Әйел жамбас сүйегінің анатомиясы



бет3/7
Дата11.04.2022
өлшемі226.92 Kb.
#220420
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Акушерия

Сегізкөз (os sacrum) – сүйегі өзара тұтасқан бес омыртқадан тұрады, омыртқалардың көлемі төменге қарай кішірейеді, осыған байланысты сегізкөз пішіні кесілген үшбұрышқа ұқсайды. Сегізкөздің бірінші омыртқасы бесінші бел омыртқамен, бесінші омыртқасы құйымшаққа жалғасып, сегізкөз – құйымшақ буынын жасайды. Сегізкөздің бел омыртқамен жалғасқан жерін негізі деп атайды, осы сүйектің ортаңғы жерінде сегізкөз мүйісі бар. Сегізкөз омыртқаларының жалғанған жерінің алдыңғы бетінде көлденең өтетін төрт сызық бар, осы сызықтарды бойлай жұптасып сегізкөз тесік орналасқан. Осыған байланысты бұл сүйекті сегізкөз дейді. Сегізкөз екі жағынан мықын сүйектермен байланысып, сегізкөз мықын буынын құрайды, бұл қозғалмайтын жұп буын,

Құйымшақ (os coccygis). Сүйек төрт бес омыртқаның тұтасып, бірігуінен пайда болады, мұнда тек омыртқа денелері сақталған.

Ер адамның жамбасымен салыстырғанда, әйел жамбасының жыныстық ерекшеліктері бар. Әйелдердің жамбас қуысы кең, сүйектері жұқалау, тегіс болып келеді.

Ер адамның жамбасы тар, құйымшақ мүйісі ілгері шығыңқы, ал мықын сүйектері бір – біріне жақын орналасқан, әйел жамбасының мықын, шонданай сүйектері бір – бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан ішкі жамбас қуысының жоғарғы кіру және төменгі шығу кеңістіктері және шат сүйегінің иіні ерлерге қарағанда әйелде кең болып келеді. Осы аталған ерекшеліктердің босану кезінде маңызы зор.

Үлкен жамбас қуысы. Үлкен жамбас қуысы кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді. Оның қуысы екі жағынан мықын сүйегінің ойыс беттерімен, артқы жағы V бел омыртқамен шектеліп жатады. Бел қуыстың алдыңғы бетін шектейтін бұлшық еттер мен тері арқылы жабылып тұрады.

Кіші жамбас қуысы. Кіші жамбас қуысы айналасы сүйектермен, үсті – кіреберіс, асты – шығаберіс жазықтықтармен қоршалған кеңістік. Бұл төрт жазықтықтан тұрады.

  • Жамбасқа кіреберіс жазықтық .
  • Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы.
  • Жамбас қуысының тар бқлігінің жазықтығы.
  • Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы

1. Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектері мен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан - сегізкөз мүйісімен шектелген. Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында 3 – өлшемі бар: тік, көлденең және екі қиғаш.

Тік өлшемі – сегізкөз мүйісінен симфиздің ішкі бетінің ең шығыңқы жеріне де”інгі аралық. Бұл нағыз немесе акушерлік конъюгата, 11см – ге тең (conjugata vera) тағы анатомиялық конъюгата бар, ол акушерлік конъюгатадан 0,3 – 0,5 см артық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы