Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «салық заңдарын бұЗҒаны үшін жауапкершілік»


І.2 . Қазақстан Республикасының салықтары мен



бет9/15
Дата11.04.2022
өлшемі378 Kb.
#220443
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
әкімшілік жауаптылық
экстремизм инфо, зарлыкова ардак 402 экстремизм проект
І.2 . Қазақстан Республикасының салықтары мен

алымдарының жүйесі, олардың құқықтық реттелуі.

Қазақстан Республикасының салық заңдары Қазақстан Республикасының Салықтар жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заңынан, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерінен жэне Қаржы Министрлігінің, Салық Комитетінің, Қаржы полициясының, Кедендік бақылау агенттілігінің, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің актілерінен түрады [18].

Бұл актілер мемлекеттің алдында тұрған келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:

1. Қазақстан Республикасы үшін бірыңғай, тұрақты салық жүйесін

2. жалпы мемлекеттік және жеке мүдделердің теңдігін қамтамасыз етуші және кәсіпкерлік қызметті дамытып, инвестициялық қызметтің белсенділігін арттырушы, мемлекет пен мемлекетгегі азаматтардың байлығын ұлғайтушы тиімді салық жүйесін құру;

3. салықтардың санын азайтып, салықтық міндеттеменің көлемін кішірейту;

4. бірыңғай салықтық құқықтық базаны қалыптастыру;

5. салықтық заңдарды бұзғаны үшін салық төлеушілердің жауапкершілік жүйесін жетілдіру.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін реттеуші қайнар көзі болып табылатын жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар болады. Олар Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы заңдарымен анықталған тәртіптер бойынша Республикалық немесе жергілікті бюджеттерге түсіп отырады.

Қазақстан Республикасының территориясында әрекет ететін салықтар тікелей немесе жанама болып бөлінеді. Жанама салықтарға - қосылған құнға төленетін салықтар мен акциздер жатады. Басқа салықтар тікелей салықтар болып табылады [19].

Салықтар мен алымдар теңгемен саналып, теңге нысанында төленуі тиіс. Бірақ, Қазақстан Республикасының салық заңдарымен және жер қойнауын пайдалану туралы шарттардың мазмүлымен көрсетілген реттерде натуралды нысандағы салық пен алымдар төленуі мүмкін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының кедендік заңдарымен көрсетілген реттерде салықтарды мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу шет валютасы нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.

Арнайы экономикалық заңдарға сәйкес жалпы мемлекеттік жэне жергілікті салықтар мен алымдар арнайы экономикалық зоналар туралы заңдарының нормаларына сәйкес арнайы экономикалық зоналардың қаржылық қорларының (бюджеттерінің) табысына, пайдасына түсуі мүмкін (Президенттің Жарлығының 2 бабына сәйкес). Егер заңдық және басқа нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Салық кодексіне қайшы келсе, олардың қүқықтық күші болмайды. Салықтық емес заңдардың құрамына салық салуға байланысты сұрақтарды кіргізуге тыйым салынады. Салық салуға қатысты нормативтік қүқықтық актілер ресми түрде, ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарының нормаларында Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгеннен басқаша болып көрсетілсе, онда сол шарттың нормалары қолданылуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта оның нормаларын қолдану үшін белгілі бір ішкі Республикалық акт қабылдау керек деп тікелей көрсетілмесе, онда сол халықаралық шарт Республика территориясында тікелей қолданылады.

Салықтар мен алымдар теңгемен саналып, теңге нысанында төленуі тиіс. Бірақ, Қазақстан Республикасының салық заңдарымен және жер қойнауын пайдалану туралы шарттардың мазмүнымен көрсетілген реттерде натуралды нысандағы салық пен алымдар төленуі мүмкін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының кедендік заңдарымен көрсетілген реттерде салықтарды мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу шет валютасы нысанында жүзеге асырылуы мүмкін [20].

Арнайы экономикалық заңдарға сәйкес салықтар мен алымдар арнайы экономикалық зоналар туралы заңдарының нормаларына сәйкес арнайы экономикалық зоналардың қаржылық қорларының (бюджеттерінің) табысына, пайдасына түсуі мүмкін.

Салықтарды бірнеше негіздерге қарап жіктеуге болады. Бұл бізге салықты және міндетті төлемдерді толығырақ түсінуге, бір-бірінен айырмашылығын көруге мүмкіндік береді. Салықтарды тікелей және жанама салықтар деп бөлеміз. Тікелей салық дегеніміз - салық салу субьектісі бір мезгілде өзі салық төлеуші болып табылатын салық. Жанама салық төлеуде - салық салу субьектісі басқа түлға да, ал салықты төлеу міндеті басқа түлғаға жүктеледі. Мысалы: қосылған құнға салық, акциздер жэне кедендік алымдар мен баждар.

Салықты төлеу нысанына байланысты ақшалай және натуралды нысанда төлеу. Жоғарыда атап өткеніміздей, жер қойнауын пайдаланудың кейбір жағдайларында салықтар натуралды түрде алынады.

Субьектіге байланысты: жеке тұлғалар төлейтін және заңды тұлғалар төлейтін салықтардеп бөлінеді.

Сондай-ақ, салықтар жалпы жэне арнайы деп бөлінеді. Жалпы, салықтардың қолданылу мақсаты бюджеттегі ағымдағы немесе капиталдық шығыстарды қаржыландыру үшін, олар қандай да бір арнайы кірістерді қүрамайды. Ол қаржылар мемлекетпен оның қаржылық жоспарында көрсетілген кез-келген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жұмсала береді. Ал, арнайы салықтардың нақты көрсетілген мақсаттары болады. Негізінен, олар арнайы бюджеттік немесе бюджеттік емес ақша қорларына аударылады. Сосын қатаң түрде тек мемлекет белгілеген шараларға қолданылады.

Салықтың ставкісінің сипатына байланысты салықтар регрессивті, прапорционалдық, прогорессивтік деп бөлінеді. Салықты бүлай жіктеу салықтың салық төлеушінің кірістерінің көлеміне байланысына қатысты болады. Ресгрессивті салықтар кірістің көлеміне байланысты болмайды. Прапорционалды салықтар, керісінше, салық төлеушінің кірісінің көлеміне байланысты болады, бірақ, салықты алу проценті тұрақты болады. Прапорционалды салықтарда кірістің көлемінен тәуелсіз бірыңғай проценттік ставкілер болады. Прогрессивті салықтарда салықтың проценті салық төлеушінің кірістерінің көлемінің өсуіне байланысты бірге өсіп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан