Екінші дүниежүзілік соғыс аса ірі тарихи оқиғалар қатарына жатады. Соғысқа ірі 61 мемлекеттер қатысқан. Оның ауқымдары 4 жылдан астам уақытқа созылды. Екінші дүниежүзілік соғыс империализмнің эканомикалық және саяси дамуының біркелкі болмауы салдарының, мемлекеттіктердің бір-бірімен күрескен екі одағының пайда болуы нәтижесінде шықты. Германия, Италия, Жапония басқарған фашисттік, милитаристік мемлекеттердің Версаль-Вашингтон жүйесіне көңілдері толмайды. Бұл Версаль-Вашингтон жүйесін бірінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болған мемлекеттер құрған. Ең ірі фашисттік милитаристік елдер-Германия мен Жапония дүниежүзін жауап алуды көздеді. Жапония мақсаты-«Әлемнің сегіз бұрышын бір шатырдың астына біріктіру» болса, Германияның мақсаты-«Еуропада билік құру, жүзжылдықтар бойы бүкіл әлемді билеу» болды. Гитлер басқарған Германияның 1939ж. қыркүйектің 1-інде Польшаға жасаған шабулы Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанын білдірді. Польшаның одақтастары-Ұлыбритания мен Франция 1939ж. қыркүйектің 3-інде Германияға соғыс жариялаған соң, соғыс дүниежүзілік деп сипаттады. 1939ж. қыркүйектің 28-і Мәскеуде Германия мен Кеңес Одағы арасында «Достық және шекара» туралы келісімге қол қойылды. Соған қарамастан, Гитлер 1940ж. желтоқсанның 18-і күні «Барбаросс жоспарына» қол қояды. Түпкі мақсаты Еділ мен Архангельск жеріне жетіп, Орал өнер кәсібін авиацияның көмегімен талқандау болды. Германия мен Италия 1941 ж. желтоқсанның 11-інде АҚШ-қа қарсы соғыс жариялады. Берлинде 1940ж. қыркүйектің 27-сінде Германия, Жапония, Италия арасында үшжақты (Берлин-Рим-Токио өсі) әскери келісім-шарт жасалды. Сол жылдың соңына қарай ол келісім-шартқа Венгрия, Румыния, Финлиндия қосылды. 1941ж. маусымның 22-сінде қанқұйлы фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасайды.