2.2 Жеке табыс салығының Алматы қаласы Медеу ауданының бюджетті толтырудағы орнын талдау
Алматы қаласы бойынша МКД деректері бойынша 2020 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 1 019,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы ұқсас көрсеткіштен 1,4 пайыздық тармаққа жоғары (2019 жылы – 1 004,9 млрд. теңге). Салық құрылымында республикалық бюджет 69,2% немесе 705,1 млрд.теңгені және жергілікті бюджетке 30,8% немесе 314,3 млрд. теңгені құрады. Тауарларға салынатын ішкі салықтардың негізгі үлесі (48,2% немесе 491,8 млрд.теңге). Одан әрі табысқа салынатын табыс салығы (428,8 млрд.теңге немесе 42,1%) және әлеуметтік салық (69,9 млрд. теңге немесе 6,9%).
Ескерту – atameken.kz ресми сайты мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.
3-сурет. Алматы қаласының негізгі бағыттары бойынша салық түсімдерінің құрылымы, %
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша жеке табыс салығының бюджет кірісіндегі алатын орны төмендегі кестелерден көруге болады.
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының соңғы үш жылдағы бюджет есебіне аударылған түсімдерінің шамасын салыстырып көрейік. Медеу ауданы бойынша бюджетке 2019 жылы нақты 2 494 млрд теңге, 2020 жылы нақты 2 642 млрд теңге, 2021 жылы нақты 2 920 млрд теңге түсті. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 1,1 есеге немесе 10% өсті. Соның ішінде 2021 жылы Республикалық бюджетке 1 364 млрд теңге жоспарының, нақты 1 624 млрд теңге сомасы түсті. Бюджетке түсудің орындалуы 119,1% жетті. Жергілікті бюджетке 1 255 млрд теңге жоспарының, нақты 1 296 млрд теңге сомасы түсті. Бюджеттің орындалуы 103,3 % құрайды. 2021 жылы Республикалық бюджеттің үлесі 55,6%, Жергілікті бюджеттің үлесі 44,4% құрайды. Сәйкесінше 2019- 2020 жылы Республикалық бюджеттегі үлесі 52,5 - 54,4% , ал Жергілікті бюджеттегі үлесі 47,5 – 45,6% тең.
Оның ішінде Республикалық бюджетке 1 624 млрдд теңге ал Жергілікті бюджетке 1 296 млрд теңге түсті. Салықтық түсімдер ішінде ең үлкен мөлшерде бюджет қоржынын толтырған жеке табыс салығы. Оның 2 598 млрд теңге жоспарының, нақты 2 844 млрд теңге бюджетке түсті немесе бюджетке түсудің орындалуы 109,5% болды. Жеке табыс салығының жалпы аудан салық түсімдері бойынша үлесі 25,01% тең.
2-кесте - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке түсірген төлемдердің құрамы
Атауы
|
2019 жыл
|
2020 жыл
|
2021 жыл
|
мың теңге
|
үлесі, %
|
мың теңге
|
үлесі, %
|
мың теңге
|
үлесі, %
|
Бюджет есеб.аудар.түсім. барлығы, оның ішінде
|
24949514
|
100
|
26428720
|
100
|
29207262
|
100
|
Республикалық бюджет
|
13567960
|
54,4
|
13877098
|
52,5
|
16240757
|
55,6
|
Жергілікті бюджет
|
11381554
|
45,6
|
12551622
|
47,5
|
12966505
|
44,4
|
Ескерту: Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының статистикалық есептілігінің мәліметтері негізінде автормен құрылған.
|
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының бюджет кірісінің құрылымы салықтық және салықтық емес түсімдерден тұрады. Салықтық түсімдер 2019 жылы 2 383 млрд теңге немесе барлық кірістердің 95,5%, 2020 жылы 2 599 млрд теңге немесе барлық кірістердің 98,4%, 2021 жылы 2 844 млрд теңге немесе барлық түсімдердің 97,4% құрап отыр. Салықтық түсімдерінің 2019-2021 жылдар аралығында 1,19 есе өсті. Оған әсер етуші негізгі фактор есепте тұрған салық төлеушілердің санының артуы болып табылады.
Ескерту - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының статистикалық есептілігінің мәліметтері негізінде автормен құрылған.
4-сурет. Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша 2021 жылғы бюджет табыстарының құрамы бойынша үлесі
2021 жылы Медеу ауданында жеке табыс салығы бойынша 11869 заңды тұлға , 2020 жылы 10836 заңды тұлға, 2019 жылы 9933 заңды тұлға тіркелген. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда салық төлеушілер саны 1033-ға, сәйкесінше 2019 жылға қарағанда 1936-ға артқан. Бұл жерден соңғы жылдары салық төлеушілер санының артқанын байқап отырмыз. Оның өзі аудан бойынша, сонымен қатар жалпы республикадағы кәсіпкерлердің белсенді дамуы мен бюджет қоржынын толтырып отырғаны сөзсіз.
2019-2021 жыл бойынша салықтық түсімдер ішіндегі ең үлкен үлесі жеке табыс салығына тиеді. Үш жылдың қорытындысы бойынша бұл салық түрі 24-26% шамасында тұрақты бюджет кірісін құрап отыр. Сонымен қатар бюджетке әлеуметтік салық, тауарға, жұмыс пен қызмет көрсетулерге салынатын ішкі салықтар, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы тұрақты түсіп отыр.
3-кесте - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша 2019-2021 ж. аралығындағы бюджет табыстарының құрамы
Атауы
|
2019 жыл
|
2020 жыл
|
2021 жыл
|
мың теңге
|
үлесі, %
|
мың теңге
|
үлесі, %
|
мың теңге
|
үлесі, %
|
Бюджет кірісі барлығы, оның ішінде
|
24949514
|
100
|
26428720
|
100
|
29207262
|
100
|
Салықтық түсімдер
|
23831280
|
95,5
|
25995710
|
98,4
|
28449924
|
97,4
|
Салықтық емес түсімдер
|
1118234
|
4,5
|
433010
|
1,6
|
757338
|
2,6
|
Ескерту: Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының статистикалық есептілігінің мәліметтері негізінде
|
Әлеуметтік салықтың жалпы салық түсімдердің ішіндегі үлесі 2019 жылы 21,13%, 2020 жылы 18,54%, 2021 жылы 16,99% тең. Тауарға,жұмыс пен қызмет көрсетулерге сал ішкі салықтар, қосылған құн салығының үлесі 2019 жылы 28,13%, 2020 жылы 26,66%, 2021 жылы 29,86% құрап отыр. Жеке табыс салығының үлесі алдағы екі салық түсімдерінен аз болғанымен, бюджетке 2019 жылы 3960140 мың теңге, 2020 жылы 9360688 мың теңге, 2021 жылы 14447539 мың теңге түсті.
2019-2021 жыл бойынша салықтық түсімдер ішіндегі ең үлкен үлесі жеке табыс салығына тиеді. Үш жылдың қорытындысы бойынша бұл салық түрі 24-26% шамасында тұрақты бюджет кірісін құрап отыр. Сонымен қатар бюджетке әлеуметтік салық, тауарға,жұмыс пен қызмет көрсетулерге салынатын ішкі салықтар, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы тұрақты түсіп отыр. Әлеуметтік салықтың жалпы салық түсімдердің ішіндегі үлесі 2019 жылы 21,13%, 2020 жылы 18,54%, 2021 жылы 16,99% тең. Тауарға,жұмыс пен қызмет көрсетулерге сал ішкі салықтар, қосылған құн салығының үлесі 2019 жылы 28,13%, 2020 жылы 26,66%, 2021 жылы 29,86% құрап отыр. Жеке табыс салығының үлесі алдағы екі салық түсімдерінен аз болғанымен, бюджетке 2019 жылы 3960140 мың теңге, 2020 жылы 9360688 мың теңге, 2021 жылы 1444753 мың теңге түсті.
Ескерту - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының статистикалық есептілігінің мәліметтері негізінде автормен құрылған.
5-сурет. 2019-2021 жыл аралығындағы жеке табыс салығының бюджетке түсу динамикасы
Салықтық түсімдерінің 2019-2021 жылдар аралығында 1,19 есе өсті. Оған әсер етуші негізгі фактор есепте тұрған салық төлеушілердің санының артуы болып табылады.
4-кесте - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша 2019-2021ж аралығындығы салықтық түсімдердің құрамы
Төлемдердің атауы
|
2019 жыл
|
2020 жыл
|
2021 жыл
|
мың теңге
|
үлесі, %
|
мың теңге
|
үлесі, %
|
мың теңге
|
үлесі, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Салықтық түсімдер, оның ішінде
|
23818126
|
100
|
49813836
|
100
|
78263760
|
100
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |