ҚОРЫТЫНДЫ
Диплом жұмысында, яғни жеке табыс салығының мазмұны мен табиғатын ашып, оның есептелу механизмі мен бюджеттегі орнын және мемлекеттің әлеуметтік саясатының құралы ретінде талдағаннан кейін келесідей қорытынды жасауға болады.
1. Өндіріс процесінің технологиясының тұрақты жетілуі, көрсететін қызметтердің сапасының артуы, өндірісті кеңейту, өнім немесе қызметтің өзіндік құнының түсуі, сауатты және тиімді басқару нарықтық экономикасы бар елдегі кәсіпорынның табысын максимизациялаудың негізгі нысаны болып табылады. Табыс үшін ғана кәсіпкер өзінің капитал салымдарын тәуекел етеді. Себебі ол әр салынған теңгесіне қайтарымды негізде табысты алуды көздейді.
2. Жеке табыс салығы оның өнімділігіне байланысты ең перспективалы болып табылады: бәрі бірдей, салық органдарына бұл салықты басқа салықтарға қарағанда бақылау оңайырақ, сонымен қатар жосықсыз салық төлеушілерге оны төлеуден жалтару қиынырақ.
3.Табысқа салынатын салық салықтық реттеудің негізгі құралдарының бірі, ол өндірістің өсуін ынталандыра алады, сонымен қатар дұрыс емес ойластырылған заңнамада тежей алады.
Экономиканың жағдайы әр қашанда нарықтағы кәсіпкерлердің белсенділігіне тығыз байланысты. Сондықтан да мемлекет, әлеуметтік-экономикалық жүйенің тиімді қызметін қамтамасыз ететіндей салық механизмін ойластырып, жүзеге асыруы қажет. Ондай тиімділік кәсіпорындардың табыстарының салық саясатына қатысты оңтайлы сипатта болуы қажет. Салық ставкаларының жоғарғы мөлшерге дейін өсуі кәсіпкерлік белсенділігін төмендетуіне алып келуі мүмкін.
4. Пайдаға салынатын салық жүйесіндегі макроэкономикалық қадам салық жеңілдіктері, яғни жекелеген секторлар мен шаруашылық салаларын ынталандырушы факторы болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде алуан түрлі және өзгермелі салық жеңілдіктері қалыптасқан. Олардың ішіне жекелеген секторларды немесе кәсіпкерлік түрлерін салық төлеуден босату, сондай-ақ салықтан жартылай босату және салық кезеңін ұзарту жатады.
5.Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жеке табыс салығы ең негізгі орын алады. Бұл салық түріне байланысты сұрақтар мемлекет назарында, себебі ол бюджеттің кіріс баптарының негізгі түріне жатады. Жеке табыс салығы бюджет қоржынын толтырудың қайнар көзі болып табылады.Соңғы он шақты жыл ішінде бюджеттің ең көп бөлігін құрап отыр. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі өзгеруі өндірістің интенсивтілігінің құрылымының сапалы жылжуына жол ашады. Яғни кәсіпорынның ақша жинақтарының өсуі қамтамасыз етеді.
6.Кәсіпорынның нарықта сұранысқа ие сапалы өнімдерді өндіру мен өткізуге қызығушылығы, оның табысының өсуімен сипатталады. Жеке табыс салығы кез-келген мемлекеттің экономикасының қызмет етуінің ажырамас бөлігі болып табылады. Дамыған елдерде жеке табыс салығы, федеративті бюджетінің табысының негізін құрайды.
Салық заңнамасынсыз Қазақстан Республикасының экономикасы қызметін жүзеге асыра алмайды. Жеке табыс салығы бұл мемлекеттің экономикаға әсерін тигізе алатын салық түрі болып табылады. Ол инвестиция тартуға және капитал бағасын өсіруге әсер етеді.
7. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі. Елде жалпыға бірдей декларациялауды енгізу төрт кезеңнен тұратын болады. Бірінші кезең биылғы 1 қаңтардан басталды, екінші кезең 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, үшінші кезең 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап және төртінші кезең 2025 жылдан бастап енгізіледі.
Кірістерді декларациялауды іске асыру: көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл; мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету; салық базасын кеңейту және бюджетке жеке табыс салығының түсімдерін ұлғайту; қылмыстық тергеулердің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Диплом жұмысын қорытындылай келе, жеке табыс салығының жетілдіру жолдары ретінде келесідей ұсыныстар жасауға болады: салық заңнамасының нақтылығы мен анықтылығын арттыру барысындағы фискалдық бағытын босату; салық төлеушілердің экономикалық іскерлігіне тәуелсіз және олардың есебінің берілуіне байланыссыз біртекті салық ставкасымен есептеген салық салу қағидасына қайшы келуі, салық салу базасын кеңейту мақсатымен жеке табыс салығының ставкасын төмендету кезінде жаңа инвистицияларды тартудың және ғылыми техникалық прогрессті ынталандыру әдістерін жетілдіру; маңызды экономикалық салаларда жеке табыс салығы бойынша дифференциалды ставкаларды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |