Саңылаулы мен өтпелі бұрандаларының
шақтамалары мен қондырмалары
Өтпелі орнықтырулар болаттан өнделген сыртқы бұрандаларды шойыннан, болаттан, алюминийден және магний қоспаларынан өнделген ішкі бұрандалармен біріктіру үшін қолдануға арналады.
Нақты ең үлкен және ең кіші орташа диаметрлер айырмашылығымен анықталатын сыртқы және ішкі бұрандамалар пішін ауытқуларының мәні, орташа диаметр дәлдік шегі мәнінің 25% аспауы тиісті.
Бөлшектерді біріктіру кезінде тығыздық мәнін сәл жоғарылатудың өзі оларда пайда болатын кернеулердің тез өсуіне апарады және сондықтан оларда пластикалық деформация болуы мүмкін. Сондықтан, бұл біріктірулерде бөлшектерді бір-бірімен жинақтау кезінде, бөлшектерді өлшемдеріне қатысты екі-үш топтарға топтастырып селективті (іріктеліп).
Бұралу ұзындығына және сыртқы мен ішкі бұрандамалар пішіндерінің ауытқуларына қойылатын талаптары өтпелі орнықтыруларына орнатылған талаптармен бірдей.
Электр тізбегінің элементтері тізбектей қосылған кезде, ток күшінің шамасы оның барлық бөлімдерінде бірдей болады, үлкен ауысу кедергісіндегі жылу шығыны тізбектің қалған бөліктеріне қарағанда әлдеқайда көп.Нашар байланыс кезінде жылу генерациясы оқшаулаудың көміртектенуіне және соның салдарынан оқшаулау қасиеттерінің нашарлауына әкеледі. Судың ағуы газдалған оқшаулау арқылы жүреді және ол одан да қызады. Үрдіс көшкін тәрізді сипатқа ие болады және, сайып келгенде, жанудың пайда болуына әкеледі;
2) қыздыру өте жоғары болуы мүмкін, бұл контактілерді, соның ішінде коммутациялық құрылғылардың түйіспелерін біріктіруге немесе дәнекерлеуге әкеледі;
3) әдейі әлсіз контактіні байланыс сымының диаметрімен немесе ұштың қалыңдығымен болт қосылымындағы саңылаудың өлшемімен салыстыру арқылы анықталатын байланыс конструкциясының ерекшеліктерімен, алдын
-ала жүктеу дәрежесімен анықтауға болады.
62
Кілтекті қосылыстардың шақтамалары
мен қондырмалары
Кілтекті (шпонкалы), көп кілтекті (шлицті) және профильді
Қосылыстар Кілтекті, шлицті және профильді қосылыстар шкивтерді, тісті дөңгелектерді, муфталарды, жұдырықшаларды ж.т.б. да осындай бөлшектерді біліктерге және осьтерге бекіту үшін қолданылады. Мұндай қосылыстар, негізінен, бұралу моменттермен жүктеледі. Кілтектер сына және призма түрлеріндегі екі топқа бөлінеді. Бірінші топ кернелген қосылыстарды, ал екінші тобы кернелмеген қосылыстарды құрайды.Стандарт кілтектер көміртекті немесе легирленген болат шыбықтардан жасалып өңделеді және оладың беріктік шегі 50 кг/см 2 шамасынан кем болмау керек. Кертпелі сына тәрізді кілтектердің сипаттамалары: білікке ступица (айналатын бөлшектің орталық бөлігі) саңылау қалдырылып, еркін отырғызылыды; бүйір қабырғалары қуыс қалдырылып орналастырылады; айналдыру моменті ступицаға үйкеліс арқылы беріледі.Көпкілтекті (шлицті) қосылыс болу үшін біліктің сыртқы бетінде тістер болып, ал күпшек тесігінің тістері ішінде болу керек. Тістердің профильдеріне байланысты шлицті қосылыстың үш түрі болады:
тікбүйірлі, эвольвентті және үшбұрышты.
Төлкені (осьтік тесігі бар цилиндр түріндегі бөлшек) біліктің дөңгелек емес бетіне орналастыру арқылы қосылыстар профильді қосылыстар деп аталады. Мұндай қосылыстардың қарапайым түрлерінің бірі – қимасы квадрат білікпен қосу болып табылады, ал бұл қосылыстардың кемшілігі:
а) тесікті дайындаудың күрделігі;
ә) бұрыштардағы кернеулердің
63
Достарыңызбен бөлісу: |