Доклад Тақырыбы: Жасыл экономиканың ғаламдық тенденциялары Орындады: Баязитов О. С. Тобы: б-201


«Жасыл экономикаға» көшуді жүзеге асыру үшін, жеткілікті деңгейде құралдар шоғыры ұсынылды



бет2/2
Дата05.05.2023
өлшемі74.55 Kb.
#561358
түріДоклад
1   2
Байланысты:
Жасыл экономиканың ғаламдық тенденциялары
Уровень В1 Тема Стиль жизни (особенности труда, досуга, общения,-melimde.com (1), диаграмма
«Жасыл экономикаға» көшуді жүзеге асыру үшін, жеткілікті деңгейде құралдар шоғыры ұсынылды:
- нәтижесіз субсидиялардан бас тартуды, табиғи ресурстарды ақшалай түрде бағалауды және қоршаған ортаға зиян келтіргендерге салықты енгізуді қоса отырып тұрақты даму критерилеріне сәйкес баға белгілеу;
- экологиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді көтермелейтін өндіріс мемлекеттік сатып алу саясаты;
- «экологиялық» салық салу жүйесін реформалау;
- «жасыл» инфрақұрылымға (қоғамдық көлік, жаңартылған энергия көздерін, энергонәтижелі ғимараттар құрылысын қоса) және қалпына келтіру, қолдау үшін табиғи капиталға мемлекеттік инвестицияны көбейту және бұл қай жерде қажет, солардың көлемін ұлғайту;
- экологиялық таза технологияларды жасауды дайындау мен зерттеуді қолдаудың мақсатты мемлекеттік бағдарламалары;
- әлеуметтік, экологиялық және экономикалық стратегияларды келісу;
Бір қарағанда барлық экономикалық жүйені толық масштабты қайта құру міндеті ауыр болып көрінгенімен, «жасыл» экономикаға көшу арагідік жекелеген елдер мен аймақтар аумағында болып жатыр. Егер қоршаған ортаның бағасы туралы шетелдік баяндамаларға талдау жасасақ, онда экономиканың «көгалдануының» басым бағыттарын атауға болады: энергия тудыру және сақтау, энергетикалық инфрақұрылым тұтастай және энергонәтижелілік, көлік, су және ағынды сулар, құрылыс және материалдар, өндіріс және өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, рециклинг және қалдықтар.
Жасыл» экономика жаңа ғасырдың жетістігі. Мұның нәтижесінде табиғи ресурстар да ысырап болмай, тиісті деңгейде пайдаланылады. Себебі, бүгінде қуат көзінің шамадан тыс қолданылуы үнемшілдікті ұмыттырып барады. Жаңа технологияның арқасында бірқатар балама қуат көзі пайда болды. Мәселен, кейбір елдерде жел, күн энергиясының өзінен қуат көзі алынады. Балама қуат көзі дербес экономиканы қалыптастырады. «Жасыл» экономиканың тиімділігін арттырып, энергия көзін үнемдеуді қамтамасыз етеді.
Бұл түйткілдің бәрі 2014 жылы күшіне енген «Жасыл экономика туралы» заңда жан-жақты айтылған. Бұл бойынша баламалы энергия қорын тұтынушы халықаралық ұйымдар арнайы стандарттық жүйеге орай энергия менеджменті жүйесін енгізуге тиісті. Демек, заң табиғи ресурстарды өз орнымен қолданып, инфрақұрылымды дамыту, халықтың тұрмысын арттыру, сондай-ақ, соңғы кезде әлем болып алаңдап отырған су қауіпсіздігі мәселесін шешуді қарастырады.
Шын мәнінде, «жасыл» экономика, су мәселесі ғаламдық түйткіл. Осыдан екі жыл бұрын БҰҰ өзінің тұрақты даму бағдарламасын қабылдаған кезде бүкіл дүниежүзін қауіп-қатерден сақтау, қорғау мәселесіне басымдық берді. Атап айтқанда, әлемде өмір сүріп жатқан халықтың әл-ауқатын жақсартуға байланысты жиырмаға жуық міндет жүктелді. Мұның ішінде біз айтқан жайттардан бөлек, ғаламшарды ұстап тұрған бірқатар басымдықтар бар. Ол әлгінде ғана айтқан су тапшылығын жою, жер бетіндегі халықтың әлеуметтік тұрмысын арттыру, энергия көзін ұтымды әрі тиімді пайдалану. Яғни, Қазақстан да бұл мәселені БҰҰ қабылдаған қарарлар мен бағдарламадан тыс шеше алмайды. 2016 жылдың басында БҰҰ-ның тұрақты даму ғаламдық мақсаты қабылданды. Әлемдік көшбасшылар тарапынан ғаламшарды сақтауды қамтамасыз ету мен оның халқының әлеуетін арттыруға бағытталған 17 негізгі мақсат айқындалған. Қазақстан жасыл экономика принципін тек елдің ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де жемісті түрде енгізуде. Осы жобаны сәтті жүргізу үшін «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы қолға алынды. Мұндағы мақсат экологияны басымдыққа ала отырып, су, жер, сол сияқты табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Яғни, жергілікті халықтың жағдайын ескере отырып, жаңа экологиялық технологияларды енгізуге күш салу.
Экологиялық таза экономиканы ынталандыруға Оңтүстік Корея үлгі болды, ол ұлттық стратегия ретінде «жасыл өсімді» таңдаған бірден-бір мемлекет және ұлттық стратегия ретінде «жасыл өсім» концепциясын жүзеге асыруды жариялаған бірінші ел болып табылады. Бұл стратегия шеңберінде үш элементке ерекше көңіл бөлінеді: өнеркәсіпке, энергетикаға және инвестицияға. Стратегия энергиялық ресурстар мен өзге де ресурстардың барынша аз қолданылуы кезінде өндірілетін экономикалық қызмет масштабтарын сақтауды; барлық қолданылған энергия мен ресурстар түрлерінің қоршаған ортаға ең төменгі қысым деңгейіне жинақтауды және табиғатты қорғау қызметі мен экономикалық өсімнің қозғалыс күшіне инвестиция тарту үшін шаралар қолдануды көздейді.
Қытайда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 3 % жел және күн энергетикасын дамытуға, энергияны үнемдеуге жұмсауда шешімін тапты. «Жасыл даму» бөлімі Қытайдың 12-ші бесжылдық жоспа-рында (2011-2015 жж.) елдің неғұрлым «жасыл» экономикаға алға басу бағытын өте нақты көрсетеді. Бұл жоспар салалық және субұлттық деңгейдегі саясаттың мақсаты мен бағдарын белгілейтін ұлттық стратегиялық жол картасы болып табылады. Жасыл даму мынандай алты стратегиялық бағытты көздейді: климатты өзгерту, ресурстарды үнемдеу және оларды басқару, экономикадағы ауыспалы айналым, қоршаған ортаны қорғау, экожүйені қалпына келтіру және қорғау, су ресурстарын қорғау және табиғи апаттардың алдын алу. Бұл бағыттармен бірнеше жаңа міндеттемелік мақсаттар байланысты, мысалы, 11ші бесжылдық жоспардан сақталған мақсатқа қоса 2015 жылға жалпы ішкі өнім бірлігіне 17 % көміртек шығындыларын қысқарту қажеттілігі, 2015 жылға ауаға азот шығындылары мен оның тотықтарын 10% қысқарту қажеттігі.
Қабылданған 5 жылдық жоспар сонымен бірге нақты саяси бағдарларды да айқындап берді, сондай-ақ энергонәтижелі технологияларды көрсету және тарату бағдарламалары энергияны үнемдеу сияқты, жаңа өсу мүмкіндіктерінің де қозғаушы күші болып табылатындығы көрсетілген.
Еуроодақта сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға көшуге байланысты 2050 жылға дейінгі кезеңге бағдарлама қабылданды. Бағдарлама 2030 және 2050 жылға дейінгі секторлар бойынша парниктік газ шығындыларын қысқарту мақсатын қояды (сәйкесінше 40-44 және 79-82 %). Одан басқа бағдарламада осы және басқа да мақсаттарға жету үшін жасалатын шаралар қарастырылған, мысалы, жанар-жағар майға шығындарды азайту (жыл сайын 175–320 млрд евроға).
Одан соң, Ұлыбританияның бизнес-қауымдастығының өкілі ретінде «жасыл» өсімге қатысты мемлекеттік бағытты декларацияда анықтап көрсету, оның негізгі бағыттарын айқындау және осы саланы экономикалық реттеудің жаңа құралдарын қабылдауға қатысты дайындалып жатқан жоспарлар туралы бизнесті хабардар ету туралы үкіметке өтініш білдірді, 2011 жылы осы елдің «жасыл» экономикаға көшуге қатысты «маршрут картасы» жасалды және жарияланды. Көбісі бұл құжатты нақтылығы жеткіліксіз деп айтқанымен, онда бизнес пен мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшудің қандай нысанына ықпал ете алатындығы туралы ұсынымдар берілген. Мысалы, британдық бағдарламада «жасыл» сала үшін оқыту мен біліктілік жетілдіру бағдарламасын дамытуда жергілікті кәсіпкерлік серіктестіктің (LEP) рөліне көңіл аударылған. Бұл қызық тәжірибе аймақты дамыту мен инновацияны дамыту стратегиясын айқындауда түрлі аудан-дардың бәсекелестік басымдықтарын айқындау үшін жергілікті билік пен бизнес арасында серіктестік құрумен байланысты. Мысалы, Жаңа Англияның LEP-і «жасыл» өсімнің көшбасшысы рөліне берілген. Бұл серіктестіктің міндетіне «жасыл» өсім үшін негізгі тәуекелдерді анықтау, экологиялық инновацияларды қолдау механизімін жасау және т.б. кіреді. Серіктестіктің мақсаты экологиялық тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы үшін инфрақұрылымды қолдау болып табылады, осыған байланысты бес жылға оның нарықтық құнын 617 млн фунт стерлингке көтеру ғана емес, сонымен бірге 4 мың жаңа жұмыс орнын құру да жоспарланған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі