Дипломдық жұмыста қарастырылатын мәселелер тізімі а Жалпы бөлім ә Есептеу-конструкторлық бөлім. Жаңғырту


ДБП-150 пешінің көлбеу механизмінің сипаттамасы



бет7/16
Дата10.06.2022
өлшемі378.61 Kb.
#267613
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
5В072400 - Нурахмет Диас
623178e364f90573083525

1.6 ДБП-150 пешінің көлбеу механизмінің сипаттамасы


Пештің көлбеу механизмі болатты шығаруға және қоқысты төгу үшін пештің корпусын еңістеуге қолданылады. Ол келесі бөліктерден тұрады:

  • штоктары хромдалған, шарнирлі подшипниктері бар қос әрекет ететін екі май гидравликалық цилиндрлерден;

  • тіреуіш пуансоны, қос әрекет ететін майлы-гидравликалық цилиндрі, шарнирлі подшипнигі бар қатты хромдалған шток, ұштық ажыратқышы мен басқарушы планкасы бар тіреуіш механизмнен,

  • көшіру механизмі, оған беріліс, жетек тізбегі, пештің бесігінің орналасуын тексеруге арналған қарсы салмақ және бұрылу бұрышының датчигі кіреді.

Пештің вертикальдарға қатысты орналасуын ұштық ажыратқыштардың көмегімен тексереді. Сигналдар олардан пештің мнемосұлбасына беріледі.

1-бесік; 2- көлбеу цилиндрі; 3- тіреуіш цилиндр
1.3 Сурет – Пештің көлбеу механизмінің сұлбасы
Көлбеу цилиндрлері жоғары жағынан кронштейнді подшипниктерге шарнирлі тіреуіштермен бекітіледі, подшипниктер бесіктің сегменттерінде орналасады. Төменгі жағында – пештің іргетасына қатты бекітілген подшипниктердің кронштейнінде шарнирлі тіреуіштермен бекітіледі. Қос әрекетті цилиндрдің қуыстарын шевронды манжеталармен тығыздайды. Ластанудан қорғау үшін штоктың шығысында кірді жинаушылар орналасқан.
Егер пеш көлбеу тұрған кезде беретін шланг немесе құбырсымы үзілсе, онда кері клапандар ашылып, пешті «нөл» қалпына қайтып келуін болдырмайды.
Тіреуші механизмі пешті «нөл» қалпында бекіту үшін және көлбеу механизмінің тораптарына жүктемені түсіру үшін қолданылады. Тіреуіш құрылғысы жұмыс терезесінен оң жақта орналасқан. Анкерлі бұрандалар арқылы арнайы іргетасқа орнатылған. Тіреуіш механизмінің тірегінде жоғарғы бөлігінде көлденең жақтауы орналасқан, ол биіктігі бойынша реттеледі және негізгі жақтау арқылы цилиндрмен жалғанады.
Пештің нөл қалпында тіреуіш механизмі пешті қоқыс айдайтын жаққа еңкеюіне кедергі келтіреді. Пешті қоқыс айдау бөлігіне еңкейту үшін, гидроцилиндр тіреуішті горизонталды қалпына бұрады.
Тоғыспасы көтерілген және бұрушы науашасы өзгермеген жағдайда пешті көлбеуші механизм бұғатталады.
Пештің бесігі мен көлбеуші механизм:
Пештің бесігі тіреуші секторларға орнатылады. Көлбеуші гидроцилиндрлер пештің екі жағында орналасады, пештің бесігі корпуспен жалғанған. Металды төккен кезде көлбеуші гидроцилиндрлердің көмегімен пеш 20/45 грасқа еңкейтіледі, қоқысты төккен кезде 15 градусқа еңкейтіледі.
Тоғыспаның көтеру/бұру механизмі:
Сумен салқындатылатын тоғыспаның көтеру/бұру механизмі пештің корпусымен бірге доғатәрізді тіреуішке орнатылады. Тоғыспаны көтеру/бұру механизмі бұрушы жақтаудан, электрпешінің тоғыспасын көтергіш гидроцилиндрінен, жетек қондырғысынан, синхронды біліктерден, тоғыспаны айналдыру тірегінен, айналуды бұғаттаушы қондырғысынан, тіреуіш дөңгелектері мен айналу гидроцилиндрлерінен тұрады. Бұрушы жақтауда электродтарды көтеретін бағыттаушы дөңгелек те орнатылады. Төменде дөңгелектердің 2 тобы бекітілген, олар пештің еңкеюі кезінде бұрушы жақтау доғаның рельстерімен қозғалуы үшін орнатылады.
Шихтаны енгізген кезде алдымен тоғыспа мен электродтар көтеріледі, содан кейін горизонтальды цилиндрмен тоғыспа 85градусқа бұрылады, соның нәтижесінде материалды тігінен енгізуге мүмкіндік береді. Тоғыспаны бірдей уақытта синхронды көтеру мен түсіруді қамтамасыз ету үшін екі тізбекті дөңгелектердің ортасында синхрондаушы ось орналасқан [4].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы