Дипломдық жоба мамандығы 5В042000 "Сәулет" Шымкент, 2021ж. Ф 04-09



бет5/8
Дата20.09.2021
өлшемі114.96 Kb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
3. Kөлемді жоспарлы шешімдері

Бұл жобада көлемді жоспарлы шешімдерін қарастыру барысында барлық сәулеттік жобалау пәндердін қайталау арқылы мен келесі нәтижелерді шешіп, түсініп қол жеткіздім ерекше типіндегі нысандарды дайындау мысалында сәулеттік ғимарат туралы жаңа кәсіби түсініктерін меңгеріп, қазіргі таңда құрылыс саласының жан-жақты дамуына байланысты әр қалыпты ерекше құрылыс материалдарымен таныстым. Бұл құрылыс материалдары мен жобалау жолдары арқылы кез-келген қиалдағы жобаларды ерекше және батыл ойларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сол себепті менің ойымша қазіргі таңда батыл оиларды жүзеге асыратын креатив заманы болып табылады. Жұмыс барысында жобалаудың неше түрлі формалы әдістемесімен танысып, қарапайым сәулеттік элементтерді, пішіндерді талдау әдістемесін және стильдік ерекшеліктерді меңгере отырып өзгеше үлгі қалыптастыруды басты мәселеге алдым. Бұнда берілген ғимарат жобаланатын сәулеттік ортаны зерделеуге, бизнес орталық салушылық жағдайларды биік, орта ғимараттарды ескере білу ерекше маңыз беріледі.

Ғимарат ригельді қаңқа үлгіден тұрады.

Ғимараттың қаңқасы- темірбетон құймалы, баспалдақ алаңшалары және марштары құймалы конструкциялық үлгіден.

Ұстындар биіктігіне өзгеріп отыратын болып көзделген: жертөледен бірінші қабатқа дейін 400х400 мм қимада және екінші үшінші қабатар 400х400 мм етіп қарастырамыз. Ұстындар құйма темірбетоннан. Құйма темірбетон класс В15 және байланыстыру МЕҮЛ 13579-78. Маркасы: ФБС 24,4-6т, ФБС 12-4,6т.

Аралық жабын және жабын құймалы темірбетоннан етіп жобалаймыз.

Іргетастар- құймалы темірбетонды іргетасты плита ретінде күшейтілген қабырғалары бар ростверк тәріздес өлшемдері 400х400мм. Іргетас астына қалыңдығы 100мм В 12,5 классты дайындық қабат қарастырылған.

Құймалы темірбетонды баспалдақ алаңшалары және баспалдақ марштары аралық жабынға бекітіледі.

Сыртқы қабырғалар желдетілген ГОСТ 21520-89 талаптарына сай қалыңдығы 410мм кірпіштен тұрады, маркасы К-0 75/15/ МЕҮЛ 530-95, 0,12мцемент-құм ерітінділерінен М-50.

Ішкі қабырғалар және аралық қабырғалар қалыңдығы 380мм және 120мм кірпіштен тұрады.

Тегіс шатыр келесі негізгі элементтерден тұрады:

- суқайтарғыш мембрана, көлбеу бетон бетінде орналасқан

- изоляциялық плиталар

- бөлгіш диффуздық қабат

- гравилік балласт

Шатыр жабыны профнастил, төсеніш металлды ферма, минералды мақталы плиталар, 2-қабат руберойд және тақтайлы төсеніштер.

Едендер – линолеумнан, ағаш және керамикалық плиткалардан тұрады.

Кіру есіктері – тапсырыс байынша пластиктен.

Ішкі есіктері – тапсырыс байынша пластиктен.

Терезелер - тапсырыс байынша пластиктен.

Ішкі әрлеу – сылақ, желімді бояу, керамикалық плиткалар.

Сыртқы әрлеу – жылытқыш қабаты бар керамогранитті қаптау.

Отмоска – бетонды төсеніштер үстіне орнатылған асфальтті бетонды төсеніш.

Сыртқы және ішкі өңдеу жұмыстары

Ғимараттың сыртқы көрінісі кешенді түрде таңдалады және түстік шешімдері ғимаратты жақсы визуальді қабылдануда жобаланған, сонымен қатар адамдардың көтерінкі көңіліне әсер ететіндей жарқыраған шыны әйнектермен қапталған. Қасбетті бояау үшін ең жаңа түрдегі құрылыс жетістіктері де олардың құнына байланысты да қолданылған.

Сыртқы әрлеу-кірпішті беттік әрлеу, фасад детальдарын декоративті сырлау жұмыстарымен жасалған.

Ішкі қабырғалардың түйіскен жапсырмалары әктас цемент ерітіндісімен беттестіріледі, кірпіштен қаланған қабырғалар салынып тегістеліп әктеледі.

Ал су (ылғал) көп қолданылмайтын дәретханалар себелегіш (душ) бөлмелерде қалыңдығы 2,1м дейін күшейтілген қыш шынытастармен әшекейленеді, ішкі жағы әктеледі.

Дәліздер мен кіреберістер баспалдақтары 1,8м биіктікке дейін май сумен екі рет сырланады.

Әрбір бөлменің өңдеу жұмыстарын сол бөлмелердің функциялық арналуына байланысты, құрылыс ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Есік, терезе тұтқалар мен қақпалар тегістеу мен алғашқы сырлаудан кейін, май сумен екі рет боялады.

Жобадағы ғимарат жазық жабынды болып келеді.

Жабын—ғимараттың атмосфералық құбылыстардан, температура ауытқуларынан, күн радиациясы, желден және т.с.с. қорғайтын болып табылады. Барлық құбылыстарға төтеп беру үшін жабын өте берік болу қажет. Жазық жабын әдетте 0-ден 3% еңістікті болады. Бұл жағдайда, ғимарат құрылымы ішкі субурғыш құбырларымен жобаланады. Жабынның бұл түріне герметикалық қасиеттері бар материалдар қолданады. Жазық жабын көбінесе өндірістік ғимараттары, гараждар, тұрғын үйлер, сауда-саттық орталықтары және басқа да үлкен нысандарды жобалауда қолданады. Озінің негізгі атқаратын қызметінен басқа жазық жабын --терраса, бақ, автотұрақ ретінде де жобалауға болады, бұл әдіс - заманауи мегаполистер үшін өте қолайлы. Жазық жабын құрылысында негізгі материал ретінде болат кескінді төсеніш (стальной профилированный настил) немесе темірбетонды плиталарды ұсынамын. Сонымен қатар жазық жабынды жылыту қажет деп ойлаймын (утепление), өйткені, бұл әдіс ғимраттың ішкі кеңістік жылуын сақтауымен қатар, ғимараттың ішкі кеңістігінде қолайлы микроклимат жасайды.

Сауда оратылық ғимараттының көп бөлігі әйнектен құралады. Ғимарат концепциясы күрделі сәулет-дизайндық жобаны қарастырады, олардың құрылғылары бірнеше маңызды элементтерді қарастырады: вертикалды әйнектендіру, сонымен қатар ашылмалы бөлшектер- терезелер, фрамугалар, есіктер және кіру топтары. Жобадағы сауда-ойын сауық оратылығының ең көп бөлігі көбінесе әйнекті профильді рамалардан құралады, олардың көлемі және пішіні ғимараттың қатынасына тең келеді, дегенмен құрылымда бастысы эстетикалық тапсырмалармен қатар техникалық тапсырмалар да жатады. Типтері, көлемі, саны және терезелік және есіктік блоктардың орналасуы ойластырылады. Қолданылған әйнектің эстетикалық қасиеттерімен қатар,қолдануға қарапайым және жылуды сақтайтын қасиеті болуы қажет. Ал әйнек рамаларын толығымен ПФХ-дан, болат немесе алюминийден орындауға болады.

Вертикалды әйнектендіруден айырмашылығы, онда толықтырулар ретінде стандартты стеклопакеттер қолданады, ал мөлдір жабын үшін тек « қауіпсіз» әйнек қолданады, мысалы, триплекс және күйдірілген әйнек. Поликарбонат – қауіпсіз, серпінді материал, оның өзіне қарай құлаған материалды кері итеретін қасиеті бар, бірақ ол жарықты жақсы өткізбейді. Мұндай бөлшектенбейтін әйнек қарапайым әйнекке қарағанда соққыға берік, температураға төзімді келеді (дәлірек айтқанда, 40۫ С – қа дейін шыдайды ). Бұл әйнектің тағы жетістіктерінің бірі – жарақаттанудан, соққылардан сақтайды. Мұндай ауыр салмақты әйнек (бронестекло) түссіз, боялған және мөлдір, жарық түсіретін болады. Егер әйнек соққыға барілсе, ол майда доғал ұшты (қауіпсіз) бөлшектерге айналады, сондықтан зақымдану қаупі жоқ.

Іргетас, фундамент (лат. fundamentum – негіз) ғимараттың немесе құрылыстың түсірілген салмақты – жердің негізгі қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер не су астындағы бөлігі; ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.

Әдетте іргетас темір-бетоннан, бетоннан жасалып, таспалы (қабырға және тіреу астына); тақта түрінде тұтас; иілгіш және қатты; монолитті және құрама болып ажыратылады. Іргетас түрі құрылыс алаңының геол. және гидрогеол. жағдайларына байланысты таңдалады.[

Жердің беткі қабаты іргетастардың негізі ретінде қызмет етеді.


Жерткі беткі қабатындағы топырақтар деп – жер бетінің негізінен әртүрлі отырған таулы жыныстарынан тұратын; құмнан, құмдақтардан, супестерден, лайдан, суглинкалардан, әктен және т.б. тұратын қабатын айтады. Топырақтың беткі қабаты келесі кластарға бөлінеді.

Сырғанақты қатты түрі – ол негізінен отырған немесе шөккен жыныстардан, яғни цементтелген блоктардан және суға төзімді, тұтас қабат түрінде жататын (әктерден, құмдақтардан, граниттен және т.б.) қабат болып табылады.


Ірітүйіршікті қабатты топырақтар – құмцементтелген қыртыстардан, кристалды немесе отырған жынысты қабаттан, яғни массасына салыстырғанда 50 пайыздан жоғары мөлшерде өлшемдері 2 мм жоғары болатын (малта тас, және қиыршық тастардан) тұратын топырақ қабаты. Құмдақты қабатты - цементтелмеген, сусымалы, құрғақ жағдайдағы өлшемдері 0,15 тен 5 мм дейін жететін бөлшектерден тұратын, құрамында 5 пайыздан жоғары лайлы өлшемдері 0,005 мм фракциялардан тұратын топырақ қабаты. Бөлшектердің ірілігіне және олардың жалпы көлемдегі массасына байланысты құмдақты қабаттар келесідей топтарға бөлінеді: бөлшектердің өлшемдері 2 мм жоғары болып келетін және сол бөлшектердің мөлшері 25 пайыздан жоғары болатын бұдырлы топырақ қабаты; ірі топырақты құмды қабат, мұнда бөлшектер, өлшемдері 0,5 мм жоғары болып келетін түрі 50 пайыздан жоғары болады; орта іріліктегі құмдық қабат, мұнда бөлдшектер, өлшемдері 0,25 мм жоғары болып келетіндері 50 пайыздан жоғары болып келеді; ұсақ топырақты құмды қабат, мұнда өлшемі 0,1 мм жоғары болып келетін бөлшектер жалпы мөлшері 75 паыздан жоғары болып келеді; шаңды құмды қабат, мұнда өлшемі 0,1 мм жоғары болатын бөлшектер жалпы мөлшері 75 пайыздан төмен болады. Лайлы қабат, бұл негізінен байланысқан, ылғал жағдайдағы пластикалық бөлшектерден тұратын, өлшемдері 0,005 мм кіші болып келетін лайлы бөлшектер негізгі құрамды құрайды; лайлы бөлшектердің мөлшері 60 тан 30 пйызға дейінгі мөлшерді құраған жағдайда мұндай топырақ қабаты лайлы қабат деп аталады, егер ол бөлшектердің мөлшері 30 дан 10 пайызға дейінгі аралықта болатын болса, онда суглинка, ал егер мөлшері 010 нан 5 пайызға дейінгі аралықта болатын болса, онда – құрғақ лайлы қабат деп аталады.

Инженерлік жүйелер.

Жылу жүйесі –ғимаратты жылытуға бір құбырлық (трубалық), астынан таратылатын жүйесін реттелетін етіп жобаланған.

Ғимаратты жылытатын прибор ретінде стандарт диаметрі 5-90 маркалы радиаторлар және қабырғалы құбырлар қолданылады.

Желдету. Станцияның бас ғимаратының ішін желдету үшін табиғи және механикалық жолмен ауаны алмастыру жобаланған. Ол үшін терезе тесігінен және механикалық жолдармен бөлмедегі ауаны тазалап тұру кезектігі

Желдету (лаатынша: ventіlatіo — желдету) — үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі. Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т.б.) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады. Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар — абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады. Желдеткіштің қажеттілігі – бұл адамның бөлмеге келгендегі санитарлы-гигиеналық жағдайдағы – температураны, қажетті ылғалдылықты, ауаның қозғалу жылдамдығын, ауаның тазалығын, СМжЕ ҚР. 4.02-05-2001 талаптарына сай қамту. Жылу жүйесі, желдеткіш және салқындату.

Электрмен қамтамасыз ету шаралары

Сауда орталығы ғимаратын жобалағанда электрмен қамтамасыз ету ДЭП – 10кв орталық электр желісі арқылы орындалады, сенімділік дәрежесі бойынша электр энергиясын пайдалану III санатқа жатады.

Қондырғыларға 630 квт қуатты 1 трансформатор қолданылады.

А) Бекітілген қуаттылығы –338,1квт оның ішінде-күшті электр қондырғыларына –294,4 квт – электр жарығына 44,0квт.

Б) Есептелген қуаттылық –211,6квт. Оның ішінде-керекті электр қондырғыларына -172 квт –электр жарығына –39,5 квт/сағ.

Электроэнергияның жылдық шығыны – 720 мың квт/сағ.

Трансформаторлық кіші станциядағы кернеу 10/04 квт, ал қуаты 2*400 кА.

Электр желілері бағаналар арқылы ауадан өтеді. Электр жүйесіндегі кернеу 380/220 В. Жобада жергілікті апат жағдайына, көшіру жағдайына, кезекшілік, жөндеу жағдайына арналған жарықпен қамтамасыз ету көзделген.

Су жүйесі мен сарқынды су жүйесі. Ғимаратты сумен қамтамасыз ету су жүйесі өндірістік, ішетін және шаруашылық су деп аталып, цинкпен қапталған, болаттан жасалған. Су-газ өткізетін құбырлар арқылы іске асырылады.

Ғимараттың сыртқы көрінісін модернизациялау, айта кетерлік жайт, Хай-тек бейнесінің өзіне тән ерекшелігі – Хай-тек те сыртқы қоршаған метал конструкциялар, оның сыртқы келбетінде, прогресті түрде қолданды, бұл ғимараттың касбетін принципті түрде модернизациялады және сыртқы композициялық шешімдерін көз тарталықтай етіп берді..

Сондықтан менде осындай туындыларға байланысты өз композициямды бердім және бизнес орталығының жобасы менің шығармашылық ізденісімдегі негізінен ойлаған ойымның бірінші графикалық түрде іске асырылуы болды. Ең алдымен менің жоспарларым бойынша көлемдік кеңістікте жобамның модульдік композициялық шешімдерін және қалай орналастыру заңдылықтарын қарастырдым. Сонымен қатар алдымен бас жоспар құрып алу керек болды сондықтан мен алдымен мына төмендегі құжаттармен толығымен танысып шықтым:

ҚР құрылыстық нормалары және ережелері ҚР ҚНжЕ 1.02.-02-2007. жобалау құжаттамаын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы туралы нұсқаулық: 26.12.2007г. №478 қабылданған Строительные нормы и правила РК.СНиП РК 1.02.-02-0207. Инструкция п порядке разработки, согласования, утверждения и составе проектной документации на строительство индвидуальных жилих домов.ҚМ және Е ІІ-89-80 Бас жоспарлар. Жобалау мөлшерлері. Стройиздат М.2002 ж.БМ және Б (ЕНиР) Е2 Жер жұмыстары. Яғни нормативтік құжаттарды пайдаланып ғиаратының ара қашықтықтағының орналасу орнындарын есептеп жобалық жүмыстарды жүргіздім.

Композициялық орналастыру жұмыстарыма егжей-текжейлі пландау жоспарына толығымен тоқталған соң, мен объектінің функционалдық схемасын, сәулеттік ландшафтық бөлігін, климаттық табиғи жағдайын және жобаланатын объект туралы түсінік шешімдерге тоқталдым. Жеке эелементтерді нақтыланған сервистік алаңның ландшафтық дизайнын жабдықтау және сәндік безендіру жинақтарымен жұмыстар жасадым. Бұл жағдайда объектіні жылдам тұрғызу мен функциональдық және бейнелік сюжеттік қасиеттерін көркемдеу арқылы шығармашылық жұмыстарымды орындай отырып компьютерде экспликациясының кестесін құрып жасадым. Негізгі жоспарланып отырған бизнес орталық бау паркінің аймағының жобасы ғылыми өңделген нормативтерге сүйене отырып жасадым, яғни қазіргі талаптар деңгейіне және санитарлы - гигиеналық және экологиялық талаптарға сай етіліп қарастырылған.

Құрылыс салынатын жердің рельфі салыстырмалы тегіс. Зерттелген инженерлік-геологиялық деректерге сүйене отырып, құрылыс орнының топырақ құрамы анықтап алынды. Топырақтың негізгі құрамын құм араластырылған тасты топырақ құрайды.

Топырақтың нормативті қату тереңдігі -0,82 м.

Топырақтың максималды қату тереңдігі –1,10 м.

Құрылыс учаскесінде жер асты сулары жер бетінен 13-13,5м тереңдікте жатады. Өсімдік өсетін топырақтың қалыңдығы-0,2м.

Аумақтағы желдің басты бағыты-солтүстік-шығыс.

Қорытындылай келгенде құрылыс салынатын жердің инженерлік-геологиялық деректері санитарлық-техникалық талаптарға сай келеді. Осы жобаның құрылысын,белгіленіп алынған аймаққа салуға болады. Сондықтан Түркістан обылысындағы Шымкент қаласының бизнес орталағын жобалау үшін объектілердің концепцияларын өңдеуімен аналитикалық шолулар жасадым. Бірінші жобаланатын бизнес орталық алаңының нақтылы орналастырылатын жер телімімен таныстым. Жалпы ландшафтық бауларды парктер сонымен бірге демалатын саябақ бөліктері қасында орналасады деген болжамдар бар, сондықтан бос жерді пайдаланып бизнес сауық орталық ғимаратының алдына адамдар демалатын ланшафтық орталық бауларды көбейту арқылы тиімді жағдайлар жасауымызға болады. Арнаулы жер тіліміне бизнес орталығын салмас бұрын, алдымен аймақтың жер телімдерін тікелей зерттеу арқылы, келешекте панорама жасауға негіз болатын қоршаған ортаны фото тіркеуге алып, суретке түсіріп немесе эскиздерін суреттемелеп, жаяулардың жүріс-тұрыс сипатын (жаяулар ағынының бағыттары олардың аялдау мүмкіндіктері және т.т.) зерттеу заңдылықтары арқылы жұмыстар жүргізілді. Топографиялық суретті зерттеу және жер телімінің ғимараттардың және басқа ортамен визуальдық қатынасы сипатын анықтау арқылы объектінің функциональдық элементтерінің тізімі жасалады. Жиналған мәліметтер негізінде жоба құрамы мен жобаны орындаудың күнтізбелік графигі бойынша көрсетілген жоба жасау тапсырмасы тұжырымдалады. Сонымен қатар объектінің көлемді –кеңістіктікте орналасу композициясы мен түстік-пластикалық шешімін жасау негізінде бейне туындату тапсырмалары бойнша жұмыстар істелінеді.
3.1 Пайдаланған конструктивті шешімдері мен құрылыс материалдары

Ерекше типтегі бизнес орталығын жоспарлай келе мен ең басты талабы ретінді әрине конструктивті шешіміне назар аудардым. Практикалы және электронды оқулықтар арқылы ізденіс барысында, менің жоба құрылысыма лайықты деген материалдармен таныстым. Бұл құрылыс материалдары мен жобалау жолдары арқылы кез-келген қиалдағы жобаларды ерекше және батыл ойларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сол себепті менің ойымша қазіргі таңда батыл оиларды жүзеге асыратын креатив заманы болып табылады. Жұмыс барысында жобалаудың неше түрлі формалы әдістемесімен танысып, қарапайым сәулеттік элементтерді, пішіндерді талдау әдістемесін және стильдік ерекшеліктерді меңгере отырып өзгеше үлгі қалыптастыруды басты мәселеге алдым. Бұнда берілген ғимарат жобаланатын сәулеттік ортаны зерделеуге, тұрғын үй салушылық жағдайларды биік, орта ғимараттарды ескере білу ерекше маңыз беріледі.



Eріткіштерді, лактарды, бояуларды сақтау үшін тығыз жасалған ыдыстар қолданады. Кескіш құралдар мен ұсталық кұралдар жеке қоймада сақталады. Қойма мен өзге ғимараттар арасы 12м-ден көп болу керек.

Қолданылатын химиялық заттардың жарылғыш - өртенгіштігін анықтайтын параметрлер (МЕУЛ 12.1044-94).

Oсы жарылғыштық параметрлеріне сай жобада төмендегідей іс-шаралар қарастырылған:

Лактарды, бояуларды және еріткіштерді сақтау ушін арнайы ыдыстар пайдалану керек.

Aғаштар жеке бөлмелерде сақталу керек. Құрылыс алаңының өртке қарсы бөліктерінде өртті сөндіруге арналған кұрал-жабдықтар, су құбырлары қарастырылған. Өрт болмау үшін барлық талаптар жасалған. Өртке тағы бір себеп дәнекерлеу жұмыстары. Дәнекерлеу жұмыстары басталар алдында жұмыс орнын мұқият дайындау керек, яғни тұтанғыш заттардан тазарту керек. Егер дәнекерлеу жұмысы бөлмелер ішінде жасалса, онда қорғайтын материал биіктігі 1.8м болу керек.

Kез келген құрылыс нысанын тасты қалау сыз елестете алмаймыз тасты қалау деп ерітінді арқылы тұтас материалға айналған жасанды немесе табиғи тастардан құралған қалауды айтамыз. Тасты конструкциялар мыңдаған жылдар бойы қолданысқа ие болған, қазіргі кезде де сыртқы және ішкі қабырғаларда, іргетас бағандарында көп қолданады.

Aртықшылықтары – ол отқа төзімділік, жақсы жылу және дыбыс өткізгіштігі, ұзақ уақытқа жарамдылық, аз эксплуатациялық шығындары. Көп жағдайда тас материалдары жергілікті болып келеді.

Kемшіліктері – үлкен өзіндік массасы және қол еңбегін көп қажет етеді.

Қазіргі кезде арасына жылу изоляциялық материалдар салынған көп қабатты кірпішті сыртқы қабырғаларды кеңінен қолданады. Көтеру қабілеттігін жоғарлату үшін болатты арматураларды қолданады; бұндай қалауды теміртасты қалау д.а.

Eрітінді ретінде бейорганикалық байланыстырғыштан (цемент, ізбес, саз), ұсақ толтырғыштан (құм), судан және арнайы қосымшалардан құралған ерітіндіні қолданады. Байланыстырғыш түріне қарай ерітінділерді цементті, ізбесті және араласқан (цемент-ізбесті, цемент-сазды) деп бөледі. Құрылыс ерітінділері жаңа дайындалған күйінде қозғалғыштық және су ұстамдылық қасиеттеріне ие болуы керек, ал қатқан күйінде беріктігі жоғары болуы керек.

Tасты материалдарды келесідей бөледі:

Tүріне қарай:

Tабиғи, тас карьерларында алынады (бут, қиыршық тас);

Жасанды тастар, күйдіру тәсілімен алынған (керамикалық), және күйдірусіз тәсілімен алынған тастар (силикатты, шлакты, бетонды тастар);

Құрылымына байланысты:

Tұтас кірпіш және тұтас тастар;

Бос денелі кірпіш және әртүрлі қуыстары бар тас;

Қол тасты қалау үшін керамикалық кәдімгі, қуысты, силикатты және т.б. қолданады, өлшемдері 250х120х65мм, және модульді, өлшемдері 250х120х88мм. Массасын төмендету үшін қыстар қарастырылған (сурет 8,1 а). Сонымен қатар, керамикалық тастарды қолданады, өлшемдері 250х120х138 (сурет-8,1 б).



«Бизнес орталық кешенін жобалау» барысында әрине ең алдымен жұмысшылар мен қызметкерлер арасында арнайы іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Қауіпті аймақтарда жұмыс басталар алдында техникалык қауіпсіздік ережелерімен таныстырылады. Өндірісте көп кездесетін зиянды факторлар катарына:

  • денсаулыққа колайсыз метеорологиялык жағдайлар;

  • өндірістік шаңдар;

  • жеткіліксіз жарықталыну;

  • өндірістік шу мен діріл.

Әдетте зиянды факторлардың жұмыскерлерге тигізген әсерінің салдары - оларды кәсіби сырқатқа әкеліп соғады.

Eңбектің қауіпсіздігі – жұмыс істеушілерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерлері тимейтін еңбек жағдайының қалпы.

Қауіпті өндірісітік фактор – кейбір белгілі жағдайларда жұмыс істеушіге тигізген әсері жарақатқа, болмаса лезде оның денсаулығының басқа түрде төмендеуіне әкеліп соғатын өндірістік фактор. Жазатайым жағдай – жұмыс істеушіге өзінің еңбектік міндетін атқару, немесе жетекшінің тапсырмасын орындау кезінде қауіпті өндірістік факторлардың әсерін тигізу оқиғасы.

Өндірістік жарақаттық - өндірістік жарақаттардың жиынтықтарымен сипатталатын құбылыс.

Жазатайым жағдайлар және өндірістік жарақаттар қауіпсіздік техникасының қамтамасыз етілмеуінің салдарынан туатын құбылыстар.

Қауіпсіздік техникасы – қауіпті өндірістік факторлардың әсерлерін жұмыс істеушілерге тигізбеуге бағытталған ұйымдастыру шаралардың және техникалық құралдардың жүйесі.



Oсыларға қатысты сауда және ойын-сауық орталығында орын алуы мүмкін қауіпті жағдайларды талдау:

Өрт – бұл материалдық құндылықтардың жойылуы және адамның өміріне және денсаулығына қауіпті жағдай орнатады.

Жану деп газдың, жылудың және жарықтың мінезіне байланысты химиялық процесстің тез тотығуы немесе жанғыш заттың және ауа оттегінің қосылуы.

Cонымен жану кезінде тек қана химиялық реакцияның қосылуы емес, сонымен қатар ыдырауы байқалады.

Жануда өзбетінше жану, жарылыс және детонацияны қарастырады. өз бетінше жануда 1 сек оттың таралу арақашықтығы 10м аспайды, жарылыста – секунда 100м астам, ал детонация кезінде секундына 1000м.

Жану үшін оттың материалдар, тұтанғыш және жандыру көзі керек. Тәжірибеде толық емес жануды қарастырады, толық жану оттегі көп болған жағдайда болады, ал толық емес, оттегі жетпей қалған жағдайда.

Химиялық процесстер бойынша оттық заттың ішкі жылуына байланысты өзіндік жану (жылу, жарылыс) пайда болады. Өзіндік жану температурасы әр түрлі факторларға байланысты: оттық қоспалардың құрамы мен көлемі, қысымы және т.б. газдар мен сұйқтың көбісі 400-700 0С температурада жанады, ал қатты денелер (ағаш, көмір, шым тезек және т.б.) – 250-450 0С температурада жанады.

Оттық заттармен материалдардың түріне сәйкес кестеде өрт сөндіру құралдарына жақсы көрсетілген.

Барлық ғимараттар бір – бірінен көлемдік – жобалық өзгешелігіне қарамастан санаулы элементтерден тұрады. Көбіне азаматтық үилердің негізгі конструкциялы элементтеріне: іргетас, қаңқа, қабырға, жабын, таса, жамылғы, баспалдақтар, есіктер, терезелер, т.б. тұрады.

Құрылыс конструкцияларын аталмыш бизнес орталығының формасына сай материалына байланысты; төменгі негізгі қабаттары тасты және теміртасты, бетонды және темірбетонды, металды конструкциалармен басталып, жоғарғы қабаттар формасы металды конструкциамен өріліп, жабын және аралық бөлімдері (болатты және алюминийлі), алюмини, ағаш және пластмасса болып бөлінеді. Тасты конструкцияларды қабырға тұрғызуда және кей жағдайда бағандарда қолданады. Беріктігін жоғарлату үшін темір торлармен армирлейді. Бетон және темірбетон конструкцияларын жер асты конструкцияларда және жер үсті конструкцияларда қолданады. Олар болады:

- Mонолитті, құрылыс алаңында жасалады.

- Құрылымды, зауыттарда жасалынып құрылыс алаңына әкелінеді.

- Құрылымды-монолитті, құрылымды элементтерден тұрады және арасы бетонмен құйылады.

Tемірбетон элементтері құрамында арматуралы қаңқасы бар.

Mеталл- конструкциялары болаттан, кей кезде алюминий балқымаларынан жасалады. Алюминий балқымаларынан жасалған конструкциялар қымбатырақ болып келеді. Металл конструкцияларын көбінесе өндірістік, биік және әртүрлі ғимараттарда қолданады. МК (металл конструкциялары) элементтері прокатты және құрылымды болып келеді. Прокатты элементтерді металлургиялық зауыттарда жасайды (бұрышты, швеллер және двутавр).

Tемірбетон – комплексті құрылыс материалы. Құрамындағы бетон мен арматура бірлесіп істеуі арқасында жүктеме астында монолитті элемент ретінде қарсы төтеп береді. Бетон қысуға жақсы істейді де, арматура созылуға жақсы жұмыс істейді. Бетонның созылуға қарсылығы қысуға қарағанда 10-20 есе төмен. Арқалыққа жүк түскен кезде үстіңгі бөлігінде қысылу пайда болады да, астыңғы жағында созылу пайда болады. Құр бетонды арқалыққа (сурет 2,1 а)жүк түскен кезде арқалық морт сынады. Сондықтан арматурасыз бетон қолданысы көп таралмаған. Темірбетон үшін бетон анықталған физика-механикалық сипаттамаларға ие болуы керек: керекті беріктік, арматурамен мықты байланысы, өткізбеушілік (арматураны коррозиядан қорғау үшін). Бетондарды келесі сипаттамалар бойынша бөледі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік