Египеттің климаты және оған әсер етуші факторлар. Жалпы сипаттама



Дата22.12.2019
өлшемі19.43 Kb.
Египеттің климаты және оған әсер етуші факторлар.

  1. Жалпы сипаттама

Египет екі климаттық белдеуде орналасқан. Солтүстік бөлігі субтропиктік енлдікте, ал қалған бөлігі тропиктік белдеуде жатыр.Египетте елді Солтүстік Африка елдерімен байланыстырып жатқан Сахара шөлі орналасқан. Египеттің шығыс аудандарын және Синай түбегінің бір бөлігін Қызыл теңіз, ал солтүстік бөлігін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Египетті екі шөлдің ортасында жатқан оазис деп сипаттауға болады.

Египетте бір жыл екі климаттық мезгіл байқалады. Сәуір-қазан айлары ыстық мезгіл болса, қараша-наурыз айлары салқын мезгіл болып табылады.

Фермерлер жылды 3 кезеңге бөледі:

Шетуи - қыс;

Сефи - жаз;

Нили – Нил өзенінің тасу кезеңі.



  1. Климат зоналары

Египет табиғат жағдайы мен ауа температурасына байланысты шартты түрде 4 климаттық зонаға бөлінген:

Қызыл теңіз жағалауы. Тропиктік шөлді климат тән, теңіз ылғалы климатты жұмсартып тұрады. Жауын-шашын мүлдем жаумайды деуге де болады. Жаз мезгілінде температура +33 +35°С-қа дейін ысиды, ең төменгі теспература +25°С-ты құрайды. Шөлде жел тұрған кезде теңіз жағалауында ауа температурасы көтеріліп, ылғалдылық азаяды. Қыз мезгілінде климат өте жұмсақ, ең төменгі температура +10 +13°С болса, максималды температура +21 +23°С.

Жерорта теңіз жағалауы. Бұл ауданды халық ежелден тығыз қоныстанған, климаты қолайлы. Ауа ылғалдылығы жоғары. Жазда ауа температурасы +30°С-қа дейін көтеріледі. Қыста ең жоғарғы температура +18 - +19°С-қа, ал ең төменгі температура +9 +10°С-қа тең. Бұл кезеңде жаңбыр жиі жауады.

Сахара. Сахара шөлі Египет территориясының үлкен бөлігін алып жатыр. Мұнда жаңбыр жаумайды. Жаз мезгілінде ауа температурасы орталық аудандарда +36°С, оңтүстік аудандарда +40 +43°С-ты көрсетеді. Ауа температурасы кейде +50 +60°С-қа көтеріледі. Қыста да ауа райы құбылмалы, түнде ауа температурасы орталық аудандарда +5 +7°С-қа, оңтүстік аудандарда +10 +12°С-қа тең. Күндіз ауа температурасы +20 +23°С. Қыста климат жұмсақ әрі қолайлы.

Ніл дельтасы мен аңғары. Өзен ылғалы шөлдің ауа температурасын төмендетіп, аймақты ылғалдандырып тұрады. Өмір сүруге қолайлы болғандықтан халық тығыс қоныстанған. Жаздағы максималды температура – +35°С, ауа ылғалдылығы өте жоғары. Қысқы температура +18 +20°С шамасында.

  1. Хамсин

Наурыз-мамыр айларында «хамсин» ыстық желі соғады. Елдің оңтүстік батысынан соға отырып, құм көшіріп әкеледі. Жел болар алдында атмосфера қысымы күрт төмендеп, ауа температурасы бірнеше минут ішінде 12-15°С-қа өзгереді.

Хамсин желінің соғу ұзақтығы 1-3 күн, соңынан лайлы жаңбыржауады. Хамсин араб тілінен «елу» деп аударылады, бұл осы желдің бір жыл ішінде соғатын күндерінің санына тең.



Жел әкелетін шаң-тозаң ғимараттарға, автокөліктерге, үйлерге (тіпті жабық есік пен терезеден), көз бен мұрынға кіреді.

  1. Қорытынды.

Египеттің 26° с.е.,29°ш.б. орналасуы, тропиктік және субтропиктің климаттың қалыптасуына себеп болады. Египетте атмосфералық қысым жоғары, төмен өрлеген ауа ағыны тән болғандықтан жауын-шашын аз жауады. Бұлтты күндер аз болатындықтан күн жақсы түседі. Асуан қаласындағы шуақты күндер саны 322 күнді құрайды. Египеттің негізгі бөлігінде ауа құрғақ, тек Жерорта теңізі мен Қызыл теңіздің, Ніл өзеннің маңында ылғалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар