«Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу


Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



бет2/4
Дата02.01.2022
өлшемі250.86 Kb.
#340
1   2   3   4
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЗТМО-ға құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ұсынылған құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргізілген жағдайда, 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешім қабылдаудың кешіктірілуі және шешім қабылдауды ұзарту мерзімдері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда хабарлануға тиіс.

2) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ЗТМО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылдауды кезекші мамандар жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) ЗТМО-ға не ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ЗТМО-да не ХҚО-да:

еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

3) жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін куәландыруды жүргізу және белгілеу туралы мәліметтер;

4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер.

Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

4) асыраушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі;

5) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қарым-қатынасын растайтын құжаттардың, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, қайтыс болған асыраушы балаларының туу туралы, асырап алу туралы куәліктердің көшірмелері;

6) отбасы мүшелері күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтама (жыл сайын оқу жылының басында жаңартылады);

7) қорғаншы етіп тағайындау туралы анықтама (қажет болған кезде);

8) куәландыруды жүргізу және мүгедектік тобын белгілеу туралы мәліметтер (он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда);

9) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер.

Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы не ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы;

4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

ЗТМО-да:

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1 көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнынан әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы анықтама (анықтамалар);

5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:

1) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

2) салық органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісі;

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

3) баланың (балардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі;

4) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

6) бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінің үзінді көшірмесі;

7) бір жасқа толмаған балаға (балаларға) қорғаншылық белгіленген жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешімінің көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттардың, баланың (балалардың) туу туралы куәлiктерінің көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға:

ЗТМО-да – тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтініш;

2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.


3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ЗТМО, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО, ХҚО басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.


Каталог: upload -> files -> Proekty standartov
Proekty standartov -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
Proekty standartov -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
Proekty standartov -> «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»
Proekty standartov -> «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Proekty standartov -> Стандарт государственной услуги «Выдача справки о временной нетрудоспособности с медицинской организации, оказывающей первичную медико-санитарную помощь»
Proekty standartov -> Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер
Proekty standartov -> «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық диспансерден анықтама беру»
Proekty standartov -> «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»
Proekty standartov -> «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»
Proekty standartov -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы