Дүниетануды оқытуда ойын технологиясын пайдалану тәсілдері

Loading...


бет1/5
Дата09.04.2020
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4   5




Дүниетануды оқытуда ойын технологиясын пайдалану тәсілдері

Мазмұны


Кіріспе 3

1 Оқыту процесінде ойын технологияларын пайдалану проблемаларының теориялық негіздері 7

1.1 Оқыту процесінде ойын технологияларын пайдалану

проблемалары 7

1.2 Дүниетануды оқытуда ойын технологияларын пайдалану

мүмкіндіктері 19


2 Дүниетануды оқытуда ойын технологияларын пайдаланудың тәжірибелік зерттелуі 30

2.1 Анықтаушы эксперимент метериалдарын жинақтау, жүргізу, нәтижесін шығару 30

2.2 Қалыптастырушы эксперимент материалдарын жинақтау, жүргізу, қорытындылау 41
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер 63

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, барлық мектептердегі білім беру, сабақ мазмұны, бүгінгі жайы, даму бағыттары бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.

ХХІ ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен қарым –қатынасы күрделене түсуде. Сондықтан қазіргі білім беру жеке тұлғаның адамгершілік – рухани тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асуға тиіс. Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында «Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағаын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті»,- деп көрсетуі де осы өзектілітерден айтылған. Алайда ол тек қазіргі дәуірде ғана емес. Оның ертеден бергі қажеттілік екенініне Әл-Фарабидің «Тәлімсіз алған білімнің күні қараң» ,-деген сөзі айғақ бола түседі. Сөйтіп бүгінгі нарықтық қатынасқа көшкен кезде жалпы адамзаттық құндылықтар мен тәрбие теорияларына және озат тәжірибелерге сүйене отырып, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік экономикалық ерекшеліктерін ескеріп, қоғам алдына өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетіндей, ұлттық сана сезімі оянған, биік парсатты, ар-щжданы мол азамат тәрбиелеу өмір талабы болып отыр.

Оқушыға берілетін білімнің қайнар көзі, бастау бұлаға бастауыш мектепте. Міне сондықтан да бастауыш мектептегі білім беру сабақ мазмуны, жаңа білімді игерту өзекті мәселелердің бірі.

Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр[1].

Оқыту процесінде ойын технологиясын тиімді, дұрыс қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін, қызығушылығын, ізденімпаздығын арттыру өзекті мәселе.

Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру бүгінгі және болашақтың талабы. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде оқыту процесінде ойын технологиясының мол мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған жөн. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ мазмұнын, ойын технологясын ұйымдастырудың теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеруі тиіс.

Сондықтан сабақтарда тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың жекелік қабілеттерін, қасиеттерін дамытудың жолдарын қарастырып, белсенділігін, ізденімпаздығын, қызығушылығын арттыру қажет. Бұл мәселелерді шешуде ойын технологиясы маңызды роль атқарады. Ойындар – оқушы бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермей оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі тануға мүмкіндік береді. Сондықтанда ойын оқушының шығармашылығын, дербестігін, белсенділігін, қызығушылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы керек. Сонда ғана өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше білім негізін меңгере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.

Бұл қасиеттерді қалыптастыру мұғалімнің негізгі міндеті. Себебі білім сапасы-мұғалімдер қызметінің сапасы. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің муғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Муғалімдер бастауыш саты- оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын, құнды, қайталанбайтын кезеңі, үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы екендігін үнемі естен шығармауы тиіс. Бұл кезеңде білім берудегі алға қойған мақсатымыз-бастауыш сынып оқушыларының ашылмаған қабілетін ашу, әрі қарай дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, қазіргі заман талабына сай білім беру. Ал заман талабы-өзі ізденіп, өз бетімен білім негізін меңгере алатын, ерікін, шығармашыл тұлға дайындау[2].

Оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін, белсенділігін арттыруға, қызығушылығын оятуға, ізденімпаздығын, ойлауын дамытуға, игерген білімін пысықтауға бағытталған ойындарды тиімді қолдану жолдарын іздестіру біздің зерттеу жумысымыздың проблемасын белгілейді. Бұл проблеманың көкейтестілігі әлі де болса педагогика ғылымында шешімін таппағандығы, оның бастауыш сынып жағдайында өз деңгейінде толық қалыптастағаны осы тақырыпты «Бастауыш мектепте дүниетану сабағында жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктері» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: дүниетануды оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерінің тізбегін жасап, оны мектеп тәжірибесіне енгізу.

Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптағы оқыту процесі.

Зерттеу пәні: дүниетануды оқытуда жаңа (ойын) технологияларды пайдалану тәсілі

Зерттеудің ғылыми болжамы: Дүниетану пәнін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалануға болады, егерде жұмыстар төмендігідей бағытта ұйымдастырылса:



  • жұмыс мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылып жүргізілсе;

  • оқыту процесіне сәйкес жаңа технологиялар таңдалып алынса;

  • ойын технологиясы оқушылардың жас ерекшелігіне, танымдық қызығушылығына негізделіп ұйымдастырылса;

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Оқыту процесінде ойын технологиясын пайдаланудың теориялық негізін анықтау.

  2. Ойын технологиясы арқылы оқушылардың деңгейлерін анықтау.

  3. Оқыту процесінде ойын технологиясын пайдалануға бағытталған жұмыс материалдарымен толықтыру.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасына байланысты педагогикалық, психологиялық әдебиеттер, ой-пікірлер, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмуны тужырымдамасы, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік, ғылыми оқулықтар.

Зерттеудің әдістері:



  • Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау;

  • Зерттеу барысында теория мен практиканы байланытстыру, сонымен бірге экспериментальдық материалды тандау;

  • Жекеленген сипаттамаларды оқып білу, эксперимент жүргізу, әңгімелесу әдістері мен жазбаша сұрақ-жауап, анкета жургізу әдістері қолданынды.

  • Сыныпта жүргізген іс-тәжірибелерді сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру.

Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері

1-кезең 2014 жылдың желтоқсан -2015 жылдың ақпан айлары.

Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге жолу жасалып, ғылыми-теориялық материалдар жинақталды.

2-кезең. 2015 жылдың ақпан-сәуір айлары.

Анықтаушы эксперимент материалдары дайындалып, жүргізіліп, нәтижелері өңделді.

3-кезең 2015 жылдың наурыз-мамыр айы.

Қалыптастырушы эксперимент жүргізіліп, жұмыс алдын-ала қорғауға дайындалды, жұмыс қорытындыланып, зерттеу жұмысы аяқталды.

Практикалық құндылығы:



  • зерттеудің практикалық нұсқауларын бастауыш сынып муғалімдерін оқу-тәрбие процесінде қолдануға болады;

  • зерттеу нәтижелері тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жүргізілген мектептің оқу-процесіне енгізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптық көкейкестілігі, зерттеудің проблемасы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеті, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу көздері, әдістері кезеңдерінен тұрады.

Оқыту процесінде ойын технологияларын пайдалану проблемаларының теориялық негіздері атты бірінші тарауда проблеманың психология, педагогика саласында зерттеу деңгейі қарастырылып, бастауыш сынып тәжірибесіндегі ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін дамытудың қазіргі жайы туралы мәселелер сөз болады.

Дүниетануды оқытуда ойын технологияларын пайдаланудың тәжірибелік зерттелуі атты екінші тарауда ойынды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері және оның тиімділігі туралы айтылды. Жүргізілген тәжірибелік-эксперимент материалдары, оқушылардың жауаптары қолданылып, тәсілдері айқындалып, олардың нәтижелері шығарылды.

Қорытындыда ойын технологиясының теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне негізделген тұжырым жасалды.



1 Оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалану мәселесінің теориялық негіздері

1.1 Оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалану

мәселесі

Оқыту тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді. Бұл орайда іс-тәжірибеде ғылымда көптеген көзқарастар мен нұсқаулар бар. Сондай бір бағыты- оқыту процесін технологияландыру. Ол «технология» сөзіне тоқталу қажет. Бүгінгі күні біз әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір – Жаңа ғасыр – Жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз.

Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай.

Шәкәрім «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Құнды қасиеттерге адамды баулу – туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің орны зор. Яғни, білім жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.

Бүгінгі күні біз әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір – Жаңа ғасыр – Жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз.

Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай.

Шәкәрім «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Құнды қасиеттерге адамды баулу – туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің орны зор. Яғни, білім жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.

Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – бүгінгі мектеп, ұстаздар қауымының міндеті. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған. Тарихта айтылғандай: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған.

Оқу мен тәрбие сапасындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет - талабы таудай дарынды - тұлғаны іздеп тауып оны жетілдіріп шығару.

Ал, еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада да дәлелденген.

Жеке адамды қалыптастыру үшін оған не керек? Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз керек.

Міндет – ұлттық міндетті көтеру, ұлттық педагогиканы, әдет-ғұрып, халық ауыз әдебиетін пайдалану, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, Отанын, өз жанұясын қадірлейтін Азамат тәрбиелеу. Ол үшін ұлттық мектептерімізде жаңа типпен білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек. Жасыратыны жоқ соңғы кезедері мектептердің аттарын гимназия, лицей етіп өзгертуге құмармыз, бірақ соған лайық білім сапасы, білім деңгейі көтеріліп жатыр ма? Мектеп атын өзгерткенімен жетістіктерге жете алмаймыз. Ендеше, атын өзгертелік, яғни оқыту жүйесін, мазмұнын білім беру технологиясын өзгерту керек. Баланың ыңғайына бейімі мен талабы, талантына, қабілетіне, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, тұлға қалыптастыруға бағытталу керек. Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып жаңа көзқарас, пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор,

Педагогикалық технологияны дамыту мәселелерін 60 жылдардан бері әр түрлі жағынан көптеген елдердің: Болгарлық И.Марев, Польшалық Ч.Купесевич, Ф.Янушкеевич, В.Окунь, АҚШ-тық Скиннер, Венгриялық Л.Сепеш, Ресейлік В.Л.Беспалько, Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, П.И.Пидкасистый, С.И.Высоцкая, Қазақстандық М.Ж.Арыстанов, Ж.С.Хайдаров, Б.Тұрғынбаева, Б.Шәбденов, т.б. ғалымдары қарастырады.

Педагогикалық технология соңғы кезде оқыту проблемаларын, тәрбиелеу мәселелерін шешуді технологияландыру мәселесінің туындауына байланысты өмірге келді. Ал қазіргі кезде оқыту процесінде технологиялар бір-бірінен ажыратылып, жеке-жеке қарауды талап етеді.

Технология – латын сөзі, texne- өнер, кәсіп, шеберлік, logos- ғылым, ілім деген мағынаны білдіреді. Дүниежүзілік педагогикалық процесте, ғылымда технология ұғымының қалыптасу, даму тарихына тоқталсақ , ол өз дамуын өте ертеден, Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінен алады. Я.А.Коменский: «Оқыту нәтижелі болу үшін оны техникалық, технологиялық деңгейге көтеру керек» -деген болатын[5].

Оқытудағы технология ұғымы, термині, оқыту процесінде құрал-жабдықтарды, техникалық оқыту жүйесін, құралдарын пайдалану.

Технологияның мәні төмендегі ережемен анықталады:

Мұғалім педагогикалық технологияның көмегімен оқыту процесінде экспроттардың орнына алдын-ала жоболау, оны іс-тәжірибеде пайдалану, қайта жаңғырту арқылы жоғары нәтижеге жетудің жолдарын қарастырады.

Мұғалімдер күнделікті сабақтарында пайдаланып жүрген әдістемелік жүйе мен көмекші құралдардан педагогикалық технологияның ерекшелігі: оқушылар өз қызметінің оқу-тәрбие процесі барысындағы құрылымы мен мазмұнын алдын – ала жобалап, сол жобаның нәтижесін болжай алады.

Оқыту процесінде технология идеясының тууы, бәрінен бұрын ғылыми-техникалық прогрестің жетістігін оқыту процесіне енгізуін жетілдіру әр түрлі аймақты: теориялық және практикалық қызметті қамтиды. Міне осындай технологиялардың қатарына ойын технологиясы да жатады [6].

Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педаогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді.

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В. Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп жазады. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторанты Ш.Т. Таубаева және Атырау университетінің докторанты Б.Т. Барсайдың пікірлерінше, педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігіне, жинақтылығынаұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті) [6].

Педагогикалық жаңа технологиялар – іс-әрекетке, оқыту барсыныда жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.

Ал, педагогикалық жүйе – тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт. Жаңа буын оқулығы көпдеңгейлі интеграцияланған, дамыта оқыту жүйесіне негізделіп жасалынған. Бұл сол қасиетттермен ерекшелінеді.

Педагогикалық технологияның негізі әдіс-тәсіл, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның немесе сыныбындағы оқушы қажетіне қарай аударып, талғап-таңдап қолдануында. Ұстаздар естен шығармайтын негізгі мемлекеттік стандарттың талаптарын толық басшылыққа ала отырып жұмыс істеуінде.

Олай болса, педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделеген. Тәрбиенің, білім беретін мәдениеттің барлық кешенін тұлға қалыптастыруға бағыттау – қазіргі жалпы білім беретін мектептердің басты міндеті [7].

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының (атқарушының) тұлғасын қалыптастыру.

21 ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек? деген мәселе әркімді де толғандырары сөзсіз. Американдық мұғалімдер ассоциациясының вице-президенті, доктор А.Урбански білім берудің болашақ мұратын былайша сипаттайды: «Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу».

Жаңа оқыту технологиясы бойынша материал сипаттамалы түрде емес, шынайы проблема негізінде берілуі тиіс. Көптеген ғалым-әдіскерлер «Методология мәселені шешеді» деп есептейді. Бұдан басқа кейбір белгілі әдіскерлер «оқытудың жаңа жүйесінде мұғалім назары дұрыс жауап алудан оның қандай жолмен алынғандығын түсіндіруге көшуге ауады», - дейді.

Адами қарым-қатынастар оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа технологияның негізі саналатын ізгілендіру мен демократияландыру – мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты ұстанымдары.

Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз:

-балаларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау;

- баланың болашағына, қабілетіне сену;

- ынтымақтастық, қарым-қатынас шеберлігі;

- тікелей қысым көрсетпеу;

- баланы ынталандыру;

- баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету.

Қарым-қатынастарды демократияландыру дегеніміз:

- мұғалім мен оқушының тең құқықта болуы;

- оқушының еркін таңдауына мүмкіндік құқығы болуы;

- қателесу құқығы;

- өзіндік көзқарас құқығы;

- «балалар құқықтарының конвенциясын» сақтау;

- қарым-қатынас стилі, тыйым салу – бағыт беру, басқармау – бірігіп тең басқару, зорламау – ұйымдастыру, шектемеу – еркін таңдау мүмкіндігін беру.

Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Бұған дейінгі дәстүрлі білім беру оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінбеді.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

- Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

- ақпараттың дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс – қазіргі заманғы компъютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

- мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

- қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғлымының рөліне мән берілуде. Сөйтіп, оқытудың технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазір республика оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды.

Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазірігі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жаңа жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тиигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бір технологияның өзін әртүрлі мұғалім түрліше: орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі роль атқарады. Әрине, нәтиже әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың бәрі де осы технологияның мәнін ашып, мақсатын орындауға жақын болады.

Жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде педагогикалық технологияны қолданудың белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Бұл болашақ маманның кәсіптік қызметінің негізі болатын контекстік оқыту технологиясы, болашақ маманның кәсіптік шеберлігін меңгеруіне арналған іскерлік ойындар технологиясы, тағы басқа. Ал, жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай төрт басты шартты қанағаттандыруы тиіс (В.П. Беспалько):

а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;

ә) оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет;

б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілуі сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;

в) практикада оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны.

Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізігі түрі ретінде қала бермек, бірақ оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мүлде жойылған жоқ, өзгеріп жаңаруда. Сол кездерде сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқу технологияларын қолдануға көңіл бөліне бастады. Соның айғағы соңғы жылдары мерзімдік баспасөз беттерінде оқытудың жаңа технологиясы туралы біршама мақалалар, пікірлер жарияланып келеді.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру - өте күрделі де ұзақ үрдіс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...