Дипломдық жоба 3 сыныптағы музыкалық тәрбиенің маңызы



бет2/6
Дата09.06.2022
өлшемі23.17 Kb.
#267207
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дипломдық жұмыс
дипломдық жұмыс
Зерттеу мақсаты: Мектепте музыка сабағының тәрбиелік мәні қызығу-шылығын қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу обьектісі: Музыкалық оқу–тәрбиелік жұмыстары арқылы, 5-сынып оқу-шыларының музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері: Оқушылармен жүгізілетін музыкалық оқу тәрбие жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың негіздерін анықтау:

  • музыка сабағы және музыкалық тәрбие жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушы--лығын қалыптастырудың маңызды рөлін анықтау:

  • оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу – тәрбие жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптасты-

руда музыкалық іс – шаралардың үлгі жоспарын дайындау:
Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі формасы - музыка сабағының басқа сабақтардан ерекшелігі іс-әрекеттің әр түрлі және мол болуы. Музыка тәрбиелеу барысында балалардан ақыл-ой белсенділігі талап етіледі, музыкалық әсер арқылы оқушы әр түрлі сезімге беріледі, көңіл күйі өзгереді. Ән салу арқылы ән мазмұнын өз басынан кешіргендей әсерленеді, ғажайып қиял елесі туындайды. Музыканың шығу тарихының қызықты баяндалуы арқылы білімі тереңдейді, толысады. Сезімге әсер еткен сабақ балалардың қызығушылығын оятып талпынуға жетелейді. Музыка сабағында интеграция принсиптері орындалады, пәнаралық байланыс сәтті қиюласып тұрады. Оқу пәні ретінде музыка сабағы мынадай талаптарға сай болуы қажет.
- тәрбиелік, білімдік, дамытушылық міндеттерді шешуге бағытталады.
- сабақта ұжымдық, топтық, жеке оқыту формалары қарастырылады;
- мазмұны бағдарлама сәйкес, сонымен қатар оқытушының шығармашы-лығына негізделген өнер сабағы болғандықтан, балалардың музыкалық қаблетін дамытуды негізге алады;
- әр сабақта оқытушылардың музыкалық іс-әрекетке үйренуін жетілдіру, музыкалық шығармашылық бастамаларын дамыту;
- оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық жағынан бақылау, есепке алу.
Музыкалық тәрбие беру музыкалық мәдениетті мақсатты және жүйелі түрде дамыту, оқушылардың музыкалық қаблетін дамыту, музыканы түсінуге, көңіл күйлерін қабылдауға тәрбиелеу. Жалпыға бірдей білім беретін мектептердегі музыкалық тәрбие беру ән салу, музыка тыңдау, музыкалық сауат, музыкалық аспаптарда ойнау арқылы іске асырылады. Әлемге көзқарасын, көркем ойлауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағыттайды. Жеке тұлғаның жан дүниесінің қалыптасуына, өзін өмірге бейімденуіне музыка мәдениетінің мол әсері бар. Музыкалық қызыметтің ұжымдық түрлері (хормен, ансамбльмен ән салу, аспаптарда ойнау) балалардың бір-бірімен дос болуына, бір-бірімен жақын болуына, басқаларға түсінушілікпен қарауына жағдай жасайды, ортақ іске жұмылдырады, әсемдік әлеміне жаталейді. Музыкалық білім беру, тәрбие-леу, дамыту балалардың эстетикалық көзқарасын қалыптастырады, көркемдікке деген қажеттілік туындайды, қоршаған ортаның жарасымдылығын сезінуге жол ашады. Д.Д.Шостакович: «Музыкалық шығарма арқылы бір адамның жан дүниесіндегі болған жағдайды миллиондаған адам ұға алады»,-деген. Сондықтан музыка пәнін оқытушы өзінің тәрбиеленушілерін отандық, әлемдік музыканың озық үлгілерімен таныстырып, содан ләззат ала білуге, әдемілікті сезіне білуге алғашқы сабақтан-ақ үйреткені абзал. Музыка өнері адамның өмірлік тәжірибесін байытып, өзіне, адамдарға деген көзқарасын да дамытады. Француз музыкант-педагогі Ж.Снидерс: «Мен мектепте балалар музыкадан өздеріне қуаныш табады деген үміт пен сенімде өмір сүріп келемін. Музыка сұлулықтың бір бөлігі болу үшін шығарылады. Ал сұлулық қуаныш сылау үшін өте қажет. Қуаныштан барып балаларда шығармашылық шабыты оянады, ізденімпаздық пен үлкен талғам қалыптасады»,-деген.
Балалардың музыкалық тәрбиесінің жеткілікті түрде дамуы үшін жағымды әсерде болып, жан-жақты, жарасымды өсуіне, музыканы түсіне білуіне, музыкант болуына педагогикалық жағдай жасалу керек. Оқытушы мамандығы бойынша оқытады, тәрбиелейді, оқушылардың көзқарасын қалыптастырады. Сабақтағы оқытушы азаматтың жауапкершілік тұрғыда музыкалық репертуарға үлкен талғаммен келуі керек. Адами сапа-ларды қалыптастыратын, отандық, патриоттық тәрбиеге баулитын шығарма-ларды таңдау қажет.
Музыкалық тәрбие беру мен білім беруді қалыптастыру-мектеп оқушыла-рының мәдени-рухани өмірін байытудың бірден-бір жолы. Музыкалық білім берудің, оның ішінде музыкаға оқытудың белгілі бір тәртібі бар, ол мынадай компоненттерден тұрады: мақсаттары, міндеттері, принциптері, мазмұны, әдістемесі, түрлері.
Жалпыға білім беретін орта мектептердің «Музыка» бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі заман талабымен байланыстыра жүргізу басты назарда болуы қажет. Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қол өнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптас-
тыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Сонымен бірге, қазақ халқымыздың көркемдік-рухани мәдениетін, өнердегі салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім беру мазмұнын байыту мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану, білімге, шығармашылықпен қарау, жастардың өмірінде жасампаздық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық құралдары-мен жастардың бойында білім мен еңбекке дұрыс көзқарасты, дүниетанымды, адамгершілік пен шынайы қазақтың ұлттық тәрбиелік мәнін қалыптастыруға мейлінше тиімді ықпал жасаудың жолдарын белгілеу бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәні - өмірдегі, табиғат пен өнердің әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге қаблетті адамды пәрменді түрде қалыптастырудың нысаналы жүйесі. Қоғам дамуының әрбір кезеңінде эстетика мен көркемөнер, әсемдік пен тоғышарлық, трагедия-
лық пен комедиялық туралы өз ұғым-түсініктері қалыптасып, олар жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалғандық, әділдік пен әділетсіздік туралы ұғымдар-мен біте қайнасып отырғаны мәлім. Сондықтан да біз Қазақстан Республикасы халықтарының, оның ішінде қазақ халқының мәдениетінің, халықтық-музыка-лық шығармашылығының қалыптасу және даму тарихына азды-көпті тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәнінің аса маңызды құралы өнер болып табылады. Өнердің тәрбиедегі ролі оның мәнімен, оның өзіндік атқаратын қызыметімен анықталады. Себебі, өнер өмірдің көркем образда бере отырып, адамның оны танып-білуіне, рухани баюына, дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді. Көркем мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өнер тұтас алғанда рухани мәдениеттің өзегі болып саналады.
Қазақстан мәдениеті тарихының тамырлары тереңде жатыр. Қазіргі ғылыми-зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының дербес және бірегей мәдениетінің даму жолын өте дәл болмағанымен, жеткілікті дәрежеде айқын көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді. Ғасырлар қойнауымен бізге келіп жеткен көркем шығармашылық элементтерін мұқият салыстырып, зерттеу арқылы халықтың рухани өмірінің тұтас бітім-болмысын азды-көпті жасауға болады. Оқушылар-мен жүргізілетін музыкалық оқу тәрбиелік жұмысында қазақ ұлттық музыка-лық аспаптарыныңьалатын орнын түсіндіре білу және музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыра отырып, солар арқылы, оқушылардың патриот-
тық сана сезімін, музыкалық - эстетикалық, көркемдік талғамын қалыптастыра білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы