Дипломдық жоба тақырыбы: «Оқыту үрдісінде оқушылардың креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру»


Тәрбие жүйесінде негізге алып отырған түйінді құзыреттіліктер



бет10/19
Дата11.04.2022
өлшемі211.28 Kb.
#220033
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Оразова Еңілік

Тәрбие жүйесінде негізге алып отырған түйінді құзыреттіліктер:

Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі

-түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

-өз іс-әрекетіне мақсат қоя алуға,оны асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыруға;

-өзін-өзі бағалауға және өзінің іс-әрекеті мен оның нәтижелеріне баға беруге;

-Түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдауына;



Ақпараттық құзыреттілік

-сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

-өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

-ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға;

-логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпарттарды өңдеуге;

Коммуникативтік құзыреттілік

-нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

-коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;

-жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас құруға мүмкіндік береді.

«Құзырлылық» ұғымы педагогика саласында оқушылардың субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылықтың (латын тілінде «competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Құзірет - нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді , түрлі өмірлік жағдайларда жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қалыптастырады.

Құзіреттілік тәсіл- қазіргі таңда мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.

Мұғалім бірыңғай ақпарат берудің көзі болудан қалды, бүгін ол сабақтың дирижері, оқушының ізденіс қызметінің көмекшісі болу керек.Ол үшін дәстүрлі білім беру моделінен жаңа білім беру моделіне көшуіміз керек.Қазіргі білім беру жеке адамның оңтайлы бірлесуіне, жастардың азаматтық және кәсіптік қалыптасуына, шығармашылық жағынан дамуына бағытталған.

Шығармашылық - өте күрделі үдеріс, өйткені онымен айналысатын адам мақсатты сезінеді, міндет қояды және оның шешімін іздейді. Сонымен бірге шығармашылық үдерісте ішкі түйсіктің де, елестетудің де, қиялдың да орны ерекше. «Шығармашылық» ұғымының мазмұны «шығару», «іздену», «жаңаны ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Ол, жаңалық ашатын адамның әрекетінен, адамның мақсатқа бағытталған қызметіндегі ізденімпаздығы мен белсенділігінен, табандылығы мен жігерінен құралып, ақыл-ойы мен сезімінің, креативтілігінің бірегейлігінен туындайды.

Әдетте, шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасында анық көрініс береді. Мектеп жасы, яғни оқушылық кезең – психофизиологиялық функциялардың жан-жақты даму кезеңі. Бұл кезеңде, оқушылардың қоршаған орта құбылыстарына баға беруге көзқарасы қалыптасып дағдыланады, өзгелерге сын айта білу деңгейіне көтеріледі, танымдық қызығушылығы, зерттеушілік-ізденімпаздық белсенділігі артады, шығармашылық іс-әрекетке қабілеттілігі туындайды. Сондықтан мұғалім оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда, біріншіден, оқушылардың жеке қасиеттерін ескере отырып, оқушы тұлғасын сипаттай білуі қажет, екіншіден, өзі ұйымдастырған шығармашылық әрекеттің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үдерісі мен оның нәтижесіне әсер ететін мынадай маңызды факторларын білуі және ескеруі қажет:

- шығармашылық белсенділік және шығармашылық іс-әрекетке сұраныс;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту шарттары;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін ынталандыру көздері;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту құралдары;


Жеке тұлғаға қойылатын талап

талаптар
Заманауи ақпараттық қоғамға өздігінен дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, туындаған проблемаларды көре білетін және оларды шығармашылықпен шеше алатын адам қажет. Ол өздігінен белсенді әрекет етуге, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемді бейімделуге қабілетті болуына мүдделі. Осыған байланысты бүгінгі таңда оқушыға қойылар талап төмендегідей:




Жеке тұлғаға қойылатын талап


Белсенділік Әлеуметтік жауапкершілік


Жеке тұлғаға қойылатын талап

талаптар


Жеке тұлғаға қойылатын талап

талаптар
Креативтілік Ой- өрісінің кеңдігі







Жоғары деңгейлі сауаттылық Әрекетке қызығушылық

Танымдылық

Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Мектебімізде оқушылардың шығармашығын дамытуда мұғалімдер құзыреттілігі қалай көрінуде? Қазіргі қазақ баласына тән өзіне деген сенімсіздік пен жасықтық мінезді жоятын тәрбие құралдары қалай қолдануда? Соған қысқаша тоқталсам:

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР: әңгіме, мақала, өлең, сөзжұмбақ т.с.с. Шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Осы бағытта өз әрекетінің жемісін көріп жатқан мұғалімдер: Еркін Төкенқызы, Гүлсия Қасымқызының оқушылары ерекше көзге түссе, жоғары буында Гүлзира Сарыбайқызы, Гүлсия Саматқызының шәкірттері қалалық деңгейде өз мүмкіндіктерін көрсетіп отыр.

ПРАКТИКАЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУ шаралары сандық түсініктен – сапалы түсінікке әкеледі. Көркем өнерге, шығармашылыққа тәрбиелейді. Көркем бейнелер арқылы шараларды өткізу бала қиялын дамытады. Жан сезіміне әсер етіп, рухтандырады. Бұл сабақтарға: пән мұғалімі, драма жетекшісі, музыка, қолөнері мен бейнелеу өнері мұғалімдері бірдей қатысады. Бұл бағытта да мектебіміз өз деңгейін биіктен көрсете білді деуге болады. Бұл арада оқушылардың қалалық шығармашылық сайыстарын атап кеткенді жөн көрдім.

«Мектептің 12 сәті» сайысының 11 номинациясына қатысып, соның 8 –нен лауреат атандық. Олар: «Ең үздік оқушы», , «Мектеп дәстүрі», «Қастерлі», «Волонтерлар», «Менің бос уақытым», «Мектеп үні» «Ең үздік сынып жетекші», «Біздің сүйікті ардагер». Соңғы үш номинацияда мектебіміз І орынды иеленіп отыр. Аталған сегіз номинацияның екеуіндегі 10 «а» сынып жетекшісі Майра Болатқызының шығармашылық, ұйымдастырушылық әрекетін ерекше бағалап кеткім келіп отыр. Өзіне берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, сынып оқушыларының шығармашылығын жоғары дәрежеде көрсете білді. Міне бұл нағыз жан-жақтылық пен білгірліктің көрінісі. Кез-келген ұстаз өзіне тапсырылған іске шығармашылықпен, жаңашыл көзбен қараса, жетістікке жетуіне сенім мол.

МУЗЫКА – МЕКТЕП ӨМІРІНДЕ НЕГІЗГІ МӘНГЕ ИЕ. Жалпы көптеген сабақтар музыкамен тығыз байланыста болғандықтан, оқушының ашылуына көмектеседі. Нәтижеде «Балауса» шығармашылық сайысының ««Эстрадалық орындау» номинациясында оқушыларымыз лауреат атанды.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ «БИ МӘДЕНИЕТІ» баланың өзін ортада қымсынбай, еркін ұстап үйренуіне қолайлы орта жасалады. Мектебімізде би үйірмесінің жұмысы жақсы жолға қойылған. Жетекшісі Жанаргүл Ерғазықызы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін жан-жақтама ашуда барынша өз үлесін қосуда. Осы бағытта биыл мектебіміздің 5 оқушысы «Корали танцпола» проектісінің «Тектоник» стилінде І орын алғаны бәрімізге мәлім. Олай болса ЫРҚАҚ, ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ, БИ МӘДЕНИЕТІ сабақтары баланың денесін игере алмаудан туған сенімсіздігін жоятындығын есте сақтағанымыз жөн.

МЕКТЕП – БАЛА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕЙДІ. Шәкірттің өлең, сурет, қолөнер т.б. шығармашылығы көп алдында күнделікті шығарылып отырады. Мұнда әрине мектепішілік «Үкілі үміт» газеті бірден –бір ақпаратты тарату құралы. Мектепішілік, қалалық деңгейдегі оқушылар жетістігімен ай сайын өздеріңіз танысып отырсыздар.

Сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін үйрету мақсатындағы Пікірталастар, шығармашылық сайыстар– негізгі мәнге ие. Әдеп сабағы да осы мақсатқа қызмет етеді.

САХНА МӘДЕНИЕТІН, ТАЛҒАМ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Талғаммен киіне білу – адамның өзіне сенімді болуының кепілі. Осы бағытта мектебіміз оқушылары «Балауса» шығармашылық сайысының «Көркем оқу» жанрынан лауреат атанды. Сосын өздеріңізге белгілі өткен оқу жылындағы пед. кеңес шешімімен оқушылар мен мұғалім арасындағы шығармашылықты дамыту мақсатында «Екі жұлдыз» жобасын жасап, өткізу жоспарланған болатын. Оның биыл жүзеге асқандығына өздеріңіз куәсіздер. 2010-2011 оқу жылының қазан-наурыз айларында 4 кезеңнен тұратын байқау өтті. Оның қорытындысын бүгін пед.кеңестің екінші бөлімінде тыңдайсыздар.

Атақты педагог-ғалым В.А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол жан-дүниесіне үңіле білу»-деген. Шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алытын, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда ұстаздар ұжымына қажырлылық пен төзімділік тілеймін.

Жаңа білім жинақтау, бір нәрсені жан-жақты танып білу,ол адамның танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

Жобалау-латын сөзі, «алға жылжу»-деген мағынаны білдіреді.

Екеуінің айырмашылығына тоқталатын болсақ:



  • Зерттеу-ол белгісізді іздеу, жаңа білім ашу.

  • Жобалау- ол бір практикалық міндеттің шешімі.

Жалпы айырмашылығына тоқталсақ:

Мақсаты нақты бола алмайды, ол зерттеу барысында өзгеріп отырады.Ал жобаның мақсаты нақты болады, өйткені жобаның соңғы нәтижесі қандай болатыны белгілі.

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту дағдысы мен білігін игерту бүгінгі күннің басты міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеу жұмыстарына дайындау керек.

Тек мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.

Шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады.

Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.

Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, өздігінен білім алу, жобаның тақырыбын дұрыс түсініп, аша білу. Бұл әдіс оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуіне-жеке, топпен, жұппен берілген белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін іс-әрекетке негізделген. Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымемн оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет:

- зерттеу жобасы;

- шығармашылық жоба;

- қиялға негізделген ойын жобасы;

- ақпараттық жоба;

- практикаға бағытталған жоба;

Осы түрлерді жеке-жеке қарастырайық:

Ең маңызды мәселе - проблеманы көре білу. Бұл жобаның нақты құрылымы бар. Ол тақырыптың көкейтестілігі, зерттеу пәні және зерттеу объектісі, мақсаты, болжамы және соған байланысты зерттеу міндеттері, зерттеу тәсілдері, нәтижені талдау, қорытынды және ұсыныстар. Зерттеу жобасы жобалардың ең көп тараған түрі.

Шығармашылық жобаның нақты құрылымы жоқ, өйткені ол соңғы нәтиженің түрі мен жанрының талабына негізделе отырып дамиды. Ол қабырға газеті түрінде, мерекелік сценарий түрінде, бейне-фильм түрінде де бола береді.

Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты-жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, оқушылардың «Мен» менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану,өзін-өзі дамыту мәселесінің айналасында болып отыр.

Расында да, тұлғаны қолдан ешкім жасай алмайды, бірақ оған дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы да, тәрбие жетекшісі алдындағы да жауапты міндет.

Біздің мектепте дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны- әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады.

Осы үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегідей саралауға болады.

- Диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып, ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау;

- Тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау.

- Танымдық белсенділіктерін дамыту үрдісінен іздену. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру- оларды ғылыми-ізденіс аймағына енгізудің басты жолы.Белгілі ғалым Ж.Қараев танымдық белсенділікті бір-бірімен тығыз байланыстағы үш бөлікке бөледі. «Өзінің танымдық қабілетін дамытуға ұмтылуды» танымдық белсенділіктің мотивациялық тұлғалық бөліміне жатқызады.

Мұғалімдермен бірлесе отырып, балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдермен тікелей байланыса отырып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан