Экономика және құқық факультеті баяндама тақырып: «Әкімшілік құқықтың әдістері»

Loading...


Дата03.04.2020
өлшемі51.31 Kb.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті

БАЯНДАМА

Тақырып: «Әкімшілік құқықтың әдістері»

Орындаған: Бауыржан Қанат

203-топ

Тексерген: Мухамедина А.Е.

КІРІСПЕ

Әкімшілік құқық – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні. Ақша-қаржы қоры кез келген қоғамның, мемлекетің, жеке және заңды тұлғалардың материалдық жағдайын қалыптастырады. Ондай қордың болмау әрекет жасауды қиындатады. Қазақстан Республикасының қаржы саласында әрекет жасайтын құқықтық нормативтік келісімдерді, қаржы құқығының қағидаттары, әдістері, жүйесі, бюджет, салық және оның түрлері сияқты санаттар мен ұғымдарды білуге «Қаржы құқығы негіздері» көмектеседі.

Қоғамдағы және құқық саласындағы барынша жағымсыз, қауіпті әрекеттің (әрекетсіздіктін) бірі қылмыс. Өскелен ұрпақты қылмыстық қылықтардан ауаша жүруге тәрбиелеу қоғамның міндеті. Сондықтан қылмыстық құқықтың пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі, қылмыстық заңнаманың ұғымы, қағидаттары, атқаратын міндеттері, кылмыс ұғымы, қылмыстың белгілері, қылмысқа қатысу, қылмыс жасаудың сатылары, кылмысты топтамалау, жаза, жазадан, қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері сиякты ұғымдардың мазмұндарын «Қылмыстық құқық негіздері» ашады. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді дұрыс құқық пен заңға сәйкес жүргізу, іс жүргізу саласындағы заңнамалардың талабын бұлжытпай орындау, соттық тексерудің, үкім, шешім қабылдаудын әділдігі осының барлығы адамның санасында құқықтық әділеттіліктің нышандарының нығаюына ықпал жасайды.

  1. Әкімшілік құқық: мәні, пәні


Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен реттелетін, қоғамдық қатынастардың жүйесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні төмендегідей бес құрамдас бөлшектен тұрады:

  1. Республика Президентінен бастап, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктеріне дейінгі аралықта, атқару билігінің, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде іске асырылуының үрдісі барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар. Бұл жерде, ең алдымен экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси жұмыстарды ұйымдастыру сияқты сыртқы іс-әрекеттерді орындау үшін құрылған атқару билігі органдары мен мемлекеттік басқару органдарының бүкіл жүйесі әрекетінің сыртқы көрінісін айтып отырмыз.

  2. Ақпараттық-талдау, іс-жүргізу, жұмысқа қабылдау, қызметпен ауысу, жұмыстан шығару, тәртіптік жауаптылық, мадақтау, материалды-техникалық жабдықтау т.с.с., қай жерде істеліп жатқанына қарамастан, мейлі ол атқару, заң шығару немесе сот билігі органдарында болсын, бәрібір, өзара ұқсас, бір типтес болып келетін, барлық мемлекеттік органдардың ішкі ұйымдастырушылық қатынастары. Бұл аталған іс-әрекеттер, көмекшілік, қосымшалық сипатта болып, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі.

  3. Әкімшілік құқықтың пәніне, мемлекеттік-биліктік құзыретке ие, мемлекеттің атынан, бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында әрекет жасайтын жалпы мемлекеттік бақылау қызметі кіреді. Бақылау барлық мемлекеттік органдардың қабылданған нормативтік актілерді орындауы мен іс-әрекеттерінің заңдылығына ғана бағытталып қоймайды, олардың мақсаттылығын, қажеттілігін де қамтиды. Жалпы мемлекеттік бақылау осынысымен прокурорлық бақылаудан ерекшеленеді. Жалпы мемлекеттік бақылаудың қолданатын шаралары тәртіп бұзушыларды қызметтен, жұмыстан шығару (босату), ақшалай айыппұл салу сияқты тәртіптік сипатта болады. Кеңес мемлекеті кезінде жұмысшы-шаруа инспекциясы, бақылау министрлігі, партиялық-мемлекеттік бақылау, халықтық бақылау деген сияқты бақылаудың бірнеше түрлері өмір сүрген.

  4. Әкімшілік құқығы пәні, әкімшілік құқық бұзушылық жөніңдегі істі қарау кезіндегі судьялар мен соттардың іс-әрекеттерін де қамтиды. Бұл жерде соттар әділ сот органы болып отырғанымен, белгілі бір әкімшілік істі қараған кезде әкімшілік кодекстің бабтарына сүйенетіндіктен олардың қызметі әкімшілік құқықтың пәніне кіреді.

  5. Әкімшілік құқық пәніне кейбір азаматтық қоғамның кейбір институтарына мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік-биліктік құзыретін беру барысында пайда болатын қоғам¬дық қатынастар да жатады. Себебі олардың көпшілігі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі. Мысалы, полиция көмекшілеріне, халық жасақсыларына қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салыса отырып, құқық бұзушыларды ұстау, құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқық беріледі.




  1. Әкімшілік құқықтың әдістері


Қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал жасаушы тәсілдік сипатта болатын әкімшілік құқықтың әдістері өзіндік бірнеше ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Біріншіден, әкімшілік құқық әдістерінің, яғни төменгі органдар мен лауазымды адамдар, жоғарғы органдардың бұйрығын, тапсырмасын, талаптарын, тыйым салуларын орындайтын сатылылығы. Мысалы, азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тараптардың (жақтардың) еркінің теңдігі болса, әкімшілік құқықтық әдісте бір жақтың екінші жақтың еркінен үстемдігі байқалады. Бұл әсіресе атқару билігі органдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынаста көрінеді. Бұл жерде әкімшіліктер көп жағдайда мемлекеттік-биліктік құзыретке ие, сондықтан олардың қолында мәселені шешудің құқықтық сипаттағы міндетті шешім қабылдайтындықтан, азаматтарға қарағанда еркі үстем, ал адамдар солардың еркіне бағынып, айтқанын істейді. Сонда аталған іс бір жақтың (тараптың) еркіне екінші жақтың бағынуын көрсетеді. Бұндай бағынушылыққа өз еркімен ғана емес, мәжбүрлеу арқылы да қол жеткізілуі мүмкін. Мысалы, бағдаршамның қызыл жарығына жүріп жол ережесін бұзған жүргізушіні жол полициясының қызметкері ешкімнің айтуынсыз өзі тәртіп бұзушыны жауапқа тарта алады. Егер жүргізуші қарсылық көрсетіп, бағынбаса оған күш қолданып, мәжбүрлеуге құқы бар.
Әкімшілік құқық әдістерінің келесі бір ерекшеліктері құқықтық нормативтік актілерде көрсетілген нормалардың, қалыптардың, талаптардың бұлжытпай орындалуы. Бұндай міндеттеу адамдардың барлығына бірдей не белгілі бір әлеуметтік топтарға ғана бағытталуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, көшені арнайы көрсетілген жерден қиып өту немесе жеке топтарға арналған, жүргізушілерге автокөліктерімен жүруге, автокөліктерін қоюға тыйым салатын ережелерді айтуға болады. Сонымен, көп жағдайда әкімшілік құқықтың әдістері «билік» және «бағыну», бұйрықтарды, талаптарды орындау сипатында болады. Дегенмен, әкімшілік құқықта горизонталды қарым-қатынастарды реттейтін тараптардың (жақтардың) тепе-теңдігі сақталатын жағдайлар да аз емес. Мысалы екі министрліктің арасындағы қатынас ешқандай бағыныштылыққа құрылмайды. Әр министірлік өзінің жұмысымен айналысып үкімет басшысына ғана бағынады. Әкімшілік құқықтың бағынушылық (командалық, бұйрықтық) әдісінен басқа өзара біріккен әрекет, келісіп істеу, келісім, үйлесімділік, әкімшілік шарт сияқты әдістері бар.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...