Дулат Исабековты



бет1/6
Дата11.04.2022
өлшемі82.17 Kb.
#220200
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дулат Исабековтың
интерференция

Дулат Исабековтың "Әпке" шығармасында ата-аналарынан ерте айырылған жетімдер туралы айтылады.Бірақ оларды жетімдер деуге келмес .Себебі, бауырларына ата-ана да,әпке де бола білген үйдің үлкені Қамажай атты әпкелері бар.Қанша бастарынан қиындық өткедерімен әке шешесінің орнын жоқтатпай бауырларының аяқтарынан тік тұрғызып,қатарынан қалдырмауға тырысты.Олардың бәрін оқытып, тоқытып тіпті кіші інісін үйлендіріп бөлек үйге шығарып берді.
Бұл шығармадан үлкен тәлім-тәрбие алуға болады.Әпкесінің Бауырларына деген махаббаты қамқорлығы туралы айтылады.Тіпті қазіргі кезде әпке болмақ түгілі өз балаларын тастап кете баратын көкек аналар қаншама.
Менде Қамажай секілді үйдің үлкенімін. Артымда еріп келе жатқан үш бауырым бар. Оларға өз бойымдағы бар жақсы қасиетімді көрсетіп, дұрыс тәлім-тәрбие беру менің әпкелік парызым деп білемін.

Әпке образын сомдаған бірден-бір үздік шығарма жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің «Әпкесі» болып табылады. Шиеленісті түрде жазылған әрі терең философиялық мағынаға ие болғандықтан, әлі күнге дейін осы кітап көп адамның сұранысын тудыратыны анық. «Әпке» – 1970 жылдардың оқиғасы, 1977 жылы жазылып, 1978 жылы М.Әуезов атындағы театрда қойылды. Содан бері сахнадан түспей келе жатыр. Әпкенің еңбегі, өз бақытынан бас тартуы, бауырларына адал болуы, соңында жалғыз қалуы сияқты негізгі оқиғалары қамтылған.


Басты кейіпкер – Қамажай алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор болғандығы туралы айтылады.  Ата-анасынан жастай айырылған ол – өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп, жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке: «Қабен ол…ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар…» деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз.

Туындыда ата-анасынан ерте айырылған бір отбасындағы бес баланың басқа түскен қиындықтарға мойымай, өмірден өз орындарын тапқаны баяндалады. Бір ата, бір анадан туса да, мінездері әрқилы ұл-қыздарды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бағып-қаққан шаңырақтың үлкені Қамажай – бауырларының бақыты үшін өмірлік қызығынан бас тартып, артынан ерген іні-сіңлілерінің жолына барлығын құрбан етуге даяр мейірімді жан. Өрімдей ұл-қызға әке мен шешені жоқтатпаған әпкенің еңбегі еш кетпейді. Өмірге құштар бола тұра соңынан ерген қаралары үшін өз өмірін құрбан еткен жандар бүгінгі таңда да арамызда кездесіп жатады. Барлық адамдар секілді әпкелер де сан қилы. Елгезек, ырымшыл, күдікшіл әрі кіді мінез иелері, кейде жөнсіз шашпа-төкпелікке, асқақтыққа әуестері де болады. Бауыры үшін қолда барын беруге әзір мәрттері де көп. Отбасындағы баланың үлкені болғандары ешкімнен рақым-шапқат күтіп, жәрдем сұрамайды. Нендей жақсылыққа да тек өз күшімен жетуді қалайды. Сана-сезімі, ақыл-ойы жетік, сезімі нәзік осындай байқампаз да білімді әпкелердің талайы жоғары білім беру және медицина саласында еңбек етіп жүр. Біз білетін талай әпкелердің тындырымдылығы мен күш-жігеріне таңдай қақпасқа шара жоқ. Ұсақ-түйекке назар аудармайтын, пенделік күйкіліктің қандайынан болса да биік тұратындарға кез келген жауапты тапсырманы жүктеуге болады. Сонымен бірге отбасын құрған әпкелеріміз ұқыптылық пен жауапкершілікті қатар ұстай отырып шаңырақтағы құт-берекені, тыныштық пен мамыра-жайлықты сақтай біледі. Сонымен қатар ептеп аңғалдау, бала мінезділеу болып келетін әпкелеріміз де жеткілікті. Қалай дегенде де, әпкелер әрдайым сіңлілері мен інілері үшін жақсы үлгі-өнеге көрсете біледі. Мәселен, іскер әйелдер қауымдастығы саясат, мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да салалардағы іскер әпкелеріміздің басын біріктіріп отырғанына күмәніміз жоқ. Олардың қызметі қоғамдағы әйелдің жоғары дәрежесін қалыптастырып, әйелдердің әлеуметтік және өмірлік бағдарын айқындап, өмірлік жар табуға жәрдемдесетінін де айта кеткеніміз жөн.

Бүгінгі таңда әпкелерді «тәте», кей кезде тіпті «әпше» деп атайтын жағдайлар жиі кездеседі. «Әпке» дегеннің өзі «апа-еке» деген екі сөздің қосындысы екенін естен шығарып алған сияқтымыз. «Тәтенің» орнығып алғаны сонша, алпысты алқымдаған әйелдерге апа десең, атынан құлап қалғандай ашуланатындары  бар. «Апа деме, мен саған апа бола қойған жоқпын» деп жер тепкілеп шыға келеді. Бұл көп жағдайда немерелері әжесін апа дегендіктен, өз шешелерін тәте деп амалсыз ауыстырғанынан шыққан үрдіс екені байқалады. Енді не дейін десең, «тәте де» дейді. «Тәтесі» «апаға» қарағанда жастау адамға арналған атау екен. Тәрбиелі адам әр жас ерекшелігін сол жасқа сай қабылдай білуі керек, кейбір сары қарын бәйбішелердің санасын еуропалықтардың бір-біріне «қыздай болып кетіпсің» деп өтірік мүләйімситін жәдігөй сөздері әбден жаулап алған секілді.  Егер тек әпкелерін ғана «тәте» десе, мақұл дер едік, бірақ шешесін, жеңгесін, әпкесін барлығын бір тәтемен атайтын адамдарды әлі күнге дейін түсінбей қалдық қой.

Ана сәбиі дүниеге келгеннен жігіт болып ат жалын тартып мінгенше баласының қасында болады, баланың тілі де, тәрбиесі де сол анасына қарап қалыптасады. М.Әуезовтің «Ел боламын десең, алдымен бесігіңді түзе» дегенінің жаны бар сөз екенін осыдан-ақ ұғуға болады. Сондықтан балаға анасы қалай үйретсе, ол солай қабылдайды.  «Тәте» деп айт десе, ол анасын да тәте деп атап жүре береді. Ал баяғы апа, жеңге, әпке деген қазақы асыл атаулардың бәрі тәтенің тегеурініне шыдамай, түте-түте болып, ұмытылып барады. Бұлай кете берсе, енді бір қырық-елу жылда қазақ барлық әйел атаулыны «тәте» деп қана атайтын шығар. Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы таныстарыммен әңгімелесіп отырып: «Осы «тәте» деген сөз сіздерге қайдан келген?» десем, «ол бізде баяғыдан бар сөз, «тәте» деп еркекті атайтын сендер ғой» деп  бір ақсақал сөзге белсене араласты. Мен онда Үмбетәлі ақын неге Жамбылды «Жамбыл тәтем» деп атаған десем, ол кісі оны білмейтін болып шықты. Үмбетәлі ғана емес, Кенен ақын да, сол қатарлылардың барлығы Жәкеңді «тәте» деп атаған. Олар ұлы ақынды, өздерінің ағаларын солай құрметтеген. Сонда «тәтенің» пайда болғанына көп уақыт бола қоймаған болып тұр ғой. Абай шығармаларын оқып отырып әйел баласына қарата айтылатын «тәтені» кездестіре алмадық, «Абай жолы» эпопеясында да «тәте» жоқ, ХІХ ғасырда өмір сүрген ақындардың ешқайсысынан өздерінің әпкелерін «тәте» дегендерін оқи алмадық. Халқымыздың басқа жұртқа ұқсамайтын айрықша қасиеті – бауырмалдылық. Өкінішке орай, кейінгі жылдары біз өзімізге ғана табиғи тән осы қасиетімізден де ажырап бара жатқандаймыз.



Жалпы әдебиет әлемінде өкінішке орай әпке бейнесін сомдаған шығарма жоқтың қасы. Тіптен әпке тақырыбындағы әндерді де естімейміз. Тек мерзімді басылым беттерінен әпкеге арналған жоқтауларды оқып қалатынымыз бар. Олардың бәрінде де өң мен түстей күй кешкен жандар әпкелерінің жасаған жақсылықтарын, отбасында бас болып, азамат атанулары үшін шыр-пыр болып жүргендігін, төккен терін баяндап жатады.
Әпекем-ай,
Ардағым-ай.
Теңдесі жоқ
Жайнап тұршы,
Күндей жарқын, – деп соңғы кезде әншілер Жұбаныш Жексенұлы пен Мақпал Жүнісова әпкенің асыл қасиеттерін, қамқорлығын әнге қосып әуелете шырқап жүр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан