Дүниетануды оқытуда ойын технологиясын пайдалану тәсілдері

Loading...


бет5/5
Дата09.04.2020
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5

3-топ. Оқушылардан алынған тестік тапсырмалар қорытындысы бойынша

1кв- экспериментке дейінгі көрсеткіш



2кв- эксперименттен кейінгі көрсеткіш

Жүргізілген эксперимент нәтижесінде орташа деңгейдегі оқушылар санының сапасы төмендеп, өте жоғары нәтиже берген оқушылар санының сапасы жоғарылады.

Жүргізілген тәжірибелік эксперимент жақсы нәтижелер берді. Бұл оқушылардың білім деңгейлерінің жоғарылауына, өз ісіне жауапкершілікпен қарауына мол мүмкіндіктерге қол жеткізді. Олай дейтін себебіміз қалыптастырушы эксперимент материалдарын талдау нәтижесінде эксперимент тиімділігін анықтаудағы материалдардан көрініс тауып отыр.

Тапсырмаларды орындауға деген қызығушылығын, оқушыларға берілген сұрақтарға жауаптарды талдай келе көзіміз жетті. Қалыптастырушы эксперимент барысында жүргізілген сабақтардың баланың білім деңгейін арттыруға арналған дұрыс таңдалынып алынған жұмыс екендігін аңғардық.

Оқыту процесінде ойын технологиясын үнемі пайдануда оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін артып қана қоймай берілген материалды тез, жеңіл ұғынуға мүмкіндік беретіндігіне көзіміз жетті.

Осылайша тәжірибелік –эксперименттің жақсы нәтиже беруі себебін зерттеудің алға қойған болжамының дұрыстығымен түсіндіруге болады, яғни дүниетануды оқытуда ойын технологиясын пайдалануға болады, ол бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін, ізденімпаздығын, қызығушылығын арттырады.




Қорытынды

Адамның дамуы күрделі және үздіксіз мәселе екені айтыс тудырмайды. Бастауыш сыныптарды оның бастапқы негізін қалыптастыру мұғалімнің шығармашылығына тікелей байланысты.

Жеке тұлғаны оқыту процесі негізінде қалыптастыру мұғалімнің педагогика-психология ғылымдарының соңғы жетістіктерін мектеп тәжірибесіне жедел енгізуді талап етеді.

Сонымен қорыта айтқанда, бүгінгі күні үшінші мыңжылдықтың, жаңа ғасырдың жастарына жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты борышы.

Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау дүниетану сабақтарында оқушылардың экологиялық білімдерін арттыру мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың маңызды және көкейтесті мәселе екенін көрсетіп отыр.

Алдымызға қойылған мақсатты зерттеу барысында 55 ғылыми педагогикалық, психологиялық, мерзімді басылымдар, әдістемелік әдебиеттер қарастырылды.

1 тарауда экология сөзіне түсініктеме, анықтама, оның зерттелу тарихы туралы түсініктер беріліп, экологиялық білімді бастауыш сыныпта қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылды.

2 тарау бойынша жаңа технология ұғымына зерттеуші ғалымдардың берген анықтамалары беріліп, қазіргі өркендеген заманда жаңа технологияның алатын орны, Сорос-Қазақстан бағдарламасының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Ойын» технологиялары туралы түсінік жазылып, дүниетану сабақтарында оқушылардың экологиялық білім деңгейлерін арттыру мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясын, ұстаздар іс-тәжірибесінде қолдануын қарастырдық.

Жоғарыда айтылып кеткендерді ой елегінен өткізіп, көңіл таразысына салып, мынадай қорытындыға келдік. Айналадағы қоршаған ортаны қорғау мақсатында оқу үрдісінде белсенді әсер ететін фактор оқушылардың экологиялық ойлау қабілеті. Енді осы қабілеттерді дамыту үшін «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының көптеген стратегияларын әр сабақта қолдану тиімді екенін білдік. Егер ұстаз дүниетану сабақтарында оқушылардың экологиялық білімдерін арттыру мақсатында стратегияларды сабақтың мақсатына сай, жүйелі түрде балалардың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып қолданса, оқушылардың өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалады, күші мен ептілігін арттырады, дүниетанымын қалыптастырады, ынтасын, пәнге қызығушылығын, логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Оқу процесінде жаңа технологияларды қолданудың бала ақыл-ойынның дамуы үшін маңызы зор. Дүниетану сабақтарында қолданылатын жаңа технологияның стратегиялары баланың тіл байлығын, таным қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, оқушылардың өзара достығын, бір-біріне деген жауапкершілігін арттырады.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» егеменді еліміздің ертеңі болар жеткіншектерді жаңа заман талаптарына сай оқытып, тәрбиелеу, өмірге әзірлеу сияқты жауапты міндеттер – үлкендердің қолындағы іс.

Қоғамның, ой-санасының биіктеп өсуі, жаңа сапалық деңгейде шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, өркениетті елдердің қатарына қосылуы – жаңа заманның жастарынан өзіндік таланты мен табиғи қабілетін жетілдіріп қана қоймай, олардың жаңашыл болуын, үнемі шығармашылық ізденістер үстінде болуын талап етеді.

Білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси –экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеті мазмұны өзгерді. Бұл оқыту мен тәрбиелеу технологиясын да өзгертуді, жаңашылдық тұрғыдан қарауды қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін барлық жұмыс –балалардың денсаулығын сақтау және жеке тұлғаның сезімдік өсіп-өнуінің сәтті болуына бағытталуы тиіс. Міне сондықтанда бастауыш сыныпта дүниетануды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қолайлы әрі тиімді.

Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін ұстап, іденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде қуанып, ренжиді, достарымен дұрыс қарым –қатынас жасауға қалыптасады, жолдастыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиеленеді. Сондықтанда сабақ үстіндегі ойындар баланың ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, оқу әрекеті белсенділігін арттыратындай ойындарды ұйымдастыру мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.

Алғашқы кезеңде оқушылар мектеп өміріне енуде, өз құрдастарымен қарым –қатынас жасауда түрлі қиыншылықтарға тап болады. Мұндай кезде мұғалім оқушылардың достығын нығайтатын қызықты іс-шаралар ұйымдастырып, оған оқушылардың белсене араласуын қамтамасыз етеді. Осындай іс-шаралардың бірі оқыту процесіндегі ойын әрекеті.

Ойын түрінде мұғалім үйрететін тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын ситуцияларын туғыза отырып, әр түрлі заттарды көрсету арқылы сурақтар қойып, затты көрсетіп,түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Ойындарды барлық сабақтарда қолданады.

Міне оқыту процесінде ойын технологиясы арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруда оқу процесінің біртұтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, оқушы зердесіне қоршаған орта оны танып білу тәсілдерін де қалыптастырады. Оқушының жалпы дамуына жағдай жасайды. Сонымен бірге дидактикалық ойындар орташа және төменгі қабілетті оқушыларға оқу материалдарының мазмұнын дұрыс түсінуге қолайлы жағдай жасайды. Бұл білім сапасын арттырудың бірден –бір жолы . Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың жолдарын терең меңгерген, орынды, бейімдей қолдана білетін болуы шарт. Сонымен бірге күнделікті тәжірибе барсында ойындар арқылы оқушы белсенділігін арттыруға болады. Ол үшін жүйелі , мақсатты, арнайы ұйымдастыру қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы І-ІҮ сыныптар. Алматы Республикалық баспа кабинеті,1997 ж.

  2. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.- Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1998

  3. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев Педагогика .Астана -1998 жыл.

  4. Т.А.Ильина Педагогика –М.,1984

  5. К.Бержанов, С.Мусин Педагогика тарихы Алматы «Мектеп» 1974ж

  6. И.П.Подласый Педагогика М.ВЛАДОС 2000

  7. И.П.Подласый Педагогика начальной школы М.ВЛАДОС -2001

  8. Г.К. Селевко Современные образовательные технологии. НО,1998

  9. С.В. Столяренко Педагогика Ростов на-Дону ,2000

  10. С.Қ.Мұхамбетова педагогика және педагогикалық технологиялар. Ақтөбе,2001

  11. И.П.Пидкасистый, Ж.С.Хайдаров Технология игры в обучении и развитии. Учебное пособие. Москва, 1996

  12. К.Оразбекова Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. А.2000

  13. С.П. Баранов Принципы обучения М.1985

  14. В.И.Загвязинский Педагогическое творчество учителя . М.1987.

  15. Р.П. Скульский Учиться быть учителем. М.1988

  16. Т.Сабыров Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру А.1990

  17. Педагогикалық ізденіс. Құрастырған И.Н.Баженова –Алматы «Рауан»1990

  18. О.Сәдуақасова Ойын сабақ // Бастауыш мектеп 1993-№10 37-бет

  19. А.Әбішева Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері. // Бастауыш мектеп 2003 №3 18-бет

  20. Б.Сүйіханова Ойын түрлері // Бастауыш мектеп 1992-№1 40-бет

  21. К.Ақбаева Дидактикалық ойындар // Бастауыш мектеп 1993-№2 28-бет

  22. Қ.Молдашева Грамматикалық ойындар // Бастауыш мектеп 1995 №12 30-бет

  23. Қ.Ақбаева Дидактикалық ойындарды пайдалану жолдары // Бастауыш мектеп 1992 №7,8,9, 25-бет

  24. Р. Дүйсембекова Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту // Бастауыш мектеп 1999 №10 27-бет

  25. М.Жайлауова, З.Сексенбаева Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану. // Бастауыш мектеп 2004-№6 29-бет

  26. С.Қазиева Оқушылардың ой өрісін дамыту // Бастауыш мектеп 2003 №1 41-бет

  27. Ж.Сәбитова Дидактикалық ойын ана тілі сабақтарында . // Бастауыш мектеп 1998 №3 15-бет

  28. В.Демидова Педагогическая психология М.2003

  29. В.Хуторской Современная дидактика М. 2000

  30. В.А. Сухомлинский Балаға жүрек жылуы А.1975

  31. С.Е. Қаңтарбай Кіші метеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиял

ық педагогикалық диагностикасы А.1999ж

  1. Г.С.Салыкбаева Туған өлке, авторлық бағдарлама А. 2015 -105 бет.


Сабақтың тақырыбы: Топырақты қорғау

Мақсаттары:


Білімділік мақсаты: Топырақты қорғау туралы, топырақ туралы білімдерін арттыру, еске түсіру, жаңа білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіс дағдыларынсыни тұрғыда қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға экологиялық – экономикалық тәрбие беру.
Әдісі: Венн диаграммасы, Раунд - Робин, ЖИГСО, эссе, сарамандық жұмыс, ойын.
Түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Үнтаспа, телевизор макеті, сигналды карточкалар, химиялық ыдыстар.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
«Хабар – жер»музыкасы ойналады.
Жүргізуші:
- Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын.
Эфирде «Хабар - жер»бағдарламасы.
Кең - байтақ қазақ жерінде табиғат байлықтарының аса мол қоры шоғырланған. Жер - құт, береке көзі. Топырақ адамзатты тамақпен қамтамасыз етеді. Сондықтан, топырақты қорғау - басты міндетіміз. Жақында №173 мектепте осы тақырыпта семинар сабақ болып өтті. Енді осы бейне материалымызды назарларыңызға ұсынамыз.
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
2. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беру.
1 - топ Жерді жырту, аударудың қажеті неде?
2 - топ Егілмей, бос жатқан жерлердің жағдайы қандай?
3 - топ Топыраққа қандай тыңайтқыштар беріледі?
4 - топ Венн диаграммасын құру
«Органикалық және минералдық тыңайтқыштар»
Тексеру: 1, 2, 3 - топтарды Раунд - Робин әдісі арқылы,
4 - топты ауызша сұрау.
3. Бекіту
- Топыраққа қай тыңайтқышты берген пайдалырақ деп ойлайсың?
- Неліктен?
4. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау
- Балалар, енді бәріміз көзімізді жұмып, ой қозғап алайықшы.
- Осы бізге, адамзат баласына топырақ қажет пе?
- Оның қажеті қандай?
- Соңғы кездері топырақ азып - тозып бара жатыр дейміз. Сонда жеріміз тозып кетпеу үшін не істеу керек?
(Жердің құнарлылығын арттыру керек, тыңайтқыштар себу керек...)
- Осының бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
(Топырақты қорғау деп атаймыз.)
2. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді 4 топқа бөліп беру.
а) іштей оқу,
ә) топта талқылау,
б) әр топтың лидері мазмұнын айтады.
3. Топтық жұмыс
- Балалар, енді өзімізді бір сәт ересек адамбыз деп ойлап көрейікші. Мысалы, «Егер де мен журналист болсам немесе депутат болсам, топырақты қорғау мәселесін қалай шешер едім?» деп ойланып көрейік.
1 - топ Журналистер
«Топырақ не себепті бүлінеді?»тақырыбына мақала жазу.
2 - топ Корректорлар
Оқушыларға қате құрастырылған шағын мәтіндер беріледі.
Корректорлар тапсырмадағы қателерді табу керек.
3 - топ Депутаттар
- Топырақты қорғау үшін не істеу керек?
(Ұсыныс, пікірлерін айту.)
4 - топ Зерттеуші ғалымдар
а) Топырақ түрлерін анықтау.
ә) Оларға қандай дақылдар егуге болатынын анықтау.
5. Қорытындылау
- Енді ойын ойнасақ қайтеді?
«Ия ма, жоқ па?»ойыны
Оқушыларға сұрақтар қойылады, олар алдарындағы белгілерді көтеру арқылы жауап береді. Дұрыс болса, «жасыл түс», дұрыс емес болса «қызыл түсті» көтереді.
- Егістіктегі зиянды жәндіктерге қарсы химиялық дәрі - дәрмектерді қолдану дұрыс па?
- Неліктен?
- Топырақты судың шаюынан сақтау үшін өсімдіктер егу шараларын дұрыс деп санайсың ба?
- Неліктен?
- Жерді жеке меншікке беру туралы шешімге келісесің бе?
- Неліктен?
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
Мәтінді оқып, мазмұндау.
Жүргізуші:
- Хабарымызды жалғастырамыз, құрметті көрермендер. Эфирде «Хабар - жер»бағдарламасы.
Президентіміз таяудағы үш жылды «Ауылды қолдау»жылы деп жариялады. Жер туралы заңға да үлкен өзгерістер енгелі тұр.
Лайым жақсы өзгерістер болғай!
Осымен хабарымыз аяқталды. Бай, қуатты болайық, ағайын!
Музыка ойналады.

Дүниетану 2 сынып


Тақырыбы: Халықтар достығы
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға Қазақстан Республикасы- көп ұлтты мемлекет екендігін, ондағы ұлттардың достығы , бірлігі, салт-дәстүрлері, мәдениеті туралы түсінік беру;
Ауызекі байланыстырып, жүйелі сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту;
Тиянақтылыққа, ұжымдылыққа, ауызбіршілікке, адал дос бола білуге баулу, этикалық, эстетикалық тәрбие беру;
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, музыка, география
Сабақтың құрал-жабдығы: Суреттер, сызбалар, плакаттар, маркерлер.

Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң достым ,
Қайырлы таң құрбым,
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң,
Кілең бестік болсын!
Түстер арқылы топқа болу
Сабақтың ережесін еске алу
Үй тапсырмасын сұрау.
Мұғалім: Отан –халық жүрегі,
Әр кеудеде тұр ұрып.
Анаң болып күледі,
Келе жатсаң жүгіріп
-Біздің Отанымыз қалай аталады ?
- Қазақстанды неліктен Отан Отан-ана дейтінімізді әңгімеле
Біздің жеріміз қандай?
-Осы сұраққа жауап беру үшін ана тілі сабағында өткен шығармаларды еске алайық.
Оқушылар Отан туралы өлең айтады
3. Ұжымдық шығармашылық жұмыс (үйге Отан деген тақырыпқа сурет, мәліметтер жинап келуге тапсырма берілген)
Слайд ,музыка ойнап тұрады
Әр топ үйден дайындап келген суреттерден Біздің Отанымыз деген тақырыпқа газет шығарады ,оған ат қойып қорғайды
4.Казақстан картасымен жұмыс.
5 .Мұғалім : Біздің Отанымыз кең ,байтақ Казақстан (картадан интернеттен спутникалық антенамен көрсетеді) Осы жерде біздің Қасық ауылымыз,көшеміз,үйіміз де бар.
5.Мұғалім: Ойымызды жинақтап,Отан деген не? Атты сұраққа бір жауап беріп көрейік.
(Ассоциациялар картасын толтыру) .Көпір.

ОТАН Достар

Көшілер

Ата- ана Тұған жер

Мұғалім: Жарайсыңдар , біздің ауылымызда,көшелерінде қандай ұлтты адамдар тұрады ? Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз ?
Жаңа сабақ
Оқушылар дайындап әкелген материалдарын оқиды ,әңгімелейді
Біздің Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет.Жалпы 130 –дан астам ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ қазақтар, ұйғырлар,өзбектер және өзге де ұлт өкілдері өмір сүреді. Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілін, дінін,салт дәстүрін ,мәдениетін сақтауға жағдай жасалған. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүрүді мақсат етуде. Бұл олардың бастарын біріктіреді.
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді өз бетінше оқып ,топ ішінде оның мазмұнын талқылап,баяндап беріңдер
Жоспар бойынша әр топ құрастырған коллаждарын мәтінмен байланыстырып бірлесіп қорғайды.
Сергіту сәті (Тыныштық, бақыт, достық)
Бекіту
1. Мұғалім : Балалар, тыныштық, достық,бейбітшілік деген кезде қай құстың бейнесі көз алдарына келеді ?
2. Қараңдаршы,бізге көгершін хат алып келіпті.Ол хаттың ішінде әр топқа арналған тапсырмалар бар екен. Сендер шатастырылған сөздерден мақал-мәтел құрастырып, оның мағынасын ашып беріңдер.
(Әр топ басшысы ортаға шығып конверт таңдап алады)
Мұғалім: Біздің Отанымыз көптеген ұлт өкілдерінің алтын бесігі. Барлығымыз бір үйдің баласындай бір шаңырақтың астында татулықпнн өмір сүреміз. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып Әр қашан күн сөнбесін әнін айтайық.
Сабақты қорыту:-Плакатқа алақандарыңның іздерін қалдырып тілектеріңді жазыңдар .
- Біз бүгін гі сабақта не үйреніп,не білдік,не білгілерің келеді ?
- Бағалау.Мадақтау.
- Үйге : оқу,әңгімелеу, келесі тақырыпқа мәліметтер жинап келу.

Дүниетану пәні бойынша тест 2-сынып

1.Тірі табиғатты тап.


А) ауа
Ә) жел
Б) жануар
2.Иіс сезу мүшесін тап.
А) көз
Ә) құлақ
Б) мұрын
3.Өсімдіктің қай мүшесі топырақ астында жатады?
А) бұтақ
Ә) жапырақ
Б) тамыр
4.Өсімдік неден көбейеді?
А) тұқым
Ә) жапырақ
Б) гүл
5.Мал қашан төлдейді?

А) қыс


Ә) көктем

Б) жаз


6.Бағдаршам көздері қалай орналасқан?

А) қызыл,сары,жасыл

Ә)сары,қызыл,жасыл

Б)жасыл,қызыл,сары

7.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал.

А) компас

Ә) сағат

8.Судың қасиеттерін белгіле.

А)мөлдір

Ә) ақ


Б)иіссіз

9.Топырақтың құнарлы болуы неге байланысты?

А)құмға

Ә)шіріндіге



Б)тасқа

10.Адамға ең қажетті затты анықта.

А)киім

Ә)ауа


Б)су

11.Жыртқыш жануарларды анықта.

А)сілеусін

Ә)жираф


Б)қасқыр

12.Үш дос» жануарларды анықта.

А)түлкі,қоян,қасқыр

Ә)аю,жолбарыс,борсық



Б)суыр,арқар,шақшақай



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...