Еңбекті қорғаудың құқықтық
және ұйымдастыру мәселелері
Еңбекті корғау дегеніміз кұкыктык, әлеуметтік — экономикалық, ұйымдастыру — техникалық, санитарлық — эпидемиологиялық, емдеу — профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен кұралдарды камтитын, енбек кызметі процесінде кызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.
Еңбек туралы заңды бұзушы лауазымды тұлғаларға еңбекті қорғау келісімі және ұжымдык шарттар міндеттемелерін орындамағанда немесе кәсіподақтар, кадағалау және бақылау ұйымдарының жұмысына кедергі келтірсе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 2-бөлімінің баптарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау талаптарын сактау үшін ішкі бакылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау кызметін құрады. Еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау кызметі өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік кызметтерге теңестіріледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті корғау жөніндегі кызметтің немесе еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау жөніндегі маманның еңбек кауіпсіздігі және еңбекті корғау талаптарын орындау жөніндегі.
1
Өндірістік жарақаттанушылық
Өндірістік жарақат-бұл жұмысшылардың өндірісте алған және, әдетте, еңбекті қорғау талаптарын сақтамауынан туындаған жарақаттар. Өндірістік жарақаттар қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен пайда болады. Олар уақытша немесе тұрақты еңбекке жарамсыздыққа әкелуі мүмкін. Бұл ретте зардап шегуші жалпы еңбекке қабілеттілігін немесе тек кәсіби қабілетін жоғалтуы мүмкін. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда ол кәсібі бойынша жұмыс істей алмайды, бірақ басқа жұмыстарда пайдаланылуы мүмкін. Жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда зардап шегуші кез келген жұмысты орындау мүмкіндігін ішінара немесе толық жоғалтады. Көбінесе өндірісте жарақат алуға жұмысшылардың өздері кінәлі, олар өнімділікті іздеуде қауіпсіздік талаптарын елемейді.
Өндірістегі жарақаттануды азайту үшін кәсіпорында еңбекті қорғауды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек процесі ұйымдастырылуы керек. Жарақаттанудың алдын алуда техника мәселелерін насихаттау, әрбір өндірістік учаскеде қауіпсіз жұмысты ұйымдастырудың жаңа, озық әдістерін енгізу маңызды рөл атқарады. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен ауруларды толығымен жоятын деңгейде жұмыс орындарын, өндірістік және технологиялық тәртіпті сақтау қажет.
Өндірістік жарақаттануды азайту үшін жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Қажет болған жағдайда санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жеке қорғаныс құралдарын, мысалы, көзілдірік, қолғап, арнайы аяқ киім және т.б. қолдану керек, сонымен қатар медициналық-профилактикалық іс-шараларға жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер, медициналық-профилактикалық тамақтану, санаторий-курорттық емдеу, өндірістік гимнастика кіреді.
Медициналық тексеруден және профилактикалық медициналық тексерулерден үнемі өту халықтың мүгедектігі мен өлімінің негізгі себебі болып табылатын аса қауіпті аурулардың даму ықтималдығын едәуір дәрежеде азайтуға немесе оларды емдеу неғұрлым тиімді болған кезде оларды дамудың ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді
2
Достарыңызбен бөлісу: |