Дүниетануды оқытуда ойын технологиясын пайдалану тәсілдері


Дүниетануды оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктері

Loading...


бет2/5
Дата09.04.2020
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5

1.2 Дүниетануды оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктері

«Дүниетану» деп айқын аталмағанымен, қай кезеңде де, бастауыш сынып оқушыларына қоршаған орта, табиғат, адам еңбегі мен тұрмысы жайында білімберіліп келеді. Оқушылардың ойын, тілін дамыту осы қоршаған орта, табиғат материалдарын оқытыр, білім беру барысында жүзеге асырылады. Дегенмен әр кездегі оқу-ағарту саласының алдына қойылған талап пен міндеттерге және қоғамдағы ғылым мен мәдениет жетістіктеріне байланысты дүниетану материалдарының бастауыш сыныпта берілу көлемі де, мазмұны да, оны оқыту әдіс-тәсілі де өзгеріп отырады.

Мінез-құлық арқылы адамның дүниеге көзқарасы, талғамы, эмоциясы, мұқтаждығы байқалады. Талғам қоршаған дүниені тануға, түсінуге талпынады. Талғам күшейген сайын адам тек материалдық мұқтаждығын қанағаттандырып қоймайды, оның рухани мұқтаждығы да дамиды. Неғұрлым қоршаған дүние сырын түсініп, оны меңгерген сайын талғам да өсіп, өзгереді, дүниетаным да кеңейе түседі./6/

Дүниетанымдық деңгейге адамның қабылдау, сезіну, ойлау ерекшеліктерімен бірге әр адамның ақпараттық мәдениеті де үлкен әсер етеді. Қазіргі таңда адам санасына ықпал жасайтын хабарлар, мәліметтер, жаңалықтар, ғылыми жетісьіктер өте көп. Олардың арасында өмірге қажеттісін, өте керетісін, ғылымға негізделген шынайысын таңдап түсіне білу жеке бас ерекшелігіне байланысты.

Жеке бастың қоғамдық санасына, білім деңгейлеріне, психикасының дәйектілігіне қарай өзін қоршаған ортадан керегін таңдай білу, тиімді әрекет ету мүмкіндігі туады. Айтылып отырған саналы көзқарас және дүниетану деңгейінің ғылыми тұрғыда қалыптасуы бастауыш сыныптан бастап берілген жүйелі білім нәтижесінде жүзеге асады/9/.

Адам, табиғат пен қоғам арасындағы қатынас пен байланысты ғылыми тұрғыда меңгеру арқылы ғана оған сауатты қатынас жасау мүмкіндігі туады. Адам өз басының әлеуметтік сипатын қоғамда, қоршаған ортада ғана көрсете алады.

«Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты...», «...адам өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізгі табиғат заттары мен табиғи процестер»- дейді, Д.Кішібеков пен Ұ.Сыдықов. Табиғатты танып білу, игеру барысында адам қоршаған ортаға ауқымды , қуатты ықпал ете алатын күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын А.Г.Спиркин, В.С.Степин, Д.П. Горский, А.П. Шептулиен, А.Ф.Файзуллаев еңбектері де әр саладан дәлелдейді. Адам тіршілігінң көзі- табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан шығарған заттар жасайды /13/.

Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне пайдаланыды. Сонымен қатар бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін, жұмсап, оны өндіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеуметтік өмірде қолданып, қажетіне жаратады.

Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының бәрі табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам, табиғат, қоғам біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.

Дүниетану ұғымы диалектикалық дамудың қарма-қарсылығы мен біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние -ол тек бізді қоршщаған табиғат ғана емес, ол-адам, адам мен адамның қарым –қатынасы, ол-табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол-қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне ойы мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек. Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді/17/.

Дүниетану – «дүние» және «тану» деп аталын екі үлкен бөліктен тұрады. Алдымен нені танып білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз дүние. Сол дүниені танып білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс-жүзінде қолдану керек. Дүние- қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем .олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бірзат не құбылыс жоқ. Адам өмір бойы дүниені танып білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.

Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық ерекшелігіне байланысты дүниені тану шеңбері, мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі даму керек. Керісінше дүниені танып білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана сезімі, кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады.

Дүниені ғылыми жолмен тану үшін нақты объектілерді бақылау, эксперимент анализ жасау, абстрактілі ойлау бәрі қатысуға тиіс. «...адам сезім органдарының көмегімен заттың сыртқы қасиеттері мне ерекшеліктерін қабылдап, біле алады, оның ішкі мәнін , даму заңдылықтарын тек абстрактілі ойлау арқылы игеруге болады». Сонда ған дүниетаным ғылыми теориялық деңгейге көтеріледі.

Дүниедегі ең бағалы байлық – адам болғандықтан, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, танып , білу деңгейі қоғам дамуына, табиғатты сақтауда және өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі орын алады. «Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат –тілектері, мінез-құлқы, қоғамда, басқа адамдар арасында өмір сүру барысында қалыптасады». Сондықтан да дүниетанымды дұрыс қалыптастыру бастауыш мектеп қабырғасынан басталады да, өмір талабына, ғылым дамуына орай жалғаса береді. Дүниетану пәні бастауыш мектепте оқылатын пәндер арасында алатын орны маңызды екендігін көруге болады.Сол себепті бүгінгі таңда пәнге қойылып отырған негізгі бағдарламалық талаптарға тоқталып кетуге болады.

Қоршаған дүние білім-аймағы бастауыш сынып оқушыларына өздерін қоршаған әлуметтік, табиғи орта туралы, ондағы адамның алатын орны және психологиялық, әлеуметтік болмыс туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыруда шешуші орын алады.

Пәннің негізгі мақсаты – оқушыларлдың әлеуметтік тәжірибесін дамытып, «адам-табиғат-қоғам» арасындағы байланысты ұғындыру. Осы негізде оқушылардың тіршілік ортасына деген дұрыс қарым – қатынасын тәрбиелеп, өз басының ерекшелігі мен мүмкіндігін, қабілетін аңғаруға жағдай жасау /1/.

Білімділік:

- оқушылардың табиғат, адам, қоғам жайындағы түсініңтерін дамыту, олардың жас ерекшеліктеріне сай ғылыми жаратылыстанушылық, қоғамдық, тарихи ұғымдарды меңгеруге бағыт беріп, айналадағы әлем туралы біртұтас көзқарастарын қалыптастыру;

- қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының бір –біріне тигізетін әсерін ұғындыру;

- қоршаған дүниедегі адамның шешуші ролі туралы түсініктерін қалыптастыру;

- оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, әлемдегі заттар мен құбылыстардың себебін, сапасын, қасиетін аша білуге баулу;

- экологиялық, экономикалық білім беру.

Тәрбиелік:


  • оқушының өзін қоршаған дүниеге адамгершілік тұрғысынан қатынасын қалыптастыру;

  • қоршаған орта заттары мен құбылыстарының маңызын түсіндіріп, ол туралы ғылыми ұғым беру арқылы оқушылардың өзіндік «Менін» ұғынуға жағдай жасау,

  • оқушының қоғамдағы, отбасындағы орнын білуге тәрбиелеу;

  • оқушыларға адамгершілік, еңбек, отансүйгіштік, эстетикалық тәрбие беру;

  • оқушыларға экологиялық тәрбие беру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру;

  • оқушыларды табиғатты қорғауға, табиғат байлықтарын үнемді, тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

  • оқушылардың табиғат пен қоғам және адам арасынндағы жете түсінуіне, олардың жекебастық және психологиялық ерекшеліктерінің, ғылыми көзқарастарының қалыптасуының алғы шартын жасау;

  • объектінің жалпы белгілерінің ішінен ең негізгісін ажырата білу, салыстыру, қорыту, ғылыми мәтіннің ең негізгі түйінін ұғыну, кез-келген құбылыстың уақыт пен кеңістікте өтетінін түсіну сияқты оқу дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушылардың қоршаған дүниені өздігінен танып, бақылауларына жағдай жасап, заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты ұғынуына , олардың себептерін ашуын, байқағанын дәлелдеуге мүмкіндік туғызу.Осы арқылы олардың ізденушілігін, тапқырлығын , шығармашылығын дамыту./2/

Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:

  • оқушыларды индивидтің қасиеттері, сапалары, қабілеттері, мүмкіндіктері және дамуы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру , өзінің көңіл-күй ахуалына , денсаулығына деген дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеу, іс-әрекетін дұрыс басқарып ұйымдастыруға үйрету;

  • табиғат құбылыстары мен объектілерінің алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйлері, туралы ұғымдарды меңгерту, табиға объектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланыстылықты, тәуелділікті, олардың уақыттың және кеңістік өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету, оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық стилін тәрбиелеу;

  • оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен , адамгершілігін, еңбекке құлшынысын, еңбек ете білуін, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Әрине бұл міндеттер әр білім аймағымен шектеліп, жеке-жеке шешілмей, бір-бірімен астасып, байланысып шешілетіні түсінікті.

Оқушыға берілетін білім , білік жүйесі адам-табиғат-қоғам тізбегінен тұратын үш іріленген дидактикалық бірлік түрінде топтастырылған. Сәйкес бірліктер мазмұны сыныптан –сыныпқа қарай тек өткенді қайталап, аздап тереңдету ғана емес, жаңа мағлұматтар, түсініктер, ұғымдар қосылып кеңеюі жоғарылау принципі негізінде күрделенді. Мысалы, 1-сыныпта табиғаттағы өзгерістер туралы берілсе, 2-сыныпта табиғаттағы өзгерістердің өзара тәуелді байланысы, өсімдік және тірі ағза , олардың көбеюі, өсуі дамуы, 4-сыныпта тірі ағза мен орта туралы бір-бірімен генетикалық байланысы бар ұғымдар беріледі.

Бұл пәннің негізгі мақсаттарының бірі-оқушылардың өзін қоршаған дүние туралы нақты деректерге, ғылыми шындыққа негізделген түсінігін қалыптастыру. Қоршаған дүниені танып білудің негізгі көзі- бақылауға, байқауға, тәжірибе жасауға, көріп сезініп меңгеруге негізделеді. Осы арқылы оқушылардың жас ерекшелігіне сай ізденушілік қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу. Алғашқы 1-2- сыныптарда негізінен оқушыларға тікелей әсер етіп, оның күнбе-күн көріп, сезініп, қабылдайтын, бақылауына жеңіл, түсінігіне ауыр соқпайтын білім жүйесі берілсе, бұл ұғымдар 3-4 сыныптарда көлемі жағынан кеңейтіліп, әрбір нысандар мен құбылыстардың ең басты ерекшеліктері, оның себептері, тірі табиғат пен өлі табиғат байланыстары, табиғаттағы өзгерістердің бір-бірімен байланыстары, тірі табиғат тіршілігіне қоршаған дүниенің тікелей әсері, қоршаған ортаға қарай тірі ағзаның икемділігі, тіршілікке қажетті талаптар, т.б. ғылыми ұғымдармен күрделеніп, тереңдей түседі/2/.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму, есте сақтау ерекшеліктерінің өзі нақтылыққа, деректілікке негізделетіні ескерсек,дүниетану пәнінен білім беру арқылы оқушылар меңгеретін білімнің көрнекілік, ғылымилық, жақыннан алысқа, нақтыдан дерексіздікке қарай даму талаптары қамтамасыз етіледі.

Қоршаған дүние заттары мен құбылыстары бір-бірімен тікелей байланыста, сабақтастықта қаралып, кірктіре оқытуды талап етеді. Оқушыларға әлемнің жеке заттары, құбылыстары туралы білім бере отырып, адамдардың бір-бірімен қатынасын , адам мен табиғат арасындағы тиімді-тиімсіз іс -әрекеттерді, адамның табиғаттағы және қоғамдағы орнын түсіндіру барысында олардың айналадағы әлем туралы біртұтас көзқарасының қалыптасуына жағдай жасайды.

Оқушылар дүниетану пәнінен білім алу барысында табиғат құбылыстарына, тірі ағзаның тіршілік әрекетіне , олардың тіршілігінің жыл мезгіліне байланысты өзгеруіне , адам мен табиғат түрлері арасындағы қатынасқа бақылау жасап, жүргізеді. Осы байқаулар негізінде өздерінің ой қорытындыларын жасауға , алған ұғымдарын тұжырымдауға талпынады. Бұл біріншіден олардың жүйелі ойының жетілуіне әсер етсе, екіншіден сөздік қорның молаюына , тіл байлықтарының дамуына жағдай жасайды. Тіл ойдың жемісі екендігін ескерсек, бастауыш сынып оқушыларының көрген, байқаған нақты нысандар мен құбылыстарды сипаттап, әңгіме құрастыра алуы олардың болашақ логикалық ойлау процесінің бастамасы болып табылады.

Оқушыларға дүниетану пәнінен білім беру бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Бағдарлама оқушының өздігінен жұмыс істей білу біліктерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Дүниені танып білудің логикалық әдіс-тәсілдері, зерделеудің ғылыми әдістері мен тәсілдері дербес мазмұн ретінде оқытылып, оларды бүкіл оқу материалдарын зерделеуге берілетін уақыттың 20-30 процентін алатын лабораториялық , сарамандық , қоғамдық пайдалы жұмыстарда, топсаяхаттарда іс жүзінде қолданылып, бекіту көзделеніледі.

Дүниетану пәніне аптасына 2 сағат, жылға 68 сағат бөлінген. Дүниетану пәнінің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруда жаңа технологиялардың орны еркше екендігін атап өтуге болады. Атап өтсек: ойын технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, дамыта оқыту технологиясы.

Ойын технологиясын пайдалану арқылы сарамандық жұмыстар ұйымдастыру, тәжірибелер жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамытып, олардың жекебастық белсенділігіне жол ашу, әр түрлі жағдаяттар барысында баламалы шешім табу мүмкіндіктерінің деңгейінкөтеру, салыстыру, тұжырымдау, қорытынды жасау әдістерін қолдану арқылы заттардың сапасын, күйін ұқсастығын, айырмашылығын ажырата білу қабілеттерін дамытуға болады.

Дүниетану пәнінде ойынды оқыту процесінің кез-келген кезеңінде қолдануға болады. Мысалы, жаңа материалды меңгерту, үй тапсырмасын тексеру, оқушы білімін тексеру, бекіту, тиянақтау, жаңа материалды игеруге дайындық т.б. кезеңдерде сабақ мақсатына сәйкес пайдалануға болады . Ол материалды жете меңгеруге, жеңіл , тез игеруге, есте сақтауға мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушы өзін-өзі көрсетуге, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі еркін ұстауға, өз мүмкіндігін бағалай білуге, басқаның ойын таразылай білуге мүмкіндік алады. Сондықтанда дүниетану пәнін оқытуда ойын технологиясын пайдалану арқылы жетістіктерге қол жеткізуге болады. Ойын түрлерін қолдануға шек қойылмайды. Мысалы, ұлттық ойындар, үстел үстінде ойналытын ойындар,т.б./27/.

«Кім болам?» ойыны.

Тақтаға суреттер ілінеді.

Тақтаға шыққан оқушы өзіне ұнайтын мамандыққа сәйкес суретті таңдап алады да, оның артында берілген тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындаған оқушы сол мамандық иесі болып есептеледі.

«Ақсүйек» ойыны . Ойынға толық класс қатысады. Алдын - ала берілген сұраққа сәйкес кестедегі торкөзде сөздің немесе құбылыстың, заттардың аттарының орнына «ақсүйек» тығылып қойылған. Кім сол сөзді дұрыс тапса, сол «ақсүйекке» ие болады. Кім «ақсүйекті» көп тапса, сол жеңімпаз.

«Ғажайып алаңы» ойыны.

Жүргізуші дөңгелектерді айналдырады да, тоқтаған жерге сәйкес келген тапсырманы орындау ұсынылады. Мұны тақтада дұрыс орындаған оқушы дөңгелекті айналдырады. Егер ол қате жіберсе, оның қатесін түзеген оқушы дөңгелекті айналдырады. Ойын осы ретпен әрі қарай жалғастырыла береді.

Бәйге алу –ойыны

Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұр. Оқушылар қима қағазда жазылған тапсырмаларды алып оқып, тез орындауға ұмтылады. Дұрыс тез орындаған оқушы туды алып, жеңіске жетеді.

Қыз қуу- ойыны.

Алдымен сұрақтар оқылады. Содан кейін тапсырма шарты оқылады. Ойын шарты оқушыларға түсіндіріледі. Алдымен қыз бала тапсырманы оқып орындауға кіріседі, содан кейін қалған ер балалар тапсырмасын орындауға кіріседі. Қыз баладан бұрын тапсырманы орындап болған бала қызды қуып жеткен болып есетеледі. Егер қыз бала ер балалардан бұрын орындап болса онда ер балалар қызды қуып жете алмағаны. Қыз бала жеңіске жетеді.

Хан талапай - ойыны.

Асықпен ойналатын ойын түрі. Бұл ойынға номерленген асықтар алынады. Номерге байланысты карточка алынады. Асық жерге шашылады , ал балалар талапайлап асық алып , номері бойынша тапсырманы тездетіп орындауға кіріседі. Кім бірінші болса сол оқушы жеңіске жеткені.

Теңге алу –ойыны.

Бұл ойынды салыстыру, ерекшелігін, ұқсастығын, айырмашылығын көрсетуге байланысты қоладнуға болады.Тақтада теңге суреті ілініп тұрады. Тапсырманы алып, кім бұрын орындаса сол теңгені алады.

Арқан тартыс –ойыны.

Тақтаға арқан суреті салынады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Арқан ортасы белгіленіп тұрады, екі жағанда тең тапсырма ілінген. Оқушылар кезектесіп келіп тапсырмаларды орындайды, қай топ тапсырмаларды бірінші аяқтаса сол топ жеңімпаз болады.

Оқыту процесінде сонымен қатар сөзжұмбақтар, ребустар шешуді ұйымдастыруға болады. Жоғарыда көрсетілген ойындардан басқа да көптеген ойындарды мұғалім шеберлікпен икемдеп пайдалануына болады , ойынның түріне ешқандай шек қойылмайды.

Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін, ізденіипаздығын арттырады, қызығушылығын оятады. Соңдықтан мүғалім оқыту процесінде ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын, сол пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттырады.

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын десек, оқыту процесінде оларды біртендеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімдеу тиімді. Ол оқыту процесіндегі ойын технологиясы арқылы жүзеге асырылады.

Адамзат мәдениеті ойын ретінде пайда болды және ойын арқылы дамуда деген пікір И.Хейзинг айтты[5].

Ойын, оқу мен еңбек қатырындағы –адам іс-әрекетінің ең негізгі түрі, біздің өмір сүруіміздегі ғажайып көрініс.

Ойын әрекеті адамзат тәжірибесінде төмендегідей қызметтер атқарады:



  • көңіл көтеру қызуғушылығын ояту;

  • қарым-қатынастық;

  • өзін-өзі көрсету, өз мүмкіндігін жүзеге асыру;

  • әр-түрлі қиындықтарды жеңу;

  • өзін-өзі тану мүмкіндігі;

  • жеке тұлғаның өмірлік орнын, позициясын өзгертуіне, жеке тұлға құрылымының өзгеруіне көмектеседі;

  • жалпы әлеуметтік-мәдени құндылықтарды игеруге мүмкіншілік береді;[3].

Көптеген ойын түрлеріне негізінен төрт түрлі басты белгілер сипаттары тән;

  • Еркін дамымалы іс-әрекет, баланың өз қалауы бойынша ғана жүзеге асатын процесс;

  • Жоғары деңгейде дамыған белсенді іс-әрекет;

  • Іс-әрекет эмоциялық көтеріңкі көңіл күйде жүреді, жарыс, бәсекелестік, эмоциялық күш-жігер жұмсалады;

Ойын мазмұның бейнелейтін тура және жанама ережелердің болуы;

Ойын әрекетінің психологиялық механизмі өзін-өзі көрсету, өзін-өзі айқындау; өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жүзеге асыру сияқты жеке қажеттілігіне сүйенеді[7].

Ойын психогендік тәртібінің яғни жеке тұлғаның ішкі қубылысына тән форма (Д.Н.Узнадзе)

Л.С.Выготский пікірінше «Ойын-баланың, іштей әлеуметтену кеңістігі, әлеуметтік талап-тілектерді меңгеру құралы».

Ежелден-ақ ойынды оқыту әдісі ретінде, аға ұрпақтың жас ұрпаққа іс-тәжірибесін беру көзі ретінде пайдаланған. Ойын халақтық педагогикада мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен қолданылады. Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайында түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі[12].

Қазіргі кезеңде оқыту процесінің белсінділігі мен қарқынын арттыруда мектепте ойын әрекеті төмендігедей жағдаяттарда қолданылады:

оқу пәні бойынша тақырыпты, тіптен тұтас тарауды, негізгі ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде;

неғұрлым кең ауқымды технологияның бөлшегі ретінде;

оқу жұмысы, не сабақ ретінде, болмаса оның бөлшегі түрінде (кіріспе, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, жаттығу, бақылау);[10].

Оқыту процесінде қолданылатын ойының негізгі мақсаты бағдарламада анықталған білім, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау. Міндеті оқушының қызығушылығын оятып, белсінділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен аныкталады[16].

Қазіргі кездегі оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: имитациялық, символдық және оқу-зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр.

Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнай білу үшін, үйретудің қажеттілігі, екіншіден, оқушының ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі[17].

Бүгінгі күш дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі-білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.

Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады.

Балалар ойыны тұлғаның мәнді әрекеті ретінде қарастырылады.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар, зерттеуде. Мысалы: Д.Б.Эльконшінің «Ойын психологиясы», И.Хейзенгтің «Ойыншы адам», Э.Берннің еңбектері жазылды[10].

Ойын теориясы зерттеуші Ресей ғылымдары: А.В.Вербицкий, Т.В.Кудрявцев, И.П.Пидкасистый. Қазақстандық ғылымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров т.б./5,9/

Ғылымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер ғылыми зерттеу жұмыстарында берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігін байқатады.

«Оқу-құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы»- деп атақты ұлы педагог –психолог М.Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланатын әдістемелер мәнді, жұмыр болу керек./14/

Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын аяқтарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Олай болса, балалардың, ұғымына қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Әдейі ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады.

Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады./8/

Педагогтың балалар ойындарындағы ролі өте маңызды және өзінше ерекше. Ол көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төршісі, сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы да бола алады.

Мұғалім балалардың ойын үстінде әр алуан сезімдер мен эмоциялық күйге бөленетінін (қуану, ренжу, мақтан ету, риза болу, қызғану өкіну)және бұл сезімдердің ойындағы ұтысқа немесе ұтылысқа, көмек көрсетуге не көмек алуға байланысты болатынын есте ұстауы қажет. Әдетте ойын үстінде команда мүшелері арасындағы қарым-қатынастар қалыпқа келеді. Дегенмен, ойын барысында қарым-қатынастың жағымсыз жағы да туындауы мүмкін. Балалардың бәсекелес тобы танылып оларды келеңсіз әрекеттерге итермелейді. Мысалы, қарсыластары ұтқан жағдайда ыза, қызғаныш пайда болып, кез-келген, тіпті әділетсіз әдістер арқылы өз тобын жеңіске жеткізудің жолдарын іздестіреді.

Ойын технологиясының жай қарапайым ойыннан айырмашылығын олардың мәнді белгілерінің болуы. Олар: нақты қойылған оқыту мақсаты мен соған сәйкес оның педагогикалық нәтижесінің дәлелденуі мүмкін; оқу-танымдылық бағыттылығымен сипатталатын, айқын түрде бөліп көрсетуге келеді./9/

Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенше жалғасады. Ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады.

Оқыту процесіндегі ойынның келесі тобын бөліп көрсетуге болады:

-білім берушілік, оқыту үйретушілік, жаттығу, бақылау;

-танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

-репродуктивтік, продуктивтік, шығармашылық;

-қарым-қатынастық;/7/

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын технологиясы мазмұнының сипатына барлық ойн технологиясы енеді, кіреді, кіріктіріледі.

Басқару типіне қарай: барлық бағдарламасына дейін.

Ұйымдастырудың формасы бойынша : барлық формасы.

Балаға қатынасына қарай: еркін тәрбие.

Қолданылған әдіс-тәсілдердің түріне сәйкес: дамытушылық, ізденімпаздық, шығармашылық.

Модернизациялық бағытына қарай: белсенділігін арттыру.

Қатынасушылардың категориясына сай: көпшілік, барлық категориялар.

Мақсатты түрде бағдарлау спектрі:

-дидактикалық: танымдық әрекет, таным, білімін көтеру, білімін кеңейту;

-тәрбиелік: ерік-күш жігерін, өз бетінше еңбектену, іздену, оқу, өзін-өзі тәрбиелеу, адамгершілік, эстетикалық, дүниетанымдық бағыттылығын қалыптастыру, ынтымақтастықты, ұжымшылдықты, қарым-қатынас жасауы, ашықтығы;

-дамытушылық: зейінін, есте сақтауын, тілін, ойлауын салыстыру, ұқсастық, ұйқастық табу, шығармашылық қабілетін, сезімін дамыту, оқу әрекеті себепкерлігін дамыту;

-әлеуметтендірушілік: қоғамдық нормаларды меңгеруі мен жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру мақсатында қоғамдық пайдалы еңбекке , іс-әрекеттерге араласу, тарту, ортаның жағдайына бейімделу,өзін-өзі реттеу, қарым-қатынас жасауға үйрету./10/

Ойын технологиясының құрылымы жағынан мына негіздерге сүйенеді:

1.Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртендеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесін көшу.

2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.

3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.

4. Оқу мен тәрбиенің мақсаттарының бірлігі.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген ойындар өте көп. Алайда олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмүнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрленіп сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет./20/

Төменгі класс оқушылары еліктегіш келеді, жаңаны жандары сүйеді. Сондықтан да мұғалім сабақ берудің әдістерін үнемі жетілдіріп, оның түрлері мен тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың сабаққа деген ынтасы артып, ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі.

Ойын араласқан сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, сыныптағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады./21/

Ойын - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендігідей мақсатты көздейді:

-танымдық, яғни болада тану, іздену әрекетін дамыту;

-тәрбиелік, яғни үлкендерделен немесе өз турғыластарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру./22/

Оқыту процесінде қонданылатын әрбір ойынның маңызы мынада:


    1. Ойын - оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.

    2. Ойын - оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

    3. Ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіпті қажет етеді./17/

Оқыту процесінде тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушыларды жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.

Жақсы ойынға бала шын ниетімен кірісіп түгелдей беріледі.Ойын процесінде балалар көптеген мағлұмат алады, әр түрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгереді, сан алуан қиындықты жеңуге, төзімділікке үйренеді.Соның нәтижесінде мұның бәрі бірте-бірте әдетке және дағдылы іске айналады/24/.

Ойын бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.Ойын арқылы тапқырлық, шапшаңдық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттермен қатар ақыл-ой тәрбиесі де жүзеге асырылады. Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Балалар ойында қандай болса, өскенде де сондай болады» - дей келіп, балалар ұжымын тәрбиелеуде ойынның ерекше орын алатындығын айтқан болатын.

Ойын технологиясы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молатуға көмектеседі/12/.

Оқыту процесінде ойын технологиясын қолданып бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызуғушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.

Ойын технологиясының тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты./18/

Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдаланудың тиімді жақтарының тізбегіне беруге болады. Олар:

- материалды жеңіл, тез қабылдайды;

-қызығушылығы, белсенділігі артады;

-сөздік қоры молайып, байланыстырып сөйлеуі қалыптасады;

-танымдық, ізденімпаздық әрекетін дамытады;

-ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке шапшаңдыққа баулиды;

-қарым-қатынас жасай білуге үйренеді;

-ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілікке, жолдастыққа тәрбиелейді/19/.

Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігімен қатар кемшілігінің де тізбегін беруге болады. Олар:


  • оқу әрекетін тек ойын түрінде қабылдайды;

  • материалды ойынсыз түсінуі қиындайды;

  • менменшілдік, қызғаныштық қасиеттерінің пайда болуы; т.б.

Төмендегі шарттар орындаған жағдайда ойын технологиясын оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігі артады:

-егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;

-егер ойының түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;

-егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдық дидактикалық мақсатты көздесе;/14/

Дидактикалық материалдағы ойындар бастауыш сынып оқушыларының меңгеруіне қиындық келтірген жағдайда мүғалім өз шығармашылығын пайдаланып, әр алуан ойындарды құрастырады. Бұл бағытта бастауыш мектеп оқытушыларының жүргізіп жатқан іс-тәжірибелері айтарлықтай. Алайда, әр түрлі мектептердің бастауыш сыныбындағы оқу-тәрбие жумысының мазмүны мен үйымдастырылуын ұзақ зерттеу ойындардың әдетте білім және тәрбие мақсаттары үшін жеткіліксіз пайдаланып, келе жатқаның, сонымен қатар, ойын элементтерін оқу процесінде қолдану технологиясын әлі де жетілдері түсудің қажеттігін көрсетеді/25/.

Оқушыларждың пәнге деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс- ойын технологиясын пайдалану.

Ойындар-көпсалалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.

Ойын оқыту процесінде әдіс ретінде екі түрлі мақсатта қолданылады: ойын түрінде және дидактикалық немесе автодидиктикалық ойындар/13/.

Ойын түрінде мұғалім үйрететін тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын, зейінің арттыру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын ситуцияларын туғыза отырып, әр түрлі заттарды көрсету арқылы сурақтар қойып, затты көрсетіп,түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Ойындарды барлық сабақтарда қолданады.

Педагогикалық зерттеулерге сүйенсек, кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық даму, ойлау қабілеттерінің біршама жоғары дәрежеде болатындығын, яғни олар заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың ішкі байланыстарын, қарым-қатынастарын жақсы қабылдауға мүмкіндіктері бар екенін байқауға болады.Аталмыш қасиеттерді тек оқу процесі арқылы ғана емес, сонымен қатар ойын ойлау кезінде де, әсіресе, арнайы ұйымдастырылған ойын барысында да баланың бойында қалыптастыруға болады, өйткені кіші мектеп жасындағы балалардың құмартып кірісетін іс-әрекетінің түрі –ойын


Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізін де жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мүғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.

Ойын арқылы жұмыс жасауға үйретуде белгілі педагог-психолог Иохан Кейзинг, Д.Б.Элькони, Эрик Берн, Вербицкий, Т.В. Кудравцев, И. П. Пидкасистый, Н. К.Ахметов, Ж. С. Хайдаров, Ж.Аймауытов еңбектерінде ашып көрсетілген

Ойын технологиясы -көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Ойын технологиясын балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдарының бірі деп айтуға болады. Сондықтанда оқыту процесінің мазмұнына сәйкес ойын технологиясын пайдалану маңызды орынға ие. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлерінен сабақты қызықты әрі түрлендіріп өткізуі қажет.

Ойын технологиясы оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген, жаңа тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын технологиясы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа бауиды. Оқушылар ойын ойнау барысында меңгерген білім, білік, дағдылармен қатар, оны практикада дұрыс, орынды қолдана білуге үйренеді. Ойын технологиясы оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді.

1.3Сын тұрғысынан ойлау технологиясы


«Білім туралы» Заңда Мемлекет ерекше дарынды азаматтардың элитарлық білімін, оның ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдайды жасайды деп пайымдаған. Заңның бұл көкейкестілігін қазіргі өмір көрсетіп отыр. Соған орай, бүгінгі таңда жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады. Соның негізінде соңғы жылдары «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап іздеу біршама нәтижелер беріп келеді. Мәселен, 60-70 жылдары Ресейде озат мұғалімдердің, ғалымдардың оқытуды дамыту, оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру, проблемалық оқыту сияқты тәжірибелер идеяларын Данилов, Занков, Выготский, тағы басқа теориялық жағынан дамытқаны белгілі.

Ал 90-жылдары Қазақстанда Америка Құрама Штаттарының оқу жүйесінде пайда болған «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы мұғалімдер үшін әйгілі бола бастады. Мазмұны жағынан бұл бағдарлама оқыту әдістері бағытының бірі болып табылады [].

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл, Куртис С.Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сыни ойлау туралы әр түрлі психологиялық әдебиеттерде әр қилы айтылады. Мысалы: В.Г. Крутецкий – ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдылы барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру.

Сынды құрылымды ақылды адам ешқашан өз пікірін мүлдем дұрыс бағаламайды: егер оның пікірлері шындыққа сәйкес келсе, онда оны ойламай-ақ алып тастайды және шешімнің жаңа жолдарын іздейді. Ұлы жаратылыстанушы Ч.Дарвин өзінің ең сүйікті болжамынан бас тартады, егер оған дәлелдер қарама-қайшы болса.

Ал отандық психолог Сәбит Бап-баба әр қандай шешім сындарлы ойға түсіп, жұрттың айтқанын не өз топшалауын жалаң құптай салмай, терең сын талдауға келтіріп «оң, не қарсы» тараптары таразылағанды талап етеді. Сындарлы ақыл сипаты адамның объектив жағдайлар мен өз іс-әрекетіне орынды баға беру қабілетінен, нақтылы бағыт ұсынып алға тартылған болжамдарды жан-жақты өштестіріп, оларды тексеру нәтижелерін объеткив бағалай алуынан келіп шығады. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізгі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз [].

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жаратуын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.

Қызығушылықты ояту.

Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсінктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақстаы - үйренушінің белсенділігін арттыру. өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.

Дүниетану сабақтарында қызығушылықты ояту кезеңінде оқушыларға экологиялық мазмұнды есептер, ойындар, жұмбақ жасыру, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, экологиялық ертегілер беруге болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың пәнге деген, экологиялық жағдайларды болдырмауға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру. Ал енді осы аталып өткен әдістерге тоқталып өтейік.

Экологиялық мазмұнды есептер.

Айналадағы бізді қоршаған табиғатты сүйіп, аялап, адамның тіршілігі, өмірі табиғатпен тікелей байланысты екенін жас ұрпақ бала-бақшадан, отбасынан, мектеп қабырғасынан жақсы түсініп өсуі тиіс. Экологиялық білім оқушылардың ақыл-ойының дамуына және мектепте әр пәннен өтіліп жатқан тақырыптардың бір-бірімен тығыз байланыста екенін түсініп, оны қоршаған ортамен сәйкестендіре, біртұтас қалыпта, жүйелі қабылдауларына мүмкіндік береді.

Экология тақырыбына байланысты есеп мазмұнын қарастырып шығару математика пәнін теориялық материалдарын да сапалы түрде меңгеруге көмектеседі. Мысалы:

Құмырсқа 1 минутта ұясына 2 ондық жәндік тасып әкелсе, ол 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі?

Сонымен қатар, оқушылардың өздеріне есеп құрастырып, шығарту мақсатында мынандай деректерді де ұсынуға болады:

Екі сары шымшық бір жылда 10 жеміс ағашын жәндіктердің жарақаттануынан сақтайды, ...

Сонымен экологиялық тақырыптарға берілген есептер пәнаралық байланыстарды ашып, оқушыларды ізденуге, ойлануға, адам өміріне, денсаулығына табиғаттың зор маңызының бар екенін анықтауға көмектеседі. Экологиялық есептер табиғат болмысын терең түсінуге, оның біртұтастығын анықтауға, жүйелі түрде түсінуіне мүмкіндік береді. Экология тақырыбына байланысты есеп мазмұнын қарастырып шығару математика пәнінің теориялық материалдарын да сапалы түрде меңгеруге көмектеседі. Экологиялық мазмұнды есептер 3 түрге бөлінеді:

1 математикалық есептер;

2 болжамалы талдау есептер;

3 логикалық талдау есептер.

Болжамалы талдау есептері, логикалық талдау есептері алдын ала ситуация құрып, оны шешу үшін табиғаттағы экологиялық заңдылықтарды пайдаланады. Оған мысал ретінде мына есепті алуға болады:

Су – ғажайып зат. Қазіргі ғылым мен техниканың даму кезеңінде судың ғажайып құпиясы адамға жұмбақ болып қала береді. Қалай ойлайсыңдар? Неліктен?

Логикалық талдау есептердің мыңызы экологиялық заңдылықтарды пайдаланып, табиғаттың құбылыстарын, олардың арасындағы байланыстарын шешеді.

Мұндай есептерді оқушылардың жас ерекшеліктерін, өмір тәжірибесін, білімін ескере отырып тапсырма ету керек. Есептердің мазмұны тақырыпқа сай болуы керек.

1-сыныпта «Құстар» тақырыбын өткенде: «Шыңғыс құстың ұясын көрді. Онда 2-3 аузын ашып жатқан балапандарды көрді. 2-3 күннен кейін келсе, балапандар өліп қалыпты. Неліктен балапандар өліп қалды?»

2-сыныпта. Маса бақадан қашып құтылуы үшін не істеуі керек?

3-сыныпта. Жануарлар адамға қарағанда неліктен аз өмір сүреді?

4-сыныпта. Қыста қасқырлар үйірімен жүреді. Жазда бұлар бір бірін көрсе таласады. Неліктен? Дәлелдеп айтып бер.

Дидактикалық әдістер.

Оқыту бағдарламасы экологиялық білім беруді және тәрбиелеуді негізгі оқыту мақсаттарымен біртұтас етіп оқытуды көздейді. Бұл мұғалімнен творчестволық ізденуді талап етеді.

Дидактикалық әдістерге:

1 экологиялық ертегілер;

2 экологиялық жұмбақтар;

3 экологиялық ойындар;

4 экологиялық тақырыпты мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар және тағы басқа.

Олар құбылыстардың қызметіне, олардың маңызына, бұзылуына өз көзқарасын көрсетеді.

Экологиялық ертегілерді құрастыру: олар мұғалім өзі құрастырған және оқушылар құрастырған ертегілерге бөлінеді.

Мұндай ертегінің ерекшеліктеріне:

айналадағы дүние туралы алған білімдерін өңдеу, қайта жасау;

қайталануына байланысты элементтерін анық құрастыру;

тыңдауға, әңгімелеуге қарапайым етіп құрастыру;

бір көріністен екіншіге және аяқталуына дейін оқиғаның белсене

дамуын ойластыру;

белгіленген ұғымдарды қабылдауы үшін, оларды оқиғаның

мазмұнына енгізу жатады.

1 Бұлардың әдеттен тыс жаңа мазмұны, қызық кейіпкерлері, олардың іс-әрекеттері және қалыптан тыс аяқталуы қажет.

2 Ертегі оқушыларға ғылыми елес қалыптастырады табиғаттың күрделі құбылыстарын қызықты түрде көрсетеді, қабылдауын жеңілдетеді. Жануарлар мен өсімдіктердің адам тіршілігіндегі маңызын анықтап, олардың мұқтажын, айналадағы ортамен қарым-қатынасын ойын түрінде зерделеп қабылдауын қамтамасыз етеді.

Оқушылар құрастырған экологиялық ертегілер, олардың ойының бағыттарын, ықыластарын түсінуге көмектеседі. Оларды екі топқа бөлуге болады:

а) әдеби шығармалардың мазмұнына ұқсатып құрастырылған;

ә) өз іс-тәжірибесін, бақылауын негіздеп құрастырған.

Ертегінің «құбылыс заты» болып табиғаттағы нақтылы заттар, обьектілер, құбылыстар болуы керек. Табиғаттағы адам қызметіне белсене қатыса алмауынан балалар ертегі арқылы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың қызметіне, олардың маңызына, бұзылуына өз көзқарасын көрсетеді.

Экологиялық ертегі оқушыларға қоршаған ортаға дұрыс көңіл бөлуін, олардың таным қабілеттерін арттыруды, тірі ғазаға жаны ашуды, оларға көмек көрсетуді, сақтауды, табиғаттың құбылыстарының барлық қатынастарының әсемділігін байқауды, көруді, қарым-қатынастарының ерекшеліктерін түсінуді қалыптастырады.

Экологиялық ойынды жүргізу әдістемесі.

Мұғалім ойын жүргізбестен бұрын, оның тақырыбын, мақсатын қандай біліктер мен дағдылар қалыптастыруын, оқушылардың іс-әрекетін, ойынның қорытындысын жоспарлап алады.

Ойын қызметі – баланың табиғи мұқтажы. Ойында бала үлкендерге еліктеп, мұғалімнің оқытуының алдына қойған мақсатын жылдам орындауға көмектеседі. Ойын бастауыш сыныпта оқытудың белсенді әдістерінің бірі деп есептеледі. Қазіргі кезде психологтар мен педагогтар ойынды оқытудың барлық кезеңдерінде пайдалануды талап етеді.

Дидактикалық ойындарда, педагогикалық тұрғыдан қарағанда: бала оқу-тәрбиелеу құралынан – белсенді қатысушыға айналады.

Оқушылардың творчестволық белсенділігін, ойлау-талдау қабілетін, оқу мақсатын жоспарлау және оны орындау қабілеттерін ойын арттырады.

Жұмбақтар.

Жұмбақтар «Дүниетану» сабақтарында үлкен орын алады. Олардың тақырыбы сабақ тақырыбына сай, оқушыларға түсінікті, қарапайым болу керек.

Жұмбақтар – халық тәжірибесіне негізделеді, айналадағы табиғаттың құпиясын, заттар мен құбылыстардың белгілерін, байланыстарын алуға үлкен үлес қосады. Мұның ерекшелігі – мазмұны, олардағы ұғымдар мен түсініктер – дерексіз болып келеді, сондықтан бала ойында оларды ажыратып, салыстырып, ара-қатынасын, байланысын ашып, шешеді.

Жұмбақты шешкен кезде оқушының әрекет-амалын ізденуі, дерексіз ойлауы, оны сипаттауы ой қызметін жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың белгілерін ажыратады, салыстырады, себептік байланыстардың мәнін түсінеді, ойлауды, танымдық қызығушылығын арттырады.

Жұмбақтар үш түрге бөлінеді:

халық жұмбақтары;

мұғалімнің өзі құрастырған жұмбақтар;

оқушының құрастырған жұмбақтары.

Заттардың негізгі белгілерін білуді, ажыратуды игерген оқушы сол зат туралы дұрыс жұмбақ құрастыра алады.

Жаңылтпаштарды жиі қолдануға болмайды, бірақ сабақтың тақырыбына сай, оқушылардың жасына байланысты жүргізуге болады.

Олар оқушылардың тілін, еске сақтауын, дерексіз ойлауын жаттықтырады.

Таңдап алған жаңылтпашты мұғалім өзі айтады, бөлімдерге бөліп, оларды талдайды қайталап айтады, толық айтқызады. Қазіргі кезде қазақ балалары бала-бақшасында орыс тілінде қатынасады, ал қазақ мектептерінде оқиды. Бірден қазақша сөйлеу мұндай балаларға қиын, сондықтан сабақта жаңылтпашты пайдалану - өте тиімді әдіс.

Мақал-мәтелдер – бастауыш мектеп оқушыларына ұғынықты, айналадағы дүниедегі заттар мен құбылыстарды бақылауларын алынған халықтың, ұлы адамдардың нақыл сөздері. Бұл халықтың өмір тәжірибесінен құрастырылған. Оқушыларға бұларды пайдалану тәртіп ережелерін, адамгершілікті тәрбиелейді. Бұларды сабақтың әр кезеңдерінде пайдалануға болады. Суреттемелерді, адамның іс-әрекетін пайдаланады. Оларды шешу, оқушылардың айналадағы дүниеге дұрыс көзқарасты, өз тілімізге, халқымызға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, танымдық қызығушылығын арттырады.

мақал-мәтелдер мазмұны оқушылардың жасына, сабақтың тақырыбына, мақсатына сай болуы керек;

тілі қарапайым, түсінікті болуы керек;

қысқа, жылдам пайдаланылады;

4) сабақта 1 немесе 2 мақал-мәтелді пайдалану қажет, көп немесе жиі пайдаланған мұндай әдістер оқушыларды жалықтырып, сабаққа көзқарасын теріс бағытқа қалыптастырады [].

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

«V» - «білемін»

«-» - «білмеймін»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшалақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады.

Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

сенімділікпен жұмыс жасау;

бар ынтасымен оқуға берілу;

пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Жоба 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. Бұдан ары қарай солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.

ДЖИК СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақстаы жалпы мәселені алдымен

жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды.

Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

ДЖИК СО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орындайды. Сондай-ақ мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:




Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ бар тағы басқа)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:

сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

автор оқырманды қалай қызықтырады?

кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерген екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді [].

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар – оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды [].

Қорыта айтқанда, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы - сын тұрғысынан ойлау екендігіне көзіміз жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау - өте күрделі маңызды құбылыс. Дүниетану пәнін оқытуда ойын технологиясын кең түрде қолдану оқушылардың ой-өрісін дамытып, ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіруге, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа үйретуге мүмкіндік беретін әдістемелік әдіс-тәсілдерді іске асырудың ең тиімді құралы болып табылады.

Ақпарат көздерімен сусындап, өмірден дәлелді жауаптар іздейміз. Оқушылар өз ойларын ашық айтуға, басқалардың ойын тыңдауға үйренеді. Міне, оқушы белсенділігін оқыту үрдісінде арттыру деген осы емес пе? Оқушылардың қазіргі күнде осы пәннің стратегия бойынша жүргізілуін күтетіндігі соншалық «Бүгінгі күннің жаңалығы», «Мен өзіммен» деген жаңа бір үйрену жолына түскендігін көз жанарымен жеткізіп жатады. Әрине, бұл тек мысал ретінде өткізілген сабақтардан көрініс ретінде ғана айтылды. Бұдан шығатын қорытынды: мұғалім білім мен оқушының ортасында тұрмау үшін оқыту технологиясын «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасына сай қайта құрса.

Мектеп өмірінің мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралыған) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...