Жоба
«Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);
2) еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО).
Достарыңызбен бөлісу: |