Схемалар анықталуы
Шешуші схемалар - Дискретті ақпаратты тарату жүйесіндегі берілуге тиіс хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтайтын қабылдау орнындағы құрылғыны шешуші схема деп айтады. Қабылдау құрылғысы жұмысының негізі — кез келген қабылданған сигналды s (t) хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтау. Ол үшін берілген хабарларды көптеген бөліктерге бөліп, солардың біреуіне айналдырады. Мұндай айналдырудың бірнеше әдістері бар. Қазіргі іс жүзінде кездесетін байланыс жүйелерінде қабылданған сигнал, алдымен кодалық символдарға, содан кейін хабарға айналдырылады. Қабылданған сигналды бірнеше бөліктерге бөліп, кодалық символдарға айналдырушы құрылғыны шешуші немесе бірінші шешуші схема деп атайды. Бірінші шешуші схема қабылданған сигнал бөлігін белгілі бір кодалық символға телиді. Мұндай жұмысты, әдетте, модуляциядан шығару немесе жай ғана демодуляциялау дейді. Модуляциядан шығару жұмысының нәтижесінде сигнал элементтерінің тізбегі кодалық символдар тізбегіне айналдырылады. Осыдан кейін кодалық символдар тізбегі берілген хабардағы әріптер тізбегіне айналдырылуы керек. Оны "кодадан шығару" дейді.
Кодадан шығару жұмысы екінші шешуші схемалармен атқарылады. Бұл сұлба қабылданған кодалық символдар тізбегін топтарға бөліп және сол топтарға келетін әріптердің сәйкестігін шешеді. Кейде кабылданған символдар элементтердің тізбегін кодалық символдарға айналдырып жатпай, бірден хабарлардың әріптерін табатын біріккен схемалар болады. Қабылдаудың мұндай әдісі арқылы "бірден қабылдау" әдісінің "біртіндеп қабылдау" әдісіне қарағанда артықшылығы қабылданған хабарлардың ете жоғары дәрежедегі дәлдігін қамтамасыз етуге болады. Бірақ "біртіндеп қабылдау" әдісі өте қарапайым. Сондықтан жеңіл орындалады. Сол себепті, жоғары дәрежелі дәлдік талап етілмейтін жағдайда "біртіндеп қабылдау" әдісі қолданылады.
33
Схемалардың орындалуы
Автоматтандырудың схемалары басқарылатын процесстің құрама бөліктерін және олардың арасындағы байланыстарды шартты түрде кескіндейтін не белгілейтін құрылымдық құжат болып табылады.
Өнеркәсіптің барлық салаларындағы схемаларды орындауда қойылатын жалпы талаптар МЕСТ 2.701-84 стандарттың ережесіне сәйкес орындалады.
Негізгі атқаратын міндетіне байланысты схемалар 10 түрге және 8 типке бөлінеді.
Схемалардың түрлері кириллица алфавитінің бас әріпімен белгіленеді. Олар: электрлік – Э, гидравликалық – Г, пневматикалық – П, газдық – Х, кинематикалық – К, вакуумдық – В, оптикалық – Л, энергетикалық – Р, бөлу – Е, құрастырма – С.
схемалардың типтері араб санымен белгіленеді. Олар: құрылымдық -1, функционалдық - 2, принциптік - 3, құрамдық (монтаждау) - 4, іске қосу - 5, жалпы - 6, орналасу - 7, біріктірілген - 0.
Құрылымдық схема объектінің негізгі функционалдық бөліктерін, олардың міндеті мен өзара байланысын анықтайды.
Функционалдық схема объектінің жекеленген функционалдық тізбегінде немесе тұтастай алғанда жүріп жататын белгілі құбылыстарды анықтайды.
Принциптік (толық) схема элементтердің толық құрамын және олардың арасындағы байланысты анықтайды.
Құрамдық (монтаж) схема объектіні құрайтын бөліктердің біріктірілуін көрсетеді және осы біріктірулерді іске асыратын сымдарды, бұрауларды, кабельдерді, сонымен қатар олардың түйісіп қосылатын жерлерін анықтайды.
Іске қосу схема бұйымның сырттай іске қосылуын көрсетеді. Бұл сұлба бұйымның іске қосылуын орындауда және пайдалануда қажет.
Жалпы схема белгілі бір эксплуатациялық қызмет атқаратын бірнеше бұйымның өзара байланысын анықтайды, ол монтаждау және жобалау кезінде қолданылады.
34
Достарыңызбен бөлісу: |