Ежелгі Рим медицинасы Рим мемлекеті Апеннин түбігінде пайда болып нығайды. Б. д д. VII-V ғасырларында рим қалалық қауымдық халқы аралас еді. Б. д д. IV ғ



Дата11.04.2022
өлшемі17.8 Kb.
#220361
Байланысты:
f5d9fd57-85ca-40d2-b097-ed842e45591f
33c41eb6-2110-43c2-b975-694584d3fa05-ed7f6251-00f1-498d-9a1d-7e9fb8b62698-Документ ТЖӘаслан27 (4), оқушы мұғалім қарым-қатынасын анықтау, интернет, интернет

Ежелгі Рим медицинасы Рим мемлекеті Апеннин түбігінде пайда болып нығайды. Б.д.д. VII-V ғасырларында рим қалалық қауымдық халқы аралас еді. Б.д.д. IV ғ. ортасында этрускі қалаларының федерациясы құлдырауға келіп, галлдар Апенин түбегінің орталық бөлігі аймағы тонаушылық шабуылдар қолдана бастағанда, Италия тайпалары оларға тойтарыс беру үшін жаңа саяси және әскери орталық – Рим қаласының төңірегіне бірігеді. Б.д.д. VI-III ғ.ғ. Рим этрус қалаларымен қоса, бүкіл Апенин түбірін өзіне бағындырды, ал б.д.д. III-I ғасырларындағы қантөгіс соғыстарда римдіктер өздерінің басты бәсекелесі Карфагенді талқандатып, одан соң Грекия мен Шығыс Жерорта теңізі өңіріндегі көптеген мемлекеттерді жаулап алды. Б.д.д. III-I ғасырларында ірі орталықтандырылған мемлекет құрылды, ол кейінен б.д.д. I ғасыр аяғында үлкейіп Рим империясына айналды. Рим ежелгі дүниенің аса ірі құлиеленуші мемлекеті, бай мәдени мұра қалдырды. Басқалардың жетістіктерін пайдалана отырып, олардан ілгері кетті. Оның гүлденуі көрші халықтарға, тіпті Еуропаның ары қарай дамуына зор әсер етті. Римдіктер ұлы құрылысшылар ретінде тарихқа енді. Римде халықтың талғамына сай қоғамдық ғимараттары, монументалдық құрылыс өте көп салынды. Империя заманында императорлық гладиаторлар шайқасқа орасан амфитеатр салынды. Біздің заманымызға дейін Ежелгі Римнен қалған археологиялық мұралар сақталынған: су құбырлары, кәріз жүйесі (клоака), моншалар. Халықтың денсаулығын нығайту шаралары спорттық жаттығулар, бассейіндерде шомылу, емдік және гигиеналық процедуралар қабылдау, салқын сумен шынығу, ыссы мойшаға (терма) түсумен шектелінді. Алғашқы термалар (грек. сөзінен «thermos» -жылы ) тұғындарға ақысыз пайдалануға б.д.д. III ғ. Римде салынды. Ежелгі Римде б.д.д. III ғ. шіркеулік (храм) медицинанысы дамыды. Шіркеулерде халықты абыздар емдеген. Көпшілікті өздеріне бағынышты ету, тыңдату себебімен, олар жоғарыдағы «күшке», адам рухына, жұлдыздарға адамдарды сендірген. Римде, ежелгі заманнан бастап, аспан тәңірі құрмет тұтылды: жоғарғы тәңірі Юпитер, тәңірше Юнона, даналық тәңірі Миневра мен Римнің қамқоршысы саналған соғыс тәңірі Марс болды. Б.д.д. II ғ.-дан бастап Римде шығыс құдайларына табыну тарала бастайды. Ежелгі Римде б.д.д. III-II ғғ. кәсіби дәрігерлер дайындалмағаны белгілі. Кейбір жеке құл иелері жеке емханалар «валетудинариялар» ұйымдастырған. 32 Август әміршілігінде (б.ғ.д. 31 ж. - б.ғ. 14 ж.) тұрақты соғысушы армия құрылды, әскери бөлімдерде әскери емханаларда әскери дәрігерлер, арнайы санитарлы топтар болды. Нерон әміршілігінде (б.ғ. 54-68 жж.) патша сарайы маңында архиятр лауазымы бекітілді. Архиятр – аға дәрігер. Патша сарайы маңында архиятр қосымша леб-дәрігер міндетін атқарған. Нерон әміршілігінде алғашқы архиятр міндетін Криттан қаласынан Андромах атқарды. Ол өз өлеңдерде Митридат Понтийский патшаның ойлап шығарған дәріні (териакты) мақтап жырлаған. Териак – бұл 57 ингредиеттен жасалынған, құрамында опий бар, бал қосылған ботқа. Нерон әміршілігінен бастап үлкен қалалар ауданға бөлінді (Римде 14 аумақ болды), әр аймақта өзінің архиятрі болды. Әр бір көпшілік мекемелерде дәрігерлер болды – цирк, монша, кітапханаларда. Халық арасында цирюльниктер, фельдшерлер, кіндік шешелер тұрғындарды емдеді. Ежелгі Римде «отбасылық» медициналық мектептер болмаған. Медициналық мамандарды дайындауға Римде медициналық арнайы мектептер ашыла бастады. Оған түсушілер грамматика, әдебиет, риторика, математика, тарих мен астрономиядан пәндерден дайындалып емтихан тапсыратын. Гален мектебіне түсушілер қосымша философиядан емтихан тапсыратын болған. Римдік мәдениет көптеген халықтардың мәдениетінің қиылысуы арқылы пайда болды. Рим медицинасының дамуына натурфилософияға негізделген Қытай,Үнді, Грекия медициналары әсер етті. Демокрит, Эпикур, Тит Лукреций Кар грек философтарының қөзқарасын жақтаған римдік дәрігерлердің бірі Асклепиад (б.д.д 128-56жж.). Асклепиад грек жерінде Пруз қаласында дүниеге келді, Александрияда мен Афинада оқыды. Римде б.д.д 90 ж. алғашқы кезде риторикадан сабақ берді, кейіннен кедей науқастарды емдеуге кірісті. Көп шығармалар жазды. Оның емдеу тәсілі: тамақтануда ұстамдылық қажет, суды ішу, салқын ванна қабылдау, белседі дене жаттығулар жасау. Ол Гиппократтың емдеу тәсілдерінен – ағзаны тазартуға құстыратын және іш айдайтын дәрілерді беруді қолдамады. Мұндай процедурадан кейін ағза әбден әлсірейді деп есептеген. Белгілі ғалым Авл Корнелий Цельс шығармаларында Асклепиад дәрігері туралы көп мақталы сөздер айтқан. Авл Корнелий Цельс (б.д.д. 30-25 – б.д. 45-50) римдік ғалым, эндиклопедист және дәрігер. Ол ауыл шаруашылығы, риторика, философия, құқық, әскери іс және медицина туралы жазған. Оның сегіз томдық «Медицина туралы» еңбегі біздің заманымызға дейін жеткен. Цельс ежелгі гректер, александриялықтар және үнді дәрігерлерінің еңбектерін талдаған. Медицина үш бағыттада дамып келеді: эмпириялық, методикалық және догматтық, - деген 33 Авл Корнелий Цельс өз еңбегінде. Алдынғы екі бағытта Александрия мен Асклепиад мектептерінің дәрігерлер еңбектеріне негізделген, ал үшіншісі – Гиппократ іліміне негізделген. Ол Александрия мектептерінің Герофил, Эрасистрат және тағы басқа дәрігерлердің еңбектерін зерттеді. Гиппократты оның еңбегіне лайық марапаттады. Цельс дәрілерді жалпы және арнайы топқа бөлді. Арнайы топқа қан тоқтататын, тазартқыш, күйдіргіш және т.б. заттарды жатқызған. Жалпы дәрілік заттарға Гиппократ ұсынған гуморальды теория бойынша – салқын, ыссы, ылғады дәрілер жатады деген. Цельс «Медицина туралы» алтыншы кітабында ағзаның әр түрлі дене мүшелерінің ауруларын сипаттаған. Бұл кітапта толық аурулардың сипаттамасын, оның профилатикасын, емдеу процедураларын және емдеу терапиясын жазған. Маңызды шығармашылығымен танымал дәрігердің бірі Клавдий Гален (131-201). Пергамада дүниеге келді. Жас кезінде Аристотель мен Платонның еңбектерін оқыды. Медицинаны Пергама, Смирна және Александрияда оқыған. 28 жасында Пергамаға қайтып келіп, жеке дәрігерлік тәжірибеге кірісті. Алты жыл гладиаторлар мектебінде дәрігер болып жұмыс істеді. Кейіннен Марк Аврелий патшалығында лейб-дәрігер қызметін атқарды. Өмір бойы Гален 400 жуық математикадан, грамматикадан, философиядан және құқықтан шығармалар жазды. Бізге олардың ішінен шамасымен 140 медициналық жұмыстар жеткен. Анатомияда Гален тіндерді біртекті, яғни жай (буын, бұлшық еттерді, жүйке, сіңір, сүйектер, көк тамырлар), және әр текті (бауыр, өкпе, жүрек және т.б.) топтарға бөлді. ХVIII ғ. осындай топтастыруға француз анатомы және физиолог Франсуа Биша зерттеу арқылы келді. Галеннің анатомия жүйесін, сүйектерді, сіңір, бұлшық еттерді, ішкі мүшелерді, жүйке жүйесін сипаттауда қызметі орасан зор. Галеннің мол дәрігер ретінде тәжірибесі, ұлы философтардың ілімін зерттеуге, римдік медициналық жұмыстарын жүйелеуге мүмкіндік берді. Сурет.7 Ежелгі Рим дәрігерлерінің медициналық құралдары 34 Гален жұмыстарында Египет, Грекия, Рим, Орта Азия мемлекеттерінің медицинадағы жетістіктері жинақталған. Гален 450 жуық дәрілік өсімдіктерді, 250 жануар мен минералды тектес препараттарды сипаттады. Галеннің жұмыстары 13 ғасыр бойы Еуропада, Византияда, Араб халифаттарында медицина саласында оқытылып келді. Фармация саласында Галеннің жетістіктері белгілі. Оның жеке дәріханасы болған, жанындағы зертханысында көбінесе өсімдіктерден дәрілер жасаған. Құрамы күрделі дәрілерді жасап шығарған, мысалы, териактар құрамында 60 ингредиеттер бар, жабыстырғышта – 23 жуық ингредиеттер бар. Ол алғашқы рет өсімдіктерден шарап және майларды қолданып сығынды алды. Сығындыларды дайындауға құралдарды (пресс, тұндыруға арналған қондырғы, сүзгіш) ойлап тапты, препараттардың сақтау жағдайын зерттеді, олардың емдік қасиеттерін анықтады. Бұл сығындыларды дайындауға алынатын өсімдіктердің мен экстрагенттердің көлемді және салмақты қатынасты мөлшерлерін есептеп шығарды. Галенның айтуынша, ауруды жеңетін, емдік әсер ететін заттар - бұл алынған экстрактердің құрамындағы жиынтықты заттар. Дайындалған дәрілерді дұрыс сақтау қажет, сол себептен олардың көп уақытқа дейін сақталынатынын анықтады. Галеннің адамзатқа сіңірген еңбегінің бірі, бұл оның сығындыларды зерттеп, олардың емдік әсерін анықтауы. Гиппократ және оның шәкірттері практика жүзінде ауруды емдеуге тек ғана тұтас өсімдіктерді немесе жануарлардың тұтас мүшелерін пайдаланған. Гален лабораторлық зерттеу арқылы анықтап жеткізді мынаны: өсімдік құрамындағы жиынтықты заттар ауруды емдейді, өсімдік құрамында пайдалы (әсер етуші заттар) мен пайдалы емес (балласты) заттар болады, оларды бір бірінен ажырату қажет. Галеннің құрметіне орта ғасырларда әйгілі ғалым Парацельс дәрілік заттардың бір тобын (галендік) деп атады, ал препараттарды шығаратын мекемелер галендік фабрикасы, галендік зертханасы деп аталатын болды. Дәрілік өсімдіктер зертеуіне үлес қосқан тұлға Гай Плиний Секунда (23- 79жж.), танымал мемлекеттік қайраткер және жазушы. Оның «Қалыпты тарих» энциклопедиялық шығармасында табиғатты сипаттауда 20 мың фактілер жинақталған. Бұл шығармада ол ботаника, зоология, астрономия, физика, минералогия, геология, география, этнография, анатомия, агрономия және медицина салаларынан ғылыми мәлеметтерді жинақтаған. Медицинаға қатысты материалдарды жинақтаған: адам мен жануарлардың ауруларын, емдеуге қолданған дәрі-дәрмектерді, дәрілік өсімдіктерді сипаттаған. Кітапта әр түрлі ауруларды «басынан табанына дейін» емдеуге пайдаланатын дәрілік заттар жинақталған. Плиний жараларды, сынықтарды, ойық жараны емдеуін, ірінді жараны және үсуден емдеуін, иттің қапқан жерін емдеуін, сіңір тартылудан 35 және т.б. ауруларға қарсы тәсілдерді жазған. Көптеген мәлеметтерді, емдеу тәсілдерін ол Гиппократтың және басқада ұлы дәрігерлердің еңбектерінен алды. Сол кезде медицинада қолданған дәрілік заттар: сірке су қосылған бал, жануарлар және құс күлі, иттің қаны, ақ құтан асқазаны, жылан сүйегінің ұнтағы, теңіз құртынынан жағармайы, жарқанаттың қаны, кірпішешеннің өті және т.б. дәрі-дәрмектер. Көкөністер мен жемістерден Плиний емдік заттар ретінде қауынды, шабдалыны, айваны, қызылшаны, ал дәрілік өсімдіктерден – жалбызды, рутаны, пиязды, сарымсақты, аскөкті, тасшөпті, жасымықты ұсынған. Плинийдің шығармасы орта ғасырларда кеңінен таралғаны соншама, ғасырлар бойы кітабының қыруар «Қысқартулары» бастырылып шығарылды. Плинийдің энциклопедиялық шығармасындай танымал еңбектің қатарына Диоскоридтің «Materia medica» жатады. Диоскорид Педаний (1 ғ.) Анацарбы қаласында дүниеге келген, нәсілі грек, білімді дәрігер-практик, Римде абройы үстем болған. Жер жүзін аралалаған, Орта Азияда, Грекияда, Египетте, Германияда, Испанияда, Галлияда, Италияда болған. Ол көп нәрсене аңғарып жүрген. Бұл мәлеметтер жинақталынып кітаптың құндылығын арттырды. Өз басыннан өткізген тәжірибесі мол дәрігер, Клавдий және Нерон әміршілігінде римдік армиясында дәрігер қызметін атқарды. Оның «Materia medica» шығармасы б.д. 70 ж. шығарылды, ол бес кітаптан тұрған. Бұл шығарманы арабтар аударғаннан соң, ұмытылып кетпей, орта ғасырларда көптеген ботаниктер, дәрігерлер, фармацевтер қажетті нұсқау ретінде қолданды. Латын тілінде шамамен 1495 ж. шықты. Бұл еңбекте Диоскорид 600 жуық емдеуге пайдаланатын өсімдіктерді, минералы және жануар текстес заттарды сипаттаған. Диоскорид өсімдік шайырларға, камедьтерге көп көңіл бөлген, олардың алуын және қолдануын сипаттаған. Диоскорид морфологиялық белгілері бойынша өсімдіктерді топтады, өсімдіктердің өскен жерін, таралуын сипаттады. Жинақ кітабына жат жердің өсімдіктерін еңгізді. Дәрілік препараттардың сапасын айта тұрып, олардың фальсификациялық турлерін анықтауына, айырмашылықтарына тоқтады. Диоскорид химиялық әдістер (кристаллдау, айдау, возгонка) туралы құнды мәлеметтер берді. Сынап, көк дәрі, мырыш пен қорғасын препараттарын және олардан дәрілік түрлерді (жағар май, пилюлалар, ерітінділер, балауыз, желімдер) дайындау тәсілдерін сипаттады. Өсімдіктер туралы маңызды мағлуматтар өсімдіктерді жүйеге келтіруге, дәрітану дамуына зор әсерін тигізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан