Дипломдық жоба мамандығы 5В042000 "Сәулет" Шымкент, 2021ж. Ф 04-09


Бас жоспар (аймақтарды абаттандыру)

Loading...


бет7/8
Дата20.09.2021
өлшемі114.96 Kb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
3.1.2 Бас жоспар (аймақтарды абаттандыру)

Бас жоспар. Ғимараттың оңтүстік аймағында қазіргі таңда жоспар құрылысы көзделген аймақта орта қабатты тұрғын үйлер биіктігі боиынша жоспарланып есептеліп, қоймалар және әкімшілік тұрмыстық кешені және қасында жанастырылған көгалдандыру аймақтармен орналастырылған. Ғимараттың орналасуы судың жиналуы, көлік қою орындары ынғайына қарай, сонымен қатар, ұшу аймақтарыда желдің күші мен бағытына қарай қарастырылған. Бас жоспардың орналасу шешімдері форматында шартты белгілермен көрсетілген.

Бизнес ойын сауық орталығы ғимараттының территориясы әр-қалай жағдайға арналған және үлкен карусель мен қатар ойын сауық қызмет бөлмелері де қарастырылған, сонымен қатар жалпыға ортақ күту және авто-көлік алаңшасы бар. Графикалық жұмыста көгалдандыру аимақтары ғимарат ішінде, және аулада жел бағыты бойынша талдар, ағаштар отырғызылған, әдемілік түр болуы үшін мольустра талдары қоршалып, ғимарат алды және басқа да байланысты объектілеріне баратын жолдар асфальтталған. Осы мақсаттарды шешу барысында бас жоспарда ескерілген.

Және де өртке қарсы шаралар да кез келген ғимаратты жобалауда негізгі қарастырылатын мәселе болуы тиіс. Өртке қарсы шаралар ҚНжЕ 2.01.02-85 «Ғимараттарды жобалаудың өртке қарсы нормалары» талаптарна сай орындалған болуы тиіс, яғни ғимараттар жобасы адамдарды төтенше жағдайларда дұрыс эвакуациялауды қамтамасыз ететіндей және эвакуациялау кезінде қолданылытын есіктердің барлығы ғимараттан шығу бағытымен ашылуы тиіс. Өртке қарсы су құбырлары қарастырылуы және сигнал беру қондырғылары орнатылғаны дұрыс. Сыртқы қабырғаның отқа төзімділік шегі кемінде 2 сағат болғаны жөн. Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Менің жобам қоғамдық, адам көп жиналатын орындардың бірі болғандықтан құрылыс матереалдары, конструкциасы отқа төзімді денгеиде болғаны жөн. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Aзаматтық Ғимараттардың төзімділігінің 3 түрі бар:

1-дәреже: 100жылдан артық

2-дәреже:50жылдан кем емес

3-дәреже:20жылдан кем емес

Aғаштан, металдан, металл-болаттан, темір-бетон, цементтен, плита, блок. Құрылыс материалдарды және конструкцияларды тұтыну дәрежесі бойынша 3 топқа бөлінеді: а) жанбайтындар – от немесе жоғары температура әсерінен тұтанбайтын, бықсымайды және қараймайды; б) қиын жанатындар – от немесе жоғары температура әсерінен қииындықпен тұтанатын, бықсиды және қараяды, бірақ от көзін аластаса бұл процестер тоқтайды; д) жанатындар – от немесе жоғары температура әсерінен тез тұтанады және бықсып жана бастайды, от көзін аластатқаннан кейін де бұл процес жалғаса береді. Конструкция сонымен қатар отқа төзімділік шегемен де (сағат өлшемінде) сипатталады. Отқа төзімділік деп конструкцияның беріктігін немесе орнықтылығын жоғалтқанға және қима бойымен өтплі жарықшақ пада болғанға дейінгі немесе конструкциялық от әсеріне қарсы жақ бетінің қызуы 200°С – дан асқанға дейінгі от әсеріне қарсыласуын айтады.

Oтқа төзімділік дәрежесі бойынша ғимарат беске бөлінеді.

1-дәрежелік отқа төзімділікке ең үлкен отқа төзімділік сәйкес келеді;

5-дәрежелі отқа төзімділікке ең кіші отқа төзімділік сәикес келеді;

1,2- және 3- дәрежелі отқа төзімділікке кірпіш ғимараттар жатады, оның ішінде 1- және 2- дәрежелі отқа төзімді ғимараттардың қабырғасы, тіреулері, аралық қабат жабындары мен таса қабырғалары – жанбайтын, ал 3-дәрежелі отқа төзімді ғимараттардың қабырғасы мен тіреулері – жанбайтын болса, аралық қабат жабындары мен тас қабырғалары – қиын жанатын болып келеді;

4-дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға ағаштан салынған, сырты сыланған, ал 5-дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға ағаштан салынған сырты сыланбаған ғимараттар жатады. Сол себепті отқа төзімділігі 4- және 5-дәрежелі ғимараттардың қабат саны өртке қарсы талаптарға сай, 2 қатардан аспауға тиіс.

ҒКА – ғимараттардың конструкциялық элементтерінің біріккен жүиесі болып табылады. Көтергіш конструкциялар беріктік, қатаңдық және орнықтылық талаптрына сәикесті болумен қатар, оларға өртке қарсы және қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы да керек. Азаматтық ғимараттардың конструкциялық жүиесін ҒКА-ның тік және көлденең элементтерінің орналасу сипаты анықтайды. ҒКА-ның 2 типі болады: көтергіш қабырғалы (қаңқасыз жүиелер) және көтергіш қаңқалы (қаңқалы жүиелер).

Қаңқасыз жүйелер:

1. Жүк көтергіш қабырғалары бойлық орналасқан жүиелер;

2. Жүк көтергіш қабырғалары көлденең орналасқан жүиелер;

3. Жүк көтергіш қабырғалары бойлық және көлденең орналасқан аралас жүиелер.

Қаңқалы жүйелер:

1. Бойлық ригельді толық қаңқалы;

2. Көлденең ригельді толық қанқалы;

3. Ригелі бір жағынан көтерме қабырғаға, екінші жағынан ұстынға сүиенген толық емес қаңқалы;

4. Қаңқасы ригельді;

5. Ригельсіз толық емес қаңқалы.

Қаңқасыз - ғимараттар тұрғын, бала – бақша т.б. үилерде қолданылады.

Қаңқалы –өндірістік ғимараттарда қолданылады.

Ригельді айқас орналасқан қаңқалар – құрылыс сейсмикалық адандарда қолданылады.

Pигельді қаңқа – көп қабатты өндірістік ғимараттарда және азаматтық ғимараттарда қолданылады.

ҒКА мақсаты:

1. Әсер ету уақытының мерзімі бойынша барлық жүктемелер 2 топқа бөлінеді:

а)тұрақты;

б)уақытша.

2. Жүктемелер сипаттамасы бойынша бөлінеді:

а)статикалық:

б)динамикалық.

3. Берілу түрі бойынша:

а)шоғырланған, біріккен;

б)тік бағытталған;

в)көлденең бағытталған.

Ғимараттардың орнықтылығы оның әсер етуші құбылыстарға кедергі жасау қабілеттілігі және статикалық динамикалық тепе-теңдңктің сақталуы. Ғимараттардың кеңістікті қатаңдығы. Ғимараттардың геометриялық өзгермеитін пішінінің сақталу қабілеттілігі.

Әрине құрылыстық жұмыстардың қоршаған ортаға тигізер зардабы көп екені баршамызға мәлім. Сол себепті біздің елімізде ғана есес қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.

Tабиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан жобаны жоспарлау барысында аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.

Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.

Tабиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.

Tабиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұракты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және кешкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және баска да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аякталғанынан кейін шурфтарды және баска косымша казылған жерлерді калпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс алаңы талшіліктерден және бағалы емес ағаштардың түрлерінен тазартылады, бұл жұмыс құрылыс салына­тын территория  ішінде жүргізіледі. Құрылыс алаңын дайындағанда топырақтың өсімдік өсетін кабаты өте ұкыптылыкпен алынып, құрылыстың баска жерлерінде немесе басқаучаскелерінде көгалдандыру максатында пайдаланылуға тиіс. Ағаштардың  түптерін  атжалдағы топырақтармен жабуға болмайды, өйткені кейбір ағаш тұқымдары одан қурап калады.

Жерасты коммуникацияларын жобалау және тарту жұмыстары құрылыстың бас жоспары бойынша жүргізіліп, жоба қатаң сақталуы керек.  Жер жұмыстарын, оның ішінде  іргетастар  мен  жертөле құрылыстарын салу жобадағы белгілерге сәйкес қатаң сакталып, жүргізілуге тиіс.

Tұракты немесе уақытша орнатылған су деңгейін төмендеткіш қондырғы дренаж өсімдіктердің өсіп-өнуіне әсер етуіне карай 300 метрге дейін кашықтықта орнатылады. Қондырғы мен дренажды салғанда оған жақын территорияда шпунтты кабырғалар тұрғызылады.

Құрылыс салынып жаткан территорияда сакталуға тиіс ағаштар мен бағалы көшеттер арнайы қоршаулармен қоршалады, тамыр жүйелерін корғайтын тиісті гумус кабаты сақталуға тиіс, ал ағаштың діңі ағаш қораптармен жабылады. Ағаштардың және көшеттердің бағалы түрлері жобада көрсетілгендей нөмірленіп қабылданады, ал оларды өткізу акті бойынша дендрологтың қатысуымен жүргізіледі.

Aғаштар баска жерлерге механикаландырылған әдіспен отыргызылады. Ағаш тамыр жүйесінің айналасындағы топыракпен бірге ойылып алынады, ал оны кранмен көтерген кезде арканмен ілетін жерлері арнайы қаптамалармен оралады. Егер ағаш басқа территорияға апарылатын болса оның тамыр жүйесі ағаш жәшікпен қапталады. Қыста ағаш тамырының топырағы катып калған жағдайда оны каптаудың керегі жок.

Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызғанда территорияны шаңдатпас үшін құрылыс қалдықтары мен қоқысты шығарып тастап отыру керек. Олар арнайы контейнерлерге тиеліп төгіледі немесе қораптармен қабылдау бункерлеріне түсіріледі. Құрылыста жарамсыз деп табылған құрылыс бұйымдары мен бөлшектерін және пайдаланылмаған құрылыс материалдарын кемуге болмайды. Осы сиякты құрылыс алаңында материалдардың қалдықтарын, әсіресе битум негізіндегі орамаларды, айырушы материалдарды, бояғыштарды, автоқаптағыштарды және басқа да ауаны ластайтын қоқыстарды жағуға болмайды.

Pеспубликамыздың жер жөніндегі заңдары негізіне сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерінде құрылыс немесе басқа жұмыстар жүргізуші барлык кәсіпорындар жұмыс барысы көзінің өзінде-ақ ол жерлерді пайдалануға жарайтын етуі керек, ал оған мүмкіншілік болмаған жерде барлық жұмыс аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде бүлінген жер қалпына келтірілуге тиіс.

Oбъект жобада көрсетілген көріктендіру және айналадағы территорияны көгалдандыру жұмыстары біткеннен соң су, ауа, газ тазартатын құрылыстарды алдын ала техникалык кабылдаудан, осы секілді қатты қалдықтар территориядан шығарылғаннан кейін ғана пайдалануға кабылданады.

Қоршаған ортаны ластау көзқарастығы арқылы нысанның құрылыстық технологиасын тізімдеу

Cәулеттік немесе азаматтық мақсаттағы объектілерді салу кезінде табиғат компоненттеріне нақты техногендік жүктемелер өңірлік ландшафт биогеоценоздарының антропогендік өзгеруінің әлеуетті деңгейлерін қалыптастырады.

Oсы тұрғыдан алғанда, ерекше маңызды ғылыми-мето-7-247 табиғи ландшафтқа ең аз әсер ету және аймақтағы экологиялық теңгерімді сақтау бойынша қажетті бастапқы конструктивтік-технологиялық алғышарттарды (құрылыс кешенінің жұмыс істеуіне қатысты) қамтамасыз ету тұрғысынан құрылыс процесіне құрылымдық-ұтымды шектеулерді оңтайландыру міндеті методикалық мәнге ие болады.

Kөрсетілген міндетті шешу екі инженерлік-техникалық бағыт бойынша дамиды: берілген экологиялық өлшемдер (мысалы, табиғи-техникалық Геожүйенің экологиялық сенімділік өлшемдері) бойынша құрылыс сапасын оңтайландыру саласын айқындау; табиғи ландшафт компоненттеріне техногендік жүктемелерді сапалық-сандық минимизациялау өлшемдері бойынша экологиялық таза құрылыс кешенін құрудың қағидаттық шарттарын айқындау.


Қалыптасатын құрылыс кешенінің менің кезегімде бизнес орталық кешенінің сапасы оның табиғатқа немесе табиғат аталмыш құрылысқа тигізер жиынтық қасиеттерінің түмінікетемесін қарастыра белгілі бір интегралдық сипаттамасы бар ма жоқпа тексеріп алдын ала сынға алған жөн.

Салынатын объектілердің мақсатына сәйкес өз функцияларын орындау қабілеті. Жекелеген құрылыс объектілері мен кешендерінің функционалдық қасиеттерін нормалаудың дәстүрлі әдістері осы шамада өңірдің экологиялық қауіпсіздігі талаптарын ескермейді. Құрылыстың нормативтік регламентіне экологиялық шектеулер салу құрылыс кешенінің конструктивтік әлеуетін және оны қалыптастырудың технологиялық процесін оңтайлы жобалау шеңберінде іске асырылуы мүмкін. Бұл міндетті шешу үшін белгілі бір шамада шетелдік тәжірибе пайдаланылуы мүмкін.

Экологиялық ұтымды құрылыс қағидаты қалыптасатын объектілердің тіршілік циклінің барлық сатыларында жан-жақты және тиімділігі жоғары бақылауды көздейді. Бұл ретте бақылау құрылыс сапасын белсенді қамтамасыз ету функциясында да (тұрақты кері байланыстар және бақылауға реттеу мен басқару функцияларын беру есебінен), сондай-ақ құрылыс салу аймағындағы экологиялық жағдайды объективті бағалау функциясында да болады.

Oсы тұрғыдан алғанда кешенді бақылау өнеркәсіптік объектілердің экологиялық қауіпсіз құрылысын қамтамасыз етудің қажетті шартын айқындайды.

Құрылысты экологиялық тиімді бақылауды жоспарлау тек маңызды инженерлік проблеманы білдіреді, оны шешуге тұтастай алғанда ОЖЖ антропогендік даму сипаты елеулі түрде байланысты болады. Жоспарлаудың бастапқы кезеңі салынатын объектілердің функционалдық мақсаты тұрғысынан өнеркәсіптік құрылыстың ерекшелігін көрсететін экологиялық бақылаудың инженерлік сыныптамасын әзірлеу болып табылады.

Құрылыстың нақты объектісін қалыптастыратын көп сатылы технологиялық цикл және gt табиғатты қорғау әлеуетінің әрбір қалыптасушы сатысында кепілді қамтамасыз ету қажеттілігі; 0, табиғатты қорғауды қамтамасыз етудің озу проблемасын алдыңғы жоспарға қояды.


Oсылайша, озыңқы табиғат қорғау стратегиясын қалыптастыру екі қағидатты талаптарды қамтамасыз ету қажеттігінен тұрады: өнімнің өмірлік циклінің қалыптасатын сатылары бойынша уақытша озып қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарды орындау және нақты шешімдер әзірлеу; инженерлік-экологиялық циклдің әрбір озық сатысында кепілді табиғат қорғау әлеуетін қамтамасыз ету.

Бірінші шарт негізінен инженерлік-экономикалық және өндірістік циклдарды дәлелді жоспарлау, сондай-ақ еңбек процесіне тартылған барлық материалдық-техникалық ресурстардың қажетті теңгерімділігін айқындайтын барлық еңбек қызметін нақты ұйымдастыру есебінен қол жеткізіледі.


Екінші шарт еңбек циклінің барлық қалыптастырушы кезеңдері бойынша (инженерлік-экологиялық және өндірістік циклдерден тұратын) табиғатты қорғау әлеуетін негіздеу қажеттілігіне байланысты неғұрлым күрделі міндетті білдіреді.
Құрылыс аймағындағы табиғи ландшафтардың экологиялық қорғалуына салынатын объектілердің сапасы мен сенімділігін, тиімді техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық шешімдер мен әдістерді арттыру есебінен елеулі мөлшерде қол жеткізіледі. Мұнда басты бағыт — құрылыстың барынша индустриялық тәсілдері.

Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.

Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздың ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар. Бұл ретте межеленген бағдарға тоқтала келе Елбасы Қазақстан-2050 стратегиясы - Қазақстан-2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы екеніне мән берді. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы.

Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін. Осыған орай,  ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында отыруы тиістігін қадап айтты. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, дамушы елдер арасында дәл осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Соған орай, Нұрсұлтан Әбішұлы «күн астындағы орын» тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиістігін атап өтті.  Қазіргі кезде дамыған, дамушы елдер қала құрылысын биік (24-25) көпқабатты үйлерден тұрғызып, оның жер аумағын ықшамды етуге ұмтылуда.

Ол қаланың инженерлік жүйесінің жақсаруына бірден –бір себеп болады.

Құрылыс қазіргі ұрпақтың келер ұрпаққа қалдырар мұрасы болғандықтан да оны заман талабына сай, дамыған елдердің тәжірибесін пайдаланып жүргізу керек. Сол себепті барлық деңгейдегі жобалау жұмыстарына, оны орындау технологиясына деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп, осы заманғы құрылыс үрдісін жақсы меңгерген инженер- мамандардың қатысуын қамтамасыз ету, осы жұмыстарды ұйымдастыратын тендер өткізуші тиісті мекеме қызметкерлерінің азаматтық парызы болса керек.

Ол үшін әсем ғимарат жобаларын дайындауды, әлемдік жетістіктерді пайдалана отырып, оның ең үздік экономикалық тиімді конструктивті шешімдерін жасай алатын ұжымдарға тапсырып, оны білікті мамандардың қатысумен арнайы сараптан өткізу шарт. Қазіргі кезеңде құрылыс жұмыстарын лицензиясы бар кез келген топқа бермей, заманға сай конструктивті материалдарымен құрылыс жүргізу технологиясын жақсы меңгерген, білікті мамандары, техникалық құрал-саймандары бар ұжымдарға беру керек.

Тұ­ғыр­лы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 25000 метрді құрайды. Оның негізгі қаң­қасы темір бетоннан жасалған және фторполимер шынымен қап­талған шыны терезелерден тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер – жарықты молынан өткізіп, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалы болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 1300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 12 метр. Бұл құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 1300 тонна, шатырдың биіктігі – 12 метр. Жобаланатын бизнес орталығының ішкі көлемі 85 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, бизнес офистер, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 5 және 3 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған. Қысқаша айтқанда басқа да пайдалы бизнестік жоспарлар қарастырылған. Үкімет сауда орталықтарының құрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақсан аумағындағы көптеген кәсіптік бизнестерді дамытуды және арзан несие беру жолында қолға алуды қатты талап еткен болатын.



Осыған байланысты Үкімет бизнесті дамытуда сауда орындарын құру және дамыту бойынша және болшақта үлкен сауда орталықтарын салуға жерлер бөлуде. Үкімет сауда-саттық кластердің құрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақстан аумағында бизнес жоспарларын құруда инфрақұрылымындағы салалардың жиынтығын ескеруде. Негізінен «Кластер» ұғымы математика, астрономия және музыка салаларында қолданылатын, қазіргі кезде экономикалық әдебиетте де кең қолданысын тапты және құрылыс саласындада жиі қолдануда, онда негізгі қозғаушы күш-мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін бизнестік жекеменшікті ұйымдар.

Біздің облысымызда сауда орындары кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді жанданып келе жатқан сала. Сауда-саттық қазіргі заманда Қазақстан экономикасының ең перспективті саласы болып табылады. Аталған сала дамудың дұрыс өзгерістерінен өтсе, онда ол саудаға да облыстық бюджетке де үлкен кіріс алып келер еді.  Сонымен қатар Қазақстанның кейбір облыстарында көріктендіру саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді жанаданып келе жатқан сала Қалаларды көріктендіру қазіргі заманда Қазақстан экономикасының ең перспективті саласы болып табылады. Аталған сала дамудың дұрыс өзгерістерінен өтсе, онда ол саудаға, облыстық бюджетке де үлкен кіріс алып келер еді. Өйткені көрікті қалаларды немесе көрікті жерлерді кімнің көргісі келмейді. Мысалы шет мемлекеттерден келетін адамдар саны бұдан былайғы жылдары көбеймесе азаймайды деп ойлаймын. Отанымыз Қазақстанның экономикасы көтерілген сайын біздің еліміз, жеріміз, көріктенген үстіне көріктене түседі деген пікірдемін. Сондықтан да менің іс-тәжірибелік жұмысымда алып отырған негізгі тақырып Шымкент қаласына немесе шет аймақтардағы аудандық округтерге және ауылдық орталықтарды көркейту үшін де бизнес орталығын жобалау болып отыр.

Біздің елімізде мұндай ірі жобалар құрылысын іске асыру жақсы дамуда, осындай құрылыс нысандарын жобалауқосымша экономиканың басқа да салаларын қамтып жатыр. Европа елдерінде, бұл құрылыстың осы түрі кең ауқымда дамып кеткен. Өздерінің бизнес сауда орталық ғимараттарын көріктендулері бойынша шетелдіктер өз елдерін мақтан тұтып әлемге әйгілі етіп жарнамалар беріп отырады. Осыған байланысты тағы бір мәселе елімізде сауда- кешендердің дамуына көліктік инфрақұрылымның дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан мен осы мәселелерді ескере отырып сауда орталық ғимаратын қолайлы және ережеге сай етіп жобалап отырмын. Ескере кету керек көпшілік халық бір ыңғайлы стильдегі композицияға және коттедждер мен ғимараттарға үйреніп қалған. Сондықтан мен өз ойымдағы евро стильдегі композициялық шешіммен осы ғимаратты тұрғызғым келеді. Менің алып отырған негізгі композициям жаңа заманауи тұрғыдағы ғимарат. Бұл ғимараттың негізгі түсінігі заманға сай инновациялық ерекшеліктерге бай болады. Бір-бірімен ғимараттарды байланыстырып әсемдеу үшін ритімдік стильдерді пайдаландым. Сонымен қатар сырт пішініне көбінесе айналы шыныны пайдаландым, өйткені түн қараңғысында ай сияқты жарқырап жарық беріп тұрады.Қоғамдық ғимарат болғандықтан сырқы айналасынныңда композициясын ерекшелеп бердім, яғни ландшафтық көгалдандыру арқылы орталық бау арасынан ақ жолақты аппақ плиталармен жаяу адамдардың жүргінші жолын беріп өттім. Екі жағына аппақ гүлдерді отырғызады және басқа жерлерге әсемделіп әр түрлі өсімдіктермен көгалдандырылған ландшафтық аймақтар орналастырылды. Кең көлемді кеңістіктегі ландшафт өнері, архитектураға ал өнер тапқыштықпен әсемділік – сәулеттік кіші пішінге немесе скульптураға әкеледі. Сондықтан менің жобамдағы парк алдында орналасқан шағын кіші сәулеттік формалар өзіндік бір ерекшілікпен көзге түседі. Бас жоспар жасанды әсемделіп көркейтілген әр түрлі гүлдер және өсімдіктермен көгалдандырылған аймақтар арқылы орналасқан. Бір жағынан менің композициялық шешімдерім Қазақ үрдісіне де өте жақын сыртынан айналмалы ерекше формасын беріп түрады.

Бұл құрылыс салынғанда барлық қала тұрғындарымен қатар, басқада көршілес елдерден немесе барлық жан-жақтағы өз қалаларымыздың тұрғындары тағатсыздықпен зор қызығушылық танытып келетініне мен кәміл сенемін. Бұл жоспарланған ғимаратта тиімді жалға беру, бутиктер мен дүкендерді орналастыру шеберлігі жіті ойластырылғандықтан сауда орындарында танымал брендтердің атауы барынша кең көрніс алады деп сенемін. Сонымен қатар ғимараттың әрбір қабатында мейрамханалар мен дәмханалар бар. Оларда әлемдік асханаларының тәжірибелі дәмді ас дайындайды. Ал төртінші қабатта жүзу бассейні, аквапарк және [әмбебап, жабық жағажай орын алған. Осының нәтижесінде бұл орталыққа келіп демалатындар көрікті заманауи мегаполис - Шымкент келбетін тамашалай алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар қазіргі заманауи ойындардың бірі космодром ойын-сауық орталығы балаларға ғана емес, ересектерге де арналған қызықтыратын ойындарын тамашалауға қызықтырады. 3-інші қабатында бильярд залы және жайлы бар орналасқан. Су аттракционы - су каналдары және ағаш қайықтары бар, көтерілімі 4 м, құламасы 6 м, жан-жағы ағашпен және көрікті өсімдіктермен қоршалған аттракцион. Сауда- сауық орталығының сыртқы жағынан қарағанда үш бұрышты болып келетін жанама ғимараттар орналасқан бұлар да өзіндік бір қызмет атқаратын блоктар, яғни қысқаша айтқанда адамдардың дем алуларына қолайлы жағдайлар жас алынған.Сауда-ойын сауық орталық ғимараттың 1-ші қабатында жалпы тағайындалған бөлмелер, бөлмелер, қызметші-тұрмыстық бөлмелер, асхана блогы орналасқан. Сауда-сауық орталығының ғимараттың жертөле қабаты мынадай бөлмелерден тұрады: Техникалық бөлме, дәліз, қызметші бөлме, жеміс-жидек сақтайтын қойма, әйелдер жеке гигиенасы бөлмесі, құрал-саймандар қоймасы, өндіріс меңгерушісі кабинеті, шаруашылық меңгерушісі кабинеті, кір киім қабылдау бөлмесі, кір жуу бөлмесі, эвакуациялық баспалдақ, таза киім қоймасы, шеберхана, қызметшілер гардеробы, душ пен инвентарь қоймасы. Жобада мына төмендегі бөлмелер қарастырылған: 1-қабатта – топтық киім ауыстыру бөлмесі, буфет, дәретхана, эвакуациялық баспалдақ, күзет бөлмесі, жинақтауыш-шлюз, медициналық кабинет, каридор, қонақ үй бойынша жеке бөлмелерде киім ауыстыру бөлмесі.

Жобалатын бизнес орталығында жарылғыш заттарды, химиялық және москитті-химиялық заттарды, сонымен қатар құрылыс бұйымдарын сақтауға шектеу қойылады.

Бөлмелер бір-бірімен коридорлар арқылы байланысқан.

Бұл жоба негізінен Түркістан обылысының Шымкент қаласынан арнайы бөлінген жер теліміне сауда орталығын салу және ландшафтық сәулетін жобалау мақсаты әкімшілік тарапының шешімімен жоспарға енгізілген. Шымсити мөлтек ауданы – Шымкент қаласының солтүстік батысындағы әкімшілік ғимаратын салуға бөлінген жерлердің айналасына орналасады.

Бас жобаның сәулет-жоспарлық шешімдері осы ғимараттың салынуына сәйкестендірілген.

Бас жоспар жасу кезінде ҚМжЕ ІІ-89-80 «Өндірістік кәсіпорындарының бас жоспарлары» және ҚМжЕ 2.09.02-85 «Өндіріс жабдықтары» деген нормаларға сәйкес санитарлы-техникалық және өртке қарсы күресу шаралары болып кең көлемде жауаптар тақтасы.

Бас жоспарда сауда орталығы, демалу алаңшалары, беседкалар, көлік тұрақтары, тратуарлардан тұрады.

Жерінің аумағы 3,1 мың (облыстың 2,6%-ын қамтиды). Кейінгі жылдары құрылған жаңа Шымсити мөлтек –ауданының айналасында қазіргі тұрып жатқан шамамен тұрғыныдары 102,1 мың адам. Бұл мөлтек аудан Шымкент қаласының шет жағында ашық жерге орналасқан және құрылыс салу орындары әлі де жалғасуда және болашақта құрылыс салынады деген бос жерлер көп. Жер бедері кей жерлері дөңесті жазық және тегіс жерлері басымырақ.

Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9°С, шілде айында 24°-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Аудан тұрғындарының орташа тығыздағы 1 км²-ге 14,6 адамнан келеді. Шымкент қаласының халқы көп ұлтты, негізгі бөлігі қазақтар 80% пайыздан, өзбектер, орыстар және т.б.аймақтағы елді орындарда жоспарлау және құру, СНиП 3.01-01-2002 тарауына сәйкес жасалынған.

Жоба аймағында басқа бөтен қатысы жоқ мекемелер сонымен қатар осы құрылысқа байланысты емес құрылыстар және құрылымдар орналаспаған. Болашақта сауда-ойын сауық орталық аймағанда әкімшілік, қонақ үй, спротпен шұғылданатын ғимараттар және бір қатар жеке қонақ үйлер мен бассейндер жобалау мақсатында алдындағы уақытта жоспарда жоспарланған. Сонымен қатар парктердің ландшафтық сәулетін жобалау арқылы қалалық және қызметтік аймақтардың жи­нақы орналасуы мен өзара байланысын қам­тамасыз ете отырып қалыптастыру қажет екедігі есекрілген.

Мұнымен қатар, ау­мақтың тиiмдi ауданан қоғам­дық орта­лықтар жүйесiмен, инженерлiк-көлiктiк инф­рақұры­лы­мымен үйлестiру, орталық кешендерін аумақты оның құрылыстық құндылығына қарай тиiмдi пайдалану, сәулеттiк жаңа замандық стилдегі дәстүрде және табиғи-климаттық жағдайға байланысты, ланд­шафт­тық дизайндық әсемділікті және басқа да жер­гiлiктi ерек­шелiк­терiн кешендi түрде ес­керіліп карталары сызылған.

Сондықтан менде осы әкімшілік тарапынан дайындаған жоспарларға сүйене отырып Шымкент қаласындағы сауда орталағын жобалау да бас жоспар маңыздылығын негіздей отырып өз шығармашылығымдағы жобамды ұсынып отырмын. Бас жоспар бойынша ең маңызды ғимарат сауда орталығы және оның кіреберіс беті негізгі көліктер жүретін үлкен жолға қаратылған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...