Дипломдық жұмыста қарастырылатын мәселелер тізімі а Жалпы бөлім ә Есептеу-конструкторлық бөлім. Жаңғырту


Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі



бет14/16
Дата10.06.2022
өлшемі378.61 Kb.
#267613
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
5В072400 - Нурахмет Диас
623178e364f90573083525

4 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі


Зиянды және қауіпті факторларға:

  • негізгі және қосалқы жабдықтардың жылжымалы бөліктері бар, қозғалатын машиналар мен механизмдер;

жұмыс аймағы ауасының жоғары шаңдануы және газдануы кіреді;
жабдықтың, материалдардың, өндіріс өнімдерінің және жұмыс аймағының ауасының беттерінің жоғарғы температурасы;

  • жұмыс орнындағы шудың жоғарғы деңгейде болуы;

  • қоршаулар, бұғаттау, жабдықты жерге қосудың ақауы кезінде адамның денесі арқылы тұйықталуы мүмкін болатын, электр тізбегіндегі кернеудің жоғары мәні;[6].

Техникалық қорғау құралдары. Техникалық қорғау құралдары мыналар болып табылады:
Желдетудің енбелі және сормал жүйелері;
-жабдықтың қозғалмалы және тоқ өткізетін бөліктерінің қоршаулары;
Бұғаттаушы жабдықтар;
-қорғану экраны;

  • жерге қосу;

ескерту бояуы, жарық және дыбыстық сигнал беру;
Зиянды және қауіпті факторлардың әсерінен қорғанудың жеке құралдары. Жеке қорғаныс құралдарымен қорғану мыналар болып табылады:

  • каска;

  • қорғаныс қалқаншасы;

  • құлаққаптар;

  • арнайы киім;

  • ЗМ респираторлары (9926, 8010,9332), ШБ-200;

  • (6003, 6057) сүзгілеуші патрондары бар 6000 сериядағы ЗМ респираторлары.

Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары. Жұмыс басталар алдында төмендегілерді орындау қажет:

  • арнайы киім мен аяқ киімді тексеру және қыздыру;

  • жеке қорғану құралдарын дайындау, оларды кию

  • электр ұстағыштарға қызмет көрсету аймағында және ШУ маңында оқшаулағыш резеңке кілемшелердің болуын тексеру;

жұмыс орнының жарықтандыру жағдайын тексеру;
желдеткіштің ағынды және технологиялық жүйелерінің жарамдылығын тексеру;
бұғаттаушы жабдықтардың жарамдылығын тексеру; жабдықтың болуын және оның жарамдылығын тексеру;

  • сыртынан қарап тексеру арқылы жабдықтың жарамдылығын, оның барлық бөліктерінің бекітілу сенімділігін, сонымен бірге, ондағы қоршаулардың, жерге тұйықтаудың болуын тексеру;

  • салқындатқыш сұйықтықтың болуы, құбырлардың көрінетін жарығында судың ағысы көрінуі тиіс салқындату жүйесінің жарамдылығын тексеру;

  • электрұстағыштардың жай-күйін тексеру, судың ақпағандығына көз жеткізе отырып, қадағалау, қақпақтың, оқшаулағыштың топсасының, бітемедегі бұранданың жарамдылығын тексеру; Бұранданың тозуы және түйреуіштердегі сызаттардың болуына рұқсат етілмейді. Қақпақты бекіту гайкаларының жарамды бұрандасы болуы тиіс және ақауы жоқ бұйраланбаған қырлары болуы қажет;

  • электр ұстағыштарда графит шаңының жоқтығына көз жеткізу, қажет болған жағдайда электрұстағыштарды жылжыту. Электр сымында графит шаңы мен оның жабдықта болуы қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін;

  • Жұмыс орнының ретсіз шашылмағандығына көз жеткізу қажет;

  • үздіксіз жұмыс жағдайында кезекші алмастырушыдан алдыңғы ауысымда анықталынған барлық ерекшеліктері мен кемшіліктері жөнінде сұрастыру;

  • барлық ескертпелері жөнінде ауысым шеберіне хабарлап, оларды жоймай жұмысқа кіріспеуі қажет[7].

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
Жұмыс кезінде төмендегі мәндеттемелерді орындау қажет:

  • осы нұсқаулықтың талаптарын сақтау;

  • пештің барлық жұмыстарын жарамды, дұрыс киілген арнайы киімде жүргізу қажет, сонымен бірге, тыныс алу жолдары, көру, есту мүшелерінің қорғаныс құралдарын пайдалану қажет;

Жүру және өтпе жолдарының шектен тыс шашылып, ыбырсып кетпеуіне жол бермеу керек;
Технологиялық үрдістерге қатыспайтын тұлғаларды жұмыс өндірісіне жібермеу керек;

  • ауысым бойы жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтау, өтпе жолдарды бос ұстау қажет;

  • жөндеуге және тазалауға дайындықты және тікелей жөндеу мен тазарту жұмыстарын тек электр монтер құрал-жабдықтан тоқ кернеуін алғаннан кейін ғана жұмыс істеуге рұқсат беруі қажет сондай ақ, тек «адамдар жұмыс істеп жатыр!»;- деген арнайы ескертпені ілу керек Жұмыс істеу барысында тек бұзылмаған жабдықтар мен ыдыстарды қолдану қажет.

  • электродтарды қосу, ажырату және ұзарту кезінде резеңке кілемде болуы керек;

  • пешті қосар алдында электрод аралық кеңістікті материалдан тазарту керек. Электродтар арасындағы саңылау кемінде 80 мм болуы тиіс;

  • пешті қолмен іске қосу керек. Доғаны от алдырғаннан соң және оның тұрақты жануы басталғаннан кейін ғана электродтарды автоматты түрде қосу керек;

  • пешті қолмен тоқтату. Электродтарды автоматты түрде беруді өшіру. Доға сөнгенгенге дейін пештің кеңістігінен бңр электроды қолмен шығарғаннан кейін ғана пешті қосу қажет; Блоктау тізбегінің үзу арқылы пешті тоқтатуға тыйым салынады;

  • балқыту немесе балқыту өнімдерінің қалдықтары бар пештерде толық кристалданғаннан кейін ғана пешті жүктеуге кірісу қажет; Пеште балқытылған металл немесе қалдық шлактар болған кезде пешті тиеуге тыйым салынады:

  • тек пеш өшірілген кезде ғана аздаған бөлшектермен шикіқұрамды және металды пешке абайлап тиеу қажет;

  • пешке жүктеу кезінде жүктелетін мойнының бүйір жағында болу керек; Шикізатты пешке салып жатқан кезде, пештің құбырынан шығатын ыстық газға күйіп қалудан сақтану қажет,

  • пешті ағызғанк езде қауіпсіз ара қашықтықты сақтай отырып, пештің ағызылатын мойнының бүйірі жағында жеке бас қорғану құралдарын қолдана отырып, металлдың ерітілуі кезіндегі одан ұшып шығатыни еріген ыстық газдардан сақтану керек; Пешті ағызу кезінде құю үшін балқыманы шашырауы аз және біркелкі болуы үшін жұлқымай абайлап айналдыру керек.

  • электродтардың орталықтандырылуына бақылаужүргізу, пештің корпусынлда электр сымдарының тұйықталып қалуына жол бермеңіз;

  • Электр доғалы пешке электродтарды орнату және оны өсіру тек электр тоғы өшірілген кезде ғана жүзеге асырылуы тиіс.

  • электродтардың жай күйі мен электродтарды қосу торабының жағдайына үнемі қадағалау жүргізу. Электр байланысын жақсарту үшін тез арада балқытуды тоқтату және электродты бұру немесе сынған электродты ауыстыру қажет; Электродтарды қосу торабын қыздыру (қызылға дейін)) электродтардың қосылу торабында нашар электр байланысы бар екендігі жөнінде кепілдеме береді.

Электродтарды қосу торабы электродтар электр ұстағышта бекіту орнында болмауы тиіс. Электр ұстаушыдан 100 мм кем қашықтықта электродтарды қосу торабы орналасқан кезде пешті іске қосуға және жұмыс істеуге тыйым салынады;

Жұмыстан кейінгі қауіпсіздік талаптары. Жұмыс аяқталғаннан кейін мыналарды орындау қажет:

  • жұмыс орнына тазарту жұмыстарын жүргізу керек, жабдық

құрылғылар мен ыдыстарды арнайы белгіленген жерлерге орнату қажет;

  • сумен жуып, сабынды ерітіндімен қорғаныс құралдарын

залалсыздандырып, оларды арнайы бөлінген жерге орналастыру керек;
Жұмыс орнын келесі ауысымдағы қорытушыға тапсыру қажет;
Барлық анықталынған кемшіліктер жөнінде ауысым шеберіне хабарлау керек; [7].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы