Дипломдық жоба мамандығы Тау-кен ісі Қарағанды 2022 Мазмұны



бет17/22
Дата10.06.2022
өлшемі1.35 Mb.
#267595
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
дипломная работа Сарсенова А7Н
2022 Бижанов Талғат

5 Алу-тиеу жұмыстары


Алу-тиеу жұмыстарына тау жыныстарды сілемнен немесе үйілімнен алу және оларды тасымал көліктерге тиеу немесе үйіндіге түсіру жұмыстарынан тұрады.


Карьердардағы негізгі алу-тиеу машиналарына біршөмішті және көпшөмішті экскаваторлар, сонымен қатар, дөңгелекті скреперлер, бульдозерлар және біршөмішті тиегіштер жатады.
Алу объектісі болып табылатын және үйілімдегі немесе сілемдегі тау жыныстар беті үңгубет деп аталады. Алу-тиеу машинасының түріне байланысты үңгубет болып кертпештің бір бөлігі, оның қиябеті не жоғарғы алаңшасы қызмет етеді.
Ашық қазудың тәжірибесінде алудың екі түрі қолданылады: жаппай және жекелеген (талғамдап ). Карьертарда кең таралған жаппай алу барысында, үңгубеттегі тау жыныстардың барлық түрлері бірге алынады. Жекелеген қазымдауда үңгубеттен тау жыныстарды олардың түрлеріне қарай бөлектеп алады.


5.1 Алу-тиеу жабдықтарының түрлері


Карьертардағы алу-тиеу жұмыстарында экскаваторлар кең қолданысын тапты. Кен маасаны көсіп алу, оның тиеу орнына тасымалдануы, түсіру және бұрылу біршөмішті экскаваторлармен тізбектей орындалады. Бұл жұмыстардың жиынтығы экскаватордың жұмыс циклін құрайды. Көпшөмішті экскаваторларда бұл жұмыстар біруақытта орындалады. Сондықтан, біршөмішті экскаваторлар үзілмелі, ал көпшімішті экскаваторлардың қозғалысы толассыз болып бөлінеді.


Біршөмішті және көпшімішті экскаваторлар жұмыстық, механикалық, жүру және күштік жабдықтарынан, рамадан, шанақтан және басқару механизмдерінен тұрады.
Шөміштің жебемен конструктылы байланысына қарай байланысы қатты (тура және кері механикалы күректер, гидравликалық экскаватор) және иілмелі(драглайн, грейфер) экскаваторлар болып бөлінеді.
Көпшөмішті экскаваторлар шынжырлы, скребті-шөмішті жұмыс органдарына және кен массаны көсіп алу және оны түсіру аймағына жеткізуге арналған шынжырлы шөмішке бөлінеді.
Жүру жабдығының түріне байланысты біршөмішті экскаваторлар шынжырлы, пневмодөңгелекті, адымдауыш және жүзгіш болып, ал көпшөміштілер шынжырлы, адымдауыш-рельсті, релсті- шынжырлы және темір жолды болып бөлінеді.
Күш жабдығына байланысты экскаваторлар электрлі, дизель-элеектрлі және дизел-гидравликалық болып бөлінеді. Карьертарда әдетте электрлі экскаваторлар қолданылады.
Тура механикалы күректер өздерінің шөміші мен жебенің қатты байланысы арқасында көсудің жоғары күшін дамытуда (3500Н/см) және жұмыс органының үлкен беріктілігімен сипатталады. Олар шөміш сиымдылығына байланысты әртүрлі түрлерде шығарылады және жұмсақ, қопсытылған қатты немесе жартылай қатты тау жыныстарды қазымдауда қолданылады. Карьертарда жұмыстардың орындалу көлемі бойынша тура механикалы күректер басым рөлді атқарады. Олар жыныстарды тасымал көлікке тиеуде қалай қолданылса, ашылған кеңістікке төгуде де солай қолданылады. Механикалы күректекдің негізгі кемшілігі жұмыс процессінің үзілмелігі. Экскавацияға цикл ұзақтығының тек 20-30% жұмсалады. Соңғы уақыттарда шетел және Ресей Карьерларында гидравликалық экскаваторлардың қолданысы кең таралуда.
Шынжырлы көпшөмішті экскаваторлар тығыз және жұмсақ жыныстарды қазымдауда қолданылады. Алудың толассыздығы және түсірудің жұмасқтығы таспалы конвейерлер мен жеңіл вагондарды қолдануға мүмкіндік береді. Шынжырлы көпшөмішті экскаваторлардың меншікті өнімділігі біршөмішті экскаваторлармен салыстырғанда 25-30% жоғары. Шынжырлы көпшөмішті экскаваторлардың кемшіліктеріне бағыттауыш құрылғылардың және черепті шынжырдың қажауы жатады. Сондықтан экскавацияның энергосыйымдылығы жоғарылайды. Көсудің төмен күшін де кемшілікке жатқызуға болады.
Алу-тиеу жұмыстарында драглайндарды қолдану барысында алу-тиеу және тасымалдау процесстерінің жұмысы негізгі үш тәсімдер арқылы орындалады. Драглайн-көлік тәсімінде тау жыныстар не пайдалы қазылым міндетті түрде тасымал көлігіне (думпкарлар, автоөзітүсіргіштер, конвейерлер және гидрокөліктер) тиеледі, мұндағы драглайн шөмішінің сиымдылығы 15м3 құрайды; темір жол көлігінде, тиімді жағдайларда механикалы күректекрді қолданғанмен салыстырғанда жұмыстардың өзіндікқұны 8-10% төмендейді. Драглайн- навал тәсімі бойынша аршынды жыныстар уақытша үйіндіге қоймаланады, кейін тасымал көлікке тиеледі. Жоғарыдағы тәсіммен салыстырғанда бұл тәсім драглайнның өнімділігін және тасымал көліктің пайдалану пәрменділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Пайдалы қазылым кен орындарын ашық қазу жұмыстары жоғары көлемді аршынды жыныстарды алу және тасымалдау жұмыстарымен тығыз байланысты. Тасымалданатын аршынды жыныстар көлемі оларды орналастыру мақсатында жасақталған арнайы алаңдарда қоймаланады. Аршынды жыныстарды үймелеу нәтижесінде пайда болған көлем үйінді деп аталады, ал аршынды жыныстарды орналастыру бойынша орындалатын барлық процесстердің жиынтғы үйінділеу жұмыстары деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру