Монтажды бастамас бұрын келесідей дайындық жұмыстары жүргізіледі:
бұл монтажға қажетті барлық іргетастар сыпырғышпен таза болғанша дейін сыпырылады, барлық бекітуші тесіктері қоқыстан тазартылады;
7,8 м пеш алаңының монтажы аяқталуы тиіс;
пештің элементтеріне арналған монтажды кран және гидравликалық жүйені қозғалту үшін көтергіш механизмдері бар;
пешті монтаждау үшін бір біріне қатысты 90° ығыстырылған санақ осьтері мен апогей қарастырылуы тиіс. Осы мақсатта іргетастың үш нүктесінде олар қозғалып кетпеуі үшін әрбіреуіне болат пластинкалар құйылады, өлшенеді, белгіленеді және тұрақты координаттармен жабдықталады. Осы үш тақтайдың біреуіне қосымша апогей пісіріліп жабыстырылады, ол да өлшенеді және маркаланады. Осылай алынған осьтер толық кешенді монтаждау кезінде бастапқы өлшемдер ретінде қолданылады. олар көп жылдар бойы қолданылады (ірі жөндеу жұмыстары кезінде). Пештің дәл центрінде шамамен + 8.5 м биіктікте шнур каркастары (2 ось) орнатылады. Шнур каркасы бесіктің төменгі құрылымдарын анықтау үшін, көлбеу цилиндрлерінің (алдын ала монтаж) және көлбеуші механизмінің тіреуіш сақинасының және пештің тоғыспасының құрылымдарын анықтау үшін қажет [5].
Іргетастың және гидравлика бөлмесінің берілген өлшемдерін ұстану тексеріледі, белгілерді ұстану кезінде -5 мм ауытқу рұқсат етілген. Жабдықтың бөлшектері үшін іргетастардың осьтерін -1 мм рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, келесі нұсқаулықтарды сақтау да талап етіледі:
монтаждан бұрын әрбір бөлік ашылғаннан кейін көліктің
машиналардың тасымалдау кезінде қорғаныс коррозияға қарсы қабатпен жабылатын ашық бөліктері тек монтаждаудың алдында ғана толығымен ашылады (бетін зақымдамай);
өңделген беттерді коррозиядан қорғауға арналған еріткіш ретінде бензин немесе нитросұйықтығын алуға болады;
монтаждау барысында пайдаланған кезде майланатын беттерді аздаған көлемді майлаушы затпен қамтамасыз ету қажет;
монтаж жұмыстары монтаждалатын бөліктерді зақымдамайтын құралдармен немесе көмекші құралдармен жүргізіледі;
монтажды пісіру тігістеріне арналған беттерді арнайы коррозияға қарсы тектил қорғаныс құралымен өңдейді. Қатты пісірілген тігістерді алу үшін пісірудің алдында бұл коррозияға қарсы қабатты мұқият жою қажет. Жойылмаса кеуекті пісірілген тігістер болуы мүмкін. Кеуекті пісірілген тігістер берік емес.
3.1.2 Бесікті монтаждау. Төменгі құрылымы 2 балкадан тұрады. Бұл балкалар валиктармен белгіленеді (І немесе ІІ немесе ІІІ немесе ІV). Әрбір бөлек пеш үшін бірдей нөмірлермен белгіленген балкаларды ғана алуға болады. Бесік пен балкаларды монтаждап болғаннан кейін балкалардан бесікті түсіруге талпынады. Бұл кезде тексеруші өлшеу жұмыстары анықталады және балғаларға белгіленеді. Балкалар өздеріне орнатылған бекітуші бұрандалармен бірге сәйкесінше іргетасқа төселеді. Қаптама қабаттары бекітуші бұрандалардың маңында төселеді. Белгіленген өлшемдерге байланысты шамамен орналастырылады. Бекітуші бұрандалар іргетастың жоғарғы шетіне дейін құйылады. Құйылған масса қатқаннан кейін бекітуші бұрандаларды дәлдеу және керу жүргізіледі. Дәлдеу жұмыстары кезінде барлық белгіленген өлшемдері 1 мм дәлдікпен сақталады. Пештің центрінен балканың осіне дейінгі қашықтық монтажды жағынан (3950 мм) және пештің центрінен бесіктің осіне дейінгі қашықтық (500 мм) әрбір қашықтыққа 1 мм дәлдікпен орнатылады. Балканың жоғарғы бөлігінің биіктік белгілері 1 мм рұқсат етіледі [5].
Бесіктің жақтауы төрт бөлікке бөлінген күйінде жеткізіледі: бесіктің элементі, монтажды жағы (габариттан тыс бөлігі), 2 көлденең балкалар мен бесіктің элементі, сыртқы жағы. Бұл элементтер шеберханада сынамалы түрде монтаждалады. Бесіктің элементі мен көлденең балкалар балқытылған валиктармен белгінеледі (І немесе ІІ немесе ІІІ немесе ІV). Әрбір пеш бірдей номерлері бар элементтерді алады. Бесік тек номерлері бірдей балкаларда ғана орнатылады. Екі көлденең балка бесік элементімен жалғанады, монтаждау жағы бұрандалы жалғаным арқылы пісіру тігістерімен жалғанады. Бұндай алдын ала монтаж пештің іргетасынан тыс орындалады. Бесіктің алдын ала монтаждалған элементтерін балкаға орнатпастан бұрын, бесіктің монтаждау жағының іргетасы мен оның ішкі жағының іргетасының арасына екі гидравликалық прессі бар көмекші төсемені орнату қажет, ол екі көлденең балкаларды тіреу үшін орнатылады. Бесіктің элементтерін орнатпастан бұрын, көлбеуші цилиндрлер алдын ала монтаждалады. Осындай дайындықтан кейін алдын ала жиналған бесікті және көмекші төсемені балкаларға орнатуға болады. Одан кейін бесіктің элементін орнатуға болады, сыртқы жағы. Екі элемент те бір біріне түзетіп жақындатылады және пісіру тігістерінде бұрандалы жалғанымдармен жалғанады. Кранның көмегімен балкаларда бесікті шығаруға талпынған кезде бесіктің төменгі құрылымында дақ алады және бесктің тік қабырғаларының болттар қатары мен балкаларда тесіктердің қатарының осьтесуін тексереді. Бесікті іргетастың сыртында да пісіруге болады және оны центрленген балғаларға орнатуға болады. Электр бөлмесіне жақын қабырғадағы тесіктердің болттарының осьтері бір бірімен 2 мм дәлдікпен сәйкес келуі тиіс.
Балкаларда бесік сегменттерінің жанасу дақтары беткі қабаттың кемінде 70 % құрауы тиіс. Бесіктің төменгі құрылымында бесік сырғанамастан бұрын беткі қабатты бормен ысқылау қажет. Осылай, сырғанау әрекетінен кейін тіреуіш бетінде жанасу дағы көрініп тұрады. Бесіктің сегменттері аударылудан сақталады және пісіру жұмыстарына кірісуге болады. Пісіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бесіктің сырғанауын қайталайды. Сырғанау оң нәтижелер берген жағдайда, бесіктің балкалары құйылады және бекіту бұрандалары тағы да тартылады. Ары қарай бесік нөл қалпына қайтып келеді және бесіктің балкалармен уақытша жалғанады. Өлшеу нүктелері ретінде қосиіндерді орнатуға арналған өңделген беттер қолданылады. ары қарай бесікке пеш алаңын пісіріп жабыстырады.
Пеш алаңы бес элементке және тұтқаға бөлінген түрінде жеткізіледі. Пеш алаңының қозғалмайтын бөлігі мен бесікпен бірге еңкейтілетін бөлігінің арасындағы берілген қашықтықты алу қажет. Бұл кезде қажет болса еңкейтілетін бөлік 20 мм дейін қысқартылуы мүмкін. Пеш алаңына түсетін шекті жүктеме 150 кг/м құрайды. Бесіктің жақтауының консольдерінде эксцентрлі тіректер орнатылады. Бұл кезде цапфалар нөл қалпында болатындай етіп орнатылады. Сатының жеке бөліктері бір біріне байланыстырылады. Тұтқалар пісіріледі. Тоғыспаның құрылымын монтаждағаннан кейін сатыны оған жақындатады. Ары қарай пеш алаңының қозғалмайтын бөлігінде бекіткіш плиталары бар сатыларды пісіруге болады.