ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ
ҚАУІПСІЗДІК САЯСАТЫ
КІРІСПЕ
Carlsberg Group адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын белсенді
қорғауға, салауатты және қауіпсіз жұмыс ортасын және өз активтері
мен қоршаған ортаны қорғау мен сақтаудың ең жоғары деңгейін
қамтамасыз етуге ұмтылады.
Топ НӨЛ жазатайым оқиғаларға бағытталған мәдениетті алға жылжыту
міндетін өзіне алады және денсаулық пен қауіпсіздік үшін
технологиялық және кәсіби тәуекелдермен байланысты тәуекелдерді
қоса алғанда, өз қызметінің әлеуетті тәуекелдерін бағалау және
бақылау үшін барлық ақылға қонымды шараларды қабылдайды.
Бұл Саясат Carlsberg Group компаниясының барлық бизнес
белсенділіктеріндегі еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқаруға
қойылатын негізгі талаптарды анықтайды, сол арқылы өндірістік
жарақаттар мен аурулардың алдын алу, өндірістік авариялардың
алдын алу және біз жұмыс істейтін қауымдастықтарда адамдарды
қорғау үшін тәуекелдерді жою немесе азайтады.
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Осы Саясат Carlsberg Group құрамына кіретін барлық компаниялардың
барлық қызметкерлеріне қатысты, олардың Топ алаңдарында және
одан тыс жерлерде лауазымдық міндеттерін орындау кезінде
жаһандық деңгейде қолданылады. Ол сондай-ақ Carlsberg Group
алаңдарындағы мердігерлерге, жеткізушілерге және жұртшылық
өкілдеріне қолданылады.
Carlsberg Group бақыланбайтын акционер ретінде қолданыстағы
бірлескен кәсіпорындарға қатысқан жағдайда, басқа акционер
(акционерлер) Топ үшін осы саясаттың маңыздылығы туралы міндетті
түрде хабардар болуы тиіс. Басқа акционерлерге осы саясатты немесе
бірлескен кәсіпорынға қатысты ұқсас стандартты қолдану ұсынылады.
Жаңа миноритарлық бірлескен кәсіпорындарды құру кезінде, Carlsberg
компаниясы басқа акционер (акционерлер) осы саясатты немесе
бірлескен кәсіпорын үшін ұқсас стандартты қабылдауға ұмтылатын
болады.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі
саясат
2
ТАЛАПТАР
1. ЕҢБЕКТІ
ҚОРҒАУ
ЖӘНЕ
ҚАУІПСІЗДІКТІ
БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
1.1
Carlsberg Group алаңдарының осы Саясаттың пайдалану
саласымен бірдей OHSAS 18001 стандартына (немесе оның алдыңғы
ISO 45001 нұсқасы) сәйкес еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқарудың
сертификатталған жүйесі болуы тиіс.
1.2
Бүкіл топ шеңберінде келісімділік пен тиімділікті арттыру
мақсатында бірнеше алаңдарға арналған біріктірілген жүйелер
ұсынылады (мысалы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, қоршаған орта
және сапа).
2. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1
НӨЛ жазатайым жағдайларға бағытталған күшті мәдениетті
қолдау үшін, Carlsberg Group барлық тиісті қызметкерлерге
мамандар кеңесін беру үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік
бойынша жергілікті құрылымдар құрады.
3. ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА
ТАЛДАУ ЖАСАУ
3.1
Өндірістік жарақаттар мен ауруларды қоса алғанда, еңбекті
қорғау және қауіпсіздік саласындағы барлық тиісті оқиғалар,
сондай-ақ технологиялық қауіпсіздікке байланысты оқиғалар
жергілікті заңнама талаптарына, сондай-ақ Carlsberg Group
стандарттары мен рәсімдеріне сәйкес тіркелуі, талдануы және
хабарлануы тиіс. Оқиғаларды қасақана және әдейі жасыруға
болмайды және тәртіптік шараларға әкеп соғуы мүмкін.
3.2
Басшылық тиісті жіктеуді, есептілікті, ақпаратты ұсынуды, талдауды
және кейінгі әрекеттерді қамтамасыз ете отырып, оқиғалар туралы
хабарламаларды мұқият бекітуі тиіс.
3.3
Басшылық жазатайым оқиғаның салдарын тежеу және оның
қайталануын болдырмау үшін орынды және тиісті шаралар
қабылданатынына кепілдік беруі тиіс.
4. САЯСАТТЫ САҚТАУ
4.1
Carlsberg Group компаниясының барлық еншілес компаниялары
ұлттық заңдар мен нормаларды, сондай-ақ осы Саясаттың
ережелерін, залалдың алдын алу және еңбекті қорғау және қауіпсіздік
жөніндегі Топтың стандарттарын сақтауы тиіс.
4.2
Осы саясат пен ұлттық заңнама немесе басқа да қолданылатын
стандарттар арасында айырмашылықтар болған жағдайда,
неғұрлым қатаң талаптарды қолдану керек. Қандай да бір күмән
туындаған жағдайда, мұндай жағдайларды Топтың еңбекті қорғау
және қауіпсіздік департаменті мен Топтың Заң департаменті бірлесіп
бағалауы тиіс.
5. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
5.1
Қауіпсіздік техникасының ережелері — бұл Carlsberg Group
тарихында немесе саладағы жалпы тәжірибеге негізделген өмірге
елеулі қауіп төнген қызмет салаларындағы жұмыс ережелері.
5.2
Барлық қызметкерлер қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға
міндетті. Ережелерді қасақана және әдейі бұзу жұмыстан босатуға дейін
тәртіптік шараларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Carlsberg өмірлік маңызды ережелері
1
Әрқашан жол қозғалысы ережелерін, оның ішінде алаңдағы жол
қозғалысына және зауыт ішіндегі көлік жұмысы үшін тән
ережелерді қамтиды.
2
Әрқашан бұғаттау/пломбалау рәсімдерін сақтаңыз.
3
Ешқашан
механизмдердің
қорғаныс
бұғаттамасын
және/немесе жабдық жұмыс істеп тұрған жабдығы бар,
орнатылған кедергілерді зақымдамаңыз, айналып өтпеңіз
немесе жоймаңыз.
4
Әрқашан биіктікте жұмыс істеу ережелері мен талаптарын
орындаңыз және құлаудан қорғау үшін қажетті жабдықты
пайдаланыңыз.
5
Тұйық кеңістікте жұмыс істеуге арналған ережелер мен
талаптарды әрдайым сақтаңыз.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі
саясат
3
6. АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР
МЕН ЖАУАП ҚАТУДЫ ЖОСПАРЛАУ
6.1
Авариялық әрекет ету рәсімдері Carlsberg Group барлық
алаңдарында жыл сайын белгіленуі, қолдауы және тексерілуі тиіс.
Бұл рәсімдер алаң персоналы мен жақын орналасқан аудандар үшін,
салдарларды барынша азайту үшін авариялық жағдай кезінде
қабылдануы қажет сәйкес шараларды сипаттауы тиіс.
6.2
Carlsberg Group алаңына баратын мердігерлер мен жұртшылық
өкілдерін қоса алғанда, барлық тиісті қызметкерлер үшін оқытудан
өткізу және төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы
нұсқаулықтар беру керек.
6.3
Carlsberg Group алаңдары, қоғамдастық деңгейінде авариялық
жағдайда дұрыс әрекет етуді қамтамасыз ету үшін, тиісті ақпаратты
ұсына отырып, жергілікті қауымдастықтармен және олардың
авариялық қызметтерімен өзара іс-қимыл жасауы керек.
6.4
Төтенше жағдайлардың сценарийлері дағдарыстық сценарийлерге
көшуі мүмкін. Carlsberg Group дағдарысқа қарсы басқару саясаты
(Crisis Management Policy) және рәсімдер дағдарыстық жағдайларды
басқару процестерінің құрылымы мен талаптарын сипаттайды.
7. БАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАТЫСУ
Бизнесті басқарудың ажырамас бөлігі ретінде, барлық деңгейдегі
басшылар күшті көшбасшылық қасиеттер мен бейілділікті айқын
көрсете отырып, еңбекті қорғау мен жұмыс орнындағы қауіпсіздікті
басқару үшін жауапты болады және есеп беруді қамтамасыз етеді.
Олар жеке үлгі беріп, қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік
саласындағы бағдарламалар мен бастамаларға белсенді қатысуын
қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар, қызметкерлер НӨЛ жазатайым оқиғаларға
бағытталған тұрақты мәдениетке өз үлесін қоса отырып, осы іс-
шараларға тартылады деп күтілуде.
7.1
Барлық қызметкерлердің басшылары жұмысты жиі түрде
бақылап, қауіпсіз тәртіпті мадақтай және қауіпсіз емес шарттар мен
іс-әрекеттерді жоя отырып, топтарынан кері байланыс алып отыруы
тиіс
.
7.2
Қызметкерлердің құқықтары:
Егер де жалғастыру жеткіліксіз түрде қауіпсіз деген пайымдауға
келсе, өндірістік, қоймалық немесе дистрибуциялық қызметті
тоқтату және/немесе құзыретті тұлға тәуекелді басқару бойынша
тиісті шаралар қолданғанға дейін тоқтата тұру;
Жұмыстың қауіпсіз емес жағдайлары туралы хабарлау;
өздері қадағалайтын кез келген қауіпті әрекеттерді жасауға жол
бермеу.
7.3
Мінез-құлықты бақылау және кері байланысқа арналған
бағдарламалар барлық тиісті алаңдарда, қауіпсіз емес жағдайлар
мен айналым туралы хабарламамен қатар орындалуы тиіс.
7.4
Барлық алаңдарда қызметкерлерге, мердігерлерге және басқа да
мүдделі тараптарға еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері
бойынша белсенді коммуникацияға арналған жүйелер болуы тиіс.
Қажет жерде, қауіп-қатерсіз өз міндеттерін орындауға дайын болу үшін
ақпаратты және оқытуды ұсыну керек.
8. МЕРДІГЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ
8.1
Еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқару жеткізушілер мен
мердігерлерді таңдау үдерістерінде әрдайым ескерілуі тиіс.
Келісімшарттарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
сақталуға тиіс екендігі анық айқындалуы тиіс.
8.2
Carlsberg Group алаңына кіретін мердігерлер мен басқа да үшінші
тұлғалардың жеткілікті өзекті ақпараты болуы, өз міндеттерін
тәуекелсіз орындау үшін оқытылған және тиісті түрде дайындалған
болуы тиіс.
8.3
Мердігерлер Carlsberg басқарылатын алаңдарда бола
отырып, Carlsberg Group-та қабылдаған барлық ережелер мен
рәсімдерді сақтауы тиіс.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі саясат
4
ЛАУАЗЫМДЫҚТАР МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Орган/функция/лауазымдық тұлға
Лауазымдық міндеттер мен жауапкершілік
Атқарушы комитет
Саясатты бекітуге жауап береді.
(ExCom)
Carlsberg жеткізілімдер тізбегі
бойынша атқарушы вице-
президент
(CSC қызметі)
Саясатты ұстаушы оны бекітеді және іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Топтың еңбекті қорғау және
қауіпсіздік департаменті
Саясат иесі болып табылады, Атқарушы комитет (ExCom) алдында Carlsberg Group-тағы еңбекті қорғау
және қауіпсіздік мәселелері үшін толық жауап береді,сонымен қатар, Топтағы денсаулық пен қауіпсіздік
үшін тәуекелдерді тиісті түрде анықтауға және Атқарушы комитет мекенжайына хабарлауды
бақылайды. Стратегия, нұсқаулық, тиімділікті басқару, Топтың еңбекті қорғау және қауіпсіздік
саласындағы саясат пен стандарттарға жауапты болады.
Топтың вице-президенттері (Group
VPs) / Жергілікті компаниялардың
басшылары
(Country Managing
Directors) / Өндіріс жөніндегі
директорлар
(Production
Directors) / Логистика, жлспарлау
және клиенттік сервис жөніндегі
директорлар
(Customer
Supply Chain Directors) /Аймақтық
және жергілікті басшылар
Ережелерді сақтаудың жеке үлгісіне, осы Саясаттың орындалуы мен сақталуына, сонымен қатар,
барлық қызметкерлердің осы Саясатпен және оның талаптарымен танысуына жауап береді. Денсаулық
пен қауіпсіздік үшін тәуекелдердің бағалануын, бақылануын және тиісті жолмен хабарланғанын және
барлық тиісті қызметкерлердің өзінің міндеттерін тәуекелсіз және ілеспе тәуекелдер мен бақылаудың
қолданылатын әдістері туралы жеткілікті біліммен орындау үшін қажетті оқытуды алуын қамтамасыз
етеді.
Басшылық, қызметкерлер және
Carlsberg
Group-қа кіретін барлық
компаниялардың штаттан тыс
қызметкерлері, мердігерлер,
жеткізушілер мен келушілерді қоса
алғанда
Осы Саясаттың сақталуына және еңбекті қорғау және қауіпсіздікпен байланысты кез келген
инциденттер, технологиялық қауіпсіздікпен және оңтайсыз жұмыс жағдайларымен байланысты оқиғалар
туралы хабар беруге жауап береді.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі саясат
5
ГЛОССАРИЙ
Carlsberg Group алаңы
Carlsberg Group еншілес компанияларына тікелей басқаратын
немесе топтың атынан Құрылыс және/немесе монтаждау
жұмыстары орындалатын кез келген тиесілі немесе жалға алынған
орын.
Дағдарыс
Жоспарланбаған немесе оған компания дайын болмаған жағдай,
сондай-ақ дайындық болған жағдайдың ауқымына сәйкес келмейтін,
ал оның салдары компанияның беделі мен стратегиялық
мақсаттарына елеулі залал келтіруі мүмкін жағдайлар.
Өндірістік қауіпсіздік
Өндірістік қауіпсіздік қауіпті заттарды немесе энергияны босату қаупі
бар оқиғалардың алдын алумен және бақылаумен байланысты.
Мұндай оқиғалар улы әсер, өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін
және нәтижесінде елеулі жарақаттарға, материалдық залалға,
өндірістік шығындарға және қоршаған ортаға әсер етуге әкелуі
мүмкін.
OHSAS 18001 / ISO 45001
Ұйымдарға денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тәуекелдерін анықтау
және бақылау, жазатайым оқиғалардың ықтималдығын азайту,
заңнаманы сақтау және жұмыс тиімділігін арттыру үшін негіз
беретін еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқару жүйелеріне
арналған халықаралық стандарттар.
САЯСАТ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕН ШЕГІНУ
Төтенше жағдайлардың туындау немесе осы Саясатты қолданудың
мүмкін еместігі айқын кездерден басқа, осы саясаттан шегіну
қарастырылмаған. Саясаттан шегіну туралы барлық сұраныстар
жазбаша түрде осы Саясатты ұстаушыға жіберілуі тиіс. Саясатты
ұстаушы оған баға беруі және әрбір сұраныс бойынша жеке тиісті
шешім қабылдауы тиіс. Ерекше жағдайлар тиісті түрде тіркелуі және
құжатқа түсірілуі тиіс.
САЯСАТТЫ ҚАЙТА ҚАРАУ
Осы саясатты Атқарушы комитет екі жылда кемінде бір рет
қарауы және бекітуі тиіс. Саясатқа өзгерістер Атқарушы
комитеттің мақұлдауымен кез келген уақытта енгізілуі мүмкін.
Осы Саясаттың ағылшын тіліндегі мәтіні мен оның аудармасы
арасында қандай да бір айырмашылық болған жағдайда,
ағылшын тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.
ІЛЕСПЕ
САЯСАТТАР
ЖӘНЕ
НҰСҚАУЛЫҚТАР
Carlsberg (COM) операциялық нұсқаулығы;
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік стандарттары және
залалдың алдын-алу стандарттары;
Еңбекті қорғау, қоршаған орта және SHAPE
(Safety, Health and Environment Assessment Program Excellence)
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жоғарғы көрсеткіштерге қол
жеткізу бағдарламасы;
Жауапты тұтыну жөніндегі саясат;
Дағдарысқа қарсы басқару жөніндегі саясат;
Тәуекелдерді басқару саясаты;
Сақтандыру жөніндегі нұсқаулық;
Қауіпсіздік саясаты;
Іскерлік сапарлар қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық.
БАЙЛАНЫСТАР
Қосымша ақпарат алу үшін Топтың еңбекті қорғау және
қауіпсіздік департаментіне жүгіну керек.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі саясат
6
ОРЫС ТІЛІНДЕГІ НҰСҚА
Қаңтар 2018 ж.
Carlsberg Breweries A/S
100 Ny Carlsberg Vej
1799 Copenhagen V
Denmark (Дания)
Достарыңызбен бөлісу: |