Негізі терминдері
анықтамалар және белгілер.
Термин және терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның,
техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес.Терминдер
белгілі бір ғылым концепциясымен байланысты, онда ғылыми зерттеулер
мен олардың теориясы көрініс табады. Білімнің жаңа саласында нақты
термин табылғанша сипаттамалы дефиниция қолданылады. Ғылым
саласының қарқынды дамуының нәтижесінде терминдер ғылыми мәтіндерде,
бұқаралық ақпараттық құралдарда көрініс таба бастайды. Терминдер ғылыми
нақтылығын жоғалтқанда, қолданылу аясы кеңейіп, бейтерминденуі
процесінен өтеді, яғни концептуалдылығын, жүйелілігін, бір мағыналығын
жоғалтады да термин ұғымы жалпыланып, бұрынғы термин күнделікті
қолданылатын сөзге айналады.
21
Фрезалардың негізгі түрлері және кесу
режимдеріне арналган кестелер
Бұрыш стол вертикаль-фрезерлеу станоктарын, шатундарды, цилиндір жұдырықшаларды, қалпақшаны, шатунды және тағы басқа бетті фрезерлеуде, сондай-ақ дайындаманы белгілі бұрышқа бұрып бірдей бөліктерге бөлу үшін қолданылады.
Машиналық қысқыштар консольді-фрезерлеу станоктарының барлық түрлерінде азговоритті детальдарды бекіту үшін қолданылады: кейінгі кездерде өңделетін детальдарды тез және берік бекітетін пневматикалық пневмо-гидравликалық машиналық қысқыштар кеңінен қолданылып келеді.
Фрезер станоктарында өңдеуге қажетті бекіту аспаптары. Фрезер станоктарында детальдарды бекітетін арнаулы және арнайы қосымша аспаптар қажет. Олардың қатарына машина қысқыштар, призмалар, қысқыштар, бұрыштамалар, оправкалар, бөлгіш, бүркеншіктер жатады.
Винтті орларды фрезерлегенде үздіксіз айналдыру және дайындаманы қажетті бұрышқа мезгіл-мезгіл бұру үшін қолданылатын бөлгіш бүркеншікті аспап көрсетілген. Ол қорап 16, бөлгіш лимба 5, айналмалы барабан 2 және центірлі шпиндельден 4 тұрады. Қорап шпинделінде бір кіретін червякпен ілінісетін червякті тісті дөңгелек бекітілген. Тұтқаны 6 және дайындаманы қажетті бұрышқа лимба 5 жәрдемімен айналдырады, ал тұтқа шпиндельді айналдырады. Есептеуді жеңілдету үшін жылжымалы секторды 7 пайдаланады. Шпиндельде 4 дайындаманы бөлетін лимба 3 орналасқан.
Әмбебап бөлгіш бүркеншіктер қарапайым және дифференциалды тәсілдермен бөле алады.
Фрезерлеу процесінің кесу режимі элементтері. Бұл элементтер қатарына кесу тереңдігі, беріліс, кесу жылдамдығы, фрезерлеу ені жатады.
22
Достарыңызбен бөлісу: |