Сара ЕСЖАНОВА, үй шаруасындағы әйел:
– Менің әпкем анамызға қолғанат бола білумен қатар үш інім мен мені өгіздей өрге сүйрегенін бүгінде жасым алпыстан асқанда жаңа түсінгендеймін. Әпкем Дана біз ес біліп, тәй-тәй басқан кезімізде қасымызда болды, үнемі бауырмалдық танытты. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі жол апатынан көз жұмған кезде де шыдамдылық танытты. Өзі бақилық болғанға дейін қайтыс болған күйеуінің туыстарымен де байланысын үзген емес. Барлығына көңіл бөліп, той-жиындарынан қалмады. Қазіргі күні ол кісі көрсетіп кеткен үлгі-өнегесін асқан сағынышпен, қимастық көңілмен еске аламыз. Ойлап отырсам ең жақын, басымызды сүйеген анық жанашырымызға көзі тірісінде бауырлары болып бір жылы сөз де айтпаған екенбіз. Енді соған қатты өкінемін.
Достарыңызбен бөлісу: |