Еңбекті қорғау


ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖАЛПЫ ШАРАЛАРЫ



бет34/83
Дата20.09.2021
өлшемі1.15 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
4.3. ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖАЛПЫ ШАРАЛАРЫ
Шынылармен жұмыс істеудің негізгі ережелері қарапайым және ерекше түсіндіруді қажет етпейді. Дегенмен осы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау –зертханадағы көптеген жарақаттардың себебі болып табылады. Сондықтан шынымен жұмыс жасайтын әрбір жұмысшы келесідей маңызды ережелерді сақтауды өзінің әдетіне айналдыруға болады.

1.Шыны – қақтығысқанда төзімділігі аз, иіліс кезіндегі мықтылығы өте төмен, сынғыш материал. Шыныдан жасалған детальдармен жұмыс барысында физикалық күш қолдану, олардың сынғыштығына байланысты өте қауіпті. Әсіресе жабысып қалған шлифтерді ажыратуда, тығындарды шығаруда, резеңке шлангтыкінен диаметрі үлкен шыны түтктерге оны кигізуде күш қолданылып, көп жарақат болады. Сондықтан барлық жағдайда шынынының мықтылығын артық бағаламаған дұрыс болады. Қолды жаралау қаупі шыны детальға түсірген күшке пропорциональды келеді.

2. Шыны ыдыстар жоғары қысымда жұмыс істеуге жарамайтынын естен шығармау қажет. Егер аз мөлшерде артық қысым қажет болғанда, мысалы инертті газдың, онда газ жүйесіне 2-2,6 кПа –дан жоғары емес қысымды қамтамасыз ететін сынапты сақтандырғыш сұқпасын енгізеді, немесе инертті газды резеңке камерадан жібереді. Сақтандырғыш жабдықтарсыз, шыны бұйымдарда артық қысымды тікелей редуктордың көмегімен тудыру өте қауіпті. Вакуум астындағы жұмыстарға арналған шыны ыдыстар 0,1 МПа (1 атм) қысымға шыдағанымен, ыдыстың көрінбейтін ақаулары болған жағдайда артық қысыммен жұмыс істеуде, вакуум астындағы жұмысқа қарағанда, ыдыстың жарылуы мүмкіндігі жоғары, ал әйнек сынықтары өте қатты күшпен ұшатындықтан аса қауіпті.

Қандай жағдайда болмасын, атмосферамен қатыспаған жабық колбалар немесе жабдықтардағы сұйықтарды қыздыруға тиым салынады. Жабық ыдыстардағы сұйықтарды қыздыру жұмыстарын, тек шыны ыдыстармен жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасынан эмтихан тапсырған тұлғалар ғана жүгізе алады. Реакцияласатын заттардың көлемі мен қысымына қарай бұндай жұмыстар не зертханалық автоклавтарда, не қалың әйнекті ампулаларда жасалады. Ампулалармен жұмыс істеу – аса қауіпті категориясына жатады.

3. Жарықшағы немесе шетінің сынығы бар ыдыстарды қолдануға кесімді тиым салынады. Шыны түтіктердің өткір ұштарын от жалынында балқыту қажет. Балқытылмаған ұштар жарақат алуға ғана қауіпті емес, сонымен қатар олар кигізілген резеңке шлангты қозғалған сайын қиып, оқысқа соқтырады.

4. Жұмыс үстелінде ең қажетті, ұдайы қолданылатын ыдыстар ғана болуы керек. Үстелдегі ыдыстардың тәртіппен жиналуы маңызды, олардың ұсақ бөлшектері таяз қорапта бір қабат мақта үстіне қойылуы қажет. Егер ыдыстардың әрқайсысының өз орны болмай, тар жерде тиянақсыз жатса, олар сынып, қауіп тудыратын мүмкіншілікті арттырады.

5. Сынған шыны қалдықтарын қолмен емес, тек сыпырғы мен қалақ арқылы жинайды.

6. Үлкен шыны жабдықтар мен ыдыстарды тек екі қолмен ұстап, орын ауыстыруға болады. Сұйық құйылған үлкен бөтелкелерді (5 л көп) арнайы кәрзеңкеге немесе тұтқасы бар жәшікпен екі адам тасуы қажет. Үлкен бөтелкелерді мойынынан көтеруге тиым салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар