Күн тәртібі
|
Дүйсенбі
18.07.2022 ж
|
Сейсенбі
19.07.2022 ж
|
Сәрсенбі
20.07.2022 ж
|
Бейсенбі
21.07.2022 ж
|
Жұма
22.07.2022 ж
|
Балаларды қабылдау,ата-аналармен әңгімелесу, кеңес
|
Балаларды таңертеңгілік қабылдау. Ата-аналармен әңгімелесу. Мейірбикемен бірлесе балалардың дене қызуы мен тазалығын тексеру. Ертеңгілік жаттығулар өткізу. Жақсы қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнату.
|
Ойындар
(үстел үсті, саусақ және т.б. )
|
Педагог жетекшілігімен ойын:
«Ғажайып қалта»
CМАРТ мақсаты:
Ойыншақтардың атын атай білуге үйренеді, Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейеді.
|
Үстел үсті ойыны:
«Құрылыс ойыны»
СМАРТ мақсаты:
Қол ептілігі қалыптасады. Конструкторлар арқылы ұстап, сезіну қабілеті дамиды.
|
Педагог жетекшілігімен ойын:
«Сақина - сақина»
CМАРТ мақсаты:
Үлкендердің көмегімен ойнай отырып, ойын шарттарын түсініп, бірлесе ойнайды.
|
Еркін ойын:
CМАРТ мақсаты:
Өз бетінше еркін ойнауға дағдыланады (секіру, жүгіру, ойыншықтармен ойнау, жүру)
|
Дидактикалық ойын:
«Түстерін тап»
CМАРТ мақсаты:
Балалар екі түрлі түстегі доптарды ажыратып, топтастыруға үйренеді.
|
Таңертеңгі жаттығу (5 мин)
|
Жаттығулар кешені №
|
Таңғы ас
|
Ас мәзірін атау. Тамақты төгіп-шашпай, ұқыпты ішу, майлықты қолдануға үйрету. Тамақтан соң ас қайырып, алғыс айтуға дағдыландыру.
|
Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық
|
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметінің өтілу барысына қажетті құралдарды, көрнекіліктерді дайындау
|
Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
|
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
|
Шаттық шеңбері:
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
|
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
|
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
|
Ұйымдастырылған оқу қызметтері
|
Дене шынықтыру
(Негізгі қимылдар)
Тақырыбы:
«Алысқа лақтыр»
CМАРТ мақсаты:
Балалардың шапшаңдығы қалыптасады. Қимыл қозғалыстарын дамиды.
Қимылды ойын: «Гүлдерді жинау»
CМАРТ мақсаты:
Допты алға домалату арқылы дәлдеуге үйренеді.
Ресурстар: доп, лента, гүл суреттері, себет.
|
Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы:
«Топтағы гүлдер»
CМАРТ мақсаты:
Балалар гүлдердің бөліктерін атай отырып ( жапырағы, күлтелері) сөздік қоры толығады, ересектердің нұсқауларын орындауға, екі үш сөзден тұратын сөйлемдерді айта білуге үйренеді.
Ресурстар: гүл суреттері, интерактивті тақта, бөллме гүлдері.
|
Дене шынықтыру
(Негізгі қимылдар)
Тақырыбы: «Еңбектеп жарыс»
CМАРТ мақсаты:
Балалардың қимыл қозғалыстарын дамиды. Алғырлыққа үйренеді.
Қимылды ойын:
«Кім баяу?»
CМАРТ мақсаты:
Аяқтың ұшымен жүру арқылы аяқ буындары шынығады.
Ресурстар: арқан.
|
Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Гүл күлтелері»
CМАРТ мақсаты:
Алақанмен күлте жасау арқылы қолмен жұмыс техникасы дамиды.
Ресурстар: ермексаз, тақтайша.
|
Дене шынықтыру.
(негізгі қимылдар)
Тақырыбы: «Қармақ»
СМАРТ мақсаты:
Уақытында шешім қабылдауға үйретеді, секіру қимылы қалыптасады.
Қимылды ойын:
«Зиянкестен тазала»
СМАРТ мақсаты:
Гүл зиянкестерін тазалауды үйренеді, саусау ұшымен жұмыс қабілеті жоғарылайды.
Ресурстар:Дыбыс шығару құрылғысы, музыка.
|
Серуенге дайындық
|
Серуенге қызығушылықтарын ояту, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің түймесін салуға, аяқ киімдерін оң киюге үйрету
|
Серуендеу
|
Бақылау:
«Гүл түрлерін бақылау»
CМАРТ мақсаты:
Әдемілігін, әртүрлілігін біліп, үйренеді.
Педагог жетекшілігімен ойын:
«Әткеншек».
CМАРТ мақсаты:
Ересектердің көмегімен әткеншекте тербеліп, көңіл күйлері көтеріледі.
|
Бақылау:
«Бақша гүлдері түстерін бақылау»
CМАРТ мақсаты:
Түстерді ажырата біледі.
Құрылымдалған ойын:
«Ұшақтар»
CМАРТ мақсаты:
Кеуделерін тік ұстауды, қолдарын еркін қозғалтуды, тепе-теңдік сақтауды үйренеді.
|
Бақылау: «Гүлзарларды бақылау»
CМАРТ мақсаты:
Сәндікке ұмтылады,
Гүлзар көрнекілігімен танысады.
Педагог жетекшілігімен ойын:
«Допты қағып ал»
CМАРТ мақсаты:
Шұғыл шешім қабылдауды меңгереді, туралық қабілеті дамиды.
|
Бақылау:
«Гүл күтімін бақылау»
CМАРТ мақсаты:
Гүл күтіміне баулиды.Табиғатқа қамқорлықпен қарауды үйренеді.
Құрылымдалған ойын:
«Жел мен гүл»
CМАРТ мақсаты:
Дауыс ырғағына қарай қимыл жасауға дағдыланады.
|
Бақылау: «Гүлге қонған көбелектерді бақылау»
CМАРТ мақсаты:
Жәндіктер туралы түсінік, білімдері кеңейеді.
Еркін ойын:
«Шармен гүлді табайық»
CМАРТ мақсаты:
Шар түстері арқылы гүлдің түстерін еске сақтау қабілеті машықтанады.
|
Серуеннен оралу
|
Тәрбиешінің көмегімен шешініп, киімдерін рет-ретімен жинауды, киімдерінің түймесін ағытуын үйрету.
Қолдарын жуғызып, орамалдарды өз орнына ілгізіп үйрету.
|
Түскі ас
|
Балалардың назарын тамаққа аудару, тамақ ішкен кезде қасықты дұрыс ұстауға үйрету, тамақты тыныш отырып ішуге тәрбиелеу. Өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру. Тамақтан соң ас қайырып, алғыс айтуға дағдыландыру.
Бата
Асың, асың, асыңа
Береке берсін басыңа.
Аман болып әрдайым
Ата-анаң жүрсін қасыңда.
|
Түскі ұйқы
|
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Ұйқыға жатқызу.
|
Қосымша құрылғыдан «Бесік жырын» тыңдату
|
«Ерте, ерте, ертеде...» ертегі айтып беру
|
Қосымша құрылғыдан «Бесік жырын» тыңдату
|
«Ерте, ерте, ертеде...» ертегі айтып беру
|
Қосымша құрылғыдан «Бесік жырын» тыңдату
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары
|
Таза суды сүйеміз
Жуынамыз күнде біз
Мұрын қолға су беріп
Тазарады бетіміз.
|
Ұйқыдан біз тұрамыз
Көзімізді ашамыз
Жан-жағымызға қарап
Достарымызға күлеміз.
|
Бақаны көрдім мен
Қызықтап көрдім мен
Бақа маған ашуланып
Бақ-бақ етіп секірді.
|
Балапандар тұрайық
Көзімізді ашайық
Жан-жаққа біз қарайық
Бір күлімдеп алайық.
|
Шарларды мен сүйемін
Ойнап мен онымен жүремін
Қызыл, жасыл, сарышарды
Үрлеуді де мен білемін.
|
Бесін ас
|
Дастархан басындағы әдептілікке үйрету. Нан қиқымын жерге түсірмеуге тәрбиелеу. Тамақты тауысып ішуге дағдыландыру.
|
Ойындар, дербес әрекеттер
|
Дидактикалық ойын:
«Гүлді құрастыр»
CМАРТ мақсаты:
Қолмен ұстап, жылжыту арқылы құрастыру қабілеті нығаяды.
|
Құрылымдалған ойын:
«Гүл ашылды, гүл жабылды»
CМАРТ мақсаты:
Ойын шартын түсінеді. Топтасып ойнауға дағдыланады.
|
Педагог жетекшілігімен ойын:
«Гүл жапырағы»
CМАРТ мақсаты:
Балалардың санау және есептеу дағдылары қалыптасады.
|
Еркін ойын:
«Ойыншықтар»
CМАРТ мақсаты:
Балаларды өз бетінше ойнауға дағдыланады.
|
Педагог жетекшілігімен ойын:
«Бағбан»
CМАРТ мақсаты:
Үлкендердің көмегімен бөлме гүлдеріне су себу.
|
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыстар
|
Бибінұрды сұраққа жауап беруге үйрету
|
Зәмзәмді өздігінен еркін тамақ ішуге баулу
|
Айнамкөзге қызыл, көк, жасыл түстерді жаттату
|
Аружанды үстелдегі ұқыптылыққа үйрету
|
Әлтайырды жаттығуларды жасауға тарту
|
Серуенге дайындық
|
Серуенге қызығушылықтарын ояту, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің түймесін салуға, аяқ киімдерін оң киюге үйрету
|
Серуен
|
Серуенге қызығушылық таныту. Балалардың қалауы бойынша еркін ойын (жанама бақылау), өз бетімен іс-әрекет
|
Балалардың үйге қайтуы
|
Ата-аналарға баласының бүгінгі жетістігі туралы әңгімелеу.
|
Ата-аналарға кеңес.
|
Ата-аналарға баласының бүгінгі жетістігі туралы әңгімелеу.
|
Ата-аналарға балаларының шығармашылық жұмысын көрсету, мадақтау.
|
Алдағы демалыс күнде жақсы демалуға тілек білдіру.
|