Еңбекті қорғау


СІЛТІЛІК МЕТАЛЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЖОЮ



бет52/83
Дата20.09.2021
өлшемі1.15 Mb.
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83
10.2. СІЛТІЛІК МЕТАЛЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЖОЮ.
Литий қалдықтары. Литий кесіндінлерін және оның кішкентай бөлшектерін (бұршақтан үлкен емес) сорғыш шкаф астында көп мөлшердегі сумен еріту арқылы жоюға болады. Литий дисперсияларын олардың жоғары реакциялық қабілеттіліктеріне қарай суда ерітуге болмайды. Дисперсия қалдықтарын көміртекті еріткіштерде этил спиртін біртіндеп қосу арқылы жояды.

Натрий қалдықтары. Натрий кесіндінлерін және 5-10 г көп емес қалдықтарын фарфор стақанында толық ерігенше этил спиртін біртіндеп қосу арқылы жояды. Реакцияны жылдамдату үшін 2 суы бар изопропил спиртін қолдануға болады. Натрийдің кішкентай түйіршіктерін суық су құйылған колбада жою әдісі де бар. Мұнда судың үстіне 3-5 см қалыңдықпен бензин құйылуы тиіс. Натрий түйірлерін бір-бірлеп колбаға салады. Келесі түйірді алдыңғысы толық ерігеннен кейін ғана салу керек. Натрий шекараның бөліну фазасында ериді, мұндағы қорғағыш бензин қабаты сутектің тұтануынан сақтайды.

Реакция жүргізіліп болғаннан кейін, шламдарды этил спиртімен өңдеу кезінде натрийдің толық еруін қадағалау керек. Вюрц реакциясынан кейін натрийдің артығы үнемі толығымен жойылмайды, өйткені ондағы натрий түйіршіктері спиртте ерімейтін галогенидтер қабыршақтарымен жабылып тұруы мүмкін. Мұндай жағдайда сумен қайта жуу массаның тұтануына әкеліп соқтырады.

Натрий дисперсияларын ауа қатысынсыз сусыз спирт қосу арқылы ыдыратады.

Калий қалдықтары. Бұл қалдықтарды петролейн эфирі мен изопропил спиртінің бірдей қатынастағы мөлшеріндегі қоспасын құю арқылы жояды. Калий қалдықтарын этил спиртінің көмегімен жою қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзу болып саналады. Калий кесінділерін фарфор стақанында сорғыш шкаф астында трет-бутил спиртімен реакция қарқынды жүрмес үшін тамшылатып құю арқылы ыдыратаып жояды. Тұтанып кеткен жағдайда стақанды алдын ала дайындап қойған асбест тілімімен жабу керек.

Калий мен натрий кесінділерін бір ыдыста жинауға тиым салынады. Екі металл бір-бірімен жанасқан кезде белгілі бір қатынаста, бөлме температурасында сұйыққа айналатын құйма пайда болып, жұмыстың аса қауіптілігін тудырады. Әсіресе қатты тотығып кеткен, яғни сары түске айналған тотық қабыршағымен жабылған калий түйірлерін жою өте қауіпті. Мұнда трет-бутил спиртінің өзімен реакция қарқынды жүретін болғандықтан, жоюды фарфор стақанында ксилол астында калий қалдығына трет-бутил спиртін тамшылатып құю арқылы жүргізеді. Операцияны өртсөндіргіш құралдары дайын, жарма есіктері жабылған бос сорғыш шкафта өткізеді.

Көп мөлшердегі сілтілік металдар. Оларды жою үшін кейде ашық алаңда жағу ұсынылады. Бірақ мұндай ұсынысты негізделген деп санауға болмайды. Сілтілік металдар жанған кезде ауада түтін түрінде гидрооксид аэрозольдары пайда болып, қоршаған ортаны ластандырады. Сондықтан сілтілік металдарды жағуды, ауа түсу жүйесімен және шыққан газдарды тазалайтын жабдықтармен қамтамасыз етілген арнайы пештерде жүргізеді.

Зертханадағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда, яғни қалдықтарды жинамай өз уақытында жойып отырған кезде, қалдықтардың көп мөлшерін жағудың қажеттілгі болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік