Дипломдық жоба мамандығы 5В042000 "Сәулет" Шымкент, 2021ж. Ф 04-09



бет6/8
Дата20.09.2021
өлшемі114.96 Kb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
- Cтруктурасы- үлкен тығыздықты бетонның толтырғышының аралары байланыстырғышпен толтырылған; үлкен кеуекті, кіші- және құмсыз; кеуектелген, яғни толтырғышы бар және байланыстырғышы қатқан күйінде кеуектер түзген; ұяшықты, яғни ұяшықтары жасанды түрде жасалған.

- Tығыздығы бойынша- 2500кг/м3(аса ауыр); 2200- 2500кг/м3(ауыр); 1800-2200кг/м3(ұсақ түйіршікті);500- 2000кг/м3(жеңіл);

- Tолтырғыш түрі – қатты толтырғышы бар, кеуекті; арнайы.

- Tүйіршік құрамы, ірі түйіршікті және ұсақ түйіршікті;

-Қатаю түрі- табиғи, жылумен өнделген атмосфералық қысымда; автоклавты өңдеу, жоғары қысыммен.

Жабын—ғимараттың иілген формасы атмосфералық құбылыстардан, температура ауытқуларынан, күн радиациясы, желден және т.с.с. қорғайтын болып табылады. Барлық құбылыстарға төтеп беру үшін жабын өте берік болу қажет, бұл жобада жабынды атмасфералық қысымға қарсы тұратындай емес ауа раиы икеміне жеңіл қабылдайтындай формада болуын қаладым. Жазық жабын әдетте 0-ден 3% еңістікті болады. Бұл жағдайда, ғимарат құрылымы ішкі субурғыш құбырларымен жобаланады. Жабынның бұл түріне герметикалық қасиеттері бар материалдар қолданады. Жазық жабын көбінесе өндірістік ғимараттары, гараждар, тұрғын үйлер, сауда-саттық орталықтары және басқа да үлкен нысандарды жобалауда қолданады, алайда бұл тіпті қарапайым әрі қызық емес деп ойлаймын. Озінің негізгі формасынан тыс басқа жазық жабын – бұл жобада, қоймалар, автотұрақ жабындары ретінде жобалауға болады, бұл әдіс - заманауи мегаполистер үшін өте қолайлы. Жазық жабын құрылысында негізгі материал ретінде болат кескінді төсеніш (стальной профилированный настил) немесе темірбетонды плиталарды ұсынамын. Сонымен қатар жазық жабынды жылыту қажет деп ойлаймын (утепление), өйткені, бұл әдіс ғимраттың ішкі кеңістік жылуын сақтауымен қатар, ғимараттың ішкі кеңістігінде қолайлы микроклимат жасайды.

Желдету (вентеляция) – қарастырылған. Жоба ғимаратының формасы арнайы желдету жүиесіне де қолайлы. Желдету - ғимараттан шығатын ауаны шығарып алу және оның сыртқы орнын ауыстыру үдерісі. Қажет болғанда ауаны баптау, сүзгілеу, жылыту немесе салқындату, ылғалдандыру немесе ылғалдандыру, иондау және т.б. жүзеге асырылады.Вентиляция ауаның ішіндегі ауаның санитарлық-гигиеналық жағдайларын (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа ылғалдылығы және ауа тазалығы) санитарлық нормалардың, технологиялық процестердің, құрылыс конструкцияларының, сақтау технологиясының және т.б. талаптарына сай адам денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қолайлы.

Жел энергиясын тиімді пайдалану жағыда қарастырылған. Жел энергиясын пайдалану үшін – жел турбиналары желдің бағытына қарай орналастырылған. Табиғат энергиасын барынша қолдану мақсатында күн энергиасынан тыс Жел энергетикасыда тиімді бағытта қолдану барысында – механикалық,  жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.

Экология. Бұл тұрғыдан – алсақ жобада бұл мәселе де маңызды рөл атқарады. Себебі, мұнда интерьерде және сыртқы жобада жасыл желекті талдар егіледі. Ауадағы адам өміріне зиян келтіретін көліктер мен ұшақтардан туындаитын газдардан тазартады. Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты, адам өміріне маңызы өте зор болғандықтан бұл мәселені қарастыру маңызды.

Жобаның жоғарыда аитып кеткендеи өзіндік ерекшеліктері қазіргі уақыттағы көптеген ғимараттар мен келбеті бір типті архитектуралардан құралған қаланың көркі боларлық етіп жобаланған. Ал бұл өз кезегінде өзекті мәселе болып табылады. Бұл жобада үнемдеу шаралары жан – жақты қарастырылған. Негізгі өзектілігі бірден көзге түсіп есте қаларлық формадағы бизнес орталық формасын қалыптастырып туризм мәселесіне кішігірім үлес қосу болып табылады.

Металл конструкциялы ғимараттар және құрылыстар құрылысында пайдалану кезіндегі қойылатын қауіпсіздік талаптары:

1. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түсетін металл конструкциялар техникалық құжаттамада белгіленген мерзімде қауіпсіз болуларытиіс. 
2. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану процесінде металл конструкциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Ғимараттардың, құрылыстардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентімен белгіленген талаптар орындалуы тиіс. 
3. Көтергіш металл конструкциялары бар ғимараттарды және құрылыстарды атмосфералық, климаттық және технологиялық факторлардың қиратушы әсерінен жүйелі түрде сақтандыру қажет. 
4. Көтергіш металл конструкцияны ғимараттардың және құрылыстардың құрылыс конструкциялары жүйелі техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылуы тиіс, оларды тұтастай, жекелеген бөліктері мен конструктивтік элементтерін бүтін және пайдалануға жарамдылықта ұстау бойынша кешенді операцияларды уақтылы орындау қажет.

 5. Көтергіш металл конструкцияларымен бар ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану процесінде олардың көлемдік-жоспарлық шешімдерін өзгертуге, сондай-ақ сыртқы қабырғаларында қақпаларға, есіктерге, терезелерге, коммуникациялар кіргізуге арналған ойықтар жасауға, құрылыс конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды жобасыз немесе жобалаушы ұйыммен келісілмей орындауға тыйым салынады. 


6. Көтергіш металл конструкциялары бар ғимараттарда және 
құрылыстарда технологиялық жабдықты немесе технологиялық процесті 
құрылыс конструкцияларына түсетін күштің әсерлері, салмақтар, агрессивтік әсердің дәрежесі мен түрі өзгеруіне алып келетін алмастыру немесе жаңарту тек жобалаушы ұйым дайындаған немесе онымен келісілген арнайы жобалар бойынша жүргізілуі тиіс. 

7. Жабдықты бөлектеу, коммуникацияларды салу немесе бабына қайта келтіру бойынша жұмыстар жобалаушы ұйыммен келісілуі тиіс. Жұмыстарды құрылыс конструкцияларының сақталуын қамтамасыз етіп, оларға артық салмақ түсірмей және деформацияламай орындау қажет. 


8. Металл конструкциялардың негізінде салынған ғимараттардың және құрылыстардың инженерлік қондырғыларына техникалық қызмет көрсету кезінде нормативтік құжаттардың талаптарын басшылыққа алу қажет. 
9. Пайдалану процесінде ғимараттардың және құрылыстардың
 
көтергіш металл конструкциялардың конструкциялық кестесін өзгертуге рұқсат берілмейді.
 
10. Ғимараттар және құрылыстар қаңқаларының металл конструкциялары артық салмақтан сақтандырылуы тиіс. Осы мақсатта жобалаушы ұйыммен келісілмей орындауға болмайды:
 
      1) ғимараттар мен құрылыстар қаңқаларының металл конструкцияларына жобада көзделмеген технологиялық жабдықты, көлік құралдарын, құбыр өткізгіштерді және басқа құрылғыларды ілу, орнату, бекіту; 
      2) шатырларда, ең алдымен олардың әр жазықтықта қиылысқан 
бөліктерінде қардың, шаңның және қоқыстың жиналуы;
 
      3) қаңқалардың конструкцияларына жөндеу және монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын құрылғылардан және тетіктерден уақытша қосымша салмақ түсіру; 
      4) ғимараттардың және құрылыстардың конструктивтік элементтерін 
зәкірлер, тартқыштар, тіреулер ретінде пайдалану;
 
      5) қаңқалардың бағаналарына және басқа конструкцияларына жиналған материалдардан және бұйымдардан, қабырғалардың және бағаналардың жанына үйілген топырақтан және басқа да сусымалы материалдардан бүйірлік қысым түсуі. Материалдар және бұйымдарды қоймалау, үйілген топырақ және басқа да сусымалы материалдар металл конструкцияларға 2 м жақын орналаспаулары тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік