруы қажет.

  • Негізгі мәселелер мәнін анықтап және оларды шешуде әртүрлі бағыттарға бағдар жасай алуы қажет.

  • Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен механизмін білу керек.

  • Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні, әдістері және принциптерімен танысуы керек.

  • Курсты оқу нәтижесінде нарықтың қызмет ету жағдайында басқару шешімдерін қабылдаудың практикалық дағдысын үйренуі қажет.

3.5. Курстың пререквизиттері.

  • Экономикалық теория

  • Микроэкономика

  • Макроэкономика

3.6. Курстың постреквизиттары:





  • Мемлекеттемлекеттк басқару теориясы

  • Мемлекет және бизнес

  • Қазақстан экономикасын басқару


4.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Тақырыптардың атауы, олардың қысқаша мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары

Модуль 1. ЭМР-дің ғылыми-әдістемелік және ұйымдық-институционалдық негіздері

Тақырып 1. ЭМР теориялық астары мен оның объектісі

Мемлекеттік реттеу жүйесі түсінігі. Экономиканы реттеудің нарықтық және мемлекеттік механизмдерін үйлестірудің қажеттілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, құралдары. Мемлекеттік реттеудің объектісі мен субъектісі. Мемлекеттік реттеудің типтері мен модельдері. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттік реттеудің бағыттары мен қарқындылығының айырмашылығы. Меркантелизм теориясы(У.Стаффорд,Г.Скаруффи,Т.Мен,У.Петти,А.Серра,А.Монкретьен) Экономикалық либерализм(А.Смит,Д.Рикардр,Н,Кондратьев,М.Туган-Барановский) Неоклассикалық жүйедегімемлекет(А.Маршалл,Э.Чемберлин,Л.Мизес,ф.Хайек,М.Фридмен)

Кейнсиандық жүйедегі нарық пен мемлекет.ЭМР жалпы принциптері.

Экономиканы циклге қарсы реттеу. Институтоционализм және оның негізін салушылар. Трансакциялық шығындардың мәні. Мемлекеттік реттеудің объектілері. Макросфера, экономиканың өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералары мен олардың аймақтық құраушылары. ЭМР-дің субъектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық мүдделері.



2

Тақырып 2. ЭМР әдістемесі жөнідегі ұғым және оның элементтері.

Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы. Жиынтық сұраныс пен ұсыныс, олардың өзара байланысы. Ресурстар динамикасы мен экономикалық өсудің концептуалдық негізі. Акселератор , мультипликатор түсініктері және олпардың ЭМР-дегі рөлі. Мемлекеттік реттеу жүйесінде экономика ғылымының негізін жүйелендіру арқылы оның тұжырымдамаларын ұтымды пайдалану. ЭМР әдістемесі және оны әрдайым жетілдіріп отырудың қажеттілігі. Экономикаға тура және жанама әсер ету әдістері. Мемлекеттің экономикалық қызметтері. Экономикаға мемлекеттің араласу шегі. ЭМР-дің әкімшілік, экономикалық, құқықтық әдістері. Экономиканың дамуына мемлекеттің әсер етуінің тетіктері, жанама және тікелей әсер ету құралдары. Экономиканы ұзақ-орта-қысқамерзімді реттеудің әртүрлі құралдарының үйлесуі.




2

Тақырып 3. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі

Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері. Мемлекеттік экономикалық қызметтерін құқықтық негізбен қамтамасыз ету. ҚР Конституциясы ЭМР-ді ұйымдастырудың негізі ретінде. Республиканың өкілетті, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесі және олардың экономиканы мемлекеттік реттеу үдерісінде алатын орны. ҚР-сы экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы. Халық шаруашылығын басқарудың орталық органдарының негізгі функционалды міндеттері. Аймақтық басқару органдары және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеудегі ролі. Мемлекеттік ЭМР қажеттілігінің факторлары. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен бағыттары. ҚР, Ресей, АҚШ және Батыс Европа елдерінде ұлттық ЭМР жүйесі.




2

Модуль 2. Аралас экономиканың негізгі заңдылықтары, өсу факторлары және оны реттеу

Тақырып 4. Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру

Бәсекелестік орта түсінігі мен негізгі көрсеткіштері. Әділетсіз бәсекенің түрлері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау. ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы түсінігі. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру процессін заңдылық реттеу. Монополияға қарсы заңдылық, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері. Қазақстандық монополияға қарсы реттеудің ерекшеліктері. Кәсіпкерлік қызмет түрлерін қолдау және олардың дамуы. Мемлекет бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі.



2

Тақырып 5. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.

Мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру негіздері мен факторлары және оның әлеуметтік бағытталуы. Қоғамдағы өндіріс: көрсеткіштері, өсу қарқыны және құрылымдары. Мемлекеттің құрылымдық саясатының қажеттілігі мен негіздемесі.

Өндірістік бағдарламаларды әзірлеу принциптері. Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі мен олардың өзара байланысы.

Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекет іс –әрекетінің негізгі бағыттары. Экономикалық өсу үлгілерін салыстыру. Ағымдар мен запастар, оларды реттеуде Үкіметтің рөлі.

Мемлекеттік индустриалдық және аграрлық саясатының қалыптасу ерекшеліктері.

Салалардың басыңқылығын анықтаудың ұйымдастырушылық әдістемелік астары.




2

Тақырып 6.Экономикалық мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік- экономикалық болжау мен жоспарлау.

Экономикалық болжаудың мәні және ғылыми методологиялық негіздері.

Болжаудың қағидалары мен әдістері. Халық шаруашылығын кешенді болжауды әзірлеуді ұйымдастыру және оның теориялық негіздері. Болжаудың әзірлеу мерзімі, функционалдық блоктары мен ірілендіру деңгейіне байланысты түрлері.

Мемлекеттің ұлттық бағдарламалары экономиканың басыңқы бағыттары мен дамуының мемлекеттік стратегиясын іске асыру негізі мен халық шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі ретінде.

Бұл бағдарламаны әзірлеу және бекіту. Экономиканы орта мерзімді стратегиялық даму жоспарларының мәні, ғылыми негізі мен белгілері.

Экономикалық өндірістік инфрақұрылымдық салаларының дамуының стратегиялық орта мерзімді жоспарлау, оның негізгі әдістері.

Әлеуметтік сфераның дамуын жоспарлау негіздері. Білім берудің, денсаулық сақтаудың, медениеттің негізгі көрсеткіштері және оларды дәлелдеу әдістері.


2

Модуль 3. Қоғамның өндірістік және интеллектуалдық әлеуетін пайдалануды реттеу

Тақырып 7. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.

Экономикалық басқарудың маңызды тапсырмасы- қоғамның ғылыми- техникалық потенциалын арттыру. Ғылыми- техникалық прогрестің (ҒТП) әлеуметтік- экономикалық астары мен оның негізгі бағыттары.

ҒТП- ті жеделдету және оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі. Ғылыми- зерттеу, жобалау- іздену және тәжірибелі құрастыру жұмысын тікелей қаржыландыру көздері мен шарттары. ҒТП- ті несиелік және салықтық реттеу механизмдерінің маңызы.

Ғылыми және ғылыми- техникалық дамудың басыңқылықты бағыттарын ұлттық мүддеге, елдің әлеуметтік- экономикалық даму сұраныстарына сәйкес мемлекетті қолдау және ынталандыру. Ресурстарды басыңқылықты ғылыми бағыттарға шоғырландыру. Ғылыми және техника бойынша мемлекеттік тапсырысты конкурстық негізде қалыптастыру және орналастыру, ғылыми- техникалық саясаттың қалыптасу және жүзеге асу барысында ғылым мен ғылыми- техникалық саясат саласында мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың өзара байланысын демократияландыру және қамтамасыз ету. Ғылыми - техникалық шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету, ғылыми қызметкердің еңбек жағдайын жақсарту. Ғылыми- техникалық саясаттың негізгі мақсаттары: өмір сүрудің сапасын арттыруға бағытталған зерттеуді дамыту, ғылымсыйымды, ресурс үнемдеуші, экономикалық таза өндірісті әзірлеу, экономикалық шикізатты бағытын сатылап азайту және сапалы бәсекеге қабілетті түпкілікті өнім шығаруға бағыт алу.




2

Тақырып 8. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу.

Қоғамның еңбек әлеуеті мен демографиялық жағдайы. Еңбек ресурстарының гендерлік және интеллектуалдық деңгейінің маңызы. Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар жүйесі.

Жұмыссыздықтың түрлері мен негізгі себептері және оны төмендетудегі мемлекеттің іс – әрекеті. Еңбек нарығының қалыптасу процесімен оны дамытуға мемлекет тарапынан келу мәселесі. Еңбек өндірімділігі мен еңбекақы төлеудің өсім қарқынының ара қатынасына мемлекеттік әсер етудің механизмдері.


2

Тақырып 9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу, «мотор-салаларды» анықтау. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік реттеу іс-шаралары. Өнеркәсіптің тауарлық мамандануы. Өнеркәсіптік саясатты дайындау кезеңдері. Өнеркәсіптің технологиялық мамандануын дамытудың перспективалары. Өнеркәсіптік саясаттың аймақтық мәселелері. ҚР өнеркәсіпті қолдаудың жалпы және жекелеген экономикалық шаралары. Инвестиция және инвестициялық концепция. Мемлекеттің инвестициялық саясатының өзгермелілігі мен оны қалыптастыру негіздері. Мемлекеттің инвестициялық іс – әрекетінің ең маңызды қағидалары.

Инвестициялық ресурстардың негізгі көздері мен оны ұтымды пайдалану проблемалары. Шетелдік инвестициялар мен ішкі инвестициық ресурстар арасындағы өзара қатынастардың тиімдісін таңдау. Инвестицияға сұраныс пен оған ұсыныс арасындағы тепе – теңдікке қол жеткізу механизмі.

Қазақстан инвестициялық қоры және инвестициялық іс – әрекетті мемлекеттік қор. Елде инвестициялық қолайлы климат қалыптастыру.

Шаруашылық субьектілерінің инвестициялық белсенділігін арттырудың ролі және оның механизімі. Инвестициялық жобаларды бағалау және мемлекеттің инвестициялық іс – әрекетінің ұзақ мерзімді бағдарламаларын жасақтау.

Инвестиция салудың басымдық бағыттары мен сфераларын мемлекет тарапынан анықтау. Өндірістік сфера мен инфра құрылым салаларын бірыңғай дамыту мүдделерін ескерту. Мемлекеттегі инвестициялық тартымдылық мәселесі: әлеуметтік саяси тұрақтылық, заң актілерін іске асыру, экономикалық реформаларды тереңдету бағытын ұстану, экономикалық байланыстар бойынша мемлекет аралық міндеттердің өз уақытында орындалуы және т.б.

Мемлекеттің инвестициялық әлеуетінің тиімді пайдаланудың қаржы бюджеттік және ақша – несиелік тетіктері. Инвестициялық құрылыстық кешенін негізгі сандық – сапалық көрсеткіштерін және оларды негіздеудің әдістемесі. Күрделі қаржының технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымы мен оның көрсеткіштерінің тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік шаралар.


2

Тақырып 10. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі.

Жер экономиканың аграрлы секторындағы негізгі өндіріс құралы ретінде. Ауылшаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану проблемасы және оны өндірісті ұйымдастыру – технологиялық негіздерімен байланысы. Аграрлы сектордың көпукладтылығы және ауылдың интелектуалдық, материалды техникалық және жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі.

Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері және оның салалары дамуының басынқылығын ғылыми негіздеу. Мемлекеттің аграрлы секторға қолдау көрсетуі механизімдері мен оның болашақтағы дамуын реттеуі. Агроөнеркәсіп кешенінің секторлары арасындағы шаруашылық – экономикалық байланыстарды нығайтудағы және олардың мүдделерін бір арнаға бағыттаудағы мемлекеттің атқаратын ролі.

Жерді пайдаланудың экономикалық және экологиялық тиімділігін арттырудағы және егін мен мал шаруашылығын ғылыми технологиялық қамтамасыз етудегі мемлекет мүдделерінің шеңбері. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің жоспарыл көлемін анықтауға мемлекеттік органдардың тигізетін әсері мен қолданатын әдістері. Аграрлы сектор өнімін тиімді өткізу мәселелері мен оның мемлекет тарапынан ынталандыру механизімдері.

Жерді ұтымды пайдаланудың экономикалық механизмдері және олардың кадастрлық бағалаудағы ролі. Жердің экологиялық жағдайын арттыру мен оның құнарлығын көтеру бойынша мемлекеттік ынталандыру механизмдері.


2

Тақырып 11. Экономиканы реттеудің қаржы –бюджеттік әдістері

Бюджет жүйесінің қалыптасуы. Бюджеттің негізгі сипаттамасы. Экономикалық өсуге мемлекеттік шығындардың әсері және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. Бюджет жүйесінің деңгейлері. Аумақтық бюджеттердің қалыптасуы мен қызметтері. Мемлекеттің фискалды саясатының негізгі мақсаты: салық-бюджет құралдарын тиімді пайдалану. Салық саясатының принциптері мен салық жүйесі. Лаффер қисығы. Салық жүйесінің экономикаға әсерінің құралдары.



2

Тақырып 12. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері

Ақша нарығы және мемлекеттің ақша саясаты. Елдің ақша жүйесі және оның негізгі компонеттері. Экономикадағы ақша ұсынысына Ұлттық Банктің әсер ету механизмі мен құралдары.ҰБ қолданатын экономиканы реттеудің құралдары: есептік ставка, міндеті резервтер саясаты, депозиттік және валюталық саясат.Коммерциялық банктердің қызметін реттеу. Лицензиялар түрлері. Коммерциялық банктердің қызметінің экономикалық нормативтері.




2

Тақырып 13. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының унитарлығы мен оның әкімшілік аумақтық бөліндісі. Аймақтық (облыс, қала, аудан) даму аясындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен оны жүзеге асыру әдістері.

Шағын және орташа депресивті қалалардың, әлеуметтік артта қалған аудандардың, облыстардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың іс – әрекеті мен ұйымдастыру құрылымы.

Аймақтардың тиімді экономикалық мамандануын қалыптастыру және оның 2015 жылға дейін Қазақстанда аумақтық даму стратегиясында көрініс табуы.

Өндіргіш күштерді тиімді орналастыруда аймақтық және жалпы мемлекеттік мүдделерді үйлестіру негіздері. Жергілікті шаруашылық және жергілікті өзін – өзі басқару. Жергілікті мемлекетті басқару жүйесі. Арнайы экономикалық зоналарды ұйымдастыру негізі, мағынасы мен тиімділігі.

Аймақтық саясатты жүзеге асырудың мақсаты: аймақтар арасындағы әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлері арасындағы айырмашылықты төмендету; әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік беретін басынқылықты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; аймақтарда сайлау саясатын халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мен байланыстыру және тағы басқа.

Шағын қалалардың және болашағы бар ауылдық аймақтардың кешенді дамуына; Қазақстан шекарасындағы аудандардың экономикалық потенциалын нығайту бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және оны жүргізуге; өнеркәсіптің қайта өндеу секторын кәсіпорын дамытуының аумақтың инфрақұрылымын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі


2

Тақырып 14. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі

Өндіріс пен биологиялық орта арасындағы өзара қатынастардың жаңа жүйесі. Өндіріс және сыртқы әсерлер. Теріс экстерналии және экологиялық теңсіздік .Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік –экономикалық маңызы. Табиғи ресурстарды қорғауды және оның ұтымды пайдаланылуын экономикалық реттеу.Экодамудың мемлекеттік менеджмент стратегиясын қалыптастыру. Экодамудың институттары мен механизмдері.Негізгі стимулдар: мүмкіндіктері мен шектеулер. Дағдарыс жағдайында басқару және экология. Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық және ұлттық бағдарламалар.



2

Тақырып 15. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу

СЭК МР түсінігі мен сипатамасы. СЭҚ реттеудің мақсаттары мен құралдары. СЭҚ ынталандыру. Сыртқы сауда саясаттың мәні мен мақсаттары. Еркін сауда мен протекционизм саясаттарын салыстырмалы талдау . Сыртқы сауда мен валюта бағамын ырықтандыру. Сыртқы экономикалық саясаттың аймақтық компоненттері. Мемлекеттің төлем балансы-СЭҚ реттеудің құралы ретінде. ДСҰ кіруге дайындық жағдайындағы экспорт пен импортты реттеу. Ғаламдану жағдайындағы қазақстаннның сыртқы экономикалық іс ірекеттерінің басымдықтары мен болашағы.



2

Практикалық (сарамандық) сабақтар

Тақырып 1. ЭМР теориялық астары мен оның объектісі

1.Экономиканы реттеудің кейнсиандық теориясы

2.Қазіргі заманғы экономикалық мектептердің экономикадағы мемлекеттің рольі туралы ойлары.

3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны.

4. ҚР жағдайында мемлекеттік реттеу субъектісінің құрылымы мен ерекшеліктері.


1

Тақырып 2. ЭМР әдістемесі жөнідегі ұғым және оның элементтері.

1.Акселератор , мультипликатор түсініктері және олпардың ЭМР-дегі рөлі.

2.Экономикаға тура және жанама әсер ету әдістері. Мемлекеттің экономикалық қызметтері.

3.Экономиканы ұзақ-орта-қысқамерзімді реттеудің әртүрлі құралдарының үйлесуі.




1

Тақырып 3. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі

1.ҚР Конституциясы ЭМР-ді ұйымдастырудың негізі ретінде.

2.Мемлекеттік ЭМР қажеттілігінің факторлары.

3.ҚР, Ресей, АҚШ және Батыс Европа елдерінде ұлттық ЭМР жүйесі.




1

Тақырып4. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу

1.Әділетсіз бәсекенің түрлері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

2. ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы түсінігі. .

3. Монополияға қарсы заңдылық, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері. 4.Қазақстандық монополияға қарсы реттеудің ерекшеліктері. Мемлекет бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі.

5.Нарықтың сенімді дамуына мемлекет тарапынан жасалатын жағдайлар.

6.Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі мен олардың дамуын реттеу әдістері.




1

Тақырып 5. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.

  1. Макроэкономикалық тұрақтылық және оған қол жеткізудегі мемлекеттік шаралар.

  2. Экономикалық өсуді:факторлары, көрсеткіштер және оларды анықтау әдістері.

  3. Өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру проблемасы және оны шешу барысында мемлекет мүддесін есепке алу.




1

Тақырып 6.Экономикалық мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік- экономикалық болжау мен жоспарлау.

1.Болжаудың қағидалары мен әдістері.

2. 1991- 2015 жж. мемлекеттің ұлттық бағдарламалары

3. Стратегиялық жоспарлау методологиясының түсінігі.




1




Тақырып 7. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.

1. Мемлекеттің- техникалық және инновациялық саясатының қалыптасу негіздері.

2. ҒТП-ке әсер ететін мемлекеттің әкімшілдік- құқықтық және экономикалық механизмдері.

3. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру шараларының жүйесі.

4. Ғылымды өндірісті, білім беруді интеграциялауды қамтамасыз етудің мемлекеттік шаралары.


1

Тақырып 8. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу

1.Әлеуметтік саясат және оның басымдықтары.

2.Тұрғындардың табыстары мен шығындарын реттеу.

3.ҚР әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу реформаларының негізгі бағыттары.

4.Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету.


1

Тақырып 9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

1.Инвестиция түсінігі, ұлғаймалы ұдайы өндірістегі оның орны мен рольі.

2.Экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінынталандыру механизмі.

3.Бюджеттік инвестициялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары.

4.ҚР-ғы өнеркәсіп пен оның салаларын территориялық ұйымдастыру мен орналастырудың ерекшеліктері

5.Өнеркәсіп өндірісінің құлдырауының аумақтық дифференциялану факторлары



1

Тақырып 10.Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі.

1.ҚР-ғы АӨК даму үдерістерінің маңызды ерекшеліктері.

2. ҚР-ның аграрлық саласының дамуын сипаттайтын негізгі тенденциялар.

3. Ауыл шаруашылығындағы тұрақты ұдайы өндірістің қаржылық потенциалының сипаттамасы.




1

Тақырып 11. Экономиканы реттеудің қаржы –бюджеттік әдістері

1.Бюджет және оның экономиканы реттеудегі ролі.

2. Экономикалық өсуге мемлекеттік шығындардың әсері және экономикадағы құрылымдық өзгерістер.

3. Даму бюджеті. Бюджет жүйесінің деңгейлері

4.Елдің салық жүйесінің мазмұны.

5. Салық жүйесінің экономикаға әсерінің құралдары.

6. ҚР салық жүйесін реформалаудың перспективалары.


1

Тақырып 12. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері

1.Экономикадағы ақша сұранымы мен ұсынымына Ұлттық Банктің әсер ету механизмі мен құралдары.

2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу.

3.Валюта бағамын реттеу әдістері

4.Валюта саясатының түрлері мен формалары.

5.ҚР валюталық реттеу




1

Тақырып 13. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

1.ҚР-ның конституциясы аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы.

2.Аймақтық дамудың концепциясымен мемлекеттік бағдарламасын әзірлеудің ролі және олардың қажеттілігін анықтау.

3. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың мақсаты

4. Аймақтарды мемлекеттік қолдау қажеттілігі


2

Тақырып 14. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі

1. ҚР аймақтық экономикалық дамуының табиғи-ресурстық факторлары.

2.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенінің дамуындағы табиғи ресурстардың ролі.

3.Экологиялық саладағы ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басымды бағыттары

4.Қазіргі кезеңде ҚР және оның жекелеген аймақтарында экологиялық жағдайды бағалау.


1

Тақырып 15. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу

1. ҚР-ғы СЭҚ мемлекеттік реттеудің механизмі.

2. Капиталдың қозғалысына мемлекеттің әсері.

3. СЭ саясаттың құрылымдық бөлімдері.

4. ҚР ТМД елдерімен интеграциялық әріптестігін реттеу.

5. Дамыған елдердегі валюталық саясатың ерекшеліктері.



1


5.Студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары

2-апта

  1. «Қазіргі заманғы экономикалық мектептердің мемлекеттің экономикалық қызметі туралы көзқарасы» тақырыбына эссе жазыңыз.

4-апта

  1. «Нарықтық экономикасы дамыған елдерде экономиканы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ерекшеліктері:Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде»

тақырыбына баяндама жазыңыз.

6-апта

Келесі тақырыптар бойынша топтық жобалар жасаңыз

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыруды жетілдіру проблемалары.

  2. Трансакциялық шығындар экономикадағы келеңсіздер көрініс ретінде және оларды азайтуға мемлекеттік шаралар.

  3. Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының түрлері мен мазмұны

  4. ҚР-ғы монополияға қарсы агенттіктің қызметі және ҚР-ғы бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттары


8-апта

Келесі тақырыптардың біреуіне реферат жазыңыздар.

  1. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторлары

  2. Соңғы жылдардағы ҚР-ның мемлекеттік бағдарламалары

10-апта
«Қазақстан экономикасының дамуында индустриалды – инновациялық бағытының маңызы»тақырыбына эссе жазыңыз
Келесі тақырыптар бойынша таңдаған тақырыбыңызға презентация жасаңыздар.

  1. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру шараларының жүйесі

  2. Венчурлық кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің алатын орны

  3. Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын мемлекеттік реттеу және оның механизмдері. Денсаулық сақтаудың, білім берудің, мәдениеттің даму көрсеткіштері және оларды негіздеу әдістері.

  4. Кедейшілікпен күресудің әдістері және мемлекеттік ролі

12-апта

Келесі тақырыптардың біреуіне баяндама жазыңыздар.

  1. Қаржы инвестициялары және оларды ұтымды пайдаланудағы мемлекеттің рөлі.

  2. Аралас экономика жағдайында құрылымдық саясатты жүзеге асыру тәсілдері

  3. Экономиканың нақты секторында кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру механизмі

  4. Аграрлы сектор өнімін тиімді өткізу мәселелері мен оны мемлекет тарапынан ынталандыру механизмдері.



Келесі тақырыптар бойынша таңдаған тақырыбыңызға жеке жобалар жасаңыз.

  1. Экономикаға салық жүйесінің ықпал ету құралдары

  2. ҰБ-тың ақша ұсынымын реттеудегі құралдары мен механизмі

14-апта

Келесі тақырыптар бойынша таңдаған тақырыбыңызға реферат жазыңыздар.

  1. ҚР-ның аймақтық-экономикалық дамуының табиғи-ресурстық факторы

  2. Шағын қалалардың және болашағы бар ауылдық аймақтардың кешенді даму мәселелері

  3. Экология саласында ҚР-ғы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басымды бағыттар

  4. Мемлекеттің төлем балансы СЭҚ реттеудің құралы

  5. ТМД елдерімен ҚР-ның интеграциялық ынтымақтастығын реттеу



6. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы


Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтылу пайызы

Ихданов Ж. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті міселелері. –А., 2002

50

30

100

Кайкен,Ж. Экономиканы мемлекеттiк реттеу (ЭМР).-Семей,2003

23




90

Есқараев Б. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу-А:Экономика,2007

12




50

Төреғожина А. Экономиканымемлекеттікреттеу: Лекциялар курсы.- Экономика-2008

1




10

Құрманбаев С.К., Габдуллина Л.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу- Семей,2011

17







Государственное регулирование экономики и социальный комплекс. / Ред. Морозова Г.- М.,1997

2




4


Ходов Л.Г.Основы гос. экономической политики. - М.,1997

5




9

Алгебова И.М. Государственная экономическая политика. - М.,1998

2




4

Мамыров Н.К., ИхдановЖ.Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. - А-ты, 1998

15




27


Ихданов Ж и др. Планово-финансовые механизмы ГРЭ. - А-ты, 1998

5




9

Государство и бизнес :Уч.п. / Мамыров Н.К. - Алматы, 1999

5




9

Экономика / Ред Булатов А.- М., 1997

8




14

Якобсон Л.И. Гос. сектор экономики.- М., 2000

2




4

Ведута Е.Н. Гос. эконом.стратегии. - М., 1998

11




20

Курс экономической теории / Ред. Чепуриной, Киселева. - Киров, 1996, 1999, 2000

19




34


Курс эконом. теории / Ред. Чепуриной. - А-ты, 94

2




4

Райзберг Б. Курс экономики. - М., 1997

6




11

Экономика / Ред. А.Булатов. - М., 2000

13




23

Современная экономика / Ред. Мамедов -Р-н-Д,1998

9




16

Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. Ч.1, 2. - М., 1992

5




9

Введение в рыночную экономику / Ред. А.Я.Лившица. - М., 1995

3




5

7. Әдебиеттер




7.1. Негізгі :


7.1.1 Аманбаев М . Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру: оқу құралы / М. Н. Аманбаев; Т. Рысқұлов атынд. ҚазЭУ-дің осы заманғы оқу басылымдары. - Алматы: Экономика баспасы, 2012. - 252 б.

7.1.2. Елшібаев Р.К. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру: оқу құралы / Р. К. Елшібаев. - Алматы: Экономика, 2009. - 218 б.

7.1.3. Ертазин Х. Агробизнес: оқу құралы / Х. Ертазин. - Астана: Фолиант, 2013. - 216 б. - (Кәсіптік білім)

7.1.4. Құрманбаев С.К., Габдуллина Л.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу- Семей,2011

7.1.5. Назарбаев Н. Елмен сырласу. 7-10-ші том. Сөздер, сұхбаттар. / Н. Назарбаев; кенес. М. Қасымбеков. - Астана: Күлтегін, 2011. –

7.1.6. Төреғожина А. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы.- Экономика-2008

7.1.7. Төреғожина М . Қазақстан және ДСҰ: ынтымақтастық жасасу проблемалары: оқу құралы / М. Б. Төреғожина. - Алматы : Экономика баспасы, 2010. - 153 б

7.2. Қосымша әдебиеттер:
7.2.1. Абдулдаев А. Қазақстанның қазіргі кездегі қаржы жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығы/А. Абдулдаев // экономика негіздері.-2010.№4-5.-Б.21-22.

7.2.2. Мырзалиев Б. Мемлекеттік реттеудің қаржылық механизмдерін қалыптастыру және дамыту // Ізденіс-поиск Гуманитарлық ғылымдар сериясы.-2010.-№3.-Б. 8-12.

7.2.3. Жарабаева А. Факторинг ақша несиелік реттеу тәсілі ретінде //Қаз ҰУ хабарламасы. Эконом.сер.-2008.-№3.-Б.134-138.

7.2.4. Жауарова А. Қаржылық активтерді басқару // Экономика негіздері. – 2011.-№ 1.-Б.31-32.

7.2.5. Нысанбек Ү. Қаржы-несиелік саясатты дамытуды шетелдік тәжірибесі // Қоғам және дәуір.-2009.-№2.-Б.51-60.

7.2.6. Е. Мағлұмов. Қаржылық саясат - экономикалық мемлекеттік қаржылық реттеу құралы // Экономика негіздері.-2010.-№4-5. Б.38-40.

7.2.7. Кемел М. Селолық несиелік тұтыну коперативтері несие-қаржы қызметінің бір нысаны .//Аль Пари. -2003.-№3-4-Б.195-200.

7.2.8. Жағыпарұлы Ж. Қаржы саласындағы ахуал тұрақты //Е Қ.-2010.-10 ақпан.

7.2.9. Иманбаева Б. Қазақстанда ғылымды дамыту-стратегиялық басымдықтардың бірі.//Ақиқат - 2009.-№1.-б.40-45.

7.2.10. Мустафин М.А. Интелектуальные системы в инновационной экономике

/М. А. Мустафин // Банки Казахстана.-2008.-№11.-С.29-32.

7.2.11. Бегентаев М.Экономическая оценка результатов научного труда

//Высшая школа Казахстана – 2007.-№4-С.295-297.

7.2.12. Тұралина Ж. Ә. Ғылыми-техникалық ауыл шаруашылық өнімінің сапасын арттыру факторы ретінде //Аль Пари.-2008.-№4-Б6.

7.2.13. Иманбекова Б.Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясаттың дамуы мен қалыптасуы. // Ізденіс.-2007.-№2.-Б.143-147.

7.2.14. Иманбекова Б. Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясат.// Саясат.-2005.-№9.-Б53-57.

7.2.15. Пятай А, Төлегенова Ж.Ауыл шаруашылық негізгі капиталды инвестицияларды тарту //Ізденіс. -2009.№4-Б-5-9.

7.2.16. Есқараев Б. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу-А:Экономика,2007

7.2.17. Мұқаұлы С. Қайтарымды ресурстарды пайдалану: оқу құралы / С. Мұқаұлы. - Алматы: Экономика баспасы, 2009. - 115 б.

7.2.18. С. Сейдахметов, М. Б. Тышқанбаева; Кластердің экономикасы және ұйымдастыру негіздері: оқу құралы / АТ. Рысқұлов атын. ҚазЭУ-дің осы заманғы оқү басылымдары. - Алматы: Экономика баспасы, 2011. - 372 б.



7.2.19. Жұмабаев С.К. Адам ресурстарын басқару: оқу құралы / С. К. Жұмабаев; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы : Қазақ университеті, 2011. - 234

б.

7.2.20. Маусунбаева Л. Н. Нарықтық экономикада ауылшаруашылық өнімдерді өндірудің ерекшелігі / Л. Н. Маусунбаева, Қ. Б. Дүйсенбай. - Семей: Printmaster, 2008. - 237 б.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді