Жөну процесі
Жону — айналмалы, спиральды және бұрама пішінді дайындамалардың сыртқы беттерін кескіш құралмен жонып өңдеу процесі.[1]
Жону білдегінде айналма денелі дайындамалардың сыртқы беттерін өңдеу;
айналмалы денелердің сыртқы, ішкі және түпкі беттерін өңдеу, сонымен қатар кескіштердің көмегімен шиыршықты және бұрандалы беттерді өңдеу процесcі.
Жұқалап жону — жоғары кесу жылдамдығымен, шағын беріспен және өте жұқа тереңдікпен жону.
Таза жону — қаралтым жонудан кейін, бірақ таза өңдеудің алдында орындалатын жону.
Қаралтьш жону — өңдеуге кететін әдіптің едөуір бөлігін алдын ала жонуЖону білдегі - жаңқаны алып тастау арқылы пішіндері айналмалы бұйымдарды өңдеуге арналған білдек. Дайындама жону білдегінің айналдырығынан жетекті, жұдырықшалы, гидравликалық немесе пневматикалық қысқы арқылы айналмалы қозғалыс жасайды; айналдырық айналмалы қозғалысты бас қозғалыс механизімінен (әдетте жылдамдықтар қорабынан), кескіш құралкүймешектің жылжымасымен бірге жүрістік білігінен (жонғанда) немесе жону білдектің беріс механизмінен айналмалы қозғалыс алатын жүрістік бұрамадан (бұранданы қиғанда) ауысу қозғалысын жасайды. Жону білдегінде цилиндірлік, конустық және үлгілі беттерді жону және кеулейжону, сыртқы және ішкі бұрандаларды қию, шетжақтарды тіліктеу және қыру, тесіктерді бұрғылау, үңгілеу, ұңғылау, бұранда ойғышпен және бұрандакескішпен бұрандаларды қию, сонымен қатар бұрлеу, ысқылау т.б. жұмыстар орындалады.
13
Негізгі терминдер,
анықтамалары және белгілер
АБЖ (технологиялық процестердің автоматтандырылған басқару жүйесі) -технологиялық процестерді тікелей адамның қатысуынсыз басқаруға арналған бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы.
ТБО (технологиялық басқару объектісі) - бірыңғай материалдық және энергетикалық ағымдармен өзара байланысқан агрегаттар мен жабдықтар жиынтығы.
ТП (технологиялық процесс) - бастапқы материалдар күйінің өзгеру реттілігі (яғни кеңістіктегі орналасуы мен физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгерісі).
Үздіксіз ТП - деп, параметрлерінің өзгерісі үздіксіз аналогты түрде жүретін технологиялық процесті айтамыз (бу алу процессі).
Дискретті ТП - деп, өзгерісі дискретті күйлердің: «ашық-жабық», «қосу-ажырату», «сигналдың болуы-сигналдың жоқтығы», реттілі ауысуы арқылы анықталатын технологиялық процесті айтамыз (гидрометаллургиядағы реагенттерді мөлшерлеу, СБП станоктарында детальдарды өңдеу және т.б.).
14
Достарыңызбен бөлісу: |