Еңбекті қорғау



бет60/83
Дата20.09.2021
өлшемі1.15 Mb.
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83
12.1. ҚАУІПТІЛІК КӨЗДЕРІ
Металл күйіндегі сынаптың буы, оның көптеген химиялық қосылыстары сияқты аса жоғары уытты болып келеді: жұмыс аймағындағы сынап буының ЖКШ (жіберілетін концентрация шегі) 0,01 мг/м3 құрайды.

Сынап буымен созылмалы уланудың бастапқы белгілері жекеленбеген, ол ең бастысы нерв жүйелерінің қажуынан байқалады. Жұмысшылар көбіне бұл құбылыстарды сынап уымен байланыстырмай, бұзылған атмосферада болуды жалғастыра береді, нәтижесінде нерв жүйелерінің аса қауіпті, тіпті еңбекке жарамсыз жағдайға дейін апаратын ауыр жарақатқа жетеді. Сынаппен созылмалы уланудың салдары өте қиын емделеді.

Сынап буының концентрациясы жүздеген және мыңдаған есе жіберілу шегінен артса да, оның исі де, түсі де байқалмайды және ешқандай тітіркендірмейді де. Осы себептен жұмысшы сынаппен уланған жұмыс орнында, қатерлі уланудың белгілері білінгенше, күдіктенбей жүре береді.

Сынап - өте қозғалғыш сұйық және онымен жұмыста ұқыптылық сақтамаған кезде, тіпті барлық сақтықты сақтағанға қарамай, ол еденге немесе жұмыс үстеліне төгілуі мүмкін. Бұл кезде сынаптың ұсақ домалақшалары бүкіл бөлмеге - көрінбейтін кішкене тесіктеріне және алынуы қиын жерлерге таралады. Төгілген сынапты толығымен жинап алу өте қиын, сонымен қоса тесіктерде қалған көзге көрінбейтін тамшыларының аз мөлшерінің өзі беттіктің үкендігіне байланысты қарқынды ұшады және әсіресе ауа алмастырғышы жоқ жабық бөлмеде, жұмыс істейтін қызметшілердің денсаулығына қауіпті бу концентрациясын тудырады. Сондықтан кішкене бөлмеде бар-жоғы бір сынап термометрін сындырып алу және онда тынғылықты демеркуризация жасамау, бөлмедегі қызметшілердің уақыт өткен сайын сынаппен уланатына жеткілікті екенін есте ұстау керек.

Төменде атмосферадағы сынап буының тепе-теңдік концентрациясының және сынап буының қысымының температураға тәуелділігі келтірілген:
Темпе ратура, С Бу қысымы Тепе-теңдік

мм с. б. концентрациясы, мг/м3


0 0,000185 2,3

10 0,000490 -

20 0,001201 14,3

22 0,001426 -

24 0,001691 -

25 0,001846 20

26 0,002000 -

28 0,002359 -

30 0,002777 -

40 0,006079 67

50 0,01267 -

60 0,02524 260

100 0,273 -

200 18,25 -

300 248,6 -

Келтірілген нәтижелерден, мысалы сынаптың ашық беті бар 25С температурадағы ауа алмастырғышы жоқ жабық бөлмеде, уақыт өткен сайынғы бу концентрациясы, ЖКШ-нен 2000 есе артатын мәнге жететінін көруге болады. Жаңа төгілген сынаптың беттіктен булану жылдамдығы ауа қозғалысы жоқ кезде 20С температурада 0,002 мг/(см2сағ.) құрайды.

Сынап бетінің тотығу шамасына қарай булану жылдамдығы төмендейді және 14 күннен кейін жаңа беттіктің булану жылдамдығының 20-40-ын құрайды. Бірақ бұл төмендеу улану қауіптігін азайтуға мүлде жеткіліксіз. Сонымен қатар тотық қабыршағы механикалық әсер салдарынан бұзылуы мүмкін; бұл кезде булану жылдамдығы қайтадан артады.

Сынап булары сылақпен, ағашпен, маталармен, кейбір маркалы линолеумдармен, шынылармен, металдармен және басқа да материалдармен активті адсорбцияланады. Адсорбциялану процесі қайтымды болғандықтан, қабырғасы, төбесі, жиһазы сынап буымен сіңдірілген бөлме, әсіресе ауа температурасы көтерілген кезде, сынап буын бөлетін қосымша көзге айналады. Осы себепке байланысты үздіксіз қосылған ауа алмастырғышы бар бөлмеде де, сынап бу концентрациясы ЖКШ-нен артып кете алады.

Төгілген сынап буының қауіптілігімен қатар, дұрыс жабылмаған сынапы бар приборлар атмосфераға сынап буының түсуінің ұдайы көзі болып саналады. Сондықтан сынаппен жұмыс істейтін барлық қызметшілер, оның улы қасиеттерінің қауіптілігінен хабардар болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар