Дипломдық жоба тақырыбы: «Оқыту үрдісінде оқушылардың креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру»



бет13/19
Дата11.04.2022
өлшемі211.28 Kb.
#220033
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Оразова Еңілік

ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу жобасына қатысты шетелдік және отандық психологиялық - педагогикалық нәтижесі оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың шетелдік ғылыми еңбектерде психология саласынан зерттелгенін, қазақстандық зерттеулерде білім алушының қарым-қатынас жасау мәдениетін, коммуникативтік құзыреттілігін, ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселелерінің жан-жақты қарастырылғанымен коммуникативтік креативтілік ұғымдарының бірлікте зерттеу нысанына алынбағандығын көрсетті.

Сондай - ақ, оқушылардың кәсіби даярлығы мәселесінің жанжақты қырларының теориялық-әдістемелік негізделгенімен, олардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру мәселесінің арнайы зерттелмегендігі себепті өзектілігінің басымдығы анықталды, «қарымқатынас», «коммуникация», «креативтілік» және «коммуникативтік креативтілік» ұғымдарының мәніне жасаған талдау бізге зерттеу пәнімізге сәйкес коммуникация – «субъектілердің тілдесуі арқылы жүзеге асатын қарымқатынас, өзара субъектілік түсінушілік» деп, ал креативтілік – «жаңа проблемаларды анық қоюда, айрықша жылдам шешуде маңызды, ерекше стандартты емес ойлаудың жасампаздықпен жарқ етуі» деп тұжырымдауымызға мүмкіндік берді.

Ғылыми әдебиеттердегі ғалымдардың коммуникативтік креативтілік феноменінің құраушыларына берген теориялық тұжырымдары мен жіктемесін талдау негізінде зерттеу жұмысымызда коммуникативтік креативтіліктің құраушыларын анықтадық: коммуникативтік қарым-қатынас, тілдік мазмұн, креативті ойлау, мініез-құлықтық сапа, зияткерлік іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті және шығармашылық дарындылық. Сондай-ақ, диссертацияла олардың мазмұны жан-жақты сипатталды. Коммуникативтік креативтілік ұғымының мәні мен құраушыларын айқындау нәтижесінде зерттеу проблемасының негізгі ұғымына анықтама беруге талпындық: «оқушылардың коммуникативтік креативтілігі оның өзара субъектілік қарым-қатынасындағы жаңа маңызды проблемаларды қоюды және оларды айрықша, жылдам, тиімді шешуді қамтамасыздандыратын кәсібитұлғалық сапасы».

Оқушылардың коммуникативтік креативтілігі қалыптасқандығын айқындау мақсатында мотивациялық, когнитивтік, функционалдық компоненттері анықталды. Осы компоненттерге сәйкес олардың өлшемдері болып коммуникативтік креативтілікке қажеттілік түрткісінің болуы, креативтіліктің феномен және кәсіби тұлғалық сапа саласынан білімдерінің кеңеюі; оны іс-әрекетте көрсете алуы (іскерлік, дағдылары); коммуникативтік креативтілігін өзін-өзі бағалауы, өзіндік дамуын қамтамасыздандыруы табылады. Осы өлшемдерге сәйкес көрсеткіштер пассивтік (төмен), эвристикалық (орта), креативтілік (жоғары) деңгейлерді белгілейді.

Оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық мoдeлi жacaлды. Ол өзара байланыстағы мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік, нәтижелік бөліктерден құралды. Мақсаттық бөлім аталған қалыптастырудың басшылыққа алатын әдіснамалық тұғырларын, ұстанатын қағидаларын дұрыс таңдауға мүмкіндік берсе, мазмұндық – қалыптастыруды қамтамасыздандыратын оқу-әдістемелік кешенді, дәстүрлі және инновациялық технологияларды (формалар, құралдар, әдістер) қарастырды. Іс-әрекеттік бөлім осы қалыптастырудың мазмұнын жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын, қалыптастыру кезеңдерін, бағалау компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерні қамтиды. Жoғapы oқу opындapындa оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі тәжірибелік-экспериментте тексерілді. Осы әдістеменің диагностикалық, технологиялық, процессуалдық кезеңдерінің мазмұны қалыптастыру экспериментінде біз айқындаған педагогикалық шарттар (тұлғалықдамытушылық, дидактикалық, ұйымдастырушылық) негізінде жүзеге асырылды.

Оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға арналған оқу-әдістемелік кешеннің («Оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру» элективті курс бағдарламасы; «Креативті педагогика», «Қарым-қатынас мәдениеті» оқу және электронды оқу құралдары; «Коммуникативтік креативтілікті дамытуға арналған жаттығулар жинағы»; Педагогика, «Педагогикалық технология және инновация» оқу модулі бойынша жеке сабақтар) жоғары оқу орнының оқутәрбие үдерісіне ендірілуі олардың коммуникативтік, тілдік, креативтік тұлғасы дамуының тиімді жүзеге асуын қамтамасыздандырды. Зерттеу нәтижелерін жоғары педагогикалық оқу орындарының бастауыш сынып мұғалімін кәсіби даярлау үдерісіне, кәсіби біліктілігін жетілдіру орталықтарында, педагогикалық колледждерде, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында пайдалануға болады.

Зepттeудiң нәтижeci бoйыншa мынaдaй ұcыныcтap жacaуғa бoлaды:

1. Оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері, студенттерге осы саладан теориялық білімдерді жүйелі меңгертуге ықпал етеді.

Коммуникативтік креативтілік ұғымының мәнін ашуда, құрылымын жасауда және оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың моделін жасауда алынған теориялық тұжырымды ойларды мұғалімдер біліктілігін жетілдіретін институттардың әдістемелік бағдарламаларына енгізу керек.

2. Педагогикалық жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінің оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет.

3. Оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру әдістемесін жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде әдістемелік жұмыстарды атқаруда негізге алу қажет.

4. Оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруда ұсынып отырған оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруды («Оқушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру» элективті курс бағдарламасы; «Креативті педагогика», «Қарым-қатынас мәдениеті» оқу және электронды оқу құралдары; «Коммуникативтік креативтілікті дамытуға арналған жаттығулар жинағы»; Педагогика, «Педагогикалық технология және инновация», оқу модулі бойынша жеке сабақтар) бірізділікпен, жүйелі жүзеге асырған дұрыс.

5. Зерттеу нәтижелерін жоғары педагогикалық оқу орындарының болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінде, мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру орталықтарында, педагогикалық колледждерде, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында пайдалануға болады.

Алдағы уақытта оқушылардың коммуникативтік креативтілік әлеуетін дамыту, оқушылардың креативті ойлауын дамытуға болашақ мұғалімдерді даярлау, студенттердің коммуникативтік креативтілігін дамытудың интербелсенді әдістерін жобалау және т.б. проблемалар арнайы зерттеу проблемасы болу керектігін қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы