Еңбекті қорғау


АЛЮМИНИЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР ЕРІТІНДІЛЕРІМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ПИРОФОРЛЫ СҰЙЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ АЙЛАЛАРЫ



бет57/83
Дата20.09.2021
өлшемі1.15 Mb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83
11.2. АЛЮМИНИЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР ЕРІТІНДІЛЕРІМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ПИРОФОРЛЫ СҰЙЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ АЙЛАЛАРЫ
АОҚ-тар зертханаға тәртіп бойынша 20-30-дық көмірсутектердегі ерінділер түрінде түседі. Бұдан көп концентрациялы ерітінділермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік техникасы бөлімінің арнайы рұқсаты мен жеке нұсқау құрастыру керектігі талап етіледі. Концентрациялы АОҚ ерітінділерін жұмыс талабына сай ерітіндіге дейін сұйылту үшін, сәйкес нұсқау бойынша арнайы оқытылған тұлға, осы мақсатқа бөлінген жұмыс орнында жүргізеді.

АОҚ ерітінділері теріге және көзге түскен кезде өте ауыр күйік береді. Аса қауіптілік - теріге түскен концентрациялы ерітіндінің тұтанып кету мүмкіндігіне байланысты. Бұл кезде қосарланған термиялық және химиялық кұйік болады. АОҚ-тармен істелетін кез-келген жұмыс қорғағыш көзілдірік немесе маска, теріден тігілген қоғаппен істелуі тиіс. Теріден тігілген қолғаптың резеңке қолғаптан айырмашылығы ол термиялық күйіктен қорғайды.

АОҚ-тар ерітінділерінің аз мөлшерімен болсын, жұмысты тікелей линолеум немесе басқа да жанғыш материалдармен жабылған стөлде жасауға тиым салынады.

АОҚ-тар ерітінділері ауамен қатысқанда өздігінен тұтануға қабілетті болатындықтан, олармен жасалатын барлық операциялар, соның ішінде бір ыдыстан екіншіге ауыстыру, ампулаларға бөлу, реакторға құю инертті газ атмосферасында жүргізлуі қажет. Бұл мақсатта ең көп қолданатыны - құрғақ аргон болып саналады. Аргон ауадан ауыр болғандықтан, оны кез-келген сосудтың төменгі жағынан жіберген тиімді. Бұл жағдайда газдың шығу жері сосудтың жоғарғы жағына орналасу қажет.Егер аргонды жайлап бірқалыпты жіберсе, ол ауамен араласпай, біртіндеп аппараттан оны ығыстырып шығарады. Идеалды жағдайда сосудтан ауаны ығыстыру үшін көлемі, мысалы 1л ауаға 1л аргон жеткілікті.

Сосудтан ауаны толығымен азотпен кетіру үшін газдың көп мөлшері қажет болады. Азоттың бес ретті көлемін жібергеннің өзінде сосудта 0,5 шамасындағы оттек мөлшері қалып қояды. Сондықтан сосудта азот атмосферасын жасау үшін, оны алдымен вакуумдайды, содан кейін құрғақ азотты жібереді.

Баллоннан тікелей алынатын инертті газдарда әрқашан ылғалдың мөлшері бар болатындықтан, олар АОҚ-тармен жұмыс істеуге жарамайды. Инертті газдарды құрғату үшін түйіршектелген адсорбенттермен, қолайлысы цеолиттермен толтырылған колонка арқылы жіберу ұсынылады. Цеолитті толтырар алдында 320-350С температурада 7-8 сағат қыздырады. Егер инертті газ құрғақ болса, онда оны АОҚ-тар ерітінділері арқылы жібергенде тұман түзілмейді; аз түтін немесе тұман пайда болуы - цеолитті регенерациялау керек екендігін көрсетеді.

Газ жүйелерінің элементтерін жалғау үшін полиэтиленді, фторпласты немесе полихлорвинилді шлангтар қолдану ұсынылады, өйткені резеңке шлангтар қандай да бір шамада оттегі мен су буы үшін өткізгіш болып табылады.

АОҚ ерітінділерімен жұмыс барысындағы қауіпсізділіктің маңызды шарасы - барлық аппаратураларды мұқият кептіру болып саналады. АОҚ-тарымен жұмысқа арналған аппараттың шыныдан және металдан жасалған детальдарын пайдаланалар алдында кептіргіште 200С температурада 1 сағат қыздырады. АОҚ ерітінділерімен аз уақытта қатыста болатын резеңке шлангтарды парафиндеу қажет. Бұл үшін шланг кесіндісін 15-20 минутқа 100-110С температурада балқытылған парафинге толығымен батырады да, оны шығарып парафинді ағызып жібереді, одан кейін 100С-тағы кептіргіш шкафта 0,5сағат ұстайды. Парафиннің орнына полиэтилен-парафин массасын пайдалану тиімді. Оны 115-120С температурада 5 масс. б. парафин мен 1 масс. б. төменгі тығыздықтағы полиэтиленді балқыту арқылы дайындайды.



Жұмысқа қажет АОҚ ерітінділерін қысқа мерзімде (4-6 ай) зертханада сақтауға әкелу үшін арнайы цилиндр тәріздес тат баспайтын болаттан жасалған көлемі 0,5-1 л сосудты пайдаланады (21 сурет). Сосудта шыны бекіткішпен (3) жабылған парафинделген резеңке шлангтың кесіндісін (2) кигізетін ортасы қуыс екі түтік (1) бар. Бос сосуд шлангысымен және бекіткішімен қоса алдын ала, сосудтағы қалған еріткіштің мөлшерін кейінгі өлшеу арқылы табу үшін өлшенеді. АОҚ ерітіндісімен сосудты толтырар алдында одан аргон жіберу арқылы ауаны ығыстырып шығарады. Бұл мақсатта ортасы қуыс екі түтіктің біреуіне сосудтың түбіне дейін жететін шыны түтікше енгізеді де, осы арқылы аргон ағынын жібереді. Сосудты сұйықпен толтырғаннан кейін, ортасында қуысы бар екі түтіктің біреуін жабады да аргонның артық қысымын 5,3- 6,5 кПа (40-50 сын.б. мм) жасайды.


Сурет – 21. АОС ерітіндісін сақтайтын болат ыдысы.

1 – патрубка

2 – вакуум түтігінің парафинді кескіні

3 – шыны сөндіргіш


АОҚ ерітінділерінің жұмысқа қажет мөлшерін құйып алуды - көлемі 100-200 мл екі ұзын аузы бар шыны ампулада жүргізеді (22 сурет). Бұл мақсатта болат сосудтың ортасы қуыс екі түтігінің бірін, 90 бұрышпен майыстырылған шыны түтікше – ауыстырғыш көмегімен, алдын ала аргонмен үрленген ампуланың ұзын аузымен қосады. Ортасы қуыс екінші түтікке үздіксіз аргон жіберіп отырады; газ ампуланың екінші аузынан шығы отырады. Бұдан кейін сосудты ерітіндісімен абайлап сұйық ампулаға түскенше қисайтады. Ампуланы толтырғаннан кейін, АОҚ ерітіндісінің толығымен сақталуын қамтамасыз ету үшін, онда аргонның артық – 1,3 кПа (шамамен 10 мм с.б.) қысымын жасайды. АОҚ ерітіндісі бар ампуланы ішіне асбест салынған фарфор стақанына немесе металл футлярға салады.


Сурет – 22. АОС ерітіндісін сақтайтын шыны ампула.

1 – вакуум түтігінің парафинді кескіні

2 – шыны сөндіргіштер

3 – фарфорлы стакан

4 – құм

5 - асбест


Реакторға АОҚ ерітіндісін шприц көмегімен немесе тікелей реакторда сындыратын тұйық ампула арқылы енгізеді. Ампулаға АОҚ ерітінділерін құюды медициналық шприц көмегімен жүргізген ыңғайлы. Ерітіндіні ампулаға енгізу мен ампуланы тұйықтауды аргон газын үздіксіз жіберу арқылы іске асырады.

Осы мақсатта қолданатын қарапайым бір құрал 23 суретте көрсетілген. Ампуланы алдын ала аргонмен үрлеуді медициналық шприц көмегімен жүргізеді. АОҚ ерітінділерімен жұмыс істегенде поршенінің фторпласты тығыздағышы бар шприцті пайдаланған дұрыс. Шприцті, оның жартысынан көп мөлшердегі АОҚ ерітіндісімен толтыруға болмайды. Шприц инесінің ұшында АОҚ ерітіндісі тотықпас үшін, аргон атмосферасынан алғаннан кейін оны дереу созылғыш резеңке тығынға сұғып қояды. Жұмыс жасап бола салысымен, поршені жабысып қалмас үшін, шприцті көмірсутекті еріткішпен тез арада жуу керек.




Сурет – 23. Аргон тогында ампуланы АОС ерітіндісімен толтыру.

1 – шыны ампула

2 – резіңке түтігінің кескіні

3 – шыны үштік

4 – құрғақ аргон тогы

5 – медициналық ине


Шприцпен жұмыс істеуге машықтанбаған қызметшілер, АОҚ ерітінділерімен істі бастамас бұрын, сол операцияларды пирофорлы емес сұйықтармен жасап үйрену керек. Егер де сұйықтық бір де бір тамшысы ампуланың жанына түспесе, қауіпсіз жұмыс әдістемесі меңгерілді деп санауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік