Е. Б. Қанағатовтың Қазақстан Республикасы Парламентінде допингке қарсы жұмыс жөніндегі сөзінің тезисі



Дата04.08.2022
өлшемі44.5 Kb.
#278043
Байланысты:
Доклад Канагатов
С. И. ВАЛЯНСКИЙ Теория информации и образование., 8 зертхана Көміртегі және оның қосылыстары, Тұлға психологиясы ПСИ ВВ ССО, Тұлға психологиясы ПСИ ВВ ССО, Педагогикалық технология, УМКД Корпфинансы 14 ко, 1 Лекция, 22.10.21, Әлеуметтік зерттеу - дайындалу мәлеметтер (2), Әлеуметтік зерттеу - дайындалу мәлеметтер (1), Әлеуметтік зерттеу - дайындалу мәлеметтер (1), ФОӘ СӨЖ, ФОӘ СӨЖ, Әлеуметтік зерттеу - дайындалу мәлеметтер (1), Жамбыл Ақниет иок-201 бағдарламалау


Е.Б. Қанағатовтың Қазақстан Республикасы Парламентінде допингке қарсы жұмыс жөніндегі сөзінің тезисі

ДОПИНГПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ШАРАЛАР


Қазіргі уақытта допинг мәселесі заманауи спорттың ушықты мәселелерінің біріне айналған.
Допинг спортқа, сонымен қатар оған қатысы барлардың бәріне зиянын тигізеді. Жасанды жолмен спорттық нәтижелерді жақсартатын дәрі-дәрмекті пайдалану, спорттың негізгі моральдық және әдептілік қағидаттарына нұқсанын келтіреді. Допинг бекзат болмысты спорттың әділетті түрде өтуі тиіс қағидасына қайшы. Ол, сонымен қатар, спортшының денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймайды, спортқа деген сенімге сызат түсіреді.
Спорттың тазалығы, бұл – барлық мүдделі тараптардың, күллі спорт саласындағы әлеуметтің негізгі жұмысы. Сондықтан,

  • Спорттағы допингпен күрес туралы Халықаралық конвенцияны ратифициялаған мемлекет, спорттағы допингпен күрес жөніндегі міндеттер мен құқықтарды өзіне қабылдайды.

  • Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Олимпиадалық Хартияны және Бүкіләлемдік Допингке қарысы Кодексті тани отырып, допингке қарсы қозғалыстың қатысушысы болып табылады.

  • Халықаралық спорттың қабылдаған ережелерін бұзғаны үшін спортшы жауапкершілікті түсініп және қабылдауы қажет.

  • Спортшының айналасындағы жақын тұлғалар – жаттықтырушылар, медицина қызметкерлері. Олар өз кезегінде әділетсіз жолмен қол жеткізген нәтижелер ерте ме, кеш пе спортшының ғана мансабына кесірін тигізіп қоймай, өздерінің де абыройларын төгетінін білуі тиіс.

Біздің қызметіміздің допингке қарсы аспектісі үнемі жадымыздан шықпағаны жөн. Спортшыларымыздың денсаулығына залал келтіре отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуға жол берілмейді. Табанды түрде таза спортты қолдау жөнінде жұмыс жүргізіліп келеді. Қазақстанның Олимпиадалық Комитеті тек таза спортшыларға қолдау білдіреді.
Ұлттық Олимпиадалық Комитеті тұрақты негізде допингке қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмысты қолға алған. Спорттық медицина және антидопинг жөніндегі департамент 2018 жылы Ұлттық құрама командаларда жұмыс жасау үшін спорттық дәрігерлерді жұмылдырды. Олар өз қызметтерінде допингке қарсы талаптарды қатаң сақтап және командада допинг қолдануға қарсы іс-қимыл жөнінде жұмыстар жүргізіп отыр. Спортшыларды фармакологиялық қамтамасыз ету кезінде күллі емшаралық дәрі-дәрмектер Бүкіләлемдік Допингке қарысы Агенттік тиым салған тізімдегі дәрі-дәрмектермен мұқият салыстырылады.
Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Олимпиада, Азия ойындары, Жеткіншектер Олимпиада ойындары, халықаралық турнирлер мен әлем чемпионаттары алдында антидопинг және ине қолданбау саясаты мәселесі жөніндегі ұйымдастыру комитеті және медициналық штабымен бірлесе жұмыс жасауда.
Ұлттық Олимпиадалық Комитеті ұйымдастырушы комитеті ұсынған барлық ұстанымды, ережелер мен талаптарды мемлекеттік және орыс тілдеріне аударады. Осы аталған антидопинг жөніндегі құжаттармен міндетті түрде спорттық федерациялар мен спортшыларды таныстыру шараларын жүргізеді.
Сонымен қатар, Бүкіләлемдік Допингке қарсы Агенттігінің жариялаған маңызды мақалалары мен жаңалықтарын мемлекеттік және орыс тілдеріне аударып, Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында жариялап отырады.
Бұдан бөлек Ұлттық Олимпиадалық Комитеті допингке қарсы орталықтармен тығыз байланыста, ірі жарыстар алдында спортшыларды сынақтан өткізуге ықпалдық етеді.
Ұлттық допингке қарсы орталықпен бірлесе жұмыс істеу – жоғары жетістіктер және жеткіншектер спортындағы допинг қолдануды жоюға көмектеседі. Халықаралық жарыстарға қатысқан кезде біздің спортшылар еліміздің абыройына нұқсан келтіретін допинг-дауынан алшақ болуы тиіс.
Олимпиадалық хартия олимпиада қозғалысына қатысушы барлық елдерді допингпен күрес саласында жұмыс жүргізуге шақырады. Бұл ретте Ұлттық Олимпиадалық Комитеті антидопинг мәселесі бойынша спорттық дәрігерлерді ұлттық құрама командалардың жауапты тұлғасы етіп белгілеген. Олардың біліктілігін арттырып және спорттық федерацияларда допингке қарсы бағдарлама жөнінде ақпарат тарату – жүйелі жолға қойылды.
Спорттағы допинг қолдануды жою – біздің спортшыларға айыппұл салып және оларды ұзақ мерзімге жарысқа қатысу құқынан айырудан бойды аулақ ұстауға мүмкіндік береді. Спортшыларды жарыс жолынан шеттету олардың спорттық бейімінің жоғалуына алып келеді. Көптеген спортшылар бұдан кейін жоғары жетістіктерге қол жеткізе алмайды, сонымен халықаралық жарыстарға қатысуын тоқтатады. Ал, жоғары білікті спортшыларды әзірлеу – айтарлықтай шығындар мен уақытты қажет ететіні белгілі.
Ұлттық Олипиадалық Комитеті, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеп жатқан Қазақстан Республикасындағы допингке қарсы ереженің жобасына өз ұсыныстарын ұсынып, оның уақыт талабына сай әзірленуіне белсене қатысты.
Тыңдағандарыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру