Әке осы сөздің жүрек түкпірінен орын алатыны бәріне белгілі. Әр кез жаныңнан табылатын, өзінде болмаса да баламда болсыншы деп, сүрінгенде тіреу болатын жан. Бір әкенің тәрбиесін жүз мектепте те бере алмайды

Loading...


Дата31.07.2020
өлшемі21.68 Kb.
Менің әкем- ең жақсы адам!

Әке – осы сөздің жүрек түкпірінен орын алатыны бәріне белгілі. Әр кез жаныңнан табылатын, өзінде болмаса да баламда болсыншы деп, сүрінгенде тіреу болатын жан. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектепте те бере алмайды!» дегендей, әке әлемдегі ең ардақты адам. Отбасында көп ауыртпалықты бірден-бір көтеретін адам ол әке. Анаға қарағанда көп сөйлемей, бір сөзбен-ақ бәрін түсіндіре алады.

Менің әкем қазіргі кезде 4 баланың мақтанышы. Әр баласын ерекше жақсы көреді. Біз үшін әкеміздің орны бөлек. Отбасымызда мені бір ерекше еркелететін, қайда барса да көлігінен тастамайтын. Әкенің бір айтқан өсиеті, ақылы, біздің кезімізде осылай болып еді деп айтатын әңгімелері ешқашан ұмытылмайды. Мені әрдайым қарапайым болуға үйретеді. Әкемнің қолынан келмейтін жұмыс жоқ десемде болады. Сабағыма көмектесіп, білмегенімді айтып отырады. Міне осындай үлгілі жанның арқасында түзу жолда өсіп келемін. Әкемнен көрші көлем келіп көмек сұраған сәтінде әкемнің жоқ деген жауап қатқанын мүлдем көрмедім. Өзінде болмай қалсада, беріп жіберуге дайын тұрады. Папа-ау өзіңде қалмай қаладығой десем, «Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» деп ылғи айтып отырады. Тағам дайындаған кезде де бір кесе көршіме деп артық салып үйрен дейді. Осы ауылға алыстан келген адамдар Ерақа деп кіріп шығады. Осыдан-ақ әкемнің сыйлы, өзініңде сыйластығы бар екенін көруге болады. Осыдан шығар көшеде кезіккен адам Ерболаттың қызысың ба әкең үйде ме сәлем айтағой?! деп сәлемдерін жолдап жібереді. Әкем қыз бен ұл тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Әр сөзінде сендер үшін деп отырады, біз үшін ішкен асын жерге қояды. Бір нәрсені қате жасап қойсақ, анама барып осылай жаймен түсіндіріп айт, мен айтсам өзін жайсыз сезініп қалар деп отырады екен. Дегенменде, қыз баласы әкесіне жақын болады емес пе?! Анамның ешқашан әкем туралы жаман нарсе айтқанын көрген емеспін. Әкем үйде болмаған кезде, анам әкеңді күтеміз деп айтатын. Әкемде сезгендей іше беріңдер, жәй келемін деп хабарласып айтып отырады. Әкемнің достары үйге келген кезде кімнің қызысың деп сұрайтын, мен ылғи әкемнің дейтінмін. Анам маған дауыс көтерген сәтте, жә менің қызымғой деп мені жақтайтын. Анама ұнамайтын тірлік жасап қойсам, екемнің артына барып тығылатынмын. Сонда әкем анаң ұрыспайды, келесіде қайталама деп айтатын. Міне қазірде оқуда озат, ибалы ересек адам бола бастадық. Осының бәрі отбасымдағы әкем мен анамның тәрбиесі деп білемін. Әрдайым соларға жаман ат келмесін деп әр басқан қадамымды байыппен басамын. Әкемнің не айтқысы келетінін қас-қабағынан ұғамын. Дауыс көтеріп, ұрыспаса да қас-қабағымен бәрін түсіндіріп тұрады. Әр жыл сайын соңғы қоңырау кезінде оқушылар арасында үздік болып ортаға шыққан кезімде маған қарап жымиып тұрады. Соның өзі мен үшін үлкен бақыт болып сезіледі.

Әке бұл ұлы сезім, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, әкені құрметтеу барлық адамның парызы деп білемін. Ешкім орнын баса алмайтын, ешкімге тең келмейтін, алладан кейінгі жалғыз қорғаным әкем деп білемін.

Шығарып төрге биік,

Ақылын бойға жиып,

Бәріміз бұл өмірде

Әкені құрметтейік



Қорытындылай келе әр адамның жүрегіне әкенің орны ерекше екенін осы шумақтар арқылы сезіндіргім келеді. Алтыннан да қымбат, жанымызға жақын адамдарымызды сыйлап, жақсы көріп, бағалап өтейік. Әлемдегі ең жақсы адам - ол менің әкем!

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...