4.2 Дипломдық жұмыстың (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
4.2.1 Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр білім алушыға ғылыми жетекші тағайындалады. Дипломдық жұмыстарға (жобаларға) жетекшілікті осы даярлау бағытының бейініне сәйкес "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми журналдарда соңғы бес жылда 2 ғылыми жарияланымдардың болуы, сондай-ақ оқулықтың не оқу құралының авторлары болып табылатын жетекші мамандардың, оқытушылардың бакалаврларға ғылыми жетекшілікті жүзеге асырады.
4.2.2. Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшісі болып университеттің профессорлары, доценттері, тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері немесе ғылыми зерттеулері мен ғылыми жарияланымдары білім алушының мамандығына сәйкес басқа ұйымдардың ғылыми қызметкелері мен жоғары білікті мамандары тағайындалады.
4.2.3. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі:
1) дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға тапсырма береді;
2) студентке дипломдық жұмысты (жобаны) жасаудың толық мерзіміне күнтізбелік кестені құрастыруға көмектеседі;
3) студентке керекті негізгі әдебиеттерді, анықтама және мұрағаттық материалдарды, типтік жобалар мен тақырып бойынша басқа да мәліметтерді ұсынады;
4.2.4. Әр тараудың орындалу кезеңдері көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі толық мерзімге құрастырылып, ғылыми жетекшімен келісіледі.
4.2.5. Қажет болған жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен кафедра бітіру жұмысының (жобаның) жеке тараулары бойынша кеңесшілерді шақыруына болады.
4.2.6. Кеңесші болып ЖОО-лар профессорлары, доценттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ, басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері тағайындалуы мүмкін. Кеңесшілер студенттің орындаған сәйкес тарауларын тексеріп қол қояды.
4.2.7. Маман даярлаушы кафедра дипломдық жұмыс (жоба) бойынша жұмыс басталмай тұрып әдістемелік нұсқаулықтар жасап, студентті қамтамасыз ету керек. Бұл нұсқаулықта мамандықтың кәсіби білім беру бағдарламаларына және осы ережелерге сәйкес дипломдық жұмысқа (жобаға) қойылатын талаптар көрсетіледі.
4.2.8. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша кезеңді есеп беру уақытын белгілейді. Осы уақытта студент ғылыми жетекші мен кафедра меңгерушісі алдында жауап береді. Олар дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық дәрежесін анықтап, ол туралы факультет деканына мағлұмат береді.
4.2.9. Дипломдық жұмыс (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдары, монографияларды, дәріс курстарын, журналдарды, соның ішінде шетел тіліндегі нормативтік әдебиеттерді және т.б.). терең оқып меңгеру негізінде жасалады.
4.2.10. Кез келген дипломдық жұмыс (жоба) тапсырмаға сәйкес перспективті теориялық және практикалық мәселелерді қамтуы керек.
4.2.11. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі мәтіні шығармашылық ойын, зерттеу әдістерінің негіздемесін, есептеу әдістері мен компьютерлік технологиялар арқылы алынған есептеулерді, жүргізілген тәжірибелердің сипаттамаларын, оларды талдау мен нәтижелерін, нұсқаулардың техникалық-экономикалық салыстыруын толық ашып, иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, схемалар және т.б. өңделуі керек.
4.2.12. Дипломдық жұмыс (жоба) ЖОО-да, мекемелерде, ғылыми, жобалық, конструкторлық және т.б ұйымдарда орындалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |