Дипломдық жоба мамандығы 5В042000 "Сәулет" Шымкент, 2021ж. Ф 04-09



бет3/8
Дата20.09.2021
өлшемі114.96 Kb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
дипломдық жобаның

түсіндірме жазбаның мазмұны


№ р/с

Бөлімдері

Кеңесші




Нормативтік сілтемелер







Шартты белгілер мен қысқартулар







Анықтаулар







Кіріспе




1

Сәулеттік бөлім




2

Конструкциялық бөлім




3

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау




4

Қоршаған ортаны қорғау




5

Қорытынды




6

Қолданылған әдебиеттер.







Барлығы





Графикалық материалдар тізімі

Дипломдық жобаның көлемі: 2400Х1200

Фасад, генплан, разрез, эскиз, интерьер, экстрерьер
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі :

1. Сахи Қ. Шалабаев Б.М. Оразбаев Ж.И. „Тас және арматураланған тас конструкциялары“ Шымкент 2001ж.

2. Сахи Қ. Оразбаев Ж.И. Сахи Д.М. , Көлік салығындағы үйлер мен ғимаратты жобалау Шымкент 2002ж.

3. Сахи Қ. Оразбаев Ж.И. Сахи Д.М., Үйлер мен ғимараттардың темірбетон конструкцияларын қайта конструкциялауды нығайтуды есептеу“ Шымкент 2002ж.

4.«Қазақстан архитектурасы» Т. Бейсенәлі Алматы 2001

5. Л. С. Залесская «Ландшафтная архитектура», М. 2011.

6. «Эстетические законеомерности формирования ландшафтной

Тапсырманың берілген күні 26.09.2019ж.

Дипломдық жобаның ғылыми жетекшiсi _____________Садиков Н.И. (қолы)

Тапсырманы орындауға алған студент _________________ Шортан А.Б.

(қолы)

Нормативті бақылауға жауапты маман _________________ Мейрманов М.С.

(қолы)

Ф.7.04-11

Дипломдық жобаны орындау



КҮНТIЗБЕлік кестесі
5В042000 – мамандығы бойынша

см 16-5к1 тобының студенті Шортан Азамат Бегалыұлы

Дипломдық жобаның тақырыбы:

Шымкент-сити» мөлтек ауданындағы бизнес орталығы




р/с


Бөлімдер

Орындалу %

Орындалу мерзімі (күн)

Тапсырма берілген күн

Тапсырманы орындау күні

Кеңесші

нің қолы





Нормативтік сілтемелер



















Шартты белгілер мен қысқартулар



















Анықтаулар



















Кіріспе
















1

Сәулеттік бөлім
















2

Конструкциялық бөлім
















3

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
















4

Қоршаған ортаны қорғау
















5

Қорытынды
















6

Қолданылған әдебиеттер.



















Барлығы

100












Жобаның ғылыми жетекшiсi ____________________ Садиков Н.И.

(қолы, күні)

Бітіруші түлек___________________________ Шортан А.Б. (қолы, күні)




Нормативті бақылауға жауапты ___________________Мейрманов М.С.

(қолы, күні)

Мазмұны


Kіріспе 7

1. Дипломдық жоба тақырыбындағы тарихи және әлемдік құрылыс тәжірбиесі. Аналитикалық шолу 8

2. Құрылыс алаңына сипаттама 12

3. Kөлемді жоспарлы шешімдері 17

3.1 Пайдаланған конструктивті шешімдері мен құрылыс материалдары 27

3.1.2 Бас жоспар (аймақтарды абаттандыру) 34

4. Tіршілік қауіпсіздігі 44

Қорытынды 46

Пайдаланған әдебиеттер тізбесі 48

Қосымшалар, кестелер, сызбалар, бағдарламалық құжаттар 49

Кіріспе

Уақыт талабына сай қызмет ету қазіргі заманның үрдісін талап етеді. Күні кеше ғана халықтың көңілінен шығып жатқан тынығу орындары, демалыс орындары, сауықханалар, мейрамханалар бәрі-бәрі керемет болып жатса, енді олардың көпшілігі көпке таңсық болмай қалып жатқаны бар. Өйткені, заман талабы, жаңаша өмір сүруді, оның деңгейінің ауқымын жоғары болуын, қала берсе қызмет көрсету саласының небір кереметтері шығып, ол күннен-күнге ерекшеленіп барады. Сол себепті мен Шортан Азамат өз дипломдық жобамда есте қаларлық жоба қалдыруға барынша күш салдым.

Расыменде егер тәуелсіздіктің 29 жылдық көкжиегінен көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік. Осыдан 29 жыл бұрын әлем жұртшылығы тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай қойғанда «қазақ» деген халықтың бар жоғын әлі танып білмейтін еді. Бүгінде әлем таныған, күллі дүние жүзі мойындаған Қазақстанның 29 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі шынында да қиын еді. Бірақ, бұл бәріміз куә болған ақиқатты дүние. Содан бері 29 жылда ұланғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе алдық», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Тұңғыш президент, елбасы ел дамуының берік іргетасы қаланып, Ата заңымыз қабылданғанын, жаңа заңнамалық жүйе қалыптасқанын айтты. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдары айқындалып, Тәуелсіздіктің төл перзенті, барша жұртшылық таңғалатын Нұрсұлтан қаласы салынғанына тоқталды. Осылайша, Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ басты. ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру екенін айтты. Яғни, басты мақсат - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Келешекте бұдан да жоғары жетістіктерге жету үшін әсем ғимарат жобаларын дайындауды, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, оның ең үздік экономикалық тиімді конструктивті шешімдерін жасай алатын ұжымдарға тапсырып, оны білікті мамандардың қатысумен арнайы сараптан өткізу шарт. Қазіргі кезеңде құрылыс жұмыстарын лицензиясы бар кез келген топқа бермей, заманға сай конструктивті материалдарымен құрылыс жүргізу технологиясын жақсы меңгерген, білікті мамандары, техникалық құрал-саймандары бар ұжымдарға беру керек.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы миллион тұрғыны бар үлкен мегаполиске айналған қала. Сондықтан менде патриоттық сезіменнен осы бағдарламаларға арқа сүйей отырып және болашақ сәулет маманы ретінде өз шығармашылық ойымды жүзеге асырдым және сонымен қатар, жан-жақтан келетін адамдар көп, тіпті шетелден де келіп сауда орындарына қыдырып келетіндер аз емес, сондықтан осы бизнес ойын-сауық орталығына келген қонақтар шуақты қаламыздың көрікті жерлерін аралап кетулерін қаладым.



Біздің облысымызда сауда орындары кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді жанданып келе жатқан сала. Сауда-саттық қазіргі заманда Қазақстан экономикасының ең перспективті саласы болып табылады. Аталған сала дамудың дұрыс өзгерістерінен өтсе, онда ол саудаға да облыстық бюджетке де үлкен кіріс алып келер еді.  Сонымен қатар Қазақстанның кейбір облыстарында көріктендіру саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді жанаданып келе жатқан сала. Қалаларды көріктендіру қазіргі заманда Қазақстан экономикасының ең перспективті саласы болып табылады. Аталған сала дамудың дұрыс өзгерістерінен өтсе, онда ол саудаға, облыстық бюджетке де үлкен кіріс алып келер еді. Өйткені көрікті қалаларды немесе көрікті жерлерді кімнің көргісі келмейді. Мысалға шет мемлекеттерден келетін адамдар саны бұдан былайғы жылдары көбеймесе азаймайды деп ойлаймын. Отанымыз Қазақстанның экономикасы көтерілген сайын біздің еліміз, жеріміз, көріктенген үстіне көріктене түседі деген пікірдемін. Шымкент қаласына немесе шет аймақтардағы ауылдық округтерге және ауылдық орталықтарды көркейту үшін де бизнес орталығын жобалау болып отыр.

Сонымен қатар біздің туған жеріміз шырайлы Шымкенттіңде Алматыдан қалатын жері жоқ, тарихы мол қазыналы шым қаламызда келген қонақтарды құр жібермейді деп ойлаймыз.Сондықтан біздің қаламызды көркейтетін бизнестік құрылыстарды көбірек салсақ деген ойдамын. Мысалға Малдовия, Франция, Шведцария, Бельгия, Италия сияқты елдеріне де Сауда-ойын сауық орталықтары көп орналасқан және осындай көзтартарлық бизнес орталықтары олардың барлық санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған сауда орталықтарының дамуы арқылы олар жалпы пайданың 70 пайызынан астамын береді. Сондықтан бізідің де отанымыздың әрбір іскер қазақстандық азаматтарымыз осы ортаға кірігіп инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Келесі бір мәселе даму банкі мен инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін адамдарға осындай кәсіпкерлікпен айналысып, бизнес орталықтарын ашуға жағдай жасалады.




1. Дипломдық жоба тақырыбындағы тарихи және әлемдік құрылыс тәжірбиесі. Аналитикалық шолу

Менің ізденіп 5 жылдық білімімді қорытындылайтын дипломалды жұмыстарымның тақырыбы негізінен «Шымкент-сити» мөлтек ауданындағы бизнес орталығы», сондықтан мен біріншіден жоба құрып негізі ұсақ жұмыстардан бастағанды жөн көрдім. Әрине ең алдымен жетекшіммен ақылдаса, ойларымыз бір жерден шықты демемде болады. Жәнеде мен негізінен тәжірибе алмастыру уақытында осы ойымды эскиз ретінде және клаузура ретінде жобасын сызып кәсіпорын мекемелеріндегі сәулетшілермен бірге талқыладым және олар өз ойларын маған түпкілікті түсіндіріп, менің жұмыстарымның керексіз жерлерін алып тастап, өз пікірлерін қосты және тиімді жақтарын түсіндіріп берді.

Менің бұл ойымды құптап талқыға салып жетекшім Садыков Немодтжан ағай өз ойларын айтып әр түрлі нұсқалар көрсетіп, сызбаларды жасауға көмектесті. Бұрынғы уақытта қоғамдық ғимараттар архитектуралық көркемділігі жағынан негізгі талаптарға сәйкес салынған, ал қазіргі жағдайда көбнесе заманауи тұрғыдан күрделі реконструкцияны талап етеді.

Ғимарат конструкциясы.

Темірбетонды монолит және металл конструкциядан тұрады.

Ғимараттың орналасу аймағы: Шымкент қаласы, Шымкент-сити» мөлтек ауданы

Ғимараттың көлемдік-жоспарлық шешімі:

Бизнес орталығының ең биік нүктесі 186 м. Ғимарат екі блоктан тұрады. А және В блогы.

Ғимараттың ерекшелігі:

Ғимараттың екі блок арасында карусель (айналма әткеншек) орнатылған.

Ғимарат өлшемі 128,4 м × 46,9 м құрайды.

Мен берілген тапсырманы орындау барысында көптеген кітаптармен, газет-журналдар және интернет материалдарын пайдаландым және өте қызықты материалдар мен мәліметтермен таныстым. Мысалы сәулет өнерінде ғимараттарды салу жоспарланғанда адамдар негізгі халықтық сәулеттің белгілері мен элементтерін пайдаланылу арқылы ойларды туындатады. Мысалы сәулеттік жобаға орыс, қытай, жапон, ағылшын немесе ренессанс, барокко, классицизм және т.с.с. стильдер қолданылуы мүмкін. Қазіргі кезде сәулет өнеріне ықпал етіп отырған бес үрдіс бар; соларды атап өтейік:



  1. Конструктивизм

  2. Постмодернизм

  3. Хай - тек

  4. Шығыс үрдісі (этносәулет, этнодизайн)

5. Деконструктивизм үрдісі деген сияқтылыар осылардың ішіндегі

Осы үрдістердің ішіндегі констуктивизмге тоқталып кететін болсақ.

Конструктивизм, оның бір - бағыты функционалды сәулет ХХ ғасырдың 20 жылдарында қалыптасты.Бұл үрдістің бағытын анықтаған сәулетші ретінде Ле Корбюзьені атайды. Ол өзінің қысқаша баяндамаларында келесі мәселелерге мән берді. Оның байқауынша заманауи кемелер мен аэропландар тек формасымен ғана көркем (Титаник). Мұнда декоративті элементтер жоқ (капительдер, карниздер, т.б.). Конструктивті элементтері тік геометриялық, пішімді, есік терезелері қарапайым, сызықтық бейнеде.

Сонымен бірге функцияға бағынған форма да көркем (гидродинамика, конструктивтік беріктік, бөлмелердің функционалды байланыстары т.б.). Осы бейнелер арқылы Ле Корбюзье заманауи сәулет бағытын дөп басып көрсетті. Ғимарат ең алдымен формасымен көркем болуы тиіс. Функция форманы анықтайды. Ол сонымен қатар жаңа үрдістің бес ережесін түзді. Яғни Корбюзье жаңашыл бағдарлама түзіп, өзі қысқаша баяндап отырған:

1. Үй жер деңгейінен биікте, бағаналарда орналасуы тиіс; босаған бірінші қабат көгалдандыруға, автокөліктер тұрағына берілуі керек, сонда үй қоршаған табиғат ортасымен үйлесім табады.

2. Каркасты (бағаналы) конструкцияны қолдану ішкі бөлмелерді еркін жоспарлауға мүмкіндік береді, қажет болса бірнеше жылдан соң ішкі бөлмелерді жаңа талапқа сай қайта жоспарлауға болады.

3. Бағаналы конструкцияларда қабырғалар дәнекерленіліп жапсырылған болғандықтан, оларды әртүрлі композия түзіп, қолайлы орналастыруға болады.

4. Терезелерді қолайлы түрде горизонталды тізбектеп орналастыру – мұндай шешім қоршаған ортаны та машалауға қолайлы.

5. Шатыр тегіс болуы тиіс, оны бау-бақша орналастыруға не өзге де қажеттіліктерге пайдалануға болады, үйдің шаршы ауданын арттыра түседі.

Корбюзье сәулеттегі сериялы үйлер шығару әдісін қолдады, мәшине сияқты қолайлы жинақы үй салу оның мақсатына айналды. Ол әрдайым үй формаларын стандарттарға сай келтіруге, индустриалды үй салуға, қолайлы етіп сызуға ұмтылды. Ол соңғы техника үлгілерінен жаңашыл формалардың көркемдік бейнесін көре білді; техника жаңа лиризм арнасы деп санады. Ле Корбюзье әрдайым техникаға тәуетететін суретші спеттес болды, ол геометриялық формалардан, мәшине дәуірінің ерекшелігіне сай, жаңа сәулет тілін табуға бейім еді. Оның бұл әрекеттері Голландиядағы 1917 ж. құрылған «Стиль» тобының ізденістерімен тұспа тұс келді .

Бұл топтың бастамасында әйгілі сұңғатшы Пит Мондриан сәулетші Геррит ван Ритвелд т.б. болды. Бұлар ғасыр басында Кубизм бағытында ізденістер жүргізіп, олар сұңғатта, сәулетте куб және қарапайым геометриялық формалардан әсерлі бейнелер жасауға атсалысты. Олардың жаңа әсерлі үлгілері қарапайым формалардың кеңістіктік және түстік шешімдеріне негізделген болатын, ал түс кеңістіктік шешімдердің әсерін күшейту үшін пайдаланатын 1924 ж. Утретте салған тұрғын үй сәулетін Г. Ритвельд «Стиль» ережелеріне сай жүзеге асырды. Жазықтықтарды ассиметриялы орналастыра отырып жасалған тұрғын үй композициясы өзіндік жазықтығымен, тегіс шатырымен, темір балконның геометриялық қарапайым шешімімен әлемдік тарихқа енді.

Біз, тарихқа сүйене отырып айтарымыз, конструктивизм үрдісі біздің дәуірімізге дейін қалыптасқан дейміз. Өйткені Мысыр Пирамидалары конструктивизм үрдісінде салынған. Конструктивизм үрдісінде Криттегі Загора қаласының үйлері (Б.д.д. 2000) жылдары салынған. Оны сол өнірден табылған қыш тақтайшаларға салынған суреттер дәлелдейді.

Сонымен қатар заманауи үрдістерінің бірі Хай-тек. Бұл, Хай-тектің негізгі түсіндірмесі «жоғары технология»- деген мағынаны береді.

Біздің пайымдауымызша Хай-тек үрдісіне тән қажет, ол екі жазықтықтан тұрады. Бірінші жазықтық форма құрушы; ал екінші жазықтық конструктивті, мұнда конструктивтік жазықтық – бір мезгілде көтергіш және сәндік-безегіш қызметтерін атқарады. Егер конструктивизм үрдісінде конструкциялар көзге түспейтін, тасада, жасырын орналасқан болса, Хай-текте олар касбетте орналасып, мен мұндалап тұрады, олардың түйіндері безендіріледі, оларға эстетикалық пропорция беріледі. Мысалы 1971-77 жж. Парижде салынған Помпиду орталығын алайық. Мұнда конструкциялар айқын көрсетіліп, сырттан тамашалауға арналған. Конструктивтік элементтер: бағаналар, баспалдақтар, эскалаторлар, инженерлік коммуникациялар (трубалар, су құбырлары, электр желілері, ауа суытқыш жабдықтар) касбетке шығарылған, ілмелі шыны қабырғалар сырттан анық көрінеді. Сыртқы тік конструкциялар қиғаш тростармен тартылған, олар конструкцияға беріктік береді, ғимаратты өрнектейді және біріктіреді. Келесі мысалға, Шанхай банкі ғимаратын алуға болады, ол белгілі сәулетші Норман Фостердің туындысы. Ғимараттың басты көтергіштері-8 тұғырлы мұнаралар және сегіз қабаттар аралығында орналасқан қиғаш фермалар. Бұлар ғимаратқа айқын ритм беріп тұр. Шыны терезелер жазықтығы конструктивті жазықтықпен үйлесімді жорасым тапқан.

Ғимарат касбетке шығарылған тік параллель көтергіш конструкциясымен, горизонталь арқалықтарымен (бұларға техно-бионикалық сипат берілген), лифталарымен есте қалады. Келесі үлгі ретінде Лондондағы SWISS-RE офисін атауға болады (64 бет). Көтергіш конструкциялары ретінде үшбұрышты ұстындар қолданған, оларға екі түсті шыны қабатты біттес өрнегі секілді иіріліп жапсырылған. Ал жоғары қабат кереге сипаттас конструкциямен орындалған.

Хай-тек ХХ ғасырдағы жаңа технологияларды эстетикалық игерудің соңғы кезеңі, ал оның бастамасы 20 жылдардағы конструктивизм болатын.Оның алдыңғы кезеңдерден айырмашылығы - оның өзіндік көрмелік жоғары техникалылығында, мұнда құрылыс конструкцияларды, инженерлік жүйелерді жабдықтарды функционалды қолдану сәндік, театрлық әсерлеу дәрежесіне дейін көтерілді. Конструктивизмнен айырмашылығы, онда негізгі элементтері темірбетонмен шыны болса, Хай-текте метал конструкциялармен шыны болды.

Сонымен қатар, Хай-тек сәулет композицияларына ғимараттардың инженерлік жабдықтарын белсенді түрде қосады (ауа желдеткіш құбырларын, су құбырларын, труба құбырларын). Өндірістік кәсіпорындардың технологиясында әртүрлі инженер жүйелерін түрлі-түстен белгілеу әдісі бар. Хай-тек бұл әдісті қоғамдық ғимараттарда – композициялық бояу әдіс ретінде қолданды. Іс жүзінде, Хай-тек бастауы Д. Пекстонның ХІХ ғасырда салған. «Хрустал сарайы» еді; ал оның жалғасы Мис ван дер Роэнің әмбебап ғимараттары болып саналады Бұл атақты сәулетші, функционалист ретінде жұмысын бастап, соңғы кезеңде 50-60 жж. функционалистке қарсы шықты.

Функцияның ұзаққа созылмайтынын ескеріп,ол ғимараттың ішкі көрінісін кең етіп жоспарлады. Бұл әмбебап ғимарат функциясының өзгеруіне сай, тез қайта жоспарлауға мүмкіндік берді. Бұл үшін Мис ван дер Роэ кең арқалы, кең жабынды конструкциялық жүйелерді қолданды, олардың көтергіш конструкцияларын іштен сыртқа шығарды, оларды сыртқы көтергіш бағаналарға бекітті. Бұл жерде айта кететін жайт, сәулет композициясын, көтергіш темір конструкциялар құрды – кескінді металл конструкциялар (кең табанды екітаврлар, швеллерлер т.б)

Хай-тек бұл әдістердің мұрагері болып қана қоймай, оларды дамытып байыта түсті. Композицияда дәстүрлі көтергіш конструкцияларды – рама, фермаларды, каркастарды қолдаумен қатар,берік элементтерге тростар қосылды. Комбинациялы жүйелер іске асты, соңғылары көркемдік қызмет атқарады. Хай-текте, көтергіш конструкциялар жүйесінде, ашық кескіндер орнына жабық кескінді элементтер қолдана бастады (дөңгелек, төртбұрышты кескінді трубалар). Көбіне бұл конструктивті және эстетикалық талаптарға сай орындалды: композицияның техникалық екенін айқындау керек болды. Көбіне техникалық екендігін көрсету үшін, көтергіш конструкциялардың сыртқы өлшемдерін үлкейте әкеп соқты. Конструкциялар мен түйіндер қосылған тұстарынын зілмауыр көрсету (қажетті техникалық есептер көрсеткішінен үлкен етіп қолдану) Хай-текке тән қасиет десек қателеспейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік