Директоры директоры

Loading...


Дата15.04.2017
өлшемі63 Kb.
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Техникалық және кәсіби РМҚК «П. Чайковский атындағы

білім беру департаментінің Алматы музыкалық колледжінің»

директоры директоры

____________Бөрібеков Қ.Қ. _______________ Қалиева А.Ж.

«_____»__________2011ж. «___»_____________ 2011 ж.




ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
РМҚК «П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі»

2011-2012 оқу жылына


  1. Жалпы ережелер

1. Бұл ережелер РМҚК «П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға қабылдау ретін анықтайды» (ары қарай - Колледж)

2. Колледжге қабылдау ережелері (одан әрі –Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2008 жылы 29-шы қарашадағы № 587-ші «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын дайындайтын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы типтік ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылдың 21-ші мамырындағы № 289 –шы «Бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 28 наурыздағы № 296-шы

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын дайындайтын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауға қажетті квотаны бекіту туралы» қаулысына сәйкес дайындалды.

3. РМҚК «П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне» Қазақстан Республикасының негізгі орта білімі (негізгі орташа),жалпы орташа (орташа жалпы), технакалық және кәсіби (бастауыш кәсіби және орташа кәсіби) білімдері бар азаматтары қабылданады. Қазақ Республикасының азаматы емес қазақ ұлтының өкілдері, сонымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Респуликасының заңнамасында бекітілген тәртіппен қабылданады.

4. Оқуға түсерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 28 наурызда бекіткен № 296-шы «Кәсіби және техникалық, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын дайындайтын білім беру мекемелеріне оқуға түсуге қажетті квотаны бекіту туралы» қаулысында көрсетілген қабылдау квотасы төмендегілер үшін ескеріледі:

1) І және ІІ топ мүгедектерінің қатарындағы азаматтарға, жастайынан мүгедек, мүгедек балаларға - 0,5%;

2) Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға - 30%;

3) Қазақстан Республикасы азаматы емес қазақ ұлтының өкілдеріне – 2 %;

4) жетім балалар мен әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балаларға - 1%;

5) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 0,5 %

5. Колледждегі мамандықтармен байланысты техникалық, кәсіби, орташа білімнен кейінгі, жоғарғы білімдері бар азаматтар оқуға қысқартылған оқу мерзімімен қабылданады. Бұл тұлғалар үшін тапсырылатын емтихандардың тізімі мен тапсыру үлгісін білім беру мекемесі бекітеді.



2. Қабылдауды ұйымдастыру
6. Колледжге қабылдау азаматтардың өтініштерін қабылдау жоспарында бекітілген емтихандардың нәтижесіне қарай конкурстық негізде жүргізіледі.

Колледжде азаматтардың өтініштерін қабылдайтын, емтихандар өткізетін, білім алушылар қатарына алатын қабылдау комиссиясы құрылып, бірінші маусымнан бастап жұмыс жүргізе бастайды.

7. Қабылдау ережелері туралы, сонымен қатар өтініштердің қабылдауын ұйымдастыратын қабылдау комиссиясының шешімі, емтихандарды өткізу кестелері, білім алушылардың қатарына алу туралы шешім нәтижелері туралы ақпараттар талапкерлерге дер кезінде жеткізіліп тұруы керек.

8. Қабылдау комиссиясының құрамы Колледж директорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына: Колледж директоры, директордың оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие мен шығармашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары, пәндік-циклдік комиссияның оқытушылары, кадрлар бөлімінің бастығы, арнайы, музыкалық-теориялық және орта білім беру пәндерінің оқытушылары, жауапты хатшы, техникалық хатшы кіреді.

9. Азаматтардың өтініштерін қабылдау маусымның жиырмасынан шілденің жиырмасына дейін жүреді; ақылы білім беру бөлімі, кешкілік және сырттай оқу бөлімдеріне қосымша қабылдау маусымның жиырмасынан қыркүйектің бесіне дейін өтеді.

Абитуренттерден өтініштер мынандай мамандықтар бойынша қабылданады:

0404000 «Аспапта орындаушылық және эстраданың музыкалық өнері»:


  1. 0404000.01 «Фортепиано» мамандануы

  2. 0404000.02 «Ішекті аспаптар» мамандануы (скрипка, альт, виолончель, контрабас)

  3. 0404000.02 «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» мамандануығы (флейта, гобой, кларнет, фагот, валторна, труба, тромбон, туба, саксофон, ударные инструменты)

  4. 0404000.03 «Халық аспаптары» мамандануы : қазақтың (домбыра, бас-домбыра, шертер, домра-прима, кобыз, кыл-кобыз, альт-кобыз, бас-кобыз). Орыстың халық аспаптары (баян, аккордеон, домра, акустическая гитара). Ұйғыр халық аспаптары (рубаб, гиджак, дутар, тамбур, най)

  5. 0404000.04 «Эстрада аспаптары» мамандануы (джаздық фортепиано, пернелік, бас-гитара, электрогитара, труба, тромбон, саксофон, ұрма аспаптар)

Мамандықтар:

0407000 Ән салу (академикалық, эстрадалық, дәстүрлік)

0405000 Хорда дирижерлық ету

0406000 Музыка теориясы

«Аспапта орындаушылық» мамандығында «Фортепиано», «Ішекті аспаптар», «Орыс халық аспаптары» және «Музыка теориясы» мамандануларға балалар музыка мектебін аяқтағаны туралы куәлік болған жағдайда ғана қабылданады.

10. Оқуға қабылдау туралы өтінішке қоса талапкерлердің білімі туралы құжаттың түпнұсқасы, 086-У түрдегі медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен жастайынан мүгедек балаларға – медициналық- әлеуметтік сараптаманың нәтижесі), 3Х4 үлгідегі 4 фотосурет, жалпы орта білім беру орындарының ағымдағы жылғы түлектері БҰТ сертификатын көрсетуге міндетті емес. Абитурент таңдау құқығына ие. 18 жасқа толған жігіттер тіркелген куәлік қағазының көшімесін көрсетеді. Оқуға түсушінің жеке төлқұжаты (жеке куәлігі, төлқұжат немесе туу туралы куәлік) құжаттар тапсырғанда көр сетіледі. «Ән салу», «Хорға дирижерлік ету» мамандықтарына түсушілер фонатр- дәрігер берген қосымша анықтаманы ұсынуы керек.

Шетелдерден келген оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішке қоса білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, бұл құжатпен бірге төмендегідей ақпараттардың тізімі: оқылған оқу пәндерінің сағат көлемі, қорытынды бағалар; білімі туралы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған нотариалды түрде куәландырылған аудармасы, азаматтың мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылғып, нотариалды түрде куәландырылған жеке куәлігінің көшірмесі; лицензия немесе білімі туралы құжатты берген оқу орнының (Астанадан) аккредитациялау туралы куәлігінің көшірмесі; СПИД орталығынан анықтама.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар толық жиналмаған жағдайда талапкердің оқу орнына қабылдану туралы процедура толық жүргізілген болып саналмайды.

11. Келісім бойынша (ақылы) негізде, сонымен қатар сыртқы, кешкі оқу бөлімдеріне оқуға түсушілердің өтініштері бөлек бөлек тіркеліп, саналады.

12. Қабылдау Ережелеріне сай жеңілдіктерге ие болу құқығы бар азаматтар қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

13. Оқуға түсу емтихандары 21-ші шілдеден 28-ші шілде аралығында, ақылы бөлімге, сырттай оқу бөлімі мен кешкі оқу бөлімдеріне 5-ші қыркүйек пен 10-шы қыркүйек аралығында өтеді.

14. Жалпы орта білімі (11кластық) бар азаматтар жалпы орта білім беру бағдаламаларының көлемі аясында казақ немесе орыс тілдерінен, Қазақстан тарихынан кешенді тестілеу тапсырады. Негізгі орта білімі бар (9кластық) азаматтар: қазақ және орыс тілдерінен тест тапсырады.

Кешенді тестілеу сетификатын (өткен жылдар түлектері, ағымдағы жылда жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеуге қатысқандар) немесе бірыңғай ұлттық тестілеу (ары қарай ҰБТ) нәтижелері туралы сертификатын көрсеткендер (ағымдағы жылда жалпы орта білім беру орындарын бітіру барысында бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқандар) жалпы орта білім беру пәндері бойынша емтихан тапсырмайды.

15. Оқуға түсушілер шығармашылық емтихандар (негізгі мамандық пен сольфеджиодан) тапсырады.

16. Жалпы орта білім бойынша пәндерден өтетін емтихандардың түрі:

-тест түрінде, пәндер бойынша тест сұрақтарының саны белгіленеді-30. Тест сұрағының әр дұрыс жауабына 1балл қойылады. Екі пән бойынша тестілеуге: ( қазақ, орыс) тілдері, Қазақстан тарихы 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптардың коды тестілеу аяқталғаннан кейін ілінеді. Тестілеу нәтижелері сол күні жарияланады.

- пәндер бойынша өткен емтиханда қойылатын «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы төмендегідей меже бойынша баллдарға аударады:

«3» -тік баға - 10 балл

«4» -тік баға - 20 балл

«5»-тік баға - 30 балл.

17. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғарғы білімі бар азаматтар үшін туыстас мамандықтарды таңдау кезінде білім алу мерзімі қысқартылып, тестілеу және білім беру ұйымдары бекіткен пәндер бойынша

оқуға түсу емтихандарын тапсырады. Абитуренттер емтихан тапсырғанда қалаған (қазақ немесе орыс) тілдерін таңдай алады.

18. Тесттер мен пәндер бойынша тапсыратын емтихандардың сұрақтарын бағалауда жалпыға ортақ талаптардың қадағалануын қамтамасыз ету үшін, талапкерлердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында аппеляциялық комиссия құрылады. Тесті мен емтихан нәтижесіне қанағаттанбаған азамат аппеляцияға беруге құқы бар. Емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейінгі бір тәулік аралығында қабылдау комиссиясына өтініш беріліп, ол аппеляциялық комиссия мен өтініш берушінің қатысуымен қайта қаралады.

19. Тестілеу мен қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат жоқ.




3. Білім алушылардың құрамына алу
20. Білім алушылардың қатарына алу 25-тамыздан 30-шы тамызға дейін конкурс негізінде жүргізіледі.

Ақылы түрде оқитын, сонымен қатар сырттай және кешкі оқу түрінде білім алатындардың қатарына қосу қыркүйектің 10-ы мен 15-і аралығында конкурс негізінде жүргізіледі.

Білім алушылар қатарына алу жөніндегі конкурсқа кемінде үш пәннен 30 балл жинаған (негізгі орта білімі барларға): негізгі пән, сольфеджио, қазақ немесе орыс тілі; 4 пәннен кем дегенде 40 балл жинаған (жалпы орта білімі барларға): негізгі пән, сольфеджио, қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы.

Конкурс шарттары білім алу жөніндегі құқтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Білім алушылар қатарына алу жөніндегі конкурс шығармашылық емтихандар мен ағымдағы жылда өткен ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде берілген ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; оқуға түсер алды емтихандарының нәтижесінде берілген шығармашылық емтихандар мен сертификаттардың баллдары негізінде өтеді.

21. Екінші мамандық алмақшы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғарғы білімі бар тұлғалар таңдаған мамандығының екіншіден төмен емес курсқа қажетті пәндерді сәйкестендіре қайта тапсырғаннан соң қабылданады.

22. Конкурсты өткізу кезінде:

-«Алтын белгімен»белгісімен марапатталғандардың;

-тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын Республикалық, Халықаралық олимпиадалар, фестивальдар, конкурстар (бірінші, екінші, үшінші дәрежедегі дипломдармен марапатталғандар) соңғы үш жылдағы жеңімпаздардың басым құқығы бар.

23. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар қатарына алу конкурсын өткізу кезінде қөрсеткіштер бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттары болғанда) жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық- әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес музыкалық колледжде оқуға болатын жағдайда 1-ші және 2-ші топ мүгедектері, жастайынан мүгедек балаларға,мүгедек балаларға және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

24. Білім алушылар қатарына алу қабылдау коммисиясының әр мамандық бойынша өтетін ашық отырысында жүргізіліп, хаттамада көрсетіледі.

25. Оқуға алу туралы қабылдау коммисиясының шешіміне Колледж директоры қолын қояды. Бұйрықтың көшірмесі әскери қызметін орындаудан ұзатылып оқуға қабылданған адамды командировкаға жіберуге;сырттай оқу бөіліміне түскен адамға демалыс талап етуге негіз бола алады.



26. Колледж УИС Комитетіне қабылдауды белгіленген форма бойынша ұйымдастырып, қалыпты мерзімде өткізгені туралы ақпарат ұсынады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы Орталық атқарушы органына білім алушыларды қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін он күн ішінде жеткізеді.
Каталог: storage -> abiturient
storage -> «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
storage -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау
abiturient -> Қабылдау комиссиясына
storage -> Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру
storage -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...